Тест по дисциплине "Казахский язык"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2015 в 19:32, тест

Описание работы

Работа содержит тестовые задания по дисциплине "Казахский язык".

Файлы: 1 файл

8.doc

— 737.00 Кб (Скачать файл)

5. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) Қап, автобус кетіп қалды-ау.    В) Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын!    С) Аспанды бұлт басқан.    Д) Далада жаңбыр жауып тұр.    Е) Гүрс-гүрс еткен мылтықтың дауысы естілді.

6. Көңіл – күй одағайын табыңыз.

А) Моһ-моһ, жануар!   В) Паһ, неткен дауыс!    С) Ауқау-ауқау!    Д) Құрау-құрау, тұлпарым!

Е) Кә-кә, келе ғой.

7. Үтір мен леп белгісінің  қойылу себебін белгілеңіз. Ойпырмай, күннің суығын-ай!

А) Еліктеуіш сөз   В) Қыстырма сөз   С) Одағай сөз   Д) Оқшау сөз   Е) Қаратпа сөз

8. Одағай сөзге байланысты қойылып  тұрған тыныс белгіні табыңыз.

А)Желтоқсанда екінші тоқсан аяқталады.  В)Арман, сен үйіңе бара ғой.  С)Амал қанша,ақырын күту керек.    Д) Әттең, қазір жанымда ағам болғанда ғой.   Е) Балам, арыңды жасыңнан сақта.

9. Одағайға байланысты тыныс  белгісі дұрыс қойылған сөйлемді  көрсетіңіз.

А) Уа, шіркін, ән деп осыны айт!    В) Сыналар, ей жігіттер, келді кезің.    С) Жүрегім, ойбай соқпа енді...

Д) Япырау әттеген-ай, атын сұрамаппын ғой.     Е) Өй Жиренше, жаңағы осы Қодар кім?

10. Дефис қойылуы тиіс одағай  сөзді табыңыз.

А) Тәйт.     В) Ойбай пәлі.     С) Пәлі ойбай.     Д) Әттең.     Е) Ойбай ай.

11. Одағай мағынасына қарай қандай  түрге бөлінеді.

А) Жандану, бейнелеуіш.    В) Дара, күрделі.   С) Шақыру, күрделі.    Д) Көңіл-күй, шақыру, жекіру, таңдану.    Е) Еліктеуіш, бейнелеуіш.

12. Берілген сөйлемге тиісті  одағайды көрсетіңіз.

       ... ! Достар түгел жиналыпты.

А) Қап.     В) Бәрекелді.     С) Жә.      Д) Әттеген-ай.      Е) Әй.

13. Негізгі одағайды табыңыз.

А) Кә-кә.      В) Бәрекелді.      С) Әттеген-ай.      Д) Ой, е.     Е) Япырым-ай.

14.Одағайды табыңыз.

А) Бай-бай, Нұржан-ай, тілің қандай ащы!     В) Ол әуелі сылқ-сылқ күлді.    С) Мағаш, Кәкітай асығыс аттанды.   Д) Дұрыс, ұмытпаған екенсің.    Е) Қайдан шықтың сен?

15. Жекіру одағайын көрсетіңіз.

А) Жә.     В) Кә-кә.     С) Уһ.      Д) Пай-пай.     Е) Шөк.

16. Тұлғасына қарай одағай түрін  анықтаңыз:  Мәссаған.

А) Қос сөз.    В) Біріккен сөз.    С) Дара одағай.    Д) Негізгі одағай.    Е) Туынды одағай.

17. Шақыру одағайын табыңыз.

А) Қап.      В) Опырым-ай.     С) Пәлі.     Д) Шөре-шөре.      Е) Бәрекелді.

18. Одағай сөздердің қатарын табыңыз.

А) Сірә, жалпы айтқанда.   В) Менің ойымша, біріншіден.    С) Қарағым-ау, Мұратжан, әкешім.

Д) Бәрекелді, мәссаған, япырмай.     Е) Шынымды айтсам, байқауымша.

19. Одағай сөзді табыңыз.

А) Ахмет, Ержанды шақыршы.     В) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен.    С) Жарайды, тазалығыңа сендім.    Д) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын.    Е) Шөге ғой, түйем, шөк-шөк.

20. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

А) Құру-құру.     В) Тек.     С) Жә.    Д) Әттең.     Е) Тәйт.

21.Одағайдың білдіретін мағынасын анықтаңыз.

     Әттең, бүгін кешікпей келгеніңде үлгіретін едің!

А) Бұйыру.    В) Жекіру.     С) Таңдану.    Д) Шаттану.    Е) Өкіну.

22. Өздігінен сөйлем мүшесі бола  алмайтын сөзді табыңыз.

А) Одағай.    В) Сын есім.    С) Үстеу.     Д) Зат есім.    Е) Еліктеуіш сөз.

23. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А)Әрине, бүгінгі жастарға білім керек-ақ!   В)Абылғазы, қайдан келдің?    С)Білімді адамды алған жөн. Д)Біздің халық , оның айтуынша, ақын халық екен. Е)Шіркін, қазақтың келіндері-ай

24. Таңдану одағайын көрсетіңіз.

А) Апырай.     В) Әттеген-ай.     С) Уһ.     Д) Қап.     Е) Кәні.

25. Шақыру одағайы қатысқан сөйлемді табыңыз.

А)Тұрсам, о, тоба-ай, айнала көк шалғын!   В)Шынында бұл-ойланатын жұмыс. С)Балам, жүзін сынық қой.    Д) Әжем сиырды «ахау-ахау» деп шақырады.    Е) Шіркін, мен ұшқыш болсам!

 

 

 

Шылау.

1- нұсқа

1.Үшін, туралы, жайлы шылаулары қай септіктен кейін келетінін көрсетіңіз.

А) Жатыс.     В) Барыс.     С) Табыс.     Д) Ілік.     Е) Атау.

2. Септеулік шылауы бар сөйлемді  көрсетіңіз.

А) Сенің Астанаға барғың келе ме?   В) Жазда Астанаға және Алматыға бардық.   С) Ол Астанаға барған емес.   Д) Асан мен Үсен Астанада болып қайтты.   Е) Ол Астанаға дейін пойызбен барады.

3. Сұраулық демеуліктерді көрсетіңіз.

А) Түгіл, емес.     В) –Ақ, -ау.     С) Қатар, бірге.     Д) Кім, не.     Е) Ма, ме, ба, бе, па, пе.

4. Көп нүктенің орнына тиісті  шылауды қойыңыз.

    Маған өнер адамдары ... кітаптар ұнайды.

А) Сияқты.     В) Туралы.     С) Үшін.     Д) Ғана.     Е) Бірге.

5. Сен де бір кірпіш дүниеге.

    Сөйлемде  «де» не  болатынын анықтаңыз.

А) Демеулік шылау.   В) Септеулік шылау.   С) Үстеу.   Д) Жалғаулық шылау.   Е) Көмекші есім.

6. Жалғаулық шылауларды көрсетіңіз.

А) Қана, ғана.     В) Шейін, дейін.     С) Ма, ме, ба, бе.     Д) Үшін, бірге.      Е) Да, де, та, те.

7. Сұраулық шылауды табыңыз.

А) Сонда.    В) Ма, ме.     С) Шейін.     Д) Гөрі.     Е) Әйтпесе.

8. Септеулік шылауды белгілеңіз.

А) Досым туралы жақсы хабар естідім.     В) Кеше ғана ол ауылдан келді.      С) Өмірден өз орнын тапқан-ды.     Д) Қоңырау соғылды, бірақ сабақ басталған жоқ.     Е) Ағам және оның қызы алыс жолға аттанды.

9.Септеулік шылауды табыңыз.

А) Қой.      В) Мыс.      С) Соң.      Д) Ба.      Е) Ақ.

10. Көп нүктенің орнына тиісті  шылауды қойыңыз.  Отан ... от кешкендер.

А) Үшін.     В) Бұрын.     С) Секілді.     Д) Туралы.     Е) Ғана.

11. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.

      Я, яки, не, немесе.

А) Талғаулықты     В) Қарсылықты     С) Іліктес     Д) Ынғайластық     Е) Себеп-салдар

12. Қарсылық мәндегі жалғаулық  шылауды көрсетіңіз.

А) Және, немесе.  В) Сондықтан, алайда.  С) Бірақ, себебі.  Д) Себебі, сондықтан.  Е) Бірақ, алайда.

13. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Е, жақсы болыпты.     В) Қарағым-ай, бұл өмір осындай болады екен.     С) Мына кісі неткен білімді.     Д) Пайда ойлама, ар ойла.     Е) Даналық халық сөзінде екен.

14. Септеулік шылауы бар сөз  тіркесін көрсетіңіз.

А) Жол арқылы   В) Астана туралы   С) Айтты ма?   Д) Қала түгіл   Е) Бірде дұрыс

15. Жұмбақ құрамындағы қай сөз  шылау екенін көрсетіңіз.

Таңертең бар, кешке жоқ,

Кеш түгілі, түсте жоқ.

Мен әдемі моншақпын,

Ірі емеспін ұсақпын.

А) түгілі.    В) емеспін.     С) кеш.     Д) мен.     Е) жоқ.

16. Синоним болып тұрған шылауды  табыңыз.

А) Себебі, секілді.  В) Сондықтан, сол себепті.  С)Және, бірақ.   Д) Көрікті, көңілді.  Е) Қала,шаһар

17. Септеулік шылауды белгілеңіз.

А) Біз табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек.   В) Жаңбыр жауса, жер көгерер.   С) Менің әпкем тілмаш болғысы келеді.    Д) Сабақтан соң біз театрға бардық.   Е) Япырмау, неткен ғажап күй!

18. Сөйлемді септеулік шылаумен  толықтырыңыз.

     Саяхатқа оқушылармен ... мұғалім шықты.

А) Арқылы.    В) Кейін.     С) Дейін.     Д) Туралы.     Е) Бірге.

19.Демеулік шылауды табыңыз.

А) Гөрі.      В) Сонда.      С) Ма, ме.      Д) Әйтпесе.      Е) Шейін.

20. Нақтылық мәндегі шылауды  көрсетіңіз.

А) Күйтабақта Құрманғазы мен Тәттімбеттің  күйлері жағылған.     В) Өмірден орын тапқан-ды.

С) Қолына тек добыра берсең болады.     Д) Ол бүгін аңшы туралы мәтін оқыды.  

Е) Қазақтың ақын қыздарының ішінде Ұлбике ақынның алатын орны ерекше.

21. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

А) Біресе мәтін оқимын, біресе жазу жазамын.    В) Үйден төрт жасар бала жүгіріп шықты.

С) «Жиренше, үйінде ұлың бар ма?»-деді ол.    Д) Іле өзені Қапшағайдан кейін Балқашқа құяды.

Е) Үлкені де-осы, кішісі де –осы,-деді.

22. Ма, ме, ба, бе, па, пе демеулік шылаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.

А) Нақтылық.     В) Сұраулық.      С) Күшейткіш.     Д) Болымсыздық.      Е) Шектік.

23. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.

      Себебі, өйткені, сол  себепті.

А) Талғаулықты    В) Іліктес    С) Қарсылықты    Д) Себеп-салдар    Е) Ынғайластық

24. Демеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сол жақта орталық почтаны көресіз.    В) Енді таба аласыз ба?    С) Абылай хан даңғылымен тура жүре беріңіз.  Д) Бұрыштағы үлкен бес қабатты үй. Е) Бір көше көтеріл және оңға бұрыл.

25. Септеулік шылауды табыңыз.

А) Үшін     В) Егер     С) Және      Д) Мен     Е) Өйткені

 

 

 

 

Шылаулар.

2-нұсқа.

1.Сұраулық шылауды көрсетіңіз.

А) Ғана, тек.    В) Кейін, шейін.    С) Қарай, таман.    Д) Ма, ме.     Е) Туралы, үшін.

2. Сөйлемде берілген шылаудың  түрін көрсетіңіз.

    Кітапта Жанкелдіқызы Ұлбике мен Көшерұлы Күдерінің айтыстарына орын берілген.

А) Демеулік.     В) Талғаулық.      С) Септеулік.      Д) Жалғаулық.      Е) Шарттық.

3. Септеулік шылауды анықтаңыз.

А) мен.      В) кейін.     С) –шы.     Д) –мыс.    Е) –ма.

4. Көмектес септігіне қатысты септеулік шылауды анықтаңыз.

А) Бірге.     В) Шейін.      С) Соң.      Д) Үшін.     Е) Кейін.

5. Берілген сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз:  Мен кітаптан той туралы оқыдым.

А) Мен.    В) Кітаптан.    С) Той.     Д) Туралы.     Е) Оқыдым.

6. Қажетті септеулікті көрсетіңіз.  Үш ай қыстан ... көктем келеді.

А) Жайлы.     В) Соң.     С) Үшін.     Д) Бірге.     Е) Арқылы.

7. Көңіл-күй демеулікті анықтаңыз.

А) пен, бен.     В) әлде, не.    С) басқа, өзге.   Д) –міс, -мыс.     Е) ма, ме.

8. «Бірақ» жалғаулығының түрін анықтаңыз.

А) Ыңғайлас.    В) Талғаулы.    С) Қарсылықты.     Д) Себеп-салдар.    Е) Кезектес.

9. Берілген сөйлемді шылаумен толықтырыңыз.

    Қыста ... күзде күн суық болады.

А) Бірақ..     В) Және.     С) Арқылы.     Д) Әйтпесе.     Е) Мен.  

10. «Дейін, шейін, кейін» шылауларының түрін ажыратыңыз.

А) Демеулік шылаулар.   В) Септеулік шылаулар.    С) Жалғаулық шылаулар.     Д) Одағай сөздер.

Е) Қыстырма сөздер.

11. Мына сөйлемге қай шылау  лайық , көрсетіңіз.

      Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден- ... белгілі.

А) –ді.     В) –мыс.     С) –ақ .     Д) –ай.     Е) –ау.

12. Ыңғаластық қатынасты білдіретін  жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А) От(пен) ойнама!     В) Машина(мен) келген еді.    С) Марат (пен) Қанат келді.   Д) Марат(пенен)

сөйлесті.    Е) Марат(пен) барып кел.

13. Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Орманға таман.    В) Мал мен бас.    С) Мектепке қарай.    Д) Мен келдім.    Е) Сен отыр.

14. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.

А) Бекерге қиналу.   В) Орта мектеп.   С) Қазыбектің жоспары.   Д) Жиналыстан кейін.   Е) Дәл өзі.

15. Жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А) Сенен гөрі.     В) Көлге шейін.    С) Көрген-ді.     Д) Сен бе?     Е) Қарыз бен парыз.

16. Шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

А) Марат үйде жоқ .     В) Мен кешке барамын.     С) Ол кешке ойнайды.    Д) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз.    Е) Балам, сабаққа дайындал.

17. Барыс септікпен келген шылаулы сөйлемді анықтаңыз.

А) Жұмыста Болат туралы әңгіме болды.    В) Қазақша жүзге дейін санайды.    С) Алғаш сөз болған Бораш болды.    Д) Қабыш үшін бәріміз ұялдық .    Е) Жиналыс ай сайын өтіп тұрады.

18. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.

      Алтынсары қадалған ... , оның кескіні құбыла бастады.

А) Таман.     В) Туралы.    С) Қарай.      Д) Сайын.     Е) Тарта.

19. Себеп –салдар салаластың  шылауларын табыңыз.

А) Өйткені, сондықтан, сол себепті.     В) Сондықтан, және, әрі.     С) Өйткені, сол себепті, бірақ .

Д) Дегенмен, әйтсе де, ал.     Е) Немесе, бірде, кейде.

20. Шылауды табыңыз.

А) Басты мәселе-оқу үлгірімі.     В) Сөз өмірдің үлкен қаруы.     С) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.    

Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.    Е) Ой жетпейтін жер болмайды.

21. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз.

А) Сен әкел(ме).     В) Өтірік айт(па).    С) Сенейін(бе), сенбейін(бе).    Д) Жаман әдетке үйрен(бе).

Е) Сен сен(бе).

22. «Дейін, шейін, таман» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз

А) Жалғаулық .    В) Септеулік.    С) Болжалдық демеулік.     Д) Демеулік.    Е) Шектік демеулік.

23. Демеулік шылаулы тіркесті  көрсетіңіз.

А)Жүйрік-ақ екен.   В)Сең үстінде кету.   С)Ақ көбейді.   Д)Жаңбырдан соң.   Е)Ойға таман жылжу

24. Шылау сөздер қатарын табыңыз.

А) Үй, жер, тал, тас.    В) Екі, он, үш, бес.   С) Үшін, және, ғана, түгіл.    Д) Тез, тым, сонша, оңаша.

Е) Кел, тұр, жүр, кет.

25. Мен, бен, пен тұлғасымен келген  шылауды табыңыз.

А) Қайрат(пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға.     В) Ағаш тамыры(мен), адам ұрпағы(мен) мықты.   С) Машина(мен) келдім.   Д) Ықылас(пен) тоқылық .  Е) Жарбаңдасып жас күлер құрбысы(мен).

 

 

 

Оқшау сөздер. Қыстырма сөздер.

1- нұсқа.

1. Сөйлемнің ортасында келген  қыстырма сөзді табыңыз.

А) Бүгін күн ашық екен, әйтеуір.   В) Біріншіден, Асқардың жасы кіші.   С) Қысқасы, сен үйде отырасың.   Д) Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын.   Е) Әлбетте, сенікі дұрыс.

2. Қыстырма сөз қай сөйлемде  екенін белгілеңіз.

А)Сабақтан келемін де үй жинаймын.   В)Сабақтан келіп, үй жинадым.   С)Сабақтан келген соң, үй жинаймын.   Д)Қысқасы, сабақтан келген соң үй жинаймын.   Е)Сабақтан келдім де, үй жинадым.

3. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Ей.      В) Қызыл.     С) Балам.     Д) Жеті.     Е) Сірә.

4. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Жыламашы, күнім.    В) Жұмаш, бері келші, қалқам.    С) Меніңше, бұл-өте мықты адам.

Д) Шырағым, сен абыржыма.     Е) Балалар, аманбысың, шырақтарым.

5. Сөйлемнің басында келген қыстырма сөзді табыңыз.

А) Күн ыстық..    В) Астана-жас қала.     С) Сен кітапты, әрине, көп оқисың.     Д) Ол, бәлкім, бүгін келмейді.     Е) Меніңше, сен кітапты көп оқисың.

6. Қыстырма сөзден кейін қандай  тыныс белгісі қойылатынын белгілеңіз.

А) Үтір    В) Леп белгісі     С) Сызықша     Д) Қос нүкте     Е) Үтірлі нүкте

7. Қыстырма сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз.

А) Шіркін, озық техникаға еш нәрсе жетпейді.    В) Озық техникаға еш нәрсе, шіркін жетпейді.

Информация о работе Тест по дисциплине "Казахский язык"