Қазақстанның Ресей құрамына енуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа

Описание работы

Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.

Содержание работы

Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 166.43 Кб (Скачать файл)

тереңдей шабуыл жасау Орынбор шебі тарапынан  да, Сібір шебі тарапынан да

əзірленді.

1833 жылы Орынбор  өлкесінің əскери губернаторы  болып тағайындалған

В.А.Перовский өзінің алдына екі міндет қойды: біріншіден – орыс билігін

мойындамайтын қазақтарды бағындыру; екіншіден – орыс əскерлерін Орта Азия

23

хандықтарының шекараларына жақындатуды тездету міндетін қойды. Осы мақсат

үшін оған Сырдарияның  төменгі ағыстарында жаңа əскери шеп салуға өкім берілді.

Бұл шаралардың жүзеге асырылуы жұртшылықты қатты алаңдатты, сөйтіп Орта

Азия хандықтарымен  шекаралас қазақ халқы Орынбор  əкімшілігіне бағынудан бас

тартты. Халықтың бір  бөлігі Хиуаға, тағы бір бөлігі қоқандықтарға  көшіп кетуге

тырысты. Перовский  бұл үрдіске жол бермеу үшін далаға жиі-жиі жазалаушы

отрядтар жіберіп  тұрды.

1839 жылғы Хиуа  жорығы сəтсіздікке ұшырағаннан  кейін В.А.Перовский

Сырдария əскери шебін құрудың тікелей басшысына  айналды. Бұл міндет үлкен

мақсатты: Сырдарияның  төменгі ағыстарында, Қоқан жəне Хиуа хандықтарының

тікелей шекаралары бойында əскери күштерді нығайту, сондай-ақ бұл аймақтарды

стратегиялық, экономикалық тұрғыдан зерттеу, Арал теңізі мен Үстіртті игеру

мақсатын көздеді.

ХIХ ғасырдың 40-жылдарында патшалық Ресей Орта Азия хандықтарын  түпкілікті

жаулап алуға  əлі де əзір емес еді.Сондықтан алғашқы  кезде дипломиялық

миссиялар жіберілді, ол елдердің экономикалық жəне саяси  қал-жағдайын зерттеу

күшейтілді.

ХIХ ғасырдың бірінші  жартысының аяғына қарай Ақтау (1835 ж.), Ұлытау (1835

ж.), Қапал (1846 ж.), Сергиополь (Аягөз, 1831 ж.) жəне басқа бекіністер салынып,

олар Ресейдің тірек  пункттеріне айналды. 1848 жылы Батыс  Сібір генерал-

губернаторына бағынған Үлкен Орда приставының қызметі  белгіленеді. Ол Ұлы

жүздің жаулап алған  аймақтарын басқаруды жүзеге асырды. 1851 жылы Таушубек,

1853 жылы Ақ-Мешіт  бекіністерінен қоқандықтарды ығыстырып  шығарғаннан

кейін Ресейдің позициясы  нығая түсті. 1854 жылы Алматы шатқалында Верный

бекінісін, ал 1859 жылы Қастек бекінісін салу аяқталды. Ресейдің Қазақстанның

оңтүстігіндегі  Қоқан бекіністеріне шабуылы  осы жерлерден басталды. 1856 жылы

Семей облысының  құрамында батапқыда орталығы Қапал  қаласында, ал 1862

жылдан Верный қаласында  болған Алатау округі құрылады.

Жетісуды қоса алғанда, оңтүстік қазақтары арасында Ресей  ықпалын күшейтудің

тиімділігі кем  түспейтін келесі құралы марапаттаулар, атақтар беру, жоғары

24

қызметтерге тағайындау, құрмет көрсету жəне т.б. арқылы ықпалды  ру

билеушілерін отаршылдық өкімет орындары жағына тарту болды.

Жалпы алғанда, аймақтың тағдырын оның жергілікті халқы емес, қайта Қоқан мен

Ресей арасындағы соғыс  шайқастары шешті, ал осы экспанциялық мемлекеттердің

жақтастары мен  қарсыластары арасында да қазақтар болды.

1860 жылы орыс  əскерлерінің қоқандықтарға қарсы  белсенді соғыс қимылдары

басталды: 26 тамызда  – Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пішпек құлады, ал 24 қазанда

Ұзынағашқа жақын  жерде шайқас болып, онда подполковник Колпаковский

бастаған отряд  қоқандықтардың едəуір күштерін ірі  жеңіліске ұшыратты.

1864 жылы орыс  əскерлерінің іс-қимылдары қайтадан  жандандырылды. Верный

қаласынан шыққан полковник  Черняевтің басшылығындағы отряд 4 маусымда

Əулие-Атаны, ал Ақ-Мешіттен шыққан полковник Веревкиннің отряды 12

маусымда Түркістанды  жаулап алды.

Петербургтегілер  Оңтүстік Қазақстандағы соғыс қимылдарының өрбуін мұқият

қадағалап отырды. Түркістан мен Əулиеатаны алу  жөнінде сəтті жүргізілген

операциялары үшін М.Г.Черняев пен Н.А.Веревкинге шендері  көтеріліп, генерал-

майор атағы берілді.

1864 жылдың күзіне  қарай Оңтүстік Қазақстанда қалыптасқан  əскери-саяси жағдай

орыс мемлекетінің өркөкіректік жоспарларына сай келді. Бұл кезге қарай

қазақтардың көпшілігінің белгілі бір дəрежеде орыс өкімет орындары жағына

бүйрегі бұрды жəне қоқандықтарға қарсы күресте  оларға шамасынша көмек

көрсетті. Осы жағдайды пайдаланған Черняев 22 қыркүйекте Шымкентті  жаулап

алды.

Ресейдің жалпы  Оңтүстік Қазақстанға əскери экспанциясы  ерекше қатыгездікпен

жəне əскери тұрғыдан ақтауға болмайтын əрекеттермен жүргізілгенін ерекше атап

өту қажет. Қалалардық бейбіт тұрғындары зорлық-зомбылық пен  талап-тонауға

ұшырады.

Замандастарының айтуынша Ш.Уəлихановтың Черняевтен кетіп қалуына  патша

генералдарының  нақ осындай əрекеттері себеп  болған. Оның

ғұмырнамашыларының  бірі былай деп жазды: “орыс əскерлерінің Шоқан

25

діндестеріне немесе оның тайпаластарына, яғни қазақтарға жасаған айуандығы оны

қатты ренжітті. Ол жорыққа ендігі жерде қатыса алмайтындығын  көріп, Черняевтен

қол үзді жəне Верныйға жетіп, ол жерден Тезек сұлтанның  ауылына барды”.

Түркістан мен Шымкенттің алынуымен Орынбор жəне Сібір  шептері тұйықталды.

Шын мəнінде, Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің 130 жылдан

астам уақытқа созылған ұзақ та күрделі үрдісі осы оқиғамен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау.  Қазақстанның ________________Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі.

2.1 Сырым  Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының  көтерілісі.

ХVIII ғасырдың аяғына қарай Ресей империясының отаршылдық саясатының

күшеюі халықтың əлеуметтік-шаруашылық жағдайының нашарлауына  алып келді.

Қазақтар өздерінің  ежелгі қоныстарынан ығыстырылып шығарылды. Аймақтағы

саяси жəне экономикалық билік барған сайын Ресей əкімшілігінің  қолына

шоғырлана берді. “Бөліп ал да , билей бер” принципі бойынша  құрылған жүйе

аймақтағы барлық қайшылықтарды  шегіне жеткізе шиеленістірді. Сондықтан  Кіші

жəне Орта жүз  қазақтарының бір бөлігінің 1773-1775 жылғы  Е.Пугачев бастаған

шаруалар көтерілісіне қатысуы кездейсоқтық емес еді. Кіші жүз қазақтары Жайық,

Кулагин бекіністеріне  шабуылдарға қатысты. 2000 қазақ сарбазы  Орынборды

қоршауға қатысты. Орта жүз қазақтары Пресногорьков  жəне тағы да басқа

бекіністерге шабуыл жасады.

Халық бұқарасының  алғашқы əрі ең маңызды қимылдарының бірі Сырым

Датовтың қолбасшылығымен  болған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-

1797жж.) болды. Академик  Ə.Марғұлан бұл көтеріліске “  Əбілқайыр ханның

ұрпақтары мен патшаға  қарсы бағытталаған көтерілістердің  ішіндегі ең ірісі жəне

белгілісі” деп  баға берді.

Кіші жүз қазақтарының көтерілуіне патша өкіметінің қазақтарды “ішкі жаққа”,

Жайық сыртына өткізбей, оған тыйым салуы басты себептердің  бірі болды.

Сонымен қатар, империяның өлкедегі отаршылдық үстемдігін нығайту  мақсатында

жаңа актілер  қабылданды. Мəселен, казактарға қазақтардан  адамдары мен малын

26

өз бетімен тартып алуға, күдік тудыратын кез-келген қазақты ұстауға ресми түрде

рұқсат етілді. Ал казактар ретінде тақ қызметінде жүрген қалмақтардың,

башқұрттардың, татар-мещеряктардың  қолымен ұлтаралық араздық саясаты

жүзеге асырылды. Хан, сұлтан, жайық казак əскері мен  патша əкімшілігі

тарапынан ашықтан-ашық талап-тонау мен халыққа зорлық-зомбылық жасалды.

Қазақ қоғамының  өз ішінде феодалдану үрдісі тереңдей түсті, феодалдық

аристократия мен  ру шонжарларының мүдделері барған сайын алшақтай берді.

Хандар мен сұлтандардың үстем тобы дəстүрлі шонжарлар –  ақсақалдармен,

билермен, батырлармен  барған сайын азырақ санасып, олардың  құқықтарына

қысым көрсетті. Олар барған сайын патша өкіметінің дала өңіріндегі тірегіне

айналды. Ұзаққа созылған саяси алауыздықтардың нəтижесінде  байбақты руынан

шыққан батыр  Сырым Датов бастаған топ бөлініп  шықты.

Қазақтың дəстүрлі мəдениетінде Сырым атақты би жəне шешен ретінде белгілі. Ол

ішкі өмірдің  көптеген мəселелерін шешкен, ал оның шешендік өнері талай

ұрпақтарға үлгі болған. Жеке басының ержүректілігі, ерлігі, табандылығы жəне

сирек кездесетін қайрат-күші оған батыр даңқын əперді. Өзі басшы  болған осы

көтерілісте Сырым  Датов осы жақсы қасиеттерінің  бəрін танытты.

ХVIII ғасырдың 80-жылдарының басында даладағы жағдай əбден шиеленісіп

кетті. 1782/1783 жылдың қысындағы жұт қазақ шаруашылықтарына қатты соққы

болып тиді, мал  қырғынға ұшырады. Жағдайды пайдаланып казак əскерлері ішкі

жаққа көшіп барған қазақтардың малын тартып алса, өкімет орындары қазақтарды

үлкен көлемде айып төлеуге мəжбүрледі. Осы əрекеттерге  жауап ретінде қазақтар

Орал бекініс  шебінің бойындағы редуттарға, бекіністер мен қамалдарға толассыз

шабуыл жасай  бастады. Мұндай əрекеттерде сəттілік те, сəтсіздік те болып тұрды.

1783 жылғы шапқыншылықтардың  бірінде С.Датов орал казактарының  қолына

түсіп қалып, оны  босату үшін Нұралы хан үлкен көлемде  өтем төлеуге мəжбүр

болды. Өйткені Сырым  ханның қарындасына үйленген болатын. С.Датовтың ел

ішіндегі беделі де ханды осы əрекетке мəжбүр етті.

1784 жылғы қарашаға  қарай Сырым батыр Сағыз өзенінде 1000 адамнан тұратын

ірі жасақ жинады, оның маңызды міндеті патшалық өкімет орындарына қарсы

27

қимылдау болатын. Сырымның өз бетімен іс-əрекет етуі оның Нұралы ханмен

ара-қатынастарының алшақтауына себеп болды. Көтерілісті  басып-жаншуға

генерал-майор Смирнов  бастаған орынбор казактары мен  башқұртардан тұрған

жазалаушы отряд  жіберілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты басты

мақсатына жете алмаған  жазалаушы отряд қайтар жолда  бейбіт қазақ ауылдарын

қырғынға ұшыратып, малдарын айдап əкетті. Жазалаушылардың  көрсеткен жəбірі

халықтың ашу-ызасын күшейтті. Сол кезге дейін көтеріліске  қатыспаған көптеген

ауылдар көтерілісшілерге қосылды. Көтерілісшілердің негізгі  күші Сағыз өзені

бойында шоғырландырылды. Сырым Датовтың қоластына 2700 адам бірікті, ал

жалпы көтерілісшілердің  саны 6000 жетті.

1785 жылдың көктемінде  көтерілісшілер Антонов форпостына, кейіннен Сахарная

бекінісіне шабуыл жасады. Алайда гарнизондар алдын-ала  дайындалып

отырғандықтан бұл  шабуылдар сəтсіз аяқталды. Кейін  шегінуге мəжбүр болған

көтерілісшілер  алысқа кетпей, орыс бекіністеріне  жиі-жиі шабуылдар жасап тұрды.

Көтерілісшілер  саны күннен-күнге көбейіп отырды, ал отаршылдық билік

аппаратымен тығыз  байланыста болған Кіші жүз ханы Нұралының  беделі

төмендеді. Халық  ханнан сырт айналып кетті, ал патшалық өкімет орындары

ханның дəрменсіздігіне  көз жеткізді. Осындай жағдайда патша  əкімшілігі ханның

қатысуынсыз көтерілісшілермен  тікелей келіссөз жүргізе бастады. Нəтижесінде

Кіші жүзді үш бөлікке бөліп, оларды старшындар басқаруына беру туралы шешім

қабылданды. Сырым  Датов оларға кеңесші болып тағайындалды. 1786 жылғы 3

маусымда II Екатерина  Нұралыны хан билігінен шеттету  туралы рескриптіге қол

қойды. Нұралы Орынборға  шақырып алынып, ол жерден Уфаға  жөнелтілді.

Патша үкіметі қалыптасқан  жағдайды пайдаланып, хан билігін  жоймақшы болып

шешті. Сыртқы істер  алқасы Орынбор генерел-губернаторы  Игельстромға Кіші

жүзді басқару жобасын  əзірлеуді тапсырды. “Игельстром  реформасы” деп аталған

бұл жоба 1786 жылдың көктемінде мақұлданып, бекітілді. “Реформаның” мəні

Кіші жүзде хан  билігін жоюға əрекет жасауда  болатын. Саяси билік Орынбор

əкімшілігінің қолында  шоғырланды. Генерал-губернатордың  жанынан жүздерді

басқарудың жаңа органы – феодал шонжарлар мен  патша əкімшілігінің

28

өкілдерінен - Орынборда  Шекаралық сот құрылды. Əкімшілік  органдар – ру

ақсақалдары кіруге тиіс болған “расправалар” осы  сотқа бағынды.

Сөйтіп, патшалық өкімет орындары сол кездегі дəстүрлі билік  иелері шонжарларға

сүйенуге үміттенді. Ең ықпалды ақсақалдарға “бас ақсақал” атағы енгізілді, оларға

барлық руларды  қадағалап отыру міндеті жүктелді. Басқару жүйесіндегі төменгі

буын ру ақсақалдары  болды, оларға айлық тағайындалды.

Алайда беделді  ақсақалдар мен билердің көпшілігі  “реформаға” қарсы шықты.

Олар ақсақалдардың  пайдасына ханның құқықтарын шектей отырып, хан билігін

сақтап қалғысы  келді.

“Реформаны” жүргізу  барысында Игельстром Орал казак  əскерінің қазақ

ауылдарына шабуыл жасауына тыйым салды. Қазақ малшыларына  қыстыгүні

Жайық пен Еділ арасындағы жерге көшіп бару мүмкіндігі берілді. Орынбор

айырбас сарайында  сауда жандана түсті.

Алайда өкімет ойластырған  “тыныштық” орнамады, қазақтар өз қимылдарында

дербестікті нығайтуға  жəне Орынбор əкімшілігіне тəуелсіз болуға ұмтылды.

Патша үкіметі Кіші жүзде жүргізіліп жатқан басқару  реформасының

күткендегідей нəтиже бермегенін көрді. Оның бірнеше себептері  болды:

Əбілқайыр ұрпақтарының осындай жолмен биліктен шеттетілуі əрине олардың

қарсылығын тудырды. Хан билігін талап еткен Кіші жүз сұлтандарының күресі

Орта жүз сұлтандарынан  да қолдау тапты. Олар Кіші жүзде хан  билігінің

жойылуы таяу болашақта  Орта жүзде де хан билігінің жойылуын туғызуы мүмкін

екенін түсінді. Сонымен бірге, жаңадан құрылған билік органдары-“расправалар”-

көшпелі өмір жағдайында өзінің тиімсіз екендіне көзін жеткізді. Осындай

жағдайда патша  өкіметі хандық билікті қалпына  келтіруге бағыт алды.

ХVIII ғасырдың 90-жылдарының басынан Орынбор əкімшілігінің  отарлау саясаты

Информация о работе Қазақстанның Ресей құрамына енуі