Адамгершілік тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2015 в 00:29, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі: Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес. Адамгершілік заңы Аллаһтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр. Адам баласының жалған дүниеде және ахіреттегі бақытқа қауымдастыратын керекті өнегелердің нелерден тұратындығын білдіріп, құлшылық міндеттерін түсіндіреді.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 73.93 Кб (Скачать файл)

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындығы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз»-деген болатын.  
Отбасы- ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. [6,115]

Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасыпжеткен тарихи мұра. Әрбір отбасында балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты. Қай заманда,қайсы елде болса да отбасының адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.Отбасы тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату- тәтті тұратын отбасында шаңырақ шатығы-негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұғымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің ,басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұзақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, жалпы алғанда,дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше рухани бір байлығы. Осындай отбасында өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады. Балалардың бойындағы қабілеттің, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатыны әлі де толық шешіле алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Талапты жастарға мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер- ата-аналар. Себебі балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ.  
Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі-оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы.Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Отбасы тәрбиесінің осындай ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттері мен ұштастыра білсек, оның берері мол. Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі-ата-анадан,, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе,сонысынан көбірек жұғады». Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті болса да, жаман әдетті болса да ең алдымен жанұядан алады. [11,200]

Ата-аналар балаларын мәдиенетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек. Көпшілік жағдайда баланың бойында теріс қылықтардың пайда болу себебін жанұядағы үлкендер өздерінің бойынан іздемейтіні өкінішті-ақ. А.С. Макаренко ата-аналарға арнаған еңбегінде «Сіздің мінез-құлқыңыз -жеткіншек тәрбиесіндегі бірден-бір шешуші құрал. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен қалай әңгімелесеңіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше»-деген болатын. 

Ата-аналар шын беделге ие болған жанұяларда олардың жай ғана реніш білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті. Беделдің болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың ескертпелеріне дөрекілікпен қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде сәби ата-анасына жан-тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал ақылы кіріп жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге енді ересек көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды біздер, ата-аналар, үнемі ескере бермейміз. Қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанымызды істетуге әуеспіз. Мұндай отбасында нашар мінез-құлықты балалардың өсетініне мән бермейміз. Отбасындағы байсалды, бірқалыпты қарым-қатынас балалардың ата-аналарына сенімі мен құрметін күшейтетінін ұмытамыз.  
Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы атышулы қозғаушысы-ертеңгі қуаныш»-деген А.С. Макаренко. Олай болса әрбір ата-ана балаларын ертеңгі қуанышты сезіне білуге тәрбиелеу қажет. В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударған. «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағытты беруі мүмкін»,-дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.  
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени -ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.[5,19]

 

 

 

ІІ. АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Адамгершілік тәрбиесінің тұлға ғұмырындағы маңыздылығы

Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік – қоғамдық дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс.

Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз – ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген  ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі  де жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.       Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.

Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан –ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..

Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан - жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.

Оқушы бойындағы мейірімділік ,шыншылдық, адалдық, тұрақтылық сияқты рухани қасиеттерді қалыптастыра отырып жұмыстану, өзін-өзі басқаруына,жеке тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлу, өз ортасында еркін сөйлеп, өз ойын еркін айта алатын дарынды, қабілетті ұл-қыз тәрбиелеу  мақсатында Қалдығайты жалпы орта мектебінде  мейірбандық күніне орай  «Қарттарым-қазынам» тақырыбында іс-шара өткізіліп, «Барлық құрмет үлкендерге» атты мерекелік концерт  қойылды. Барлық сыныптарда «Жақсылық –жан азығы», «Кішіпейілділік- көңіл кеңдігі» , «Сабыр түбі сары алтын » атты тәрбие сағаттарындағы рухани-адамгершілік білім баланың, жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатты. Мүмкіндігі

шектеулі  жандардың  күніне орай «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» атты іс-шара өткізілді.Бұндай қайырымдылық шараның берері мол болды.Оқушыларды адамгершілікке,қайырымдылыққа, кішіпейілділікке баулыса, «Тіл-елдіктің ,ерліктің ажары» атты  тіл апталығы өз ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білумен қатар  ашылу салтанатында «Қазақ» биінің орындалуы, ұлттық салт-дәстүрдің орынды көрсетілуі мен мұғалімнің ұлттық нақышта киінуі оқушылардың іс-шараға деген қызығушылығын арттыра түсті.

И.Г.Пестолоции : - «Еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады »,-деген болатын. «Өзгені ойлаған-адамдықтың белгісі»     демекші ауылдағы жалғыз басты қарияларға  көмек беруде жақсы жолға қойылған.Сонымен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған ,ата-әжесінің қолында  тәрбиеленуші  9-сынып оқушысы Е.Нұртазинге ұйымдастырылған «Менің қуанышымды менімен бөліс» іс-шарасында бастауыш мұғалімі Ш.Қамбетова ең алғаш қалам ұстап,мектепке келген кездегі сәттеріне тоқталса, Ағырыс әжесі сәби шағындағы қылықтарын әңгімелеп берді.Сынып жетекшісі К.Шайхиева  өзі мүмкіндіктерін өзінің өмірдегі орнын түсінген адам , өзін-өзі қадағалап, сынап , өзін-өзі тәрбиелеуге ,өмірден өз орнын, өз бақытын  алуға ұмтылуға болатынын айтып өтті. Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына,  білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Соның бір дәлелі мектебімізде  көп жылдар ұстаздық етіп,өмірден озған ардагер ұстаз Муса Қамбетұлына арналған  «Жарқын бейне мәңгі есте» еске алу бағытында өткізілген  кеш аудан,қала қонақтарымен толысып, адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті екеніне  көз жеткізді.

Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болатындығын «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбындағы ұстаздар мерекесіне орай өткізілген  кеште  көрсетсе, «Мектепке жол» республикалық акция бойынша «Балаға мейірім сыйла!» атты  іс-шара барысында 185.100 теңге  көлемінде 55 оқушыға демеушілік жасап, ауыл кәсіпкерлері де рухани-адамгершіліктің түп тамыры  тереңде екендігін көрсетті. Оқушылардың рухани

өсуін  қалыптастыратын әдістердің  бірі- көрмелер мен байқауларға қатысу. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  «Жұлдыз-ай»

фестиваліне  мектебіміздің 7-сынып оқушысы Ә.Сағындықова қатысса, «Бәріміз де бірдейміз, Кемсітуді білмейміз» байқауына 10-сынып оқушысы Қ.Асқарова қолөнер бұйымын жасаудан қатысып , Алғыс хат пен бағалы сыйлықтарға ие болды. Осындай байқауларда  биік шыңнан  көрінуі оларды өздеріне деген сенімділіктерін арттырып, қабілетін шыңдайды.

Мектебіміздің оқушылары аудандық, облыстық түрлі  байқауларда  да өз шеберліктері мен біліктіліктерін байқатты,Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, прициптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда  ғана адамгершілік олардың сеніміне айналады.

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.  Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани  азық – деп атап көрсеткен болатын.

Мектебімізде  «Білімді жағар шырақты» атты озаттар  шыршасында «Қазақ халқының ертегілері-ұлттық тәрбие бастауы» тақырыбында ғы  сахналандырылған қойылымдар  мен аңыз бейнесіндегі көрсетілімдер оқушыларды жақсы ниетпен армандай білуге және оған қол жеткізуге ықпалы зор болды.

«Өзін-өзі тану-өмірді тану» ,-деген болатын көне грек философы Сократ.Басты мақсат –әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Өмірдің  қарапайым ақиқатына-ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы мен қызы болуға нағыз адам деген ардақты атқа лайық болуға   жастайынан үйрету. Қазіргі қоғам талабы да  осыны көздеп отыр емес пе? Осы мақсаттарды жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік білім жобасы

республикамыздың білім беру мекемелерінде  жеке пән ретінде енгізілді.Балалардың танымдық сұраныстарын қанағаттандыра отырып, жан-жақты тәрбиелеудің негізі өзін-өзі тану пәнінде жатыр.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері  де  мемлекетіміздің ертеңгі азаматтары болатын жас жеткіншектерге рухани-адамгершілік тұрғыдан  бағыт –бағдар беруде  жұмыстанып келеді.  «Өзін-өзі тану » пәнінің мұғалімдері мен сынып жетекшілердің бірлесе өткізген «Бәрінің бастауы-махаббат»,  «Сенім-менің серігім» атты көрнекі сабақтары  мен әлеуметтік педагог Ж.Жалмағанбетова «Адамгершілік асыл мұрат»  атты  әңгіме сағаты адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,әдеп  әліппесін бойларына дарытты.

Информация о работе Адамгершілік тәрбиесі