“Гендер” ұғымының анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 17:08, реферат

Описание работы

Қазіргі социология ғылымында гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу затына әсері мәселесіне айрықша назар аударады. (мысалы, сайлаушылардың мінез-құлығы, тәрбие, еңбек және т.б.). Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы (әйелдер мер ерлер) айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды. Егер ерекшеліктер табылмаса, ерлер мен әйелдер арасында түбірлі айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенімен, жыныс/гендердің аталған айнымалыға әсер етпейтіндігі туралы тұжырым жасауға болады.

Содержание работы

Кіріспе 3
1. “Гендер” ұғымының анықтамасы. 4
Гендерлік теңдіктің қалыптасуы 4
2. Гендерлік теңсіздік 8
Қорытынды 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17

Файлы: 1 файл

Гендерлік социология.doc

— 112.50 Кб (Скачать файл)

Ұлы құдай анаға табынған қоғамда  әйелдер кейінгі кезеңдерге қарағанда  көбірек билік пен тәуелсіздікке  ие болған. Б.з.д. 3000 жылға жуық уақыт  бұрын Шумерде Ұлы құдай ана  храм тұрғызған, онда тек жрецтер қызмет еткен. Олар іскерлік мәселелермен де айналысқан: олардың қолында храм шаруашылығы болған. Олардың кейбіреуі сауатты болған. Шумер аңызына сай саз кестелер мен жазуды осы әйел құдай жасаған. Шындығында, қазіргі күні белгілі болып отырған ежелгі хат шумер құдай әйелі Аспанның храмынан табылған.

Ұлы құдай ана культі туралы, ежелгі өркениетте әйелге қалай табынғаны  және құрметтегені туралы жұртшылықтың көпшілік бөлігі азырақ біледі, біз  бұл үшін Құдай-әйел болып саналған патриархиалдық қоғамда тәрбиеленген археолог-еркектердің ХІХ ғасырдағы ашқан жаңалықтарына қарыздармыз. Олар өздерінің ғылыми табыстарын сипаттай отырып ежелгі өркениетте әйелдердің роліне барабар баға бере алмады (қаламады?).

Барлық ежелгі мифтерде еркек құдайдың Ұлы құдай әйелмен күресі суреттеледі. Көптеген мифтерде құдай-әйел жыланмен немесе айдаһармен астастырылады. Сондықтан еркек-құдайдың жыланды немесе айдаһарды жеңуі жаңа мифтердің негізгі сарындарының бірі болды (Адам мен Ева туралы аңызда жылан – зұлымдықтың көрінісі). Зерттеушілер Адам мен Ева туралы миф антик дәуірінің өзінде - әйелдерді төмен, от басыныңқасында ұстау үшін, гинекеяда - әйел жартысы үйде ұстау үшін редакцияланған деп болжам жасауға негіз бар деп санайды.

Орта ғасырларда, рыцарлық кезеңде  Көркем әйел культі өмір сүрді, ал әйелдердің жағдайы теңсіз болды. Еркек әйелді жоғары көтереді, оның бейнесін идеалдандырады, бірақ нақты өмірде оған басшылық жасайды. Еркек ұғымында әйел – мейірімділік, адамгершілік және әдемілік символы, тек ешқандай да тең құқықты тұлға емес. Орта ғасырда қоғамдағы әйелдердің жағдайына, әсіресе, дін айрықша ықпал етті.

Орта ғасырдағы әйелдің ақиқат жағдайын толық бейнелейтін діни бастауға Библия жатады. Өз кезеңінде  әлемдік діннің негізін қалаушы  Христосты алып келген рухани өмірдің “жұмсақ” принциптері патриархалды қоғамда шіркеудің қаруы болды.

ХVІІІ ғасырдағы еуропа революциясы кезеңі жер бетіндегі адамдардың баршасының теңдігі туралы идеяны алға шығарды, бұл кезең феминизмді дүниеге әкелді. Ол әйелдердің қоғамдағы бағыныштылығына қарсы наразылығынан пайда болды. ХІХ ғасырда әйелдер жалпыға бірдей сайлау құқығы үшін күреске қосылды, содан кейін феминистердің қозғалысы абсолютті құқыққа жету үшін күресе бастады. Осы құбылыс толық заңды тең құқыққа жету үшін қозғалысты туғызды.

Тек индустральды революция ғана елеулі өзгерістер алып келді, өйткені жаңа тарихи кезеңде әйелге деген қарым-қатынас  қоғам қажеттіліктеріне қарай айқындалды, оның басты мақсаты әйелді қоғамдық еңбекке тарту болды; және бұл  міндет табысты жүзеге асырылды, ал бүкіл әлемдегі әйелдердің гендерлік бірегейленуі енді әлеуметтік теңсіздікпен күнделікті корреляцияланады (мұнда: байланысады). Әйелдердің шектеулі үй және отбасы әлемінен әлеуметтік арнедаға белсенді түрде шығуы адам құқығы үшін күрестің елеулі бөлігі болды. Сонымен қатар, еркектер мен әйелдердің арасындағы тең құқық үшін күрес  және олардың қоғам өміріне бірдей қатысуы әйелдердің - әйелдің, ананың, қыздардың, үй шаруашылығындағы әйелдің және т.б. құқықтарын кең көлемде тану арқылы жүзеге асты.

Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) деректері бойынша әйелдер адамзаттың басым бөлігін құрай отырып, әлемдегі жұмыс уақытының 2/3 еңбек етеді, ал әлемдік кірістің 1/10 алады және әлемдік меншіктің 1/100 иеленеді. Африкада әйелдердің еңбек аптасы (мекмеде де, өндірісте де) 67 сағатқа созылады, ал еркектерде – 53 сағат; Батыс Еуропа мен Австралия елдерінде – әйелдерде 48,5 сағат, еркектерде – 43 сағат. Жапонияда жұмыс істейтін әйелдер бүкіл әлемде “еңбекққорлығымен” танылған жапон еркектерінен қалыспайды, олар аптасына 56 сағат жұмыс істейді.

Жыныстар арасындағы айырма гендерлік ролі бойынша дәстүрлі әлеуметтену механизмі арқылы орныққан. Әйел теңсіздігінің тарихын Ежелгі Египет кезеңінен бастап ХХ ғасырдың ортасына дейін қарастырып шыққан француз социологы Э. Сюллеро оны белгілі-бір шамада "алданған үміттер ғасыры", әйелдер туралы әлеуметтік стереотиптер, олардың шектеулі қабілеттері және с.с. ғасырын білдіреді деп тұжырымдады. Егер әйел өндірістегі өзінің кәсіби қызметін орындап, содан кейін үйінде "екінші ауысымды"  кәсіби түрде атқарса, американ социологтарының зерттеуі бойынша аптасына 60 сағат жұмыс істесе, "шектеулі қабілеттері" туралы айтудың жөні бар ма? Сонымен бірге әйелдер, зерттеушілер атап көрсеткендей, қызметтер рыногындағы прескуранттар бойынша 600$-ға бағаланатындай жұмыс көлемін орындайды екен!

Әйелдер еркектермен  бірдей білім алуға, оның ішінде жоғары білім алуға конституциялық "тең" құқығы бар елдерде ол оны толықтай пайдаланады. Отбасы ауыртпалығынан, үй шаруашылығынан бос әйел жоғары оқу орында, колледжде жақсы оқиды, тіпті, жоғары және арнаулы орта білім алуда көшбасшы болады. КСРО-да, мысалы, жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандардың ішінде әйелдер 61 процент болған. Біздің елімізде 300 мыңға жуық студент жоғары оқу жүйесінде қазіргі білімді алады. Олардың 52 проценті әйел жынысының өкілдері. Индустриалдық жағынан дамыған елдердегі халықтың білімді бөлігін құрай отырып әйелдер билік пен басқару эшелонының небәрі 2 процентін алады, жоғары академиялық топта - 5 процент. Мысалы, АҚШ секілді демократиялық елдерде конгресмендердің ішінде әйелдер небәрі 13,3 процент қана, Израйлдің заң органдарында - 11,7 процент, француз парламентінде - 11,1 процент қана.

Қазақстан Республикасының  жаңадан сайланған Парламентінің құрамына келетін болсақ, мұнда әйел-депутаттар бүкіл парламентариилардың небәрі 10 проценті болады. БҰҰ деректері бойынша, әйелдердің өкілетті билік органдарында біздегіден де аз болуы тек Мальтада (9,2 процент), Венгрияда (8,3 процент) және Словенияда (7,8 процент).

Әлеуметтік ауысу кезеңінде  қоғамдық пікірдің ролі едәуір ұлғаятыны  белгілі, ол қоғамның өзіндік сезімін  бейнелейді, өмірдегі қарама-қайшылықтарды  көрсетеді. 1998 жылы Ресей қалаларының  біріндегі қоғамдық пікірді зерттеген  ВЦИОМ-ның мәлімдеуінше, сауалға тартылғандардың 80 проценті қоғамда еркектерге қарағанда әйелдердің аз құқығы бар  екендігіне сенімділік танытқан.

Қазіргі таңда бұрынғы  стереотиптер қаншалықты мықты немесе бұғаудан босанған қоғамдық санада ең болмағанда оның бәсеңсуі байқалды ма?

Осы проблемаға арналған біздің таратқан анкетамызға алматылық 46 процент еркектер және 54 процент  әйелдер қатысты. Респонденттердің екі жынысының басым көпшілігі  жоғары білімді долды (тиісінше 100 және 68,8 процент), көпшілігінің айтарлықтай еңбек стажы бар.

 Алынған жауаптарды  талдау нәтижелері сұраққа тартылған  қос жыныстың да өкілдері бірауыздан (93 процент) "отбасына барынша  тартылған" "әйел" қасиетін  атады. Әйел-респонденттер (31,2 процент)  өз жынысының өкілдерінің онсыз  табысқа жету мүмкін емес адал, табысқа ұмтылатындығын, атап өті, 25 проценті бұл қасиетердің екі жынысқа да ортақ екендігін айтты, қалғандары (47,7 процент) бұл "таза" еркектік қасиет деді.

Зерттеу қазіргі таңдағы  экономикалық ақиқаттың ықпалымен  ұзақ уақыт бойы еркек сөзсіз отбасының асыраушысы деген стереотиптің әлсіреу үрдісін нақты байқатып отыр; қазіргі кезде еркектер мен әйелдердің бірдей жауапкершілігін тұжырымдайтын көзқарас өмір сүруде: респонденттердің 50 проценті қазіргі кезде отбасының тұтыну корзинасы туралы қам жеу әйелдің иығында деп санайды, 40 проценті бұрынғы пікірінде қалды, ал 10 проценті осы міндетті ерлі-зайыптылардың екеуіне де жүктеді.

Еркектердің өздерінің  пікіріне келетін болсақ, онда олардың  көзқарастары теңдей бөлінді: 50 проценті отбасының асыраушысы бұрынғысынша еркек болып қала береді деп есептейді, басқа 50 проценті - әйелдер деді.

Осы проблеманың басқа  қырларын зерттеу кезінде әйелдердің өздері жалпы стереотиптерді өзектендіреді  және билік пен көшбасшылыққа  ұмтылуды өздерінің қуатты жартыларына беретіні байқалды (62,5 процент), табысы, жеке тәуелсіздік пен еркіндікті (48); мынадай "жол бергіштік пен қызмет көрсеткіштік", "жеңіл ойлылық, бейберекеттілік, нәзік интуициясы болу" секілді "әйел" мінездемесін атап өтті (69). Еркектер мұнымен артығымен келісті: әйелдеродің осындай белгілерін сұарлғандардың 78,4 проценті көреді. Сонымен, осы зерттеу оларды бағалауда біршама алға жылжулар байқалғанымен қоғамдық санада әлі де патриархалды қоғамның дәстүрлі агенттерінің әлеуметтендіруімен қалыптасқан бұрынғы стереотиптердің өмір сүретінін көрсетті.

Некені талдау биліктік қатынастың құрылымын анықтау белгілерінің бірі ретінде қарастырылады. Сауалнамалар екі жыныстың да өкілі отбасындағы  көшбасшылық жөнінде ұқсастың жоғары дәрежесін көрсетті: 47 проценті "ерлі-зайыптылардың екеуінің тең құқығы болу керек", 32 проценті - "басты мәселе бойынша еркек", 14 - "барлық жағдайда еркек" деп жауап берді, ал әйелдің отбасындағы артықшылығына жауап берушілердің небәрі 7 проценті тиісінше баға берді. Мұндай көрініп отырғандай, демократиялық отбасына іштарту байқалады, біздің қоғамымыздағы дәстүрлі ыңғайға қарай - авторитарлық отбасына басымдық беріледі.

Қоғамдағы өздерінің  позициясын қорғаушы әйелдер, ішінара, отбасы-неке қатынастары секілді  маңызды салада, жаңалықтарды барынша қолдаушы және қабылдаушы болып келеді. Халықтың отбасылық өмірде тәжірибесі бар тап осы бөлігі біздің өмірімізге жаңа болып табылатын неке шарты секілді әлеуметтік институттың енгізілуіне ыңғай білдіреді.

ҚР-ның неке және отбасы туралы жаңа заңында, біздің ойымызша, көп некелілікке (көп әйел алушылық) санкцияның алынуы жақсы болмады. Жұртшылық (егер нақтырақ айтсақ, оның әйелдер бөлігі) БАҚ-тан оқып біліп, кезекті талықсуға бой алдырды, еке және отбасы туралы жаңа Заңды талқылау кезінде ҚР Парламентінің депутаттары көп әйел алушылық туралы пікірталастан қашпады: бірақ сол БАҚ хабарлағандай, әйел-депутаттар көп күйеуге шығу туралы мәселе қойғандықтан көп әйел алушылық туралы мәселе алынып тасталды. 

Әйелдік белсенділіктің өзіндік ерекшелігі еңбек қызметі мен үй шаруашылығын бірлестіру қажеттілігінен, сондай-ақ аналық қызметін орындаудан тұрады сондықтан еркек және әйел жұмыс күшін дифференциациялау биологиялық, сол сияқты әлеуметтік фактормен де байланысты болды. Аналық қызметін атқара отырып әйел қоғамдық өндірістегі өз қызметін үзуге мәжбүр болады, бұл оның мансабы жолында жиі теріс әсер етеді. Осы теріс салдарды жеңуге тырыса отырып әйел бала тууды шектейді, үнемі уақыт тапшылығы жағдайында үлкен салмаққа, күйзеліске душар болады. Аналитиктердің мәліметінше, Қазақстанда бизнеспен дербес айналысушы кәсіпкерлердің негізгі бөлігі - еркектер, тек 28 процентін ғана әйелдер құрайды.

Бай және кедей елдерде  әйелдердің еңбекке қатысу сарыны ерекшеленеді, салмағына қарай бұл сарындардың  сабақтастығы біркелкі емес. Зерттеушілер әйелдердің бет-бейнесі мен нақты әлеуметтік жағдайы жұмыспен қамтылу тұрғысынан алғанда күрделі, қарама-қайшы екендігіне назар аударады.

Өзіндік сана мен қоғамдық пікір арасындағы мынадай ұқсастықтар  типті болып келеді: жұмыс істемейтін және толықтай тұрмыспен және отбасымен шұғылданатын әйел - "үй шаруашылығын жүргізуші"; көп жұмыс істейтін, тұрмыспен және отбасымен аз шұғылданатын әйел - "мансапқор"; көп жұмыс істейтін, тұрмыспен және отбасымен көп шұғылданатын әйел - "байғұс еңбекқор". Әйелдің жұмыспен қамтылу тұрғысынан өзіндік сана мен нақты әлеуметтік жағдай үшін мұрат ететіндей нұсқаны табы - өте қиын міндет. Бірқатар дамыған елдерде әйелдер үшін кәсіби, ақы төленетін үй шаруашылығымен айналысу идеясы белсенді талқылануда, бірақ оның қарсыласушылары және қарсыласушы әйелдер де көп болып отыр.

Зерттелетін проблеманың  ауқымында жұмыс берушілердің жұмысқа  қабылдар кезде жас мамандарға, оның ішінде әйел жынысына басымдық беретіндігін атап өткен жөн. "Қайнар" университетінің  ректоры, академик Е.С. Омаровтың тапсырмасымен Алматы қаласындағы 79 әр түрлі фирманың, банктің және басқа ұйымдардың өкілдеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы талдау нәтижелері жұмыс берушілердің жас мамандардың бойынан көрінуі тиіс назар аударатын басқа мінездемелері ішінде гендерлік белгісі бойынша басымдық беру атап өтілді: қазіргі таңда жұмыспен қамтылуға үйленген жас жігіттердің мүмкіндігі мол. Гипотетикалық жұмыс берушілерге жіберілген анкеталарда сыртқы бет-әлпетін сипаттайтын сұрақтар енгізілмеді, біз мұны дұрыс болмас деп шештік. Алайда осы проблеманы БАҚ-тағы хабарландырулар бойынша зерттей отырып, біз әйел жынысының ішінде жұмысқа, негізінен, сыртқы келбетінде "топ-модель" сипаты барлардың және 30-35 жас аралығындағылардың қабылданатындығына толық көз жеткіздік.

Жас цензасының қатаң  шеңбері, кәмелетке толмаған алаларының болуы, көптеген жұмыс берушілердің жоғары талаптары - мұның бәрі екі  ауысымда: жұмыста және үйде жұмыс  істеуге мәжбүр және дайын әйелдердің еңбек рыногындағы позициясын әлсіретеді. Қазіргі статистикалық деректер мен социологиялық зерттеулер әйелдердің жұмыспен қамтылуы проблемасының тек біздің елімізде ғана емес, теңдік құқығы заңдарда және Конституцияда қорғалған басқа елдерде де кездеседі. Кемсіту ресми мекемелердің шешіміне және бақылауына қарамастан сақталуда.

Социум қалыптастыратын  гендерлік рольдерді орындау  тұлғаның іштей ширығысымен және күйреуімен қабысып жатыр. Проблеманы зерттеушілер көптеген жұмыс істейтін әйелдердің балалары мен күйеуінің  алдында өзі отбасына бөлетін  уақыт тапшылығы үшін кінәлі сезінетінін атап көрсетеді. Отбасына "қажетті" болуды қалайтын әйедердің барлығы бара алмайтындай іске кірісіп, үй тысында әйелдер өзін тұлға ретінде көрсете алады (рыноктық жағдайдың қаншалықты мүмкіндік беретініндей).

Отбасылық рольдің дәстүрлі стереотипі, феминділік пен әйелге тән нәзіктіктің бейнесі, көбінесе, қазіргі адамның қажеттіліктеріне сәйкес келмейді. Жынысына қойылатын күтілетіндердің қатаңдығы мен талаптары шиеленісті, ширығысты, стресті бейнелейді.

Еңбек рыногында әрқашан қатаң бәсекелес күреске бара отырып өзін әрқашанда “асыраушы” және әке ролінде көрсете алмайды. Олар жауапкершіліктен және қоғамның күтетінінен қашу құралы ретінде – алкогольді, есірткіні және еркектер ережесіне мазмұны жағынан емес, тек формасы жағынан жауап беретін девиантты мінез-құлықтың басқа формаларын таңдап алады. Еркектерге отбасының ақшамен, жайлылықпен, жоғары мәртебемен бірегей болып келетін “табысын” қамтамасыз ету жөніндегі түпкілікті жүктелген инструментальді роль экономикалық тұрақсыздық жағдайында оны жаншиды. Отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі еркектік ролі мәні бойынша олардың құлықтық және эмоционалдық мазмұнын құнсыздандырады. Әке мен жұбайдың меркантильді, тұтынушылық тұрғыдан қабылдануы іс жүзінде күйеуі мен әйелі, әкесі мен балалары арасындағы эмоционалдық байланыстың күйреуіне әкеледі, отбасының ішінара бұзылуына соқтырады. Әсіресе, дәстүрлі стереотиптердің үстемдік етуі әйелдерге өте ауыр болады.

Экономикалық дағдарысты басынан кешіп жатқан елдерде  ерлерге қарағанда жұмыссыз әйелдер проценті анағұрлым жоғары. Мысалы, Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде жұмыссыз әйелдер проценті барлық жұмыссыздардың 57-60 проценті аралығында тербеледі. Біздің елімізде әйелдер бүкіл халықтың 51 процентін құрайды және еңбек рыногында бәсекелестігі аз азаматтар санатына жатады. Олардың қомақты процентін төмен әлеуметтік ықшамдылық: маргинальдылық пен люмпенизация процесіне тартылған әлеуметтік топтар құрайды. Әлеуметтік факті ретінде әйелдер жұмыссыздығы ерекше әлеуметтік проблеманы (алкоголизм, наркомания, және оның салдары баласыздық немесе жарымжан бала туу; қоғамдағы құлықты ыдыратуға соқтыратын жеңіл жүріске салыну) тудырады.

Информация о работе “Гендер” ұғымының анықтамасы