Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы
Реферат, 07 Октября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) —ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілініңнегізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімдіисламға таяна отырып, орысжәне еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Файлы: 1 файл
абай.docx
— 63.90 Кб (Скачать файл)«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы — монографиялық зерттеу. Авторы З. Ахметов. 1984 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
«Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері — монография. Авторы Л. Әуезова. 1969 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
Абай Құнанбаев шығармашылығын зерттеудің маңызды мәселелері (мақала) — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды.
Абай Құнанбаев қазақ халқының ақыны және ағартушысы — (10. VIII. 1945) газетінде жарияланған. Мақалада Абайдың ақындық өмір жолымен қалың окырманды таныстыру мақсат тұтылып, негізінен өмірбаяндық деректер қамтылған.
Абай Құнанбаев (150 жылдық мерейтойына) — Мұхтар Әуезовтіңғылыми еңбектерінің жинағы. Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты «Санат» баспасынан 1995 ж. жарық көрген.
Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына әзірлік жөніндегі ойлар —Мұхтар Әуезовтің 1940 ж. жазған мақаласы Ә. Тәжібаевпен біріге).
Абай (деректі фильм) — деректі фильм. 1954 ж. Алматы киностудиясы шығарған.
Абай (диафильм) — диафильм. 1956 ж. Мәскеу «Диафильм» студиясы шығарған.
Абай (жарнама кітапша) — осы аттас операның қойылымына арналған орыс тіліндегі жарнама кітапша. 1958 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі шығарған.
Абай (кинодрама) — жазушының кинодрамасы. Қолжазба жазушы мұрағатында сақтаулы (№141-папка), араб әрпімен жазылған, көлемі 53 бет.
Абай (М. Әуезовтың зерттеу еңбегі) — Мұхтар Әуезовтың 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген.
Абай (әдеби журнал) — 1918 ж. Мұхтар Әуезов негізін салған (Ж. Аймауытовпен бірге) әдеби журнал. С. Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен 12 саны жарық көрген.
Абай (әдеби сценарий) — жазушының әдеби сценарийі. Автор Абайдың ақындық өнepiн суреттеуді шәкірт ақындар шығармашылығымен қатар өрбітуді мақсат еткен.
«Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтыңмақаласы. Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой-пікірлері мен оқырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде, әсіресе М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған.
Абайды білмек керек ойлы жасқа — Мұхтар Әуезов жазған оқу құралы. 1997 ж. «Санат» баспасынан толық нұсқасы жарық көрді. Кітап құрастырушы әрі ғалым М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» деген көлемді алғы сөзімен ашылады.
Аймақтану, білім арттыру — «Аймақтану, білім арттыру», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылы 11-санында жарияланған. Жазушының шығармалар жинағының 50 томдық толық басылымының 3-томында (1998) қайта басылды.