Жыраулық Поэзия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 06:11, дипломная работа

Описание работы

Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының тәл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нөр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады.

Файлы: 1 файл

Жыраулық Поэзия.docx

— 169.92 Кб (Скачать файл)

Қолданылған әдебиеттер

Пайдаланған әдебиеттер: 
Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., «Ана тілі», 1992. 
Мағауин М. Қобыз сарыны. А., «Жазушы», 1968. 
Негимов С. Шешендік өнер. А., «Ана тілі», 1997. 
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., «Санат», 1997. 
Сүйіншәлиев Х. 8-18 ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А., «Мектеп». 1989 
Жумалиев Қ. XVIII - XIX ғасыр Қазақ әдебиеті. А, «Мектеп», 1987 ж.  
Сүйіншіәлиев Х. XVIII - XIX ғасырдағы Қазақ әдебиеті А, «Мектеп», 1987 ж.

 

 

Жыраулар поэзиясы

 

Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясы 
Сабақтың мақсаты: 
 
1. Білімділік: XIV-XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы және жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады; 
2. Дамытушылық: Жырларды мәнерлеп, сауатты, нақышына келтіріп оқи білуге баулиды, танымдық деңгейін көтереді, ой-өрісін, логикалық, есте сақтау, ойлау және шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, тірек сызбаларды қолданып ауызша тілді дамытады, сөздік қорды молайтады; 
3. Тәрбиелік: Жыраулардың жырын оқу арқылы ұлы адамдардың өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді, (ақылдылық, тапқырлық, адамгершілік, татулық) қалыптастыру, отансүйгіштікке, елін қорғауға тәрбиелеу. 
 
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, теориялық білімді қайталай отырып, тірек сызбалар арқылы ауызша тілді дамыту. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, сыни тұрғыдан ойлау 
Сабақтың жабдығы: кестелер,тірек сызбалар, Бұқар жыраудың, Қазтуғанның, Асан қайғының портреттері, «Жыраулар» тақырыбына байланысты қосымша материалдар мен буклеттер, таблицалар, карточкалар, компьютер, интерактивті тақта 
Сыныппен жұмыс түрі: даралап, жұппен,ұжымдық 
 
Сабақтың барысы 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
1. Оқушыларды түгендеу; 
2.ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Зымыран сұрақтар (Оқушы сұрайды) 
1 Шешендік сөз дегеніміз не? 
2 Шешендік сөздерге не жатады? 
3 Қазақтың шешендерін атаңдар. 
4 Төле би кім ? 
5 Төле би қай кезде өмір сүрген? 
6 «Не тәтті ?» әңгімесін кім мазмұндайды? 
 
3)Жаңа сабақ: Сабаққа дайындықтарын бақылау; 
v Атақты қазақ билерін атаңдаршы ? 
v Олар қай ғасырда өмір сүрген? 
v Балалар, биыл қай жыл? 
v Біз қай ғасырда өмір сүрудеміз? 
v Біз қай ғасыр әдебиетін оқып жатырмыз? 
4) Жаңа сабақты бастамас бұрын ең алдымен мына түсініктерге назар аударайық: 
 
● Толғау дегеніміз – қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында, әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр. Толғау өлеңде ақын өмір қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б жайлы ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой-қозғайды. 
5) Сөздікпен жұмыс (сөз тіркестерін құрып, сөйлем құру ) 
6) Бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерге жазыңдар. 
Мәтінмен жұмыс (Мәтіннің абзацтарын кезекпен оқыту) 
Сұрақтар қою. 
7) Мәтін бойынша түсінгенімізді қайталайық: 
● жырау дегеніміз - өз жанынан жыр шығарып айтатын, суырып салма ақындық қасиет пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын дарынды ақын, дуалы ауыз шешен, ақылгөй дана, ойшыл адамдар 
● Жыршы– жыр айтушы, таратушы, көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштар.Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. 
● «Жыр-(көне түркі тілінде «иыр») деген сөзінен шыққан. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. 
● Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері: Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Қазыбек, Ақтамберді, Бұқар және т.б 
● Шалкиіз жырау - қазақ әдебиетіндегі тарихындағы жыраулық поэзияның атасы болып саналады. 
 
8) Осы мәтін негізінде мына тірек сызба бойынша әңгімелеу. 
9) «Ой толғаныс» 
Осы жыраулардың Абай, Жамбыл сияқты ақындардан қандай ерекшелігі бар? Венн диаграммасын құрастыру 
 
10) «Поэзия» стратегиясы. Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік: 
Жабағылы жас тайлақ, 
Жардай атан болған жер. 
Жатып қалған бір тоқты, 
Жайылып мың қой болған жер. (Қазтуған) 
Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. Мысалы, Жиембет жырау: 
Еңсегей бойлы ер Есім, 
Есім сені есірткен, 
Есіл менің кеңесім, 
Ес білгеннен, Есім хан, 
Қолыңа болдым сүйесін, – 
деп тәж-тағына есірген Есім ханның қылығын ашу үшін "е" дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен. 
11) Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер? (егемендік туралы, бірлік туралы, отансүйгіштікке шақырар едім) 
 
12) Шығармашылық жұмыс: Осыған орай үйге сендерге үй тапсырмасы берілген болатын. Кез келген бір әріпті сөйлете білу. Кім дайындап әкелді? 
13) Грамматикалық тапсырма. Мақсаты: кітаппен жұмыс істей отырып, түбірлес сөздерді табу (флипчарттта) 
Жыр, жырау,жыршы, жырлау 
Ел, елдік, елші 
Ой, ойшыл, ойлану 
14)Қосымша материал: 
Мына кестеде жыраулар туралы қосымша мәлімет берілген. Оны дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар. Кім оқиды ? 
Осы кестені дәптерлеріңе жазып алыңдар. 
Жыраулар Өмірдерек Еңбектері Тақырыптары 
1. Асан қайғының шын аты – Хасан Сәбитұлы, ірі жырау, би, «Желмая түйесі болған. 1361 жылы Еділ бойында туған. Әкесі Сәбит – саятшы. Керей және Жәнібек хандарды жақтаған. 1485-1470 жылы Сарыарқа Ұлытауда қайтыс болған. «Құйрығы жоқ жалы жоқ», «Еділ бол да, Жайық бол», «Ай, хан», «Таза мінсіз асыл тас», «Бұл заманда не ғаріп». Адамгершілік қасиеттері, елдің бірлігі, татулығы. 
Халықтың ерлігі, бірлігі, адамгершілік қасиеттері. 
2. Қазтуған Сүйіншіұлы. Қол бастаған батыр, ел басқарған би. 1420 жылдары Еділ бойында, Астрахань облысында дүниеге келген. 1460-1480 жылы Қазақ Ордасы құрамына енеді. Жыраудың бұдан соңғы өмірі туралы дерек сақталмаған. «Мадақ жыры», «Алаң да,алаң, алаң жұрт», «Қайран менің Еділім». Халықтың ерлігі, бірлігі, адамгершілік қасиеттері. 
3. Бұқар жырау 1668 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Әкесі Қалқаман батыр 1781 жыл Баянауылда Долба тауында дүние салған. «Тілек», «Жиырма деген», «Ай, Абылай,Абылай», «Кәрілік туралы», «Жар басына қонбаңыз». Елін, жерін қорғаған батырлар, ел басқарған хандар туралы. 
15) Тест сұрақтарына жауап беру 
1-нұсқа 
1. Жыр қандай сөзбен айтылады? 
а) жатқа 
в) жазбаша 
с) көркем 
д) қара 
е) қаратпа 
2.Шешендік сөздер бұл - 
а) ауыз әдебиетінің бір саласы 
в) өлең 
с) тақпақ 
д) жыр 
е) мақал-мәтел 
3. Шешендік сөздерге не жатады? 
а) әңгімелер 
в) мысалдар 
с)суреттер 
д) жырлар 
е) тілектер, даналық сөздер 
4. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды ? 
а)12-18 в)13-18 с)15-18 д)5-10 е)18-20 
5.Қазақтың жыраулары кімдер? 
а) Абылай 
в) Төле би, 
Қазыбек би, 
Әйтеке би 
с)Абай 
д) Мұхтар 
е) Ыбырай 
6.«Жырау» деп кімді айтады? 
а) ғалымды в) данышпан адамды с) терең мағыналы, ой толғайтын кемел ақынды д)ұрысқа, соғысқа е) патриоты 
7. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап өріс алады ? 
а) 5 в)8 с)15 д)17 е)18 
8. «Өсиет » сөзініңі аудармасы: 
а) совет 
в) этапы 
с) агитировать 
д)назидание 
е) почитали 
9. Шешендік сөздер дегеніміз не? 
а) үлгілі ойлар, тұжырымдар в) мақалдар с) сөздер д) түйіндер е) әндер 
10) Жыраулар поэзиясының атасы: 
а) Асан қайғы в) Бұқар с) Қазтуған д) Шалкиіз е)Жиембет 
2-нұсқа 
1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды ? 
а)12-18 в)13-18 с)15-18 д)5-10 е)18-20 
2. Шешендік сөздер дегеніміз не? 
а) үлгілі ойлар, тұжырымдар в) мақалдар с) сөздер д) түйіндер е) әндер 
3. Жыр қандай сөзбен айтылады? 
а) жатқа в) жазбаша с) көркем д) қара е) қаратпа 
4. Жыраулар поэзиясының атасы: 
а) Асан қайғы в) Бұқар с) Қазтуған д) Шалкиіз е)Жиембет 
5. «Насихаттау » сөзінің аудармасы: 
а) совет 
в) этапы 
с) агитировать 
д)назидание 
е) почитали 
6. Шешендік сөздерге не жатады? 
а) әңгімелер 
в) мысалдар 
с)суреттер 
д) жырлар 
е) тілектер, даналық сөздер 
7. Шешендік сөздер бұл - 
а) ауыз әдебиетінің бір саласы 
в) өлең 
с) тақпақ 
д) жыр 
е) мақал-мәтел 
8. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап өріс алады ? 
а) 5 в)8 с)15 д)17 е)18 
9. «Жырау» деп кімді айтады? 
а) ғалымды 
в) данышпан адамды 
с) терең мағыналы, ой толғайтын кемел ақынды 
д) ұрысқа, соғысқа 
е) патриоты 
10. Қазақтың жыраулары кімдер? 
а) Абылай в) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би с)Абай д) Мұхтар е) Ыбырай 
 
16) «Ой қорыту стратегиясы» – өткенді тұжырымдап қорыту. 
Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия) 
17) Ұлы адамдардың стратегиясы: 
● Асан қайғы Желмаясын мініп, кең байтақ қазақ жерін түгел аралаған. «Жерұйық» жерді іздеген, ну орман мен шалғынды жерге халықты қоныстандырсам деп армандаған. Сондықтан Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған. 
● 2.Қазтуған өз жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке шақырып, ақыл айтқан, батыр, ел басқарған би болған. Адамгершілігі күшті үлкендердің айтқанын тыңдасақ, бізден батыр да, би де шығады деп сенемін. 
● 3.«Ұрпақтарым, атаң мен әжеңді сыйла! Өзіңе дейінгіні құрметтесең, өзіңнен кейінгілер сені құрметтейді» деп Бұқар жырау айтқандай ата-ананы, сыйлаңдар,үлкендерді құрметтеп, кішіге қамқор болайық 
18). Үйге тапсырма беру. Жыраулар туралы мәлімет жинау. 
19). Бағалау. 
20) Қоштасу.

 

 

 

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТІҢ ӨЗІНДІК СИПАТЫ

Лекция мақсаты:

-  қазақ тарихына, сөз өнерінің бастау-арналарына ден қою;

- қазақ хандығы тұсындағы әлеуметтік-қоғамдық  ахуалға, Керей, Жәнібек

хандардың елдік мұраттар жолындағы іс-әрекеттерін  көрсету.

Сұрақтар:

  1. Алтын Орданың ыдырауына қандай себептер болды?
  2. Қазақ хандығының құрылуы. Әдебиеттің даму сипаттары.
  3. Ақын, жырау, жыршы ұғымдары.
  4. Жыраулар поэзиясының өзіндік ерекшеліктері. Зерттелуі.

ХV-ХVІІІ  ғғ. қазақ әдебиеті Алтын Орданың  ыдырап, қазақ хандығының өмір сүрген дәуірін қамтиды. Қазақ хандығының өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардан  ерекшелігі — оның анағұрлым кең  және берік этникалық негізі болды  да, оған қазақ халқын құраған этникалық  топтардың бәрі дерлік қосылды. Сөйтіп, қазақ халқы тілі, территориясы жағынан  тұтастанып қалыптасты. Сондықтан ғалымдар қазақтың таза өз тіліндегі төл әдебиеті ХV ғ. басталады деп есептейді. Бұған  себепкер болған жай — 1456 ж. Шу бойында  қазақ хандығының құрылуы, осының нәтижесінде  қазақ халқының тарих сахнасына  шығуы.

Қазақ ұлтының дербес ел болу жолында Керей, Жәнібек хандардың орны ерекше болды. (Олардың өмірі мен қызметі, тарихи деректер, Жәнібектің «Әз» аталуы, орталықтанған  мемлекет құру жолындағы ізденістері).

Алаш  тарихында 1723 жылы болған «ақтабан-шұбырынды» кезеңінің тарихи мәні бар. Бұланты, Аңырақай, Орбұлақ шайқастары, Жоңғар басқыншылығы, қазақ босқыны көптеген әдеби шығармалардың тууына себепші болды. «Елім-ай» әні қазақ халқының ұранына айналды. (Таһир, Хақназар хандардың саясаты, 1726 ж. Ордабасы құрылтайы, Әбілхайырдың хан сайлануы, Тәуке хан және «Жеті жарғы», қазақ билері мен батырлары).

Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени өмірі үшін Түркістан, Тараз, Мерке, Сайрам, Сауран, Созақ т.б. көне қалалардағы  мешіт- медреселердің, кітапханалардың  маңызы зор еді.

ХV-ХVІІІ  ғғ. қазақ халқының әдеби-рухани әлемі  кемелденіп, үлкен қарқынмен дамыды. Бұл кезеңдер аралығындағы қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі оқиға, өзгерістердің барлығы  ақын-жыраулар шығармашылығынан көрініс  тапты. Ақын, жырау, жыршы ұғымдары қалыптасып, әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен  дараланды. Олар туралы түрлі ой-пікір, көзқарас пайда болып, ғалымдар тарапынан  зерттеліне бастады.

Ұлттық  сөз өнеріндегі жыраулар поэзиясын, яғни жыраулық өнердің түрі мен тегін, дәстүрлі арналарын, даму өзгешеліктерін, көркемдік негіздерін, жыраудың қоғамдық-әлеуметтік орны, мұра-мирастары туралы Ш.Уалиханов, В.Радлов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, М.Базарбаев, М.Мағауин  т.б. ғалымдар зерттеп, түйін-тұжырымдар жасаған.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

  1. 15-17 ғғ. қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени өміріне сипаттама бер.
  2. Қазақ халқының дербес ел болуына Керей мен Жәнібек хандар қалай ықпал етті?
  3. Жыраулар поэзиясына, ақын, жырау, жыршы терминдеріне зерттеушілер қандай анықтама берген?

Әдебиет:

Абылқасымов Б. Жанр толгау в казахской устной поэзии. А.,1984

Әбілқасымов Б. ХVІІ-ХVІІІ ғғ.қазақ әдеби тілінің  жазба нұсқалары. А., 1988

Абусеитова  М. Казахское ханство во второй половине ХVІ века. А.,  1985.

Антология  казахской  поэзии. М., 1958.

Ахметов З. Өлең  сөздің теориясы. А., 1973.

Әуезов  М. Әр  жылдар ойлары. А., 1959;   Әдебиет  тарихы.   А., 1991.

Әдеби  мұра  және  оны  зерттеу. А., 1961.

Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. А., 1993.

Басин В.Я.  Русско-казахские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках. А., 1974.

 

 

 

Бұқар жырау мен Дулат Бабатайұлының  тәлім тәрбиелік идеялары

 

1. Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік  идеялары.

(1668-1781)            

  ХҮІІІ ғасырда Қазақстанда ағартушылық  ой-пікірдің дамуында өзіндік  із қалдырған, ақын-жыраулар поэзиясының  көрнекті өкілі Бұқар-жырау Қалқаманұлы. Батырлар жанұясында дүниеге келген. Қалқаман батыр туралы кезінде еліне, халқына батырлығымен белгілі болған, аты аңызға тұлға екені белгілі. Ол өте сауатты, өз атасын елге ерте танылған және Тәуке ханның маңындағы ең құрметті адамдардың бірі болған.           

  Жоңғар шапқыншылығы кезінде  Бұқар жырау халқымен бірге  халқының басына туған ауыр  қиыншылықты басынан кешірді,  бірақ ол үмітін үзген жоқ,  өз отанын шетел басқыншыларынан  қорғауға халықтан елін, жерін  жанқиярлықпен қорғайтын батырлардың,  ел басқыншылардың шығатынына  сенімін жоғалтқан жоқ. Міне, осындай  үміт артқан, өз кезінде барлық  жандардың ең мықтысы болған  Абылай ханның кеңесшісі, ақылшыларының  бірі болды. Абылайдың ел басқарған  кезеңі әртүрлі өте күрделі  және қарама-қайшылық жағдайлармен  сипатталады. Осы қиын жағдай, Абылай ханның саясатының екіжақтылық  сипаты Бұқар жырау шығармашылығында  өзіндік бейнеленді. Өзінің ұзақ  ғұмырында Бұқар жырау халқының  көрген көптеген қиындықты өз  көзімен көре білді. Сондықтан  да оның шығармашылығында өзекті  тақырыптар ретінде елдің бірлігі,  бейбіт өмірі, өз отанына деген  сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан  елін қорғай білу, тәлім-тәрбиелік,  өскелең ұрпақ тәрбиесіне толғауларында  ерекшке мән береді.           

  Бұқар жырау «Тілек» деп аталған толғауларында:  

 

           

  Бірінші тілек тілеңіз,           

  Бір аллаға жазбасқа.           

  Екінші тілек тілеңіз           

  Ер шұғыл пасық залымның           

  Тіліне еріп азбасқа, - деп           

  Үшінші тілек тілеңіз,           

  Үшкіліксіз көйлек кимеске.           

  Қазақ даласында бейбіт өмір  болуын, Бұқардың авйтуынша, халық  пен ел билеген хандардың келісімі  мен ел бірлігін сақтауға ақыл-кеңес  береді.           

  Ақын халықтың тыныштығының қымбат  екендігін, көрші елдермен достық  қарым-қатынаста болуды, ханды хандықтың  және халықтың мұддесіне қайшы  келетін жағымсыз іс-әрекеттерден  сақтандырады:           

  Жан біткен еріп соңынан           

  Он сан алаш баласын,            

  Аузыңа құдай қаратып,           

  Жусатып тағы ергізіп,           

  Жұмсап бір тұрсаң қолыңнан, - деп Абылай ханның ел бірлігін  сақтауға, көрші елдермен қарым-қатынас  жасаудағы роліне оң бағасын  береді.           

  Ру арасындағы тартыс жағдайында  Бұқар жырау адамдарды біріктіруге,  ынтымақтыққа шақырудан шаршамайды, «бұрынғы өшпенділікті ұмытып, адамдар  өзара достасудың» қажеттігін, «жау  әруақытта да бізді айналып  өтсін», «сіздер бір туған анадан  қандас бауырларсыңдар»,-деп руларға,  тайпаларға ықпал етуге ұмтылды.            

  Бұқар жырау Абылай ханның  саясатына,  оның қазақ рулары мен көрші елдер мен қарым-қатынасына еркін араласа білді. Бұқар Жырау Абылау туралы өлеңдерінде ең алдымен оның жауларымен қарсы күрестегі ерлік істерін дәріптейді.           

  Бұқар жырау жақсы мен жамандық  туралы, адамгершілік қасиетті, шынайы  достық пен қастықты салыстыра  келіп, жырау жастарды тәлімдік-тәрбиелік  мәні бар қасиеттерді жастардың  бойына сіңіруге ақыл-кеңес береді:            

  Екі жақсы қас болмас,           

  Екі жаман дос болмас.           

  Дос болғанмен хан болмас,           

  Екі жақсы дос болмас,           

  Дос болса, түбі бос болмас, - деп адамгершілік, ізгілік қасиеттерді  жастардың арасында кеңінен насихаттайды.            

  Бұқар жыраудың шығармашылығында  қарама-қайшылықтар мен керітартпа  көзқарастар аз емес. Егер де  ол кейбір жағдайда уақыттың  және халықтың қажеттігіне байланысты  елді бірлікке шақырса, сонымен  қатар кейбір өлеңдерінде хан,  сарай мүддесінен асып кете  алмайды. Ханға берілгендік, оның  мүддесін көздеу, феодалдық талаптарды, ислам дінінің ұстанымдары Бұқар  жырау поэзиясына тарихи шектеушілік  із қалдырады. Кейбір өлеңдерімен  толғауларында ханға, жекеленген  ықпалды феодалдарға табыну, әлсіз  руларды, әлді көпшілік руларға  бағынуды насихаттайды. Мәселен,  Абылайға тәуелді, бағынышты керейлер  сияқты рулардың ханның өктемдігі  мен қысымына шыдай алмай басқа  жаққа көшу туралы шешім  алуына Бұқар жырау ханды жақтап, «Керей қайда барасың?» атты өлеңінде туған жеріңен қайда көшіп барасың, егер де Абылайдың қойған шартын орындамасаңдар мен сендердің  бітіспейтін жауларың болам,- деп хан атынан сөйлейді.           

  Кейбір өлеңдерінде Абылайды  асыра мадақтайды, сонымен қатар  Бұқар жыраудың өлеңдерінің мазмұны  исламның жаттанды қағидаларына  сүйенеді. Оның көзқарасындағы қайшылық  сол кезеңнің, оны қоршаған феодалдық-  патриархалдық салт-дәстүрлермен, хандық  биліктің күшімен байланысты.  Бірақ оның өлеңдері мен толғауларының терең де философиялық-дидактикалық, тәлімдік-тәрбиелік мәні орасан зор.           

  Жыраудың көптеген афоризмдері  мен өрнекті өлең жолдары халықтың  арасында кеңінен тарағаны белгілі,  олар мақал-мәтелдерге айналғанын  аңғару қиын емес. 

Бұқар жыраудың:           

  Жақсының аты өлмейді           

  Ғалымның хаты өлмейді, - деген  аталы нақыл-афоризмге айналған  сөздерінің күні бүгінге дейін  халқымыздың арасында кеңінен  таралғандығы, оның мақал-мәтелдерге  айналғандығын білеміз. Оның нақыл  сөздері мен шешендік өнерін  ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдануға  болады. 

 

 

 

2. Дулат Бабатайұлының  тәлімдік-ағартушылық

көзқарасы. (1802-1884). 

 

           

  Қазақ топырағында ағартушылық  көзқарастың өзіндік ерекшеліктері  бар, негізінде ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ дамып кеңінен өріс алды. Қазақ елінің ағартушылық көзқарасының дамуының өзіндік ерекшеліктері болды. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта қарастырған жөн. Біріншіден, Қазақстан Ресейге қосылуы нәтижесінде, патшалық Ресейдің қазақ жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлшейт жерлерге ығыстырғандығына қарсылық білдіріп, толғану болса, екіншіден, ақшалы-таулар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды.           

  Өкілдері Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат  Мөңкеұлы (1843-1906) болды.            

  Тоталитарлық тәртіп кезінде  оларды патриархалдық өмірді  көксеуші, Ресейге қарсы болған  керітартпа идеология, «Зар заман»  өкілдері деп қарады. «Зар заман»  дегені – Шортанбайдың бір  толғауы солай аталатын. Сондықтан  олардың аттары аталмайтын, толғаулары  тарихтан сызылып тасталған еді.  Байқап қарасақ, олар елді кері  тартпақ болған идеология өкілдері  емес, қайта қазақ жерінің тағдырын  ойлап, елге ұран тастап, А.И.Герценнің  «Колокол» («Қоңырау») газеті  сияқты халықтың санасын оятпақ  болған зиялылар екен. Олар екіжүзділік,  зұлымдық, арамдық сияқты құбылыстар  өмір салтына айналуда деп  қынжылды. Екіншісі – Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын өнер-білімге,  оқуға шақырды.           

  Дулат Қазақстан жеріне еніп  жатқан тауарлы-ақша қатынастарының  халық мінез құлқына, салт-санасына  тигізген керағар әсерін былай  суреттейді:           

  Қайран қазақ қайтейін,           

  Мынау азған заманда           

  Қарасы-антқыр, ханы-арам,           

  Батыры көксер басы аман,           

  Бәйбіше-тантық, бай сараң           

  Бозбаласы – бошалаң           

  Қырсыға туды қыз балаң           

  Ебі, кеткен ел болды,           

  Енді қайда мен барам?           

  Сонымен Дулат патшалық Ресей  тәртібін әшкерелеумен қатар,  қазақ елінің азғындауын толғана  жырлады. Дәл осындай ой-пікір  Шортанбайда да орын алады.  Ол былай деп толғанды:           

  Мынау ақыр заманда           

  Алуан-алуан жан шықты,           

  Арамза малда, хан шықты           

  Сауып ішер сүті жоқ,           

  Мініп көрер аты жоқ           

  Ақша деген мал шықты.           

  Дулат пен Шортанбай бірінің  ойын бірі осылай толықтырып, жалғастырған болса, дәл осы  қоғамдық ойдың екінші жағын  Мұрат жырау былай толғап, елді  азаттық күреске шақыру дәрежесіне  дейін көтеріледі:           

  Еділді тартып алғаны,           

  Етекке қолды салғаны.           

  Жайықты тартып алғаны,           

  Ойдағысы болғаны.           

  Демек, біз «Зар заман» өкілдерін  прогресске, Ресейге қарсы бағыталған, керітартпа, реакциялық сиппаттағы ақын деп бағалап келдік. Бірақ, мәселенің мәніне үңіліп қарасақ, олар кертартпа емес, халқының болашағына үлкен үмітпен қараған, қазақ халқының болашағына үлкен үмітпен қараған, қазақ халқының санасын оятуға жұмыстанған ақындар еді. Сондықтан да «Зар заман» өкілдері бастамасын ХХғ.басында Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов жалғастырды.            

  Дулат Бабатайұлы ХІХ ғасырдың  екінші жартысында ұлттық тарихымыз  бен мәдениетіміздің көрнекті  тұлғаларының бірі Қазақстанның  Ресейге қосылу нәтижесінде қазақ  даласында отарлау саясатының  нәтижесінде қалыптасқан жағдайға  ешкімнен қаймықпай сын айтқан  ақындарымыздың бірі болды. Дулат  өзінен бұрынғы ақын-жыраулардың  мұраларынан сусындап өскен, ақындық  өнері ерте қалыптасқан. Өз  шығармашылығының арқауы етіп, өз  халқының көне тарихи мұралары  мен аңыз әңгімелерін, батырлар  жырларын өз толғауларына негіз  етіп алды.           

  Дулат еңбектерінде адамдардың  адамгершілік құндылықтарының жағымды  және жағымсыз жақтарына жан-жақты  сипаттама береді, әсіресе, жақсылық  пен жамандықтың, ізгілік пен  зұлымдықтың, жомарттық пен сараңдықтың,  білімділік пен надандылықтың  арасындағы айырмашылықты ашуға  тырысты.           

  Дулаттың «Сүлейменге» деген толғауында:            

  Батыр деме батырды,           

  Шеп құрған жауға шаппаса,           

  Төре деме төрені,           

  Ел тілегін таппаса, - деп, батырлардың  ел, отан алдындағы борышын ақтау  қажеттігін, елін, жерін қорғаудағы  ролін жоғары бағалай келіп,  төреліктің, би мен бектің міндеті  елін қорғай білу, кездескен қиындықты  жеңе білу туралы Дулат тебірене  суреттейді:           

  Би мен бектің сәні жоқ.           

  Елін қорғай алмаса,           

  Тура жолға салмаса,            

  Ыстығына күймесе,           

  Суығына тоңбаса,           

  Батырлықтың сәні жоқ,-деп ел  билеген билер мен бектердің  ел қорғауда кездескен қиыншылықтарды  жеңе білмесе, «тура жолға салмаса,  ыстығына күймесе, суығына тоңбаса»  батырлықтың сәні болмайтындығын  ерекше ескертеді.           

  Дулат шығармаларында әкенің  балаға аманаты, ақыл-кеңесі ретінде  жақсы бол, жаман қасиеттерден  жирен, адамгершілік сапа-қасиеттерден  жирендіреді:           

  …Балам саған айтқаным:           

  Даңғыланбай шаруа жи,           

  Албырттықты әсерлі           

  Құрбыңа еріп көрме сый,           

  Қолда барың қанағат,           

  Қолда жоққа құмартып,           

  Әуреленбе ләпсің тый.           

  Әкеңнің айтқан аз сөзін           

  Құтысына көңіліңнің           

  Төгіп алма, дәлдеп құй, - 

деп Дулат кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлімдік-тәрбиелік мәні зор жоғардағы  өлең жолдарымен ақыл-кеңес береді, жас ұрпақтың бойында жағымды  адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге  шақырады. 

 

 

 

 

 

 

 

Жыраулық, жыршылық өнер

 
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қай  кезеңде болмасын адамзат тіршілігінің бүткіл болмыс-бітімін, қасіреті мен  қуанышын, ерлігі мен серілігін, азабы  мен ғажабын кейінгі ұрпаққа  жеткізуші құдыретті күш –  әдебиет. Соңғы жылдары қазақ  әдебиеті ғылымында Сыр сүлейлері  салған сара жол әдебиет зерттеушілерінің назарын өзіне аударып отыр. Осы  орайда көптеген ғылыми мақалалар жазылып, соны пікірлер айтылды. Ал жыраулар, ақын-жыршылар төңірегіндегі толыққанды зерттеу  жұмыстары сонау 60-70 жылдардан-ақ бастау алған еді. 
Алайда Сыр сүлейлерінің дәстүрлі мектептері, орындаушылық ерекшеліктері толығымен қамтылып зерттеліп болды деуге әлі ертерек. 
Сыр сүлейлері шығармашылығының қырларын ғылыми түрде дәлелдеуге көптеген ғалымдар қажырлы еңбек етті. Кейбір жыраулардың шығармашылықтары жеке зерттелініп, тиісті бағасын да алды. Бірақ бүгінгі күнде мұнымен қанағаттанып қалуға болмайды. 
Ғасырлар бойы сақ, скиф, оғыз-қыпшақ сияқты көптеген көшпелі тайпалар мекен еткен Сыр өңірінде өзіндік мәдениеттің болмауы мүмкін емес еді. Осы аймақта «Оғызнаме», «Қорқыт ата жырлары», М.Хорезмидің «Махаббатнамасы», Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметі», А.Иүгінеки мен С.Бақырғанидің шығармаларының да дүниеге келгені мәлім. 
Сыр бойының ақындық өнерінде ерекше тоқталуға лайық өзіндік көптеген сипаттар бар екенін қазақ әдебиетін көп зерттеген ғалым Есмағанбет Ысмайылов дәл тауып айтқан еді. Оның «Ақындар» атты кітабында Сырдария ақындары мен шайырларының, жыршыларының қымбат мұрасы туралы ғылыми терең байқаулар, тұжырымдар бар. Соның бірі – бұл өлкеде жазбаша шайырлық пен ауызша ақындықтың жыршы, термешіліктің қатар дамығандығын атап көрсетуі. Бір тақырыпқа бірнеше ақынның қатарласа, жарыса жазып, өнер бәйгісіне түсуі, шығыс аңыздарын заманға, халық өміріне лайықтап жаңартып жырлауы, хат арқылы айтысулар, жұмбақ шешісулер, өмірдің философиясын жан-жақты толғайтын ғибрат өлең, тағы басқа ерекшеліктер бұл атырап ақындарының шығармашылығына хас белгілер болатын. 
Тақырыптың өзектілігі. Сыр сүлейлерін сөз еткенде, олардың олардың әдеби мұраларына тоқталғанмен, орындаушылық дәстүріндегі ерекшеліктерге жете мән беріле бермейді. Біздің жұмысымызда осы өңірдегі өнерпаздарға тән мақам үлгілерінің өзгешелігі, жыраулық мектептердің ерекшеліктері туралы арнайы қарастырылды. Өйткені сүлейлер шығармашылығын оның қалыптасқан мектебінен, орындаушылық дәстүрінен бөліп қарау мүмкін емес.  
Жеке ақындардың шығармашық қалыптасуы сол тұлғаның туып-өскен мекендегі ықпалды дәстүрлі мектептердің ұлағатына тығыз байланысты. Мысалы, XIX ғасырдың бірінші жартысында Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы жағалау алқаптарындағы қазақ ақындары кеңістігінде «Сыр сүлейлері» деген атаумен танымал болған дәстүрлі ақындық ортаның ақындық-жыраулық мектебі болды. 
«Сыр сүлейлері» атты ақын-жыраулардың ұлттық сөз өнеріне қосқан үлестері даралана көрінеді. Олар қазақтың фольклоры мен ауызша ақындық поэзиясын Шығыстың классикалық әдебиеті дәстүрлермен тоғыстыра дамытты. Профессор Е.Ысмайылов Сыр сүлейлері шығармашылығындағы дастандарға байланысты былай дейді: «Қармақшы, Тереңөзек аудандарының жерінде болып өткен ақындардың репертуарында «Ер Қосай», «Қарабек» жырларымен қатар «Лұқпан әкім» «Жүсіп Ахметбек», «Ләйлі-Мәжнүн», «Таһир-Зуһра» дастандары және «Мың бір түн», «Шаһнама», «Тотынама» сюжеттерінің жеке тараулары айтылады» [1, 236]. Тұтастай алғанда, Сыр бойы ақын-жыраулары шығармашылығының ұлттық және әлемдік әдеби сабақтастығын танытатындығын зерделеу тақырыптың өзектілігін танытады. 
Сүлейлер сымбатының дараланған тұлғалары олардың өздеріне дейінгі және тұтас ақын-жырауларға арналған арнау өлеңдері арқылы айрықша байқалады. Бұл өлеңдер сол кезең үшін әдебиет сынының қызметін де атқарған. Себебі, қазақ поэзиясының арғы-бергі тарихындағы көрнекті ақын-жыраулардың шығармашылық тұлғаларына поэтикалық көзқараспен шынайы баға беру – әдебиетшілердің үлесіндегі жұмыс. 
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – Сыр сүлейлерінің жыршылық, жыраулық ерекшеліктерін сипаттау, олардың поэзиясының жанрларына кеңірек тоқталу, шайырлардың жазба айтыс дәстүрін байыптау және орындаушылық дәстүріндегі ерекшеліктерді анықтау. 
Жұмыста қолданылған әдістер: Диплом жұмысында баяндау, жинақтау, тарихи-салыстырмалы талдау, қорыту әдістері пайдаланылды. 
Пайдаланылған дерек көздер: Ғылыми-теориялық әдебиеттер, Сыр шайырларының жинақтары, тарихи дерек көздер, баспасөз беттері. 
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі соңынан беріледі. 
 


Жырау–– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен басқа да ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған.Туындылары адам көңілін деп басар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және куатты серпінділігімен ерекшеленеді. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Түркі қағанатының тарихын тасқа қашап жазған Иолық тегін, оғыздардың ұлы озаны Қорқыт Ата көшпелілер қоғамында үлкен рөл атқарған. Ал кейінгі қазақ әдебиеті тарихында жыраулар шығармашылығы үлкен бір кезеңді қамтиды.[1][2]

 

 

 

 

 

 

Жыраулар поэзиясы мен ақындар  айтысының рухани сабақтастығы 

 

    Жыраулар поэзиясының өршіл рухы мен би-шешендердің терең ойға құрылған тегеуренді сөздері ХІХ ғасырдағы айтыс ақындарының шығармашылық мұрасына мазұмындық һәм көркемдік тұрғыда мол игі әсерін тигізді.

Жырауға тән кең таныс, үлкен  пафосты тілейтін жырларды Сүйінбай, Жамбыл, Құлмамбет, Досмағамбет, Сарбас, Бақтыбай, Әсет, Кемпірбай т.б. ақындардың айтысынан байқаймыз. Төкпелете  жыр төгіп, ұзағынан толғау, сүре айтыстарда жиі кездеседі. Жыраулар поэзиясына тән бұл сипат ақындар айтысында  да елдік, халықтық мақсат-мұраттар тұрғысында барынша жарқырай көрінеді. Публцистикаға  тән ақпараттық-танымдық, насихатшылдық, ұлттық иделогия көріністерін сүре айтыстарында  

 

молынан ұштастыруға болады. Мысалы, Сарбас пен Жамбыл айтысында, Сарбас ақынның мына бір толғамдары жыраулық дәстүр сарынын еске түсіреді:

«....Ерегіспе менімен – 

Езіледі алқымың.

Ерегіссең менімен

Ісім түссін сенімен.

Тілімді алсаң қор болмай

Жүре бергін жолыңмен.

Енді не деп айтасың,

Алдырмаймын қайтесің?

Алатұғын жеріңді айт,

Ішіңдегі шеріңді айт,

Кешпейтұғын жөніңді айт,

Жеңе тұғын еліңді айт!

Ат жүздіріп келемін

Айдын шалқар көліме....» [1-223-224]

Информация о работе Жыраулық Поэзия