Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары мен қоныстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 04:06, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу. І тарауда Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның Батыс пен Шығысты байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары мәселелері қаралған. ІІ тарауда Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар, соның ішінде Отырар, Түркістан және Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы жайлы айтылған.
ІІІ тарауда Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар шежірелі Сайрам (Испиджаб) сондай-ақ сол кездегі маңызды роль атқарған Тараз қалалары жайында айтылған.

Содержание работы

Кіріспе
І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы
3.3. Жайықтың оң жақ жағасындағы Сарайшық қаласы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

улы жибек жолы.DOC

— 204.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар 

 

Кіріспе

І тарау. Ұлы  Жібек Жолы және оның қызметі

1.1. Ұлы Жібек жолының  пайда болуы

1.2.Батыс пен шығысты  байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының  рөлі

2.1. Отырар мен ҮІІІ  ғасырда Шавғар өлкесі атауымен  белгілі 

болған Түркістан алқабы

2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы

2.3. Оғыз және қыпшақ  қалалары 

3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары

3.2. Ұлы Жібек Жолы  трассасында маңызды роль атқарған  Тараз қаласы

3.3. Жайықтың оң жақ жағасындағы Сарайшық қаласы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

«Тірлік істеп бар жапанды шарлайды,

Ақыл есін бір құдайға  арнайды.

Туардан-батар беттеп  кезеді

Тауып сенің тілегіңді  келеді.

Дүниенің таңсық қымбат нәрсесі

Көп оларда ей, Ер, биік еңсесі»-

деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, олардың бойымен іскер, көпестер жасақтаған керуендер ағылып жатты.

«Ұлы Жібек Жолы» - Жерорта теңізінен Қытайға дейін  Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ол сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Жалпы адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан бейбіт қарым – қатынас сырын жан-жақты зерттеп білу қазіргі таңдағы мәдениетті өркендетуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда Жібек жолын көктей өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға әсер ететін өзекті мәселе.   

Бүгінгі күні осы жол бойындағы  жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу. 

І тарауда Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның  Батыс пен Шығысты байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары мәселелері қаралған.

ІІ тарауда Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар, соның ішінде Отырар, Түркістан және Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы жайлы айтылған.

ІІІ тарауда Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар шежірелі Сайрам (Испиджаб) сондай-ақ сол кездегі маңызды роль атқарған Тараз қалалары жайында айтылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Ұлы Жібек  жолының пайда болуы

«Жібек  жолы» дегеніміз  не, ол қашан пайда болып, қандай кәдеге жарады, қай жерлерді басып өтті - әркімді – ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.

«Жібек Жолының» жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит (көк лағыл) кені, ал Хотан аймағындағы Яркент (Жаркент) – Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына орай жолға қойылды.

Бадақшаннан шығарылған лазурит Иранға, Месопотамияға, Анатолийге, Египет пен Сирияға тасылып жатты. Бадахшан лазуриті, І мыңжылдықтың жартысында Қытайға да жеткізіле бастады.

Орта Азия мен Орта шығысты Жерорта  теңізімен және Үнді мен жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге келген «Нефрит жолы» Шығыс Түркістанды Қытаймен жалғастырды.

Жібек жасап шығару және онымен сауда  жасау кезеңі күні кешеге дейін  біздің дәуірімізге дейінгі І  мыңжылдық саналып келеді.

Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі әулеттері де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін тарады.

Жібек жолы тек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У – Дидің көрмеген Батыс елдеріне жұмсаған книязі Чжон – Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Чжон-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға, Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.

2. Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі

Жібек жолы ІІ-Ү ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ Чаньниден басталып, Ланчжоу ауданындағы Хуанхэ өткеліне беттейді, одан әрі Нан-Шаньның солтүстік сілемдерін қуалай Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне және «Яшмо қақпалары заставасына» жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла-Макан шөлін солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп, үшке айрылады. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді, ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы Бактрияға, Үнді мен, Жерорта теңізіне жетіп, «Оңтүстік жолы» аталады. «Солтүстік жолы» Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамадан Сирияға жетеді.

Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол ҮІ-ҮІІ ғасырларда барынша жандана түсті.

Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап  отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол ҮІІ  ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. Үшіншіден, түріктің ауқатты қағандары мен олардың жанпеліндегілер теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.

Сөйтіп, ҮІ-ҮІІІ ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия –  Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан  – Талас алқабы – ШУ алқабы -  Ыстықкөл қазан-шұңқыры-Шығыс Түркістан арқылы таратылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын – Маңғыстауды – Арал жағалауын – Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғары аталған негізгі жолға келіп қосылды.

Жібек жолы шеңберіне  ену қарсаңында Қазақстанның оңтүстігі  мен Жетісу қандай жағдайда еді дегенге  келсек: Бұл жерде көшпелі түрік  тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын. Оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпенділер де, отырықшы тұрғындар да туыстас немесе біркелкі этникалық саяси қауымға бірлескен тайпалар еді. Отырықшылар (жатақтар) мен көшпенділердің өз мәдениеттерінің бір-біріне өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүниежүзілік өркениеттің қызыл арқау-күретамыры болды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бір-біріне осылайша кірігуі, сондай-ақ олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр-салтының үйлесімділігі өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен,   біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ-ІІІ ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандарды қабірлерден, оның ішінде Бесшатыр, Есік, Түгіскен, Үйгәрәк қабірлерінен табылған қазбалар бойынша олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Сол кездің өзінде-ақ сақтардың Қытаймен, Үндімен, Таяу және Орта Шығыспен байланысы болған. Бұған сақ шонжарларының қабірлерінен табылған қытай айналары, Орта Азия мен Ираннан әкелінен аса көркем безендірілген шетелдік бұйымдарда куә бола алады.

Батыстан Шығысқа қарай  қозғалсақ, Жібек жолының қазақстандық бөлігінің сыр-сипаты, міне, мынадай еді. Жол Шаштан /Ташкенттен/ Турбат асуы арқылы Испиджабқа өтетін. Бұған дейін айтқанымыздай, Қытай сапарнамасында Испиджаб «Ақ өзендегі қала» аталды, ал ХІ ғасырда Махмуд Қашғаридің түсініктемесі бойынша «Испиджап деп аталған Ақ қаланың (Ал-мединат ал Байда) шын атауы-Сайрам». Оны Сарьям деп те атайды. Ежелгі қаланың осы атауы күні бүгінге дейін сақталып келеді. Шымкент  іргесіндегі орта ғасырлық ірі қаланың қалдықтары қалған қалашық та /поселка/ осылай аталады. Оның орнында бұрын Жібек жолындағы ірі орталықтардың бірі болған. Түрлі елдердің саудагерлері осы жерге тоқтайтын, өйткені бұл қалада Бұхара, Самарқанд көпестерінің сауда құрылыстары /базарлар/ мен керуен – сарайлары болды, ал Испиджаб көпестері Мерв Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен бірге Бағдаттағы Харб ибн Абдаллақ ал Балх рабадында өздерінің сауда-саттық орындарын ұстады. Испиджабтан сыртқа құлдар мен ақ маталар, қару-жарақ, қылыштар, мыс пен темір сатылатын.      

3. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған Түркістан алқабы

Мөлдір сулы Арыстың сары лайсаң Сырдарияға құяр сағасына қол созым жерде талай ғасырлар бойы ел есінде сақталған өлі қала үйінділері жатыр. Оның атауы – Отырар.

Отырар Сырдарияның  орта ағысындағы суармалы құнарлы алқап орталығы болып табылады. Батысында оған Қызылқұм шөлі келіп тіреледі, шығысында Қаратаудың жон-жоталарымен жалғасатын біркелкі жазық дала жатыр.

Арыс пен Сырдария құйлысындағы Отырар – үлкен егіншілік  ауданы. Қаратау жоталарының шалғайын басып жатқан Отырар-көшпенділердің сенімді тірек қамалдарының бірі. Отырардан Арысты өрлей шыққан жолдар Тараз бен Баласағұнды басып өтіп, одан әрі Шығыстан Түркістанға жетеді, Сырдарияны өрлей жоғары кететін ежелгі жол сорабы Шал, Соғды арқылы жалғасып, Мерв пен Нишапурға жеткізеді, төмен кететін жол Арал аймағына, одан Оралға шығады, батысқа Қызылқұм арқылы өтетін жол Хорезмге, одан әрі Қара теңіз бен Кавказға апарады. «Орта Азияда, - деп ескертті белгілі совет археологі А.Н.Бернштам,-бұдан ең қолайлы және ең қауіпті орынды табу қиын».

Қала үстінен қара құйындай соғып өткен мың жылдық басқыншылар соғысы өзінің істерін  істеді – бір кезде гүлденген  қала орнында қазір үстін шөп  басып кеткен үйінді обалар жатыр. Ежелгі елді мекендердің орынына оба болып көтерілген әрбір төбенің өз атаулары бар: Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе, Пышақтөбе. Бір заманда олар басқаша аталған еді, бірақ ол атаулар ұмтылған, тек аттары жазба деректерден белгілі екі қала атауларын осы күнгі үйінді обалар атауларымен салыстыруға болады. Зерттеушілердің анықтауынша Құйрықтөбе орнына Кедер қаласы болған, ал күйреген ескі Оксус қаласы Весидж қаласына сәйкес келеді. Бір кезде бұлар да басқаша аталған, бірақ жергілікті аңыздар қазіргі атауларды бұрынғы қалалардың Отырармен қарым – қатынаста атқарған өзіндік кәсіптерінің түрлерімен байланыстырылады. Мәселен, Алтынтөбе атауы да зергерлер тұрғандықтан солай аталған. Пышақшытөбе-қару жарақ ұсталарының мекені, Құйрықтөбе /қойдың құйрығы тәрізді жалпақ жота/ - қасапшылар жайлаған орын.

Отырардағы алғашқы қазба жұмыстарын Түркістанның археология әуесқойлары үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А.Черкасов 1904 жылы жүргізген. Олар қазылған ұзынша орлардан керамика, кірпіш түрлерін жинады және бірнеше ондаған мыс теңгелер тапты.

Отырар мен осы көгал алқаптың қалаларынан жиналған теңгелер санаты жоғарыда аталған дәуірлерге жатады. Бірінші үлгіге жататын теңгелердің оң бетінде  садақ түріндегі түргеш таңбасы, теріс жағында арыстан бейнеленген. Екінші үлгідегі теңгелердің бет жағында Х белгісі таңбаланған. Жетісуда, Шашта және Соғдыда  жасалған орта ғасырлық теңгелермен салыстырып көргенде бұл жергілікті билеушінің әмірі мен шекілген ең жаңа түрлі теңгелер үлгісі болса керек деген ойға келтіреді. Екінші үлгідегі теңгелер Кангу Тарбанның кангар билеушілері қалауымен жасалған болар деген болжам да бар.

Қала ғимараттары арасында монша тәрізді қоғамдық құрылыстар пайда бола бастайды.

Монша Орта Азия қалаларында  ХІІІ ғасырдан ерте салынған жоқ. Үлкен  қалаларда бірнеше ондаған моншалар болатын. Шығыс қалаларында монша қоғамдық ғимараттар мен қатар көрнекті орынға ие болды.

Отырардың гүлденуі моңғолдар  шапқыншылығынан тоқталып қалды. Сонымен  аз-ақ алдында Отырар Хорезмшах мемлекеті  құрамына кірген болатын. Шыңғысхан 1218 жылы хорезмшах Мұхамеддтің сарайына өзінің сауда керуенін жіберді. Керуен Отырарға келіп кірген кезде, қала мұрагері Иналшық Қайырхан Мұхамеддтің әмірі бойынша керуенді талауға бұйрық берді. Ол мемлекет мүддесін көздеп солай етті, өйткені керуендер көпестерге қарағанда жасырын да, ашық та жансыздар /шпиондар/ көп еді. Бүкіл керуеншілердің ішінен мал айдаушылардың біреуі ғана қашып құтылып сұмдық хабарды Шыңғысханға жеткізді. Ашуланған Шыңғысхан кінәлілерді жазалап, Қайырханды қолына беруді талап етті. Алайда Хорезмшах моңғол елшісін өлтіруге бұйрық етті.

Отырарда Ахмет Яссауидің  ұстазы Арсылан-Баба бейіті үстіне салынған мавзолей де Темір есімімен тығыз  байланысты. Ол сақталған жоқ, дегенмен қазір Темір заманында салынып, қираған ғимараттың орнына, яғни Отырардың  батысына таман 3км жердегі қорымға ХІХ ғасырдың бас кезінде қайта салынған мовзолей зіңкиіп тұр.

ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы кварталдардың бірі 2300 шаршы метр алаңнан қазып аршылды. Ол әрқайсысының жерінің ауқымы 30-40тан 250 шаршы метрге дейін жететін 12 жеке үйлер иелігінен тұрады. Кварталдың ХІ-ХІІ ғасырлардағы алып құрылыстар қалдығы құрамында жасалынғанын анықтауға қол жетті: ХІ-ХІІ ғасырлық құрылыстардың бірқатар қабырғалары жаңа жоба құрылымына енгізілгені, алайда іс жүзінде ол жаңаша үлгімен салынғаны байқалады.

ХІІІ ғасырдағы ХҮ ғасырдың бас кезінде Қазақстан қалалары құрылыстарының дәстүрлі санаттары құрамында, одан бұрынғы уақыттағыдай, монашалар да болды. ХІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХҮ ғасырдың басындағы кезеңге жататын бір монша Отырардан қазып ашылды. Ал оңтүстік кіреберістен батысқа таман 200м жерде, су қоймасы жағасында, ХІ-ХІІ ғасырлық монша орнына салынған.

Түркістан алқабы ҮІІІ ғасырда  Шавгар өлкесі атауымен белгілі болған. Астанасы басында өзіне аттас  шаһар екен, ал кейінірек аты ХІІ  ғасырдан белгілі Яссы қаласы болғаны мәлім. Орта ғасырлардың аяқ шенінде Яссы – Түркістан Оңүстік Қазақстанның едәуір бөлігін және Талас аймағындағы Алатау бөктерін, Сырдарияның орта белі мен Қаратау баурайын түгел қамтитын үлкен айқаптың орталығына айналған.

Ясы – Түркістан ірі сауда орталығы болған. Рузбихан бұл жерде қыр-даланың, Орта Азияның, Қытайдың сауда жолдары түйіскен деп мәлімдеген. «Солтүстік жағындағы өзбек жерлерінен Андижанға жүретін жолдарменен Қытайдың шегарасына дейін... Иасыға заттар мен сирек бұйымдар жеткізіледі. Мұнда саудаға түседі. Бұл саудагерлері мен жолаушыларының аялдайтын жері» Түркістан үлкен диқаншылық аймақтың да орталығы болған, құқықтық куәліктерде Ходжа-Тұмасы құдығы,Қара-бұлақ, Сарай-бұлақ т.б. арықтар айналасындағы суармалы  жерлер аталған.

Информация о работе Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары мен қоныстары