Жыраулық Поэзия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 06:11, дипломная работа

Описание работы

Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының тәл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нөр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады.

Файлы: 1 файл

Жыраулық Поэзия.docx

— 169.92 Кб (Скачать файл)

Өтермеден кетер ме,

Жарлымын деп байғұстар,

Байдың малын күтер ме.

Тайып кетсе табаның,

Шашыңды берсе жетерме.

Аздың да ісі бітер ме,

Көптің де ісі жетер ме,

Көп ішінде бір жалғыз

Сөйлеп те сөзі өтер ме! [2. 86 б]. Ел ішіндегі жаңа өсіпкеле жатқан жас таланттылардың рухы осы жыраулардың рухы арқылы оянбақ. Тоқсан жастың үстінде дана қарияның жыр толғауы, бұндай адамдардың дүниеге кездейсоқ келмейтінін  және бекерден бекер ұзақ өмір сүрмейтіндігін дәлелдейді. Қазақтың тарихына куә  болған Бұқар данамыздың идеялары, философиясы қазақтың қай баласына болса да рухани өмірдің мағынасыз  тұстарынан арашалап алуға негіз  болары сөзсіз. Елдің тарихының төріндегі  зиялылар арасындағы жарастықтың рухын  сақтап, бүгінгі бізге үлгі етіп отырған осы ғұламаларымыздың рухани өмірі. Бұл ұрпақ үшін білімі мол, рухы шексіз дүние.

Әдебиеттер:

1. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (Избранное). - Алматы: Ана тілі. 1998 - 384 б.

2. Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық. / Құрастыр. М. Мағауин, М. Байділдаев. - Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 1. – 384 бет.

3. Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. 3-том. Аудармалар, ғылыми еңбек,  мақалалар. - Алматы: Жазушы, 2003. - 232 бет.

4. Көпеев М. Ж. Екі томдық. 2 т. -Алматы: Ғылым, 1992 -224 б.

 

 


Информация о работе Жыраулық Поэзия