Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 12:37, реферат

Описание работы

Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееументтанушысы Огюст Конт енгізді.

Содержание работы

Кіріспе 3
Әлеуметтану ғылым ретінде. Объектісі және пәні 5
Әлеуметтану әдісі 10
Әлеуметтанудың қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі
орны және ерекшелігі 11
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Файлы: 1 файл

Алеуметтану.docx

— 46.73 Кб (Скачать файл)

«Әлеуметтік құрылым». Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі.

 «Қоғамдық сана». Бұл қоғамның рухани құрылымның жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет.  «Әлеуметтік топ» - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік;  «тұлға» - бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады.

Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді.

«Әлеуметтік нормалар» (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы.

Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б. – бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктердің қозғаушы күштері (стимулдері); «әлеуметтік рөл»,яғни атқарылатын қызмет; «әлеуметтік статус» - адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б.

Айта кететін тағы бір жайт, әлеуметтанудың көптеген категориялары басқа ғылымдарда да кездеседі. Әсіресе, мұңы құқық ғылымында байқауға болады. Мысалы, әлеуметтік норма, әлеуметтік ұйым , әлеуметтік институт, әлеуметтіу жауапкершілік, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік белсенділік, т.б.

Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес –негізгі заңы тұжырымдалған:

  1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер «А» құбылысы болса, ол әруақытта «Б» құбылысын қажет етеді.

Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.

Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланысын, қатынасын бейнелейді.

Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты – ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.

Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық  заңы.

Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп-тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді.

Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлдық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік – экономикалық,саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б.

Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі әдістерді кеңінен қолдана отырып, әлеуметтану білімнің жаңа қайнар көздерін ашып, әрбір адамның қоғамдық құбылыстар, процестер туралы танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады.

 

           Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Социология. Оқулық . – Алматы,2002.
  2. Основы социологии : Курс лекций.-ч.1. – М.,1994.
  3. Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы : Экономика баспасы , 2007.
  4. Орынбекова Д.Сү Әлеуметтану. Оқу құралы – Алматы , АУЭС, 2010.
  5. Аитов Н.А. Основы социологии . – Алматы, 1997.
  6. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. – Алматы, 2001.
  7. Шәмшәтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт Д., Күнхожаев Н. Әлеуметтану . – Алматы , 1999.

 

 


Информация о работе Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдісі