Ұлы Жібек жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 18:03, реферат

Описание работы

Ұлы Жібек жолы — Еуразия құрлығындағы сауда, керуен жолдарының жалпы атауы. Ол б.з.б. 2 ғ-дан б.з. 16 ғ-ға дейін Орт. Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Қытайлық саяхатшы Чжан Цяньның “Батысқа” саяхаты нәтижесінде б.з.б. 2 ғ-да ашылды. Еур. әдебиетте алғаш рет 1877 ж. К.Рихтгофеннің “Қытай” атты еңбегінде бұл сауда жолы Ұ. Ж. ж. деп аталған болатын, сол уақыттан бері тарихи әдебиеттерде осы атау қалыптасып кетті. Сюннулармен (ғұндар) соғысқа әзірленіп жатқан Хань императоры У-ди б.з.б. 138 ж. Чжан Цянь (б.з.б. 192 — 120) деген елшісін сюннулармен жауласушы даюэчжи (массагет) тайпасын іздеуге аттандырды. Ол тайпа сюннулардан жеңіліп, Ганьсудан әрі батыс жаққа қоныс аударды.