Үстеулердің мағыналық сөзжасамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 18:18, курсовая работа

Описание работы

Сөйлемде беретін мағынасына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай бөлініп жататын сөз таптарының бipi — Үстеу. Бұлар көбінесе етістіктің амалын, тәсілін, қимылдық сынын, бейнесін көрсетеді. Қарт алдында шалқасынан сұлық жығылды. Бұл ойын бағана, жолшыбай Ғабитханға айтқанды (М. Әуезов). [1]
Сөз табының бірінен саналатын үстеудің жасалу жолы әр түрлі амалдардың негізінде жүзеге асады. Мұндай амал- тәсілдерді өзара сралап топтағанда, олар екі үлкен арнаға жіктеледі: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалдық (синтаксистік) тәсілдер. Екі тәсілде үстеу сөз табын тудыру үшін қызмет атқарады. Сөз таптары арнасында да түрліше амал – тәсілдер арқылы үстеулер жасалады.

Содержание работы

1 Үстеу сөзжасамы 3
Ескерткіш тіліндегі үстеулер 4

Үстеудің шығу тегі 6
2 Үстеудің морфологиялық (синтетикалық) тәсілдер арқылы жасалуы 7
2.1 Үстеулердің жартылай аффиксті көрсеткіштері 8
3 Үстеудің аналитикалық (синтаксистік) тәсілдер арқылы
жасалуы 21
3. 1 Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер 22

3.2 Бірігу арқылы жасалған үстеулер 24

3.3 Сөз тіркестері арқылы жасалған үстеулер 25
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Тәжит М. Ж. ЗКОс-21.docx

— 82.37 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Үстеулердің мағыналық сөзжасамы

 

 

 

 

                                      Орындаған:          Тәжит М.Ж ЗКОс-21т.с

                           

                                             Тексерген:             Пірімбетов Т.Т Ф.ғ.к.доцент

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды - 2012

 

МАЗМҰНЫ

 

бет.

КІРІСПЕ                                                                                                    3

1   Үстеу сөзжасамы                                                                                3

    1.    Ескерткіш тіліндегі үстеулер                                                         4

 

    1.    Үстеудің шығу тегі                                                                        6

2 Үстеудің морфологиялық (синтетикалық) тәсілдер арқылы  жасалуы                                                                                                  7

2.1   Үстеулердің жартылай аффиксті  көрсеткіштері                         8

3     Үстеудің аналитикалық (синтаксистік) тәсілдер арқылы

жасалуы                                                                                                   21

3. 1 Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған    үстеулер                 22

 

3.2   Бірігу арқылы жасалған   үстеулер                                              24

 

3.3   Сөз тіркестері арқылы жасалған   үстеулер                                25

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                       26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                     27


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлемде беретін мағынасына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай бөлініп жататын сөз таптарының бipi — Үстеу. Бұлар көбінесе етістіктің амалын, тәсілін, қимылдық сынын, бейнесін көрсетеді. Қарт алдында шалқасынан сұлық жығылды. Бұл ойын бағана, жолшыбай Ғабитханға айтқанды (М. Әуезов). [1]

Сөз табының бірінен саналатын  үстеудің жасалу жолы әр түрлі амалдардың негізінде жүзеге асады. Мұндай амал- тәсілдерді өзара сралап топтағанда, олар екі үлкен арнаға жіктеледі: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалдық (синтаксистік) тәсілдер.  Екі тәсілде үстеу сөз табын тудыру үшін қызмет атқарады. Сөз таптары арнасында да түрліше амал – тәсілдер арқылы үстеулер жасалады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

        Қазіргі қазақ тілінде сөздердің бір сөз табынан басқа бір сөз табына ауысуының нәтижесінде жасалған лексика – грамматикалық омонимдер өте көптеп саналады. Оны, мысалы, үстеулер мен сын есімдер құрамынан молынан ұшыратуға болады: 1.Тез (сын есім), тез (үстеу). 2. Жылдам (сын есім), жылдам (үстеу). 3.Еріксіз (сын есім), еріксіз (үстеу). 4. Жедел (сын есім), жедел (үстеу) және т.б.  [2,85]

1 Үстеу сөзжасамы

Морфологиялық, құрылысы (структурасы) мен құрамы жағынан үстеулер нeriзri және синтетикалық, аналитикалық, тәciлмeн жасалатын үстеулер болып, үш түрлі болады.

Нeгiзгi түбірлі үстеулер — әpi қарай бөлшектеуге келмейтінн түрлері: әpi, 6epi, төмен, кеш, жай, ерте, дәл, к,азір, жаңа, өте, мы- на, жорта, eнді, ең, аса, тек, нақ, тап, әдейі т. б. Бойы дәл екі метр.   [3,166]

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде  көне за-мандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан сезжасамның негізгі үш тәсілі бар:

  1. синтетикалық тәсіл,
  2. аналитикалық тәсіл,

3)лексика-семантикалық тәсіл.    [4,546]

Адвербиализация процесі үстеулердің жеке сөз табы болып қалыптасуында бірден- бір шешуші роль атқаратын фактор. Тілдің даму барысында басқа сөз таптары адвербиализация процесінің нәтижесінде үстеулер тобына тікелей немесе белгілі бір формада көнеріп барып өткендігі байқалады. Соңғы жағдай, негізінен, қазіргі кезде әбден үстеуленген зат есім формаларына тән. Септік жалғауларындағы зат есім формалары кейбір оқулықтарда жазылып жүргендей , көнелеу арқылы үстеу болып қалыптаспаған. Олардың үстеу болып танылуы, біздіңше, ең алдымен адвербиализация процесінің нәтижесі. Олардың үстеуленуіне бірден-бір себеп – септік формаларының өзіне тиісті бастауыштық және толықтауыштық функциядан бөлек, басқа бір сөз табының синтаксистік қызметінде, яғни, пысықтауыштық  позицияда тұрақты әрі жиі қолданысы. Сөйте тұра, қазақ тіл білімінде үстеулердің сөз табы болып қалыптасуының  бірден-бір жолы - адвербиализация процесіне жете мін беріле бермейді. Керек десеңіз, адвербиализация процесі, тіпті, ауызға да алынбайды.Мұның өзі қазақ тіл білімінде үстеулердің жасалуы жөнінде белгілі бір жаңсақ пікірлердің қалыптасуына себеп болды. Соның бірі, мысалы , үстеулерді  сөз тудырудың морфологиялық тәсілімен жасалады деу. Қазіргі қазақ тілінің барлық оқулықтарында үстеу туралы сөз болғанда, үстеулер морфологиялық тәсілмен жасалады» делінеді де, үстеулер жасайтын қосымшалар ретінде –сыз/-сіз, -лай/-лей, -дай/-дей, -шаң/-шең,-ша/-ше қары -/-кері т.б. формалар көрсетіледі. Мұндай пікірлер белгілі бір мөлшерде тілдік фактінің табиғатымен шын үйлесім таба бермейді, сондықтан ондай қорытындыларға бүтіндей қарсы дау айтуға тура келеді. Өйткені –сыз/-сіз, -лай/-лей, -дай/-дей, -шаң/-шең, т.б. қосымшалардың, әдетте, сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар екені мәлім. Ал –қары/-кері тұлғасы болса, ол тіпті, сөз тудыратын қосымша емес. Ол – түркі тілдерінің көне дәуірінде барыс септік мәнінде жұмсалған –ғару/-геру, -қару/-керу тұлғасының бүгінгі тілде санаулы сөздердің құрамында сақталған қалдығы.Ал, жалғаудың ешқашансөз тудырмайтындығы анық. Соның өзінде, -қары/-кері тұлғасы қалып, қалған сөздердің өн бойынан барыс септігінің мәні айқын сезіліп тұрады. Мысалы, жоғары, ілгері, тысқа, ішкері және т.б. Бұлар тілдің белгілі бір кезеңінде барыс жалғаулы зат есімдер болған. Олар кейіннен адвербиализация процесінің нәтижесінде үстеулер тобына мүлдем, біржола ауысқан. Сондықтан да –қары/-кері формасын үстеу жасайды деу артық айтқандық. Бұл пікірді, сондай-ақ жоғарыда айтылған сыз/-сіз/, -лай/-лей, -дай/-дей, -шаң/-шең, -нан/-нен т.б. қосымшаларға да айтуға болады.Қазіргі қазақ тіліндегі еріксіз, өлердей, жаздай, көйлекшең, жартылай т.б. сықылды ондаған үстеу сөздер аталған қосымшалардың сөз жасағыштық  функциясы негізінде қалыптаспаған.Олардың үстеу болуы – адвербиализация процесімен тікелей әрі тығыз байланысты. -Лай/-лей, -дай/-дей,- сыз/-сіз/, -шаң/-шең тұлғалы туынды сын есімдер қолданылк тәжірибесінде белгілі бір синтаксистік позицияда жиі-жиі қайталанып жұмсалудың салдарынан семантикалық жағынан дамып, басқа бір грамматикалық категорияға – үстеулер тобына ауысқан. [2,85]

1.1 Ескерткіш тіліндегі үстеулер

    Көне жазба ескерткіштерінде кездесетін үстеулер қазіргі түркі тіліндегі сияқты. Орхон- Енесей жазбаларындағы үстеулер мынадай мағынада қолданылады: мезгіл, мекен, сын, мөлшер, күшейткіш, мақсат, топтау.

    Мекен үстеулер -йа,-йе немесе-ғару,-геру-,а,е,ре,-ре,-ңару жұрнақтары арқылы жасалып, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап беріп, іс-әрекеттің            мекенін, бағытын білдіреді:

Ілгері күн тоғыққа- Ілгері күн шығысқа. Осымен қатар, бүргері немесе бірійе (оңға оңтүстік) йырғару  немесе йырайа (солға, солтүстік) болып қолданылады. Ічре ашсыз – Іші ассыз;  Ташра тонсыз- сыртқы тонсыз. Үзе көк теңрі – жоғарыда аспан тәңірі. Бағытты білдіретін туынды сөздердің –ғару, -гері және –йа, йе қосымшаларының беретін мағыналары да, атқаратын қызметі де бірдей. Ескерткіштерді –ғару, -геру қосымшаларының варианты ретінде кейде –ңару, -ңеру қосымшалары қолданылады: Йеріне субыңару қанты – Жеріне, суына жақын қондым; Йырғару түн ортусыңару – сол жақты түн ортасына;

     Мезгіл үстеулер –қа, -ре, -түз, -ты, -інче, -че жұрнақтары жалғану арқылы жасалып, қашан?қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді, іс – әрекеттің мезгілін, уақытын білдіреді: Өңре күн тоғсықда – Әуелі күн шығысқа; Антағ өдке өкүніг – Сондай уақытта өкініп; Анчағ есідіп – Қазір ғана естіп; Күнтүз олурматым – Күндіз отырмадым;

     Сын (бейне) үстеу –е, -ті, -ле, -ча жұрнақтары жалғану арқылы жасалып, қалай? қалайша?т.б. сұрақтарға жауап береді, іс-әрекеттің неше түрлі істелу жолын білдіреді: Сабымын түгеті есідгіл – Сөзімізді түгел естіңдер; Бу сабымен едгүті есід – Бұл сөзімді жақсылап есті. Бірле сүңүштім – Бірге соғыстым; Оғланым ерде марымынча бол – Ұлым, ұстазымдай даңқты бол; Сондай-ақ ескерткіштерде тег сөзі өзінен бұрынғы сөздермен тіркесіп келіп, қазіргі қазақ тіліндегі –дай, -дей жұрнақтарының қызметін атқарады: көрмезтег-көрсместей, білмезтег-білместей, бөрітег-бөрідей, қонтег-қойдай;

      Мөлшер үстеулер –ча жұрнағы жалғану арқылы жасалып, істің мөлшерін білдіреді, қанша? неше?сияқты сұрақтарға жауап береді: Анча будун – осыншама халық; Бунча йірке тегі йорыттым – Мұншама жерге дейін жүрдім.

     Күшейткіш үстейлер –чығ, -ын, -ін жұрнағы жалғану арқылы жасалып, істің, не заттың көлемін үлкейтіп көрсетеді, қалай?қандай? сияқты сұрақтарға жауап береді: Аңар адычағ барқ йаратурдым – Оған бөлекше мазар салдырдым; Ішін тасын адынчығ бедіз уртым – Іш-сыртына бөлекше өрнек салғыздым.

     Мезгіл үстеулері -ғалы, -гелі жұрнағы арқылы жсалып, іс-әрекеттің мақсатын білдіреді: Санағалы түсүртіміз – Санағалы тоқтадық; Кісі оғлы көп өлгелі туған. [2,86]

    Топтау үстеуі –егүн жұрнағы арқылы жасалып, іс-әрекеттің біреу емес, бірнеше адамдардың бірігуімен істелетіндігін көрсетеді: үчегүн  қабусуп сүлелім-үшеулеп бірге соғысайық. [3. 87]

Түркі тілдерінде туынды үстеулер екі түрлі қосымша жалғану  арқылы: бірі – сөз тудырушы жұрнақтар арқылы, екіншісі – басқа сөз таптарына тән әр түрлі сөздің кейбір көнеленген септік жалғаулары арқылы жасалады. Орхон-Енисей жазбаларында қосымшалар арқылы жасалатын туынды үстеулер арқылы жасалатын туынды үстеулердің осы екі түрі де кездеседі. Септік жалғаулардың көнеленуі арқылы бірер ғана туынды сөздео кездеседі. Бұл туынды үстеулер тұлғасы жағынан септік жалғауларына жақын болғанымен,                                                          

   Мағынасы жағынан мүлде алыстап, септік жалғаулы сөз қалпында қабылданылмай қалыптасып кеткен үстеу ретінде танылады: бірле сүңүшдім – бірге соғыстым.

М.Қашқаридың «Түрік сөздігіндегі»  үстеу жасайтын біраз аффикстер  қазіргі түркі тілдерінде де, соның  ішінде қазақ тілінде де ұшырасады.

Алайда, мынандай бір-екі жағдайды ескеру керек: ең алдымен ол заманғы түркі тілдерінде үстеу жасайтын аффикстер мен үстеу сөздер сан жағынан аз да, екіншіден, үстеу жасайтын аффикстердің біразы тілімізде фонетикалық өзгеріске ұшыраған. Солай бола тұрса да, қазіргі тілдің құрамындағы аффикстерді ескерткіш тілімен салыстыру олардың генезисін айқындауға үлкен жәрдем беретінінде сөз жоқ.

Сөздікте үстеу жасайтын актив аффикстердің бірі –ла, -ле: Бір  түлкү терісін ікіле соймас –  Бір түлкінің терісін екеулеп  соймас; Түнле йүрүп, күнтүз севнүр – Түнде жүріп, күндіз көңіл көтерер; Сөздікте үстеу жасау қызметінде біршама жиі қолданылатын – лайу, -лейү қосымшасының құрамында да осы –ла аффиксі бар сияқты. М.Қашқари осы аффикспен келген мына тәрізді сөздерді береді: Улышыб ерен бөрлейү – Ұлысып ерлер бөрідейін; Арысланлайу көкредім – Арыстандайын ақырдым; -Ча, -че аффиксі көбінесе етістіктің есімше тұлғаларына жалғанып, үстеу қызметінде жұмсалатын сөздер жасайды:Түнле булт өртенсе, евлуқ уры келдүрмүшче болур, таңда булт өртенсе евге йағы кірмішче болур – Түнде аспан қызарса, әйел ұл туғандай болар, таңда аспан қызарса, үйге жай келгендей болар. [2,87]

      1.2 Үстеудің  шығу тегі                                                                          

 Үстеу шығу тегі жағынан алып қарағанда, басқа сөз таптарынан келіп шыққан грамматикалық категория. Сөздер мен сөз тіркестері өзінің ұзақ тарихи қолданылу процесінде  алғашқы мән-ерекшеліктерін жойып, бірте-бірте «көнереді» де, үстеулерге келіп қосылады.Өзінің тура мағынасынан ажырап, абстракцияланып кеткен қосымшаларда кіріккен түбірлерімен бір бүтін тұлға болып, үстеу категориясына өтіп отырады. Сондықтан да тұлғасы да тиянақты, берік болады. Әрине, өзінің о бастағы лексика – семантикалық қасиетімен үстеу үстеу сөз табына жататын сөздер де жоқ. Бірақ оларды белгілі сөздер тіркесінде, белгілі бір сөздердің қоршауында тұрғанда ғана ажыратуға болады. [5,181]

2 Үстеудің морфологиялық  (синтетикалық) тәсілдер арқылы  жасалуы

         Сөзжасам саласында үстеудің  синтетикалық тәсілдер арқылы  жасалуы әр қилы болып келеді. Өйткені бұл сөз табының қалыптасуына түрліше жұрнақтар қатынасады. Мұндай жұрнақтар үстеудің туындауында үстеу сөз табының  өзіне не болмаса басқа сөз таптарына жалғанады. Бұл ретте, әсіресе соңғы жолдың қолданысы күшті болады. Өйткені арнайы бір қосымшалар  белгілі сөз таптарына жалғану арқылы енді оларды басқа бір сөз таптарына айналдырып жібереді. Сөзжасам жұрнақтарының басты бір қызметі осындай қасиетімен айқындалады.

       Сөзжасам  жайында сөз қозғалған әдебиеттерде  бұл мәселе сөз таптарының  ыңғайында әңгіме болады, ал енді  қайсыбірлерінде сөз таптарының  аясында сөзжасам жұрнақтар жеке-жеке  саралай көрсетіледі. Осы соңғы  әдісті дұрыс деп санаймыз, өйкені  бұдан басқа сөз таптары тәріздес, үстеудің де жасалу жолдары  бірден айқын көрінетін болады. Осы жағын ескере отырып, үстеудің морфологиялық  тәсілдер арқылы жасалу жолдарын ж е к е      ж ұ р н а қ т а р  төңірегінде жүргіздік. Бұл салада бір жұрнақтар  үстеу қызметінде молынан жұмсалса, енді біреулері аз мөлшерде қолданылады. Осындай сипатына байланысты оларды әдеттегідей өнімді және өнімсіз жұрнақтар деп қарауға болады. Біз ең алдымен солардың өнімді түрлерін әңгіме етпекшіміз. Сондай-ақ бұл жұрнақтардың қай сөз табымен келетінін де саралай отырамыз.

      Осы арада  бір ескерте кететін жайт –  кейбір үстеу сөздердің (басқа  сөз таптарының) мағыналарын айқындау  кейде қиын соғып жатады. Сондықтан  да қиындықтың бұл түрінен  арылу үшін қосымшалы кез келген  сөздердің мағыларын айқындауда  олардың екі түрлі қарым-қатынастарына  баса назар аударатын боламыз:  сөздердің бастапқы түбір қалпы  мен оларға жалғанатын жұрнақтардың  өзаралық мағыналық қарым-қатынастары.  Бұл жайтты өз еңбегінде проф. Э. В. Севортян өте орынды  айткан.

       Үстеулердің  өздеріне тән айырым синтетикалық  жолдарын  айтпастан бұрын септік  жалғауының ыңғайында келген  үстеу сөздерге тоқтала кеткен  жөн. Өйткені мұндай сөздер  былай сырт қарағанда түбір  және қосымша морфемаларға ажыралып  тұрғанмен, сол қалпында тұтасымен  үстеулердің табиғатын танытады. Осы тәріздес сөздер кеңістік  қатынастағы  септік жалғауларында  (бірге, босқа, зорға, демде,  анада, бозалаңда, бірден, кенеттен, түнімен) келіп, әр мәнді үстеу  сөз таптарын құрап тұрады. Мұндағы қосымшалар бір кезде септік жалғаулары болып танылғанмен, осындай қолданыста енді сөзжасам  аффиксіне айналып кеткендігін аңғартады. Осындай қосымшалы сөздер жайында проф. Н.К.Дмитриев кезінде төмендегідей ой білдірген. Басқа тілдер тәріздес, башқұрт тілінде де үстеудің түрлері өзге сөз таптарынан бастапқы сөз өзгерту қызметінен бүтіндей ажырап, өлі формаларға айналып кеткен көрсеткіштер арқылы толығып отырады. Мұндайда бір септік жалғаулары айрықша мәнге ие болады. Олар өздері жалғанған түбір сөздің мәнісінен ажырап, жаңа сөз жасауға себепші болады да, тек этимологиялық тұрғыдан ғана негізгі зат есімдермен байланысып жатады.

Информация о работе Үстеулердің мағыналық сөзжасамы