Ақын–жыраулар мен билердiң шешендiк сөз өнерiндегi тәлiмдiк ойлар
Реферат, 23 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың тәлімдік идеялары. Билердің шешендік сөз өнерінің үлгі-өнегесі
1. Асанқайғы Сәбитұлы, Шалкиiз Тiленшiұлының этнопедагогикалық ой-пікірлері.
2. Ақтамбердi Сарыұлы Бұхар Жыраудың тәлімдік ойлары.
3. Билердiң шешендiк сөз өнерiнiң үлгi-өнегесi.
Файлы: 1 файл
АҚЫН.docx
— 28.33 Кб (Скачать файл)АҚЫН–ЖЫРАУЛАР МЕН БИЛЕРДIҢ ШЕШЕНДIК СӨЗ ӨНЕРIНДЕГI ТӘЛIМДIК ОЙЛАР
ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың тәлімдік идеялары. Билердің шешендік сөз өнерінің үлгі-өнегесі
1. Асанқайғы Сәбитұлы, Шалкиiз
Тiленшiұлының
2. Ақтамбердi Сарыұлы Бұхар Жыраудың тәлімдік ойлары.
3. Билердiң шешендiк сөз өнерiнiң үлгi-өнегесi.
Қазақ мемлекеттiгi құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандардың өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан мен қараның дәнекершiсi болды. Олар ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен ақындар едi. Жыраулардың ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел бiрлестiгiне, хандардың билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды. Солардың бiрi – дала философы атанған Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV) халық есiнде абыз, философ, ақын болып, мәңгi жатталып қалған. Оның бар ғұмыры халықпен бiте қайнасып өткен. Ауызбiрлiгi жетiспеген ортада елiнiң ертеңiн, қамын ойлап, үнемi мұңға батып жүретiндiктен замандастары оны “Асанқайғы” атап кеткен. Аңыз-әңгiмелерде Асанқайғы жүзден асып көп жасаған, үнемi ел кезiп сыншыл көзқарасты қалыптастырған Елдi ауызына қаратқан, көшпендiлердiң мiнез-құлқын жетiк бiлген, дәстүрлерiн құрметтеген ақылды, дана, сәуегей баба атанған.
Ол ХV Ғ. Алтын Орда ханының,
соның iшiнде ұлы Мұхамедтiң
Асанқайғы дүниетанымында адамгершiлiк
мәселесi негiзгi орын алады. Асанқайғы
адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып
түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн
дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын
сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн
адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды.
Оның өмiрге деген парасатты
Күнiнде өзiм болдым деп,
Кең пейiлге таласпа.
Ғылымым жұрттан асты деп
Кеңессiз сөз бастама.
Жеңемiн деп бiреудi
Өтiрiк сөзбен қостама – деп,
Асанқайғы азаматтық мiндеттiң
жүгiне, күнделiктi нақты түрiне көңiл
бөледi. Кiсiлiк қасиеттер - адамгершiлiк
пен бiрлiктiң құт-берекесi. Асанқайғының
ұғымында, жұртты бай, кедей деп немесе
үлкен-кiшi деп жiктеу, бөлу жарамсыз.
Ел-жұрт үшiн бәрiнiң де мiнез-құлқының
жақсы болуы қажеттi, өзара оңды
қарым-қатынас жасауы орынды. Абыздың
пайымдағаны: “Таза мiнсiз асыл тас,
су түбiнде жатады. Таза мiнсiз асыл
сөз, ой түбiнде жатады”. Асанқайғы
сөздiң нарқы мен парқын бiлiп,
қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен болса
да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр
сүрудiң негiзгi мәнi туралы айта келiп,
Асанқайғы жақсылардан үлгi алып,
жамандардан бойды аулақ
“Мiнезi жаман адамға,
ендi қайтiп жуыспа. Тәуiр көрер
кiсiңмен, жалған айтып суыспа”-
деген өсиеттi ұстайды. Жырау бiрде:
“Ғылымым жұрттан асты деп,
кеңессiз сөз бастама” дейдi. Сөз
астарында өзiм болдымдыққа
“Есенiңде, тiрiңде, бiр болыңыз бәрiңiз” деп халықты бiрлiкке шақырады. Онсыз “Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар” деп ертеңгi күнге бұлыңғырлық төнiп қалар деген болжамын еске салады. Адамдық ұстаным — борышты мiндеттердiң жауапты саласы. Оны бұзушылық — ойшыл үшiн жат құбылыс. Абыз әдептiлiк сұранысын былай түйiндейдi:
“Естi көрсең кем деме, бәрi тұйғын табылмас”;
“Нәпсi алдаушы дұспанның, насихатын алмағұл,
Бақыты оянған ерлердiң, әрбiр iсi оң болар”;
“Сөз сөйлесе жөн бiлiп, не десе де жарасар”;
“Ауылдағы жамандар, ел қадiрiн не бiлсiн!”.
Болатын адам, өсетiн ел тәуiр көретiнмен жалған айтып суыспайды, болмайтын нәрсеге кiжiнесiп, желке құрыстырып ұрыспайды.
Әдептiлiктiң әр қыры мен сыры — бақыт көрiнiсiне лайық. Дегенмен бақыт — адамға деген ерекше сыйласу мен махаббат сезiмнiң үйлесiмi мен иiрiмi. Бақытты жандар ғана өзара түсiнiсе де, жақындаса да, бiрiге де алады.
Бақытқа кедергi - ағайын мен ел арасындары бiтiмсiздiк, ондағы мүдде алшақтығы, қасиет кенжелiгi, сөйлесу қағидасының бұзылуы. Сөйлесуде өзара түсiнiк жетiспесе, онда үйлесiмдiлiктiң, ынтымақтың болуы мүмкiн еместiгiн, зияндық — күйзелiс көрiнiсi, адамгершiлiктегi ғарiптiк белгiсi.
Бұл заманда не ғарiп?
Ақ қалалы боз ғарiп,
Жақсыларға айтпаған
Асыл, шығын сөз ғарiп;
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғарiп;
Қадiрiн жеңге бiлмесе
Бойға жеткен қыз ғарiп;
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелi бел ғарiп,
Қаз-үйрегi болмаса,
Айдын-шалқар көл ғарiп;
Ата жұрты бұқара
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғарiп.
Адамның iшкi дертi азғындаған
уақытта, замандағы ғарiптiң түрi
де, зардабы да көбеймек. Ғарiптiк
— заман ағысы адамзат
Асанқайғы — экологиялық тәрбие төңiрегiнде сөз қозғаған қазақтың тұңғыш ойшылдарының бiрегейi. Оның толғауларында қазақ даласының сұлулығы, жер байлығы, аң-құстар тыныс-тiршiлiгi, олардың географиялық мекен-жай күйi тiлге тиек болады. “Аққу құстың төресi, ен жайлап көлде жүредi” деген шумақтан, сұлулық сүйкiмдiлiктi ұштайтынын пайымдаймыз. Көркемдiктiң жан семiртетiнiн, сүйкiмдiлiктiң тән тазалығына еритiнiн “Бұл заманда не ғарiп” деген өлеңiнен аңғарамыз. Жыраудың “Иiс майын жамандап, жұпар қайдан табасың? Көлдiң суын жамандап, Едiл қайдан табасың?” дегенi, атамекендi ардақтай бiлуге шақырғанындай.
Жорықта айдынды аламан, ақындықта арқалы жырау атанған Шалкиiз Тiленшiұлы (1465-1560) Дештi Қыпшақ өңiрiне ғана емес, Қырым, Терiстiк Кавказ, Дон бойына да әйгiлi тұлға болған. Өз заманындағы Ноғайлы әмiршiсi Темiр, Қазақ Ордасы, Кавказдықтар арасындағы саяси күрестердiң ешқайсысынан сыртқары қалмаған. Жорықтың алдыңғы шебiнде, айтыс-тартыстың басы-қасында, елдiң бел ортасында жүрген Шалкиiз елдiк пен ерлiк, жақсылық пен жамандық, шеберлiк пен шикiлiк мәселелерiне баса көңiл аударған, кiсiлiк қасиеттерге әр сақтан қайта-қайта оралған. Шамасы, Шалкиiздiң өзi “жаурынына қанды көбе сыймаған, жағасына адам қолы тимеген” ержүрек, кеуделi батыр болғандай. Көп оқығаны көзiмен көрген, көп нәрсенi тоқыған сынды да, сындарлы қайраткерлiк деңгейге жеткен.
Жорықта, соғыста, айтыс жанжалда ел мен ердiң құны қатар сынға түстi. Ел ерлерсiз, ер өз елiнсiз бабына келмедi. Қысылтаяң кезде тума туыстан сүйенiш iздедi, жұрттан суырылып шығар дарадан тiрегiн көздедi.
Ерлер кiмдер едi, нендей қасиетiмен
үлгi едi? Ерлердiң “алдаспаннан игi
қолы”, “жеңсiзден игi тоны”, “арғымақтан
игi малы болар ма” — дейдi Шалкиiз
жырау. Сондай ерлер жаудан да, сойдан
да тартынбас, батырлығы басынан
асқан жiгерлi жандар. Елi қолдаған, арғымағын
оңдаған ерен батырлар бабына келдi.
Осыдан: “Кенелейiн деген жiгiттiң,
жылқы iшiнде екi арғымағы тел өсер.
Сүйiнейiн деген жiгiттiң, сүбеде алтау-жетеу
ағайыны тең өсер!” деген
Шалкиiз дүрлiккен, демiккен елге бас-көз болатын ханның бейнесiн iздестiредi. Байсалды, батыл, ұстамды хан, сұлтан ол үшiн алдаспан, “бармай тапқан қазбасы”. Пиғылы терiс хан iс етсе, ол “жиған малыңды тәрiк етер, ат-тоныңды бұлды етер, өз басыңды олжа етер”. Хан ием Темiрдiң осындай қиқарлығын көрген Шалкиiз одан алшақтайды. Қыр мен бөрiк астындағыны көре алмаған сұлтандар туралы: “Жақсыңнан менi кем көрдiң, жаманыңмен тең көрдiң. Жақсыңнан менi кем көрсең, жаманыңмен тең көрсең, ұлы берiкке қос артып, сен есенде, мен сауға ырысымды сындайын. Сегiз қиыр шар тараптан iздермiн!” — деп ойын ашық та, кесiп айтады.
Шалкиiз жырау жау жағадан алғанда, ел бiрлiгiнен артық қорған жоқтығын былай ескерттi:
Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердiң күнi болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңа.
Жемсаудан арылып, дұспан жауға қарсы бiрлесу, сүйтiп сәттiлiкке үлес қосу — қажеттi үндер және керектi күндер едi. Сондай сындарлы кезеңде, тар жерде кiмнiң кiм екенi бiлiне бастады.
Жақсының жақсылығы сол болар,
Жаманменен бас қосып.
Сөйлемекке ар етер,
Жаманның жамандығы сол болар.
Сөйлесе дәйiм қара етер,
Бiр жақсыға басың қосып сөз айтсаң,
Сол жақсы жаманлығың жақсылыққа жыр етер.
Жақсының тiлегi бiр, Тәңiрiмен
ниеттестер дегендi айтады. Өзiне тегеурiндi
жандарды iздеген жерден табады, жат
жерде өзiн танытады. Жаманның жауы
— тiлi мен пиғылында, икемсiз қылығында.
Ерiккеннен қызыл тiлiн
Жақсы мен жаманды адамдық
пен күрес өлшемiмен iспеттеген
Шалкиiз жырау тағлымы мол
Атаның ұлы ерлерге,
Малыңды бер де басың қос,
Басыңды қос та бек сыйлас,
Күндердiң күнi болғанда,
Басың жауда қалар ма!
Бас қосқан ел болса, оның арғы тегiн ойлайтын би-бегi болса, болаттай бекем батыры болса, ондай ел-жұртта арту-тарту тарылмақ, дұшпан тобы тозбақ. “Ер болсаң бопсаға шыда” деген қағиданы қалыс қалдырмайтын ортада ырыс мен ынтымақ, iс пен iзденiс артпақ.
Сырты құрыш, жүзi болат, ақыл-айласы көпке танымал, жанкештi ерлiгiмен көзге түскен жырау Ақтамбердi Сарыұлы (1675-1768) тұлғалық пен жорық тақырыбын жалғастырады. Адам бақытына жетсе, басына қондырса, жақсылармен тең өсер. “Бiлiмдi туған жақсылар, аз да болса көппен тең”, ақ пейiлмен сыйласар жолдаспен тең. Жақсылар елi үшiн батырларша жорықтайды, қыңыр-қисықтан қорықпады. Жақсылардың жетегiнде кетерiн Ақтамбердi жырау былайша жеткiзедi:
Әдiл туған жақсыға,
Екi даугер жүгiнсе,
Тiзесiн қисық бұрмаса,
Асылдығы бiлiнер. Ендi бiрде:
Орын тапқан ер жiгiт
Жерсiз болар деймiсiң,
Орда тiгiп орнаса
Төрсiз болар деймiсiң!
Ақтамбердi жырау өмiр ережесiн жақсыларды марапаттау арқылы ғана емес, жамандықтың бастауын iреп, салдарын саралайды. Жамандық адамдардың бiрiн-бiрi қорлаудан, зорлаудан басталады. Қорлау да, зорлау да — жендеттiк, пенденiң бағын аштырмайтын жексұрындық. “Жаман болса жолдасың, астыңнан өткен сызбен тең”, “Жаман туған жiгiтке, рақатты күн бар ма”. Жамандық — жауың. Екеуiнiң де түрi көп. Сонда кiм жаман? Дәулетiн көтере алмай желiккен, өз мiнiн бiлмеген, ата мен ананы сыйламаған, ертең не болатынын бiлгiсi келмеген, күнде жанжалдың делебесiн қоздырған, жетiм мен жесiрге қол ұшiн бермеген, жалаулы найзаны қолға алып, Жаманның көрiнiсi күңгiрт, салмағы сұмдық, әсiресе қашқанда ақыл, сасқанда дегбiр қалдырмайды.
Себебi: ұрысқақ болса ұлың жау,
Керiскек болса келiнiң жау.
Үйiңдегi ұлың жаман болса,
Есiктегi құлмен тең,
Қойныңдағы қатының жаман болса,
Қаңтардағы мұзбен тең. (Үмбетей)
Ел амандығы, жұрт жарасымдылығы
жамандықта емес, тыныстың тұнығында,
бiрлiктiң беделiнде едi. Есейгендер
адамдық қасиеттiң құнын
“Қалың қазақ елiм” деп үн қатқан, ұран тастаған жыраулар: “Ылайым, елiм аман болсын” деген тоқтамды алға тартты. Ол шешендiгiмен, көрегендiгiмен, қайырымдылығымен жамандықтан, жалғандықтан, жұғымсыздықтан, жауласудан сақтандырды.
Асанқайғының жыраулық дәстүрi мен философиясын жалғастырған Бұқар жырау (1693-1787) болды. Бұқар жыраудың бас тақырыбы: дүние көркi — адам, адам көркi — оның жасар игiлiгi, белдi қасиеттерi; дүние - бай мен жарлы-жақыбайға ортақ, алма-кезек, мұнда мәңгi байлық та, жарлық та, көптiк те, жалғыздық та жоқ. Адамның табиғатынан белсендi тұлға екендiгiне жырау айрықша мән бередi. “Адамзаттың баласы, атадан алтау тумас па? Атадан алтау туғанмен, iшiнде оның бiрi арыстан болмас па? Арыстанның барында жорғасы болса мiнiсiп, торқасы болса киiсiп, толғамалы қамшы алып, толағайда толғай дәурен сүрмес пе” - деген толғауы осы ойдың айғағындай.