Әскери терминжасам саласының кейбір мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 11:53, доклад

Описание работы

Мақсаты- әскери терминжасамның кейбір саласының лексика- семантикалық сипатын анықтап, оның қазіргі кездегі қолданылу аясын, мән- мағынасын ашып, төл баламаларын қарастыру, зерттеу.
Тақырыптың негізгі ғылыми болжамы- тіліміздің мемлекеттік дәреже алуына байланысты кейбір әскери терминдерді қазақ тіліндегі баламаларының зерттеліп, орынды пайдалануы . Әскери терминжасам саласының сапалы да тиімді аударылып, дұрыс қолданылуының басты мәселе екендігін дәлелдеу. Зерттеу барысында әскери терминжасам саласындағы терминдердің лингвистикалық сипаттары, әскери терминдердің қазіргі кездегі баламалары, оның қолданылу аясы жөніндегі көптеген әдеби журналдар мен ғылыми зерттеулер қарастырылды.

Файлы: 1 файл

науч проект-2011ж.doc

— 139.50 Кб (Скачать файл)

Павлодар облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет  мектеп-интернаты

 

 

 

 

 

 

                                                               Камалова Жадыра,10А  - сыныбы

 

 

 

            Әскери терминжасам саласының кейбір мәселелері

 

 

 

                                                       Жұмыстың бағыты:   тіл білімі

                                                                                 Пәні:   қазақ тілі

 

 

 

 

                                                   Жетекшісі: Аханбаева Сәндігүл Ермұратқызы

 

 

 

 

 

 

                                    Павлодар- 2011 ж.                               

                                         

                                                     Абстракт

 Тақырыбы:  «Кейбір әскери терминдердің  аударма мәселелері»

 Мақсаты-  әскери терминжасамның кейбір  саласының лексика- семантикалық сипатын анықтап, оның қазіргі кездегі қолданылу аясын, мән- мағынасын ашып, төл баламаларын қарастыру, зерттеу.

      Тақырыптың негізгі ғылыми болжамы-  тіліміздің мемлекеттік дәреже алуына байланысты кейбір әскери терминдерді қазақ тіліндегі баламаларының  зерттеліп, орынды пайдалануы . Әскери терминжасам саласының сапалы да тиімді аударылып, дұрыс қолданылуының басты мәселе екендігін дәлелдеу.   Зерттеу барысында әскери терминжасам саласындағы терминдердің лингвистикалық сипаттары, әскери терминдердің қазіргі кездегі баламалары, оның қолданылу аясы жөніндегі көптеген әдеби журналдар мен ғылыми зерттеулер қарастырылды. Зерттеу бірнеше кезеңдерден тұрады: әскери терминдер жайлы ғалымдардың зерттеу еңбектері қарастырылады; кейбір әскери терминдердің лексика- семантикалық сипаты;аударма саласындағы әскери терминдерінің қазақша балаламаларының қолданылу аясы, әскери терминдерінің терминжасам саласындағы орны, маңызы мен мәні.

      Ғылыми жобаны жазу барысында  ғылыми зерттеу, дәлелдеу, салыстыру,  талдау, жинақтау, жалпылау әдістері кеңінен қолданды. Аталған әдістер тақырыпты жан- жақты ашуға және өзіндік ой- тұжырым жасауға өз септігін тигізді.    Зерттеу жаңалығы- кейбір әскери терминдердің төл тілімізде қолданысқа ие болуын қолдау арқылы қазақ тіліндегі  баламаларын қарастырып, өзіндік тұжырымды  ұсыну.

     Зерттеу нәтижесі:  Зерттеу жұмысы барысында аталған термин сөздердің  лексика- семантикалық сипатын ашып,  қазіргі кездегі қазақ тіліндегі баламасының қолданылу аясын саралап талдадық. Сондай-ақ зерттеу жұмысында қарастырылған бірнеше әскери терминдердің  жасалу жолдарының лексика- семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдері қарастырылып, салыстырмалы талдау жүргізілді . Бұл зерттеу жұмысты  әскери термин  саласын жан- жақты қарастырып жүрген ізденушілерге  қосымша зерттеу материалы ретінде ұсынуға болады.  

 

                      

                                                  

                                                The abstract

The theme: “          ”

The goal-

The main scientific hypotheses

 

The research new-

 

 The research results:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

 

 

 

 

                                                            Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................5

 

1 1 ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ БҮРКІТТІҢ ТОТЕМДІК МӘНІ .................7

 

1.1  Қыран құс- бүркіт жайлы   этнолингвистикалық зерттеулер.........................7

 

1.2 Қазақтың қиял- ғажайып ертегілеріндегі  бүркіттің тотемдік мәні................10

 

2. ҚАЗАҚТЫҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 

      БҮРКІТ           БЕЙНЕСІ.......................................................................... ..........15

2.1 «Саятшылық, аңшылық» тақырыбы  шығармаларындағы

       бүркіт бейнесі.....................................................................................................15

 

2..1.1 Абай Құнанбаевтың «саятшылық, аңшылық » тақырыбы

            шығармаларындағы бүркіт бейнесі.............................................................15

 

2.1.2 Міржақып Дулатовтың «Бүркіт  кегі» балладасындағы 

          бүркіт бейнесі...............................................................................................  .18

2.1.3 Сарпарғали Бегалиннің «Қыран  кегі» аңыз поэмасы................................20

2.2. «Еркіндік, бостандық» тақырыбы  шығармаларындағы

           бүркіт бейнесі.....................................................................................  ...22

 

2.2.1 Сәкен Сейфуллин «Қара бүркіт»  шығармасындағы

   бүркіт бейнесі..................................................................................................23

3. Қазіргі ақын- жазушылар шығармасындағы  бүркіт бейнесі......................25

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................28

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................29

                                                   

                                                 

                                                      Кіріспе

           Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік тіліміз де мәртебеге ие болып, қазақ тілінің терминология саласы көш ілгері алға басты. Сондықтан да қазіргі кезде әскери терминдерді зерттеу міндетті мәселелердің бірі десек те болады. Әскери термин мәселесі қазақ тіл білімінің көп зерттеле қоймаған саласы деуге болады, бұл сала енді ғана біртіндеп қолға алына бастады. Әскери термин саласы жөніндегі сөздіктер қайта өңделіп басылды. Алайда ондағы әскери терминдердің көпшілігі қазақ тіліне аударылмай, қаз- қалпында қолданылып жүргендігін білеміз. Бұдан әскери терминологиядағы аударма мәселесінің шешілмеген, зерттелмеген тұстары көп екенін аңғарамыз.

  Әскери лексика, әскери терминология саласын зерттеп жүрген ғалымдар  саусақпен санарлықтай. Дегенмен бұл ғалымдардың зерттеу еңбектері арқасында әскери терминология саласы  ілгері дамып, жаңа сатыға көтеріле түсуде. Ғалым Т. Байжанов  әскери лексика саласына қатысты бірнеше еңбектер жазды. Алайда оның ішінде әскери терминдерге  қатысты мәселелер аз қозғалды . Бұл жөнінде  ғалым Н. Шеңгелбаева: «... Т. Байжанов әскери лексикаға арналған монографиясында «мылтық, оқ» сөздерін ғана термин деп атаған. Қалған басқа сөздерді талдай келе оларды әскери лексика деп көрсетіп отырған»,- дейді. Әскери терминдердің аударма мәселесі жөнінде                          Қ. Қожағұлова(ФҒК), Н. Шеңгелбаева (ізденуші), Н. Искакова (Қорғаныс Ұлттық университеті ғылыми орталығының әскери терминология тобының бастығы) сынды ізденуші ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құнды деректер келтіріп жүр. Алайда  кейбір терминдердің баламасы жөнінде зерттеушілердің пікірі бір жерден шықпайды. Мәселен, Н. Искакова «атака» сөзін «шабуыл» деп аударылуына  қарсы пікір айтып, дәлел келтіреді.

«... Истоки многих военных терминов надо искать в тюркском языке. Если данный термин тюркского происхождения, то нет необходимости в  его  переводе; в турецко- русском словаре О.Ю. Мансуровой (Москва,2006) мы выяснили, что в современном турецком языке данный термин употребляется как атака (atak)». Ал Н. Шеңгелбаева «2000 жылы шыққан сөздікте атака «шабуыл, лап қою » деп дұрыс аударылған»,- деп көрсетіп жазады(«Қазақша- орысша, орысша- қазақша терминологиялық сөздік. Әскери іс» Рауан, 2000ж.).

Бұдан әскери терминдерінің аударма мәселелерінде талданып зерттелмеген тұстары жетерлік екені айғақталады. Біздің кейбір әскери терминдерінің аударма мәселелерін қарастыруымыздың өзектілігі де осында жатыр.

       “ Кейбір әскери терминдердің  аударма мәселелері ” тақырыбындағы ғылыми- зерттеу жұмысының негізгі зерттеу мақсаты- әскери терминжасамның кейбір  саласының лексика- семантикалық сипатын анықтап, оның қазіргі кездегі қолданылу аясын, мән- мағынасын ашып, төл баламаларын қарастыру, зерттеу.

   Аталған мақсатты шешуде  келесі міндеттерді айқындадық:

1.Тақырып бойынша ақпарат, мәліметтер жинау, оларды іріктеп жіктеу.

2.Алынған нәтижелерді жүйелеу, тірек- сызбасын жасау.

3.Жиналған материалдарды талдау, салыстыру, дәлелдеу, қорытынды шығару.

-тақырыпқа сәйкес  материалдарды саралап, қажеттісін  іріктеп алу;

-әскери терминдерінің  зерттеу тарихына үңіліп, салыстырмалы  талдау жүргізу;

-қазіргі кездегі орыс  тіліндегі кейбір әскери терминдердің семантикалық сипатын ашып,  қазақ тіліндегі баламаларын ұсыну.

   Зерттеу объектісі-  Кейбір әскери терминдердің  аударма мәселелері.

      Тақырыптың негізгі ғылыми болжамы-  тіліміздің мемлекеттік дәреже алуына байланысты  әскери терминдерді қазақ тілінде гі балаламаларының  зерттеліп, орынды пайдалануы . Әскери терминология саласының сапалы да тиімді аударылып, дұрыс қолданылуының басты мәселе екендігін дәлелдеу.

      Ғылыми жобаны  жазу барысында ғылыми зерттеу,  индукция, дедукция, дәлелдеу, салыстыру, талдау әдістер- тәсілдері кеңінен қолданды. Аталған әдістер тақырыпты жан- жақты ашуға және өзіндік ой- тұжырым жасауға өз септігін тигізді.

 

                                                          

                                                 

 

 

 

 

 

        1 ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ БҮРКІТТІҢ ТОТЕМДІК МӘНІ

       1.1  Қыран құс- бүркіт жайлы этнолингвистикалық зерттеулер

          Қазақ  халқы бүркітті аса қадірлеп, оны асылдың бірі деп санайды.  Табиғатынан тәкаппар жаратылған  қыран құстар алған аң-құстың тек дәмді, жылы-жұмсақ бөлігін ғана жейді. Себебі олар асыл тұқымды және жаратылысынан ашқарақ емес. Тарихқа үңілсек, ата-бабаларымыз бүркітке аң алдыру мақсатынан гөрі табыну, сиыну жағын басым ұстаған. Бұрынғы заманнан бері қастерлеп, табынып келген бүркіттің пір тұтандығы соншалық- ол өлсе, иесі оны қауырсын, мамығы, құйрығы, басы, тұяғымен, кейде «бітеу» немесе жара сойып, үй төріне қанатын кере іліп қоятын. Бұл «бүркіттен пәле-жала, жын-шайтан қашады» деген сенім-нанымның нышаны. Батырлар болат дулығасының шекесіне қыранның қауырсынын тағып жүргенін тағы білеміз. Сонымен қатар, бүркіт қанатымен үй, кілем мен басқа да дүниелерді сыпырмайды. Керісінше, оны жастыққа салып жатса бас ауырмайды, басты пәледен сақтайды, адам шошып оянбайды деп халқымыз сенген болатын. Құстың тұяқ, тырнақтарын тұмар ретінде де, пәле-жаладан сақтайтын киелі зат ретінде қолданған. Бүркіт- құс атаулының төресі, мықтысы да алғыры. Бүркіт сөзінің шығу тегі, оның өзіндік семантикасы туралы  зерттегендер баршылық. Олардың көбі бүркіт сөзінің түпкі мағынасын  түркі халықтарының «көк тәңірісінен»  шыққандығын алға тартады. Мәселен,  лингвист зерттеуші Нәпіл Базылхан  «Қыран құстың этносимволикасы» деген еңбегінде былай дейді:  «Құс атауының iлкi формасы баба түрiк тiлiндегi нұсқасы qut “құт” болып, одан тiлдiк даму заңдылықпен құт > qus құс болып өрбiдi деуге келедi. Қыр+ан, қыр+ғи, қар(ы)+ға=қар+ға, қар+шыға, қар+лығаш, қыр+ғауыл, сұң+қар деген атауларындағы қар, қыр тұлғалары да осы құт, құс түбiрлерiмен бiр желiлес ұқсас семантикалық өрiстi бiлдiредi. Бүр+кiт яки “бөрi+құт” дегенiмiз қасқырдай құс, көктiң құтты иесi болмақ. Хакас тiлiнде бүркiттi қарақұс, киiкчiн деп атайды.Көне түрiк таным түсiнiк, Тәңiрлiк ұғым бойынша құс көктiң иесi, аспанның киесi, жоғарғы әлемнiң елшiсi, қанаттылардың төресi саналады. Демек, байырғы түрiктердегi үштiк (Тәңiр-Кiсi-Жер) құрылым бойынша төрелiк билiкте мәңгілік көк аспаннан жаратылады деп танылады.» [1,53].Бұл пікірді филология ғылымдарының кандидаты, Бақыткамал Қанарбаева да қолдайды. Ғалым «Бүркіттің тотемдік мәні» тақырыбындағы зерттеу еңбегінде түркі тілдес халықтардың бүркітті кие тұту ерекшелігін салыстырып отырып зерттейді: «Біздің ата – бабаларымыз бүркіттерге көктің билеушісі, құстардың күштісі, қасиетті деп сыйынған,өлтірмеген...   

           Төлеуіттердің  нанымы бойынша бүркіттің аспанның  иесі аталу себебі, аспанға ұшатын  құстардың ішіндегі ең мықтысы  екендігінен. Буряттардың нанымында  бүркіт жер бетіндегі бір әйелмен  байланыс жасаудан туған балаға  бойындағы күш- құдіретін сыйлағандықтан шамандық қасиет пайда болады. Бүркіттің шамандардың көмекшісі саналатыны да содан екен. Бұдан бүркіттің әкелік қасиеті байқалса, Байкалдағы тунгусс шамандардың ұғымынша- ақ бас бүркіт шамандардың иесі. Бұл көне түркілерге ортақ ұғым, себебі Тәңірлік дінге нанушылар ақ түсті күннің сәулесі ретінде бейнелейді» [5, 80-89].  Біз де  жоғарыда ғалымдар айтып өткен  «Бүркіт- Тәңір- Күн  әкенің міндетін атқаратын тотемдік мәннің иесі»,- деген пікірімен келісеміз. Біз солардан жаралдық деген ата- бабаларымыздың табиғи танымы кейін мазмұны өзгеріп, мифтік сипат алған. Бүркіт жоғары ұшып, ұясын адам аяғы жете бермейтін биікке салатындықтан құдіретті құс ретінде құрметтеліп, мифтік ертегілер шығарылған Қарақалпақтар өлген бүркіттің денесін қатырып, киіз үйдің төріне іліп қойса, бала таппаған әйел бала табады, егіннің ортасына апарып қойса, егіннің түсімі жақсы болады дегенге нанады. Бұдан бүркіттің жаңбыр жаудыра алатын құдіреті байқалады» [2,57 ].   Осы ойды жалғастыра отыра, келесі еңбегінде былай дейді: «Түркімендердің түсінігі бойынша Бүркіт жаңбырдың пірі, бұлттың арғы жағын мекендейді. Бүркіт баба ұшып отырғанда қанатының астына қара бұлт үйіріліп, нөсер төгеді. Сондықтан бүркіт аспандағы бұлттардың қожайыны, қайсысы қайда бару керектігіне тапсырма беріп отырады.» [3, 238]. Бүркіттің жаңбыр жаудыра алу қасиеті туралы белгілі Павлодарлық  ақын, Мәшһүртанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сүлеймен Баязитовтың аузынан естіген Баянауыл өңірінің атақты  биі- Шоң  Едігеұлы туралы аңызды мысал ретінде келтіруді жөн көрдік: «Бірде Шоң би алыс өлкедегі туысқандарына ат басын бұрса, мұндағы ел ұзақ уақыт жаңбыр болмағандықтан, қуаңшылықта қиналып өмір сүріп келе жатыр екен. Шоң би демалып, өз- өзіне келгеннен кейін ақсақалдардың бірі осы жайлы айта келіп: «Сізді  халық қасиетті деп атайды. Жаңбыр жаудыра аласыз ба?»- деп сұраған екен. Шоң би: «Барлығы да бір Алланың қолында »,- деп жауапты келте қайырыпты. Бірақ сол сәттен бастап тәңірге жалбарынып, тіпті аузына нәр алмай, ұзақ уақыт құлшылық еткен Шоң би бір сәт қалғып кетсе керек. Бір кезде ол атқосшысын шақырып алып:

-  Ауыл алдындағы жалғыз ағашқа  қарашы, қара бүркіт қонып отырған  жоқ па екен?- деп сұрапты. Далаға  шыққан атқосшысы іле үйге  жүгіре басып:

- Би аға, қара бүркіт сіз  атқан ағашқа қонақтап отыр екен,- десе керек. Сонда Шоң:

- Аллаға шүкіршілік, Баянның қара  қыраны келіп жеткен екен ғой,- деген екен. Содан бірнеше күн  қатарынан селдете жаңбыр жауыпты...  ». Жоғарыда келтірілген аңыз  әңгімеден   бүркіттің жай құс  емес, ежелден көк тәңірісі, мәңгілік көк аспаннан жаратылды деген  пікірге тоқталып,  ғалым Б. Қанарбаеваның  «Бүркіт- Тәңір- Күн  әкенің міндетін атқаратын тотемдік мәннің иесі»,- деген пікірімен келісеміз. Біз солардан жаралдық деген ата- бабаларымыздың табиғи танымы кейін мазмұны өзгеріп, мифтік сипат  алған. Бүркіт жоғары ұшып, ұясын адам аяғы жете бермейтін биікке салатындықтан құдіретті құс ретінде құрметтеліп, мифтік ертегілер шығарылған. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынадай тұжырымға келуге болады. Бүркіттің этносимволикасы  тәңір, көк ұғымдарымен тығыз байланысты., яғни бүркіттің тотемдік мәні болып табылады. Ендеше қазақтардың бүркітпен  байланысты айтылып жүрген нанымдары тотемдік ұғымның нәтижесі десек, шошынып ауырған балалардың бойына тұяғын, жүнін қадайтынымыз- тотемдік нанымдардың көнеріп, түрлі ырымдарға ауысуы. Оның күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқандығын киімдері мен кілемдеріне қыран құстың бейнесін кестелейтіндіктерінен, балалардың бесігінің, жаңа үйленгендердің шымылдығының басына ілініп қойылатын тұяғынан байқауға болады. Бүркітке байланысты тотемдік нанымдардың қалдығы қазақ ертегілерінде ертегілік сарынға ауысқан, батыр қиналған кезде жүнін тұтаса, самұрық құс көз ілеспес шапшаңдықпен ұшып келеді. Бүркіттің жаңбыр жаудыратындығы туралы мифтік наным қазақ арасында бірен-саран сақталса да самұрық құс (кейде самұр, семір құс) ұшып келе жатқанда қанатының астынан жаңбыр жаудыратындығы туралы сарын, қазақ ертегілерінен жиі кездестіруге болады. Көне ауыз әдебиетінде бүркітті «Самұрық» не болмаса «Семір құс» деп атайды.

Информация о работе Әскери терминжасам саласының кейбір мәселелері