Тест по дисциплине "Казахский язык"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2015 в 19:32, тест

Описание работы

Работа содержит тестовые задания по дисциплине "Казахский язык".

Файлы: 1 файл

8.doc

— 737.00 Кб (Скачать файл)

С) Озық техникаға еш, шіркін нәрсе жетпейді.     Д) Озық шіркін, техникаға еш нәрсе жетпейді.

Е) Озық техникаға шіркін, еш нәрсе жетпейді.

8. Әрине, әлбетте, рас, шынында деген сөздердің сөз табын анықтаңыз.

А) Есімдік.    В) Оқшау сөздер.    С) Сан есім.    Д) Сын есім.    Е) Етістік.

9. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Қажеттілік.    В) Қалам.    С) Сөзсіз.     Д) Қашу.     Е) Марат.

10. Қыстырма сөйлем қолданылған  жай сөйлемді анықтаңыз.

А) Ойбай, Жақа, ол Жоламанның ісі ғой!     В) Шынында да, халіміз онша мәз емес.     С) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.    Д) Ұялма ,балам, төрге шық!     Е) Менің жеңгем-Айсұлу.

11. Оқшау сөздердің белгісін  көрсетіңіз.

А) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады.   В)Тек бас әріппен жазылады.   С)Сөйлем мүшесі бола алады.  Д) Сөйлем мүшесі бола алмайды.   Е) Қабысу, меңгеру, қиысу байланысына түсе алады.

12. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Үлкенді сыйлау-асыл қасиет.    В) Тұрмыс құр, балам.     С) Көктем айларында біресе жаңбыр, біресе қар жауады.    Д) Мен, шынымды айтайын, қорқудамын.    Е) Жаман айтпай, жақсы жоқ .

13. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.

     Мүмкін, келіп  қалар.

А) Еліктеу.    В) Одағай.    С) Қаратпа.     Д) Қыстырма.     Е) Шылау.

14. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Рас айтқанда, сенің ойын дұрыс.    В) Түу, мына күннің боранын-ай.     С) Бар болғыр, жай болушы ма еді.    Д) Қалай, құлағын ашылды ма?     Е) Тәйт, қой дедім ғой мен саған.

15. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Апырау.      В) Шынында.     С) Иә.     Д) Еһе.     Е) О, сиқыр.

16. Оқшау сөздердің түрлерін анықтаңыз.

А) Қыстырма сөз, қаратпа сөз, одағай.     В) Шылау, үстеу.     С) Жалғаулықтар, демеуліктер.

Д) Жұрнақтар, септіктер.     Е) Қыстырма сөз, қос сөз.

17. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Өзің бір қызық жан екенсің.     В) Жолдас командир, жолдас комиссар.    С) Қорыта келгенде, сабақ өте жақсы өтті.    Д) Ата, немереңіз келді.     Е) Алдымнан жақсы кездестің ғой, балам.

18. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.    В) Біреулері ызғарлы, біреулері көңілді отыр еккен.    С) Өмірде бәрі кездеседі, дегенмен жақсылық жеңеді.    Д) Не ексең, соңы орарсың.      Е) Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.

19. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңыз.

А) Мақұлдау.    В) Өкіну.    С) Сендіру.    Д) Ой тәртібі.     Е) Көңіл-күй.

20. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Мә-ә-ә, онысы не?     В) Тоқтай тұр, бәлем.     С) Несін айтасың, біздің бақытымызға орай берілген жан ғой.     Д) Күнім-ау, жұлдызың жанайын деп тұр-ау.    Е) Оһ, дүние жалған-ай.

21. Ойдың кімнен шыққанын білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз.

А) Қорыта айтқанда.      В) Бақытына қарай.     С) Оның пікірінше.    Д) Екіншіден.     Е) Мүмкін.

22. Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз.

А) Расында.     В) Меніңше.    С) Мүмкін.    Д) Біріншіден.

23., Қыстырма сөздердің түрлері.

А) Көңіл-күйді білдіретін, сенер-сенбеушілік, кімнің ойынша.     В) Қаратпа, одағай.     С) Сілтеу, жіктеу.     Д) Жалпылау, болымсыздық.     Е) Есептік, реттік.

24. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Бүгін күн ашық екен.    В) Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын.     С) Сен үйде отырсың.     Д) Сенікі дұрыс емес.     

Е) Асқардың жасы кіші.

25. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Пай-пай.    В) Бірақ .     С) Менің байқауымша.     Д) Уа, шіркін.     Е) О, жасаған.

 

 

 

 

 

Қаратпа сөз.

1-нұсқа.

1. Сөйлемнің басында тұрған қаратпа  сөзді көрсетіңіз.

А) Кеше жаңбыр жауды.     В) Сенің атын қалай, балам?     С) Қап, әттеген-ай!     Д) Асқар, бүгін күн жылы ма?      Е) Оян, қазақ!

2. Құрамында қаратпа сөзі бар  сөйлемді табыңыз.

А) Ол, сірә, бүгін келмейді.      В) Кел, балалар, оқылық!     С) Мен дүкенге бардым.     Д) Піскен алма жерге түсті.     Е) Паһ, шіркін!

3. Сөйлемнің ортасында келген  қаратпа сөзді табыңыз.

А) Бәйтерек- өте биік ағаш.     В) Үйге кір, балам, шай ішіп кет.     С) Қарағым, қашан келдің?

Д) Бүгін сабаққа дайынсың ба, Абай?     Е) Әжем сандықты ашты.

4. Қаратпа сөзі бар сөйлемді  табыңыз.

А) Автобусқа бір бала кірді.     В) Айнаның үйі ауылда.      С) Мен бүгін сағат жетіде тұрдым.

Д) Құдияр үйге кірді.     Е) Алма, сен бізге келесің бе?

5. Қаратпа сөзі бар сөйлемді  белгілеңіз.

А) Жеңіс, келесің бе?    В) Тақтаны сүртті.    С) Гүлді оқушылар отырғызды.    Д) Астық жиналды.

Е) Алма сурет салды.

6. Қаратпа сөз қатысып тұрған  сөйлемді табыңыз.

А) Бізде бүгін алты сабақ болады.     В) Ертең суық болады.     С) Сен киноға барасың ба?

Д) Айман, сен келесің бе?     Е) Бүгін жаңбыр жауды.

7. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.

А) Балалар, кешке мектепте жиналыс болады, кешікпей келіңдер.    В) Отан қорғауға дайын болыңдар!     С) Меніңше, бұл-өте жақсы оқушы.     Д) –Сіз менің айтқанымды түсінесіз бе?  

Е) Сабақ аяқталды.

8. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.

А) Теңіз толқыны күшейді.      В) Су жағаны жуып кетті.     С) Арман, сен мұнда келші.

Д) Ай көрінбейді.     Е) Орманда гүлдер көп.

9. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.

А) Шаңқай түс.    В) Ботагөз, сен бүгін киноға барасың ба?     С) Күн нұрын құйып тұр.

Д) Жаңбыр жауды.     Е) Олар асығыс жүріп кетті.

10. Қаратпа сөз қатысып тұрған  сөйлемді табыңыз.

А) Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді.    В) Менің айтып отырғаным, сіздіңше дұрыс емес.

С) Бәріміз, шынында, жас едік.     Д) Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайды.

Е) Дәмелі, бақшаға барайық,-деді Рахмет.  

11. Қаратпа сөзді табыңыз.

А) Рас, сізді күтіп отыр едім.      В) Немене риза емеспісің?      С) Балам, бері кел.

Д) Еңбекті сүйіңдер, дос болыңдар.     Е) Байқаймын, сен дұрыс түсінбедің.

12. Қаратпа сөзі бар сөйлемді  табыңыз.

А) Жазғы демалыста Раушан ауылда болды.     В) Раушан жазғы демалыста ауылда болды.  

С) Жазғы демалыста Раушан ауылда өткізді.    Д) Жазғы демалыста Раушан ауылға барады.

Е) Жазғы демалыста, Раушан, қайда барасың?

13. Қаратпа сөз тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Шіркін, ақын болсаң осындай бол.     В) Әрине, оның айтқаны дұрыс.     С) Тыңда, дала, Жамбылды!     Д) Айтқаны қолынан келсе игі еді.     Е) Саған көп қарағым келеді.

14. Қаратпа сөзі бар сөйлемді  табыңыз.

А) Шіркін, даусы қандай әдемі!    В) Қап, бәлем!    С) Балалар, отырыңдар.    Д) Балалар үйге кірді. 

Е) Жалпы, ол өз ісін біледі.

15. Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған үтірді көрсетіңіз.

А) Уа, туған жер, аша бер құшағынды.   В)Уа туған жер аша бер, құшағыңды. С) Уа туған жер,аша бер құшағыңды.   Д) Уа туған жер, аша бер, құшағыңды.  Е) Уа, туған жер аша бер, құшағыңды.

16. Қаратпа сөзді анықтаңыз.

А) Марат, бүгін кеш келесің бе?      В) Алақай, үйге Марат келді!      С) Марат бүгін кеш келді.

Д) Біріншіден, бүгін Марат кеш келді.     Е) Мараттың айтуынша, бүгін ол кеш келеді.

17. Қаратпа сөзді табыңыз.

А) Ойбай, қаштық .      В) Амал нешік, көнеміз.       С) Қап, үлгірмедім.       Д) Жолдастар, тынышталыңдар.       Е) Сонымен қатар

18. Қаратпа сөзді анықтаңыз.  Балам қай көшеге келіп тұрмыз?

А) Тұрмыз.     В) Қай.     С) Балам.     Д) Келіп.    Е) Көшеге.

19. Қаратпа сөздің тыныс белгісін  табыңыз.

А) Нүкте.    В) Қос нүкте.    С) Сұрақ белгісі.    Д) Үтір.    Е) Сызықша.

20. Қаратпа сөз бар сөйлемді  анықтаңыз.

А) Шіркін, ақын болсам.      В) Сәуле, кітапханаға барасың ба?     С) Алақай! Жаз келді. 

Д) Мүмкін, ертең жұмыс басталар.     Е) Әрине, біз ауылда тұрамыз.

21. Қаратпа сөйлемді белгілеңіз.

А) Қазір Байкал көлі жан-жақты зерттелуде.     В) Ақындық жолына ерте түсті.     С) Жамбыл Жабаев-жүз жасаған адам.    Д) Балалар, музыканың дауысын жай қойыңдар.    Е) Көлдердің пайда болу тарихы бар.

22. Қаратпа сөз көбіне қай тұлғада тұратынын анықтаңыз.

А)Атау септігінде.  В)Табыс септігінде.  С)Барыс септігінде.   Д)Жіктеулі түрде.  Е) Ілік септігінде.

23. Қаратпа сөзді табыңыз.

А) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз?      В) Сөйтіп, ол Домалақ ана атанды.     С) Немене, риза емеспісің?      Д) Амал қанша, осылай болады.     Е) Айна, алманы әкел.

24. Қаратпа сөзді табыңыз.

А) Мейманым, жақсы жатып, жайлы тұрдың ба?    В) Дала тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. 

С) Тәк-тәк, айтпа енді.    Д) Таныды да тааң болды.    Е) Қой, не болса да кетейік.

25. Қаратпа сөзді табыңыз.

А) Алдарыңнан ақ жол болсын, ардагерлер.    В) Екі бесіміз-он.    С) Отыз-алтыға қалдықсыз бөлінеді.    Д) Ертең де, бүгін де бара алмаспын.    Е) Расында, ол келе алмады

 

Синтаксис

Сөйлем мүшелері.

1- нұсқа.

1. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

А) Ұлы жібек жолы- сауда жолы.   В) Ұлы жібек жолы өтті.   С)Қытайдың жібегі осы жолмен тасмалданған.   Д) Ұлы жібек жолы қазақтың кең даласын басып өтті.    Е) Ұлы жібек жолында талай сауда көздері ашылды.

2. Бастауышы тұйық етістік, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Тез жазу керек.      В) Оның ойы – тез қайту.      С) Еске салу – жақсы.     Д) Айту -  біздің парызымыз.      Е) Келуді қойды.

3. Дара бастауыш бар сөйлемді белгілеңіз.

А) Еңбек еткен ер атанар.     В) Ертең құрылыс жұмысы басталады.     С) Біз бірлікті ойлаймыз.

Д) Үй іші жым-жырт болды.     Е) Қазақ халқы егемендік алды.

4. Бастауышы тәуелдік жалғауында  тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Келе жатқан үшеу екен.      В) Інім маған көмектесті.      С) Нұрлан мектепте оқиды.  

Д) Біз Қазақстанда тұрамыз.    Е) Ертең жаңбыр жауады.

5. Анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Досым кітап сатып алды.     В) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста.     С) Көлдің деңгейі төмендеген.    Д) Көлдер ластанып жатыр.    Е) Ол бізбен кездесті.

6. Толықтауышты табыңыз.  Досым  қызық кітап сатып алды.

А) Қызық.     В) Сатып.     С) Досым.     Д) Алды.     Е) Кітап.

7. Жақсыз сөйлемде болмайтын  сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Баяндауыш    В) Пысықтауыш    С) Анықтауыш    Д) Толықтауыш    Е) Бастауыш

8. Бастауыш пен баяндауыштан  тұратын сөйлемді белгілеңіз.

А) Күрделі     В) Жақсыз     С) Атаулы     Д) Жалаң     Е) Жайылма

9. Мақсат пысықтауышты табыңыз.

Бауыржан досымен бірге Алматыға оқуға барды.

А) Барды     В) Оқуға      С) Алматыға      Д) Досымен      Е) Бауыржан

10.Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз  мүшені көрсетіңіз

А)  Пысықтауыш.   В) Толықтауыш.   С) Баяндауыш.   Д) Анықтауыш.   Е) Бастауыш.

11. Кімдер? Нелер? сұрақтары қай сөйлем мүшесіне қойылатынын көрсетіңіз.

А) Толықтауыш.    В) Пысықтауыш.    С) Анықтауыш.    Д) Бастауыш.    Е) Баяндауыш.

12. Пысықтауыштың сұрағың табыңыз.

А) Не істеді?     В) Қай?     С) Қандай?     Д) Кімдер?     Е) Қайда?

13. Сөйлемнің баяндауышын толықтырыңыз.

      Біз бұлақтардың көзін ... .

А) Мол болады.    В) Болмайды.     С) Қараған.     Д) Аштық.     Е) Қорғауы тиіс.

14. Себеп – салдар пысықтауышты  табыңыз.

      Қара алтынды игеру  үшін көп жұмыс жасалып жатыр.

А) Жұмыс.     В) Көп.     С) Игеру үшін.     Д) Жасалып жатыр.     Е) Қара алтынды.

15. Сөйлемде есімше қандай сөйлем  мүшесі екенін белгілеңіз.

      Менің айтар сөзім-осы.

А) Толықтауыш.     В) Баяндауыш.     С) Бастауыш.     Д) Анықтауыш.     Е) Пысықтауыш.

16. Атау мен ілік септіктен  басқа септік сұрақтарына жауап  беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Баяндауыш     В) Пысықтауыш     С) Толықтауыш     Д) Анықтауыш     Е) Бастауыш

17. Анықтауышты табыңыз.

      Жер бетінде таза  су ресурстары көп емес.

А) Таза     В) Жер бетінде     С) Су      Д) Ресурстары     Е) Көп емес

18. Баяндауыш қай сөз табынан  жасалғанын көрсетіңіз.

      Қымыз қандағы  гемоглобинді көбейтеді.

А) Есімдік.     В) Етістік.     С) Сын есім.     Д) Сан есім.    Е) Зат есім.

19. Бастауышы жоқ жай сөйлемнің  түрін белгілеңіз.

А) Жақсыз     В) Жақты     С) Жалаң     Д) Толымсыз     Е) Толымды

20. Тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз.

А) Толықтауыш, бастауыш.      В) Анықтауыш, толықтауыш.      С) Баяндауыш, анықтауыш.

Д) Бастауыш, баяндауыш.     Е) Пысықтауыш, баяндауыш.

21. Толықтауыш қай септікте тұрғанын  көрсетіңіз.  Ол бізбен кездесті.

А) Барыс септік.    В) Шығыс септік.    С) Ілік септік.    Д) Табыс септік.    Е) Көмектес септік.

22. Қазақ тілінде сөйлемнің соңында  келетін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Анықтауыш.     В) Пысықтауыш.     С) Бастауыш.     Д) Толықтауыш.    Е) Баяндауыш.

23. Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді көрсетіңіз.

      Біз кеше мұражайға бардық.

А) Біз мұражайға.   В) Біз бардық.   С) Мұражайға бардық.   Д) Мұражайға кеше.   Е) Кеше бардық.

24. Қайда? Қалай? Қашан? қай сөйлем мүшесінің сұрақтары екенін көрсетіңіз.

А) Баяндауыш.   В) Пысықтауыш.    С) Анықтауыш.    Д) Толықтауыш.    Е) Бастауыш.

25. Пысықтауыштың түрін табыңыз.

А) Қатыстық .     В) Жанама.     С) Салыстырмалы.     Д) Тура.    Е) Мақсат.

 

 

Сөйлем мүшелері.

2-нұсқа.

1. Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Баяндауыш.    В) Бастауыш.     С) Пысықтауыш.     Д) Анықтауыш.     Е) Толықтауыш.

2. Жанама толықтауышты табыңыз.

    «Кәсіпкерлер кәсіптеріне  қаржыны өздері табады».

А) Кәсіптеріне    В) Қаржыны    С) Өздері    Д) Табады    Е) Кәсіпкерлер

3. Сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі барын табыңыз.

А) 2        В) 4        С) 3       Д) 5      Е) 1

4. Сөйлемнің соңындағы сын есім сөйлемнің қандай мүшесі болатынын белгілеңіз.

А) Бастауыш.    В) Баяндауыш.    С) Анықтауыш.     Д) Пысықтауыш.   Е) Толықтауыш.

5.Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз.

А) 5.     В) 4.     С) 3.      Д) 2.     Е) 6.

6. Толықтауыштың сұрақтарын анықтаңыз.

А) Кіммен? Немен?   В) Қалай? Қайдан?  С) Қайтты? Не істеді?   Д) Кім? Не?   Е) Нешінші? Қайсы?

Информация о работе Тест по дисциплине "Казахский язык"