Қазақстанның Ресей құрамына енуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа

Описание работы

Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.

Содержание работы

Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 166.43 Кб (Скачать файл)

арттыру үшін əрбір  билеуші сұлтанға алтын қылыш, ту, қызмет дəрежесі

көрсетілген грамота  берілді. Бұлардан басқа билеуші  сұлтандарға айына 100

сомнан күміс  ақша, жылына 60 қанардан қара бидай  ұнын беруді тағайындады.

Жаңа жағдайда қазақ  даласындағы билік аға сұлтандар  мен билеуші сұлтандар

қолында шоғырландырылды. Сұлтандар жанына 200 адамдық казак  отрядтары

қосып берілді. Олар сұлтандарды күзетіп, əскери-полициялық қызмет атқарды.

Сонымен бірге жергілікті өкімет солардың араласуымен сұлтандар  жұмысына

өзіндік бақылау  жүргізіп, қажет болған жағдайда оларды патша əкімшілігінің

талабына орай əрекет етуге көндіріп отырды.

20-жылдардағы басқару  жүйесін өзгертуге талдау жасағанда,  феодалдық

басшы топтың отарлау  аппаратымен сіңісіп кету үрдісін  айқын көруге болады.

Орта жүздегі  аға сұлтандар мен Кіші жүздегі  билеуші сұлтандарды шын мəнінде

патша үкіметі тағайындап отырды; лауазымда адамдарды сайлау орыс

əкімшілігінің шексіз бақылауымен ғана жүргізілді. Патша  қызметіне ауысқан

қазақ феодалдары еңбекшілерді фоедалдық қанаудың бұрынғы түрлерін сақтап

42

қана қойған жоқ, сонымен қатар үкімет атынан салық  жинады (түндік басынан

алым, заттай төлем, жөндеу жүргізгені үшін алым, көшіп-қонғаны  үшін ақша төлеу

т.б.).

1824 жылдан 1838 жылға  дейін Қарқаралы, Көкшетау, Құсмұрын, Баянауыл,

Аягөз, Ақмола, Көкпекті округтері ашылды.

Жарғыда сонымен  қатар, жергілікті халықты егіншілікке  ынталдандыру,

олардың жер жыртуға  көшуін көтермелеу маңызды бағыт  алды. Отырықшылыққа

көшкендерге 15 десятинаға дейін жер беруге рұқсат етілді. Отаршылдық өкімет

осы арқылы барымтаны, руаралық қырқысты жоюға тырысты.

Реформа Қазақстанда  сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар

туғызды. Патша өкіметінің бұған белгілі дəрежеде мүдделі  болуын экономикалық

факторлармен қоса, оның көшпелілер арасынад өзінің саяси  ықпалын нығайту

ниетімен түсіндіру  керек.

Жаңа ереже бойынша  Орта жəне Кіші жүзде сот ісін жүргізудің бұрынғы

жүйесі қатаң  өзгеріске ұшырады. Сатқындық, қарақшылық, кісі өлтіру, барымта,

сондай-ақ өкіметке қарсы бас көтеру жөніндегі бүкіл  істі патшаның əскери соты

қарайтын болды. Шеп бойындағы тұрғындарға шабуыл жасап, үйлерін тонағаны

жəне оларға 20 сом  күмістен асатын мөлшерде материалдық  шығын келтіргені

үшін қазақтарды билеуші сұлтандарды қатыстыра  отырып, шекара

Комиссиясының азаматтық  қылмысты істер соты соттады. Сөйтіп ,билер сотынан

барлық маңызды  сот-құқықтық мəселелер алынып тасталды. Осыдан бастап билер

тек екінші дəрежелі істермен ғана айналыса бастады, олардың  қазақ қоғамындағы

беделі төмендеді.

Реформа Орта жүз  халқын ағартуға арналған жағдайды кеңейтті,

сауаттылықты кең  тарату көзделді.

1822-1824 жылғы жарғылар  алғашқы патшалық реформа ретінде,  бүкіл

дəстүрлі билік  құрылымын қиратып, əлеуметтік-саяси  жəне шаруашылық өмірдің

барлық жақтарын қамтыды. Хан билігі жойылғаннан  кейін Қазақстанның Ресейге

бағынышты аймақтарында Ресейдің саяси-əкімшілік жүйесін  енгізуге нақты

мүмкіндік туды. Мұнда  жаңа аумақтық құрылыс енгізіліп, соған  орайластырылып,

43

бүкіл Ресей империясындағыға ұқсас басқару органдары құрылды. Реформа

патшаның отаршылдық саясатына қарсы оппозицияның топтасуын  күшейте түсті.

ХIХ ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды əскери отарлаудың шешудің кезеңі

болды. Ресейдің жүз  жылдан астам уақытқа созылған өңмеңдеуі  өлкенің барлық

дерлік аумағының  империя құрамына қосылуына əкеп соқты. Бұл Қазақстанның

саяси бытыраңқылығының, күрделі сыртқы жағдайының салдарынан ғана емес,

сонымен қатар Ресейдің сөзсіз əскери басымдығының нəтижесінде  болды.

Қазақстанды Ресей  құрамына қосудың аяқталуы Қазақ  өлкесі жөніндегі

саясатына елеулі өзгерістер енгізді. “Бөліп ал да, билей бер” принципіне

негізделген саяси  мүдделерін басшылыққа ала отырып жəне қазақтардың өз

мемлекеттілігін қалпына  келтіруін аяусыз жаныштап, Қазақстанда  отаршылдық

режим орнатты.

Кең байтақ Қазақстан  аумағына орналастырылған əскер  бөлімдерімен

шектелмей, жаңадан  жаулап алынған иеліктерде отаршылдық билікті нығайтуға

ниеттенген Ресей  оңтүстік-шығыс Қазақстанға қосымша  жаңа əскери бөлімдерді

əкелді.

Осы аймақта Ресей  позициясын нығайтудың басты жолдарының бірі – басқару

жүйесіне өзгерістер енгізу болды.

Метрополияның қарқынды дамып келе жатқан өнеркəсібі шикізат  көздеріне,

жұмысшы күшіне барған сайын мұқтаждық көре бастады.Табиғи ресурстарға, мал

шаруашылығы шикізатына бай қазақ жері орыс кəсіпкерлерінің  назарына көптен

бері-ақ іліккен  болатын. Алайда əр түрлі табиғи-географиялық жағдайлары бар

көлемді аймақты  игеру басқарушы топтардан əкімшілік-территориялық, сот жəне

басқа өзгерістерді енгізуді талап етті. 1822-1824 жылдардағы реформалар отарлау

үшін кеңістік ашып берді, бірақ мұндағы ғасырлар бойы сақталып келе жатқан

басқару формаларын толығымен жоя алмады.

Бұл міндеттерді XIX ғасырдың ортасында, қазақ жерлері  түгелдей Ресей

құрамына енгеннен кейін ғана шешу мүмкіндігі туды. Осы  к форманы əзірлеу

кезінде қалың халық  бұқарасының көңіл-күйі ескерілмеді. Ш.Уəлиханов

қазақтардың материалдық  жағдайын жақсартуға жəне олардың амандықта  өмір

44

сүруіне көмектесетін реформалар жүргізуді жақтады жəне Қазақстанда халықтың

өзін-өзі басқару  негізіндегі əкімшілік басқару  жүйесін енгізуді ұсынды. Алайда бұл

ұсыныстар қабылданбады. Реформа жобасын жасауға осы  өлкенің ерекшеліктерін

жақсы білетін орыс шығыстанушы ғалымдары да қатыстырылмады.

1865-1866 жылдары Далалық  комиссия Қазақ даласын басқарудың  жобасын

ұсынды. 1867 жылдың 11 шілдесінде II Александр патша “Жетісу  жəне Сырдария

облыстарын басқарудың уақытша ережелерін”, ал 1868 жылдың ______________21 қазаныныда “

Орынбор жəне батыс  Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын

басқару туралы уақытша  ережелерін” бекітті.

Реформалардың басты  мақсаттары мыналар болды:

1) Басқаруды қайта  ұйымдастыру – реформаға дейінгі  кезеңмен

салыстырғанда неғұрлым тиімді əкімшілік аппарат құру жəне өзін-өзі

қаржыландыруға  тиісті жергілікті “өзін-өзі басқарудың жаңа жүйесін құру”.

2) Аса маңызды  Орта Азиялық рыноктарды басып  алу, оның аса бай

өсімдігі мен  минералды ресурстарын игеру  үшін жəне Орталық Азияға одан əрі

шабуыл жасау  үшін Қазақстанды патша өкіметінің базалық лагеріне айналдыру.

3) Əскери бөлімшелерді  жəне шенеуніктердің орасан зор  көп мөлшерін

ұстауға арналған шығындарды жабу үшін салық жинауды көбейту.

4) Қазақстан жерін  мемлекеттік меншік деп жариялау  – қазақ даласын

одан əрі отарлау  үшін алғышарттар жасау.

5) Əкімшілік басқаруды  жеңілдету жəне қазақ халқына  салық салу

жүйесін жетілдіру  мақсатымен нақты əкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау жəне

оны дамыту.

6) Жалпыимпериялық  азаматтық жəне қылмыстық заңдарды  қолдану.

7) Сот органдарынының  байырғы халықтың қарсылығын  неғұрлым

икемді реттейтін  жəне өзінің өткір жүзін олардың  күресіне қарсы бағыттайтын

жаңа құрылымын  жасау.

Жаңа отаршылдық əкімшілік реформа бойынша Қазақстанның бүкіл аумағы

үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор жəне Батыс Сібір  генерал-

45

губернаторлықтарына бөлінді. Генерал-губернаторлар барлық əскери жəне

азаматтық билікті  түгелдей өз қолдарына шоғырландырды.

Əрбір генерал-губернаторлық  облыстарға бөлінді. Мəселен, Орынбор  генерал-

губернаторлығына  – Орал жəне Торғай облыстары, Батыс  Сібірге – Ақмола жəне

Семей, Түркістанға - Жетісу жəне Сырдария облыстары кірді. Бұрынғы Бөкей

хандығының аумағы 1872 жылы Астрахан губерниясының құрамына кірді, ал

Маңғыстау приставы 1870 жылы – Кавказ əскери округінің  қарауына, ал біршама

кейініректе Закаспий облысының құрамына енді.

Облыс əкімшілігін  əскери жəне əкімшілік билік берілген əскери губернатор

басқарды. Ол облыс  аумағында орналасқан казак əскерлерінің атаманы болып

табылды.

Жетісу жəне Сырдария обдыстарының əскери губернаторлары шекаралық

істермен де айналысты. Жалпы əскери губернаторларды патша  тағайындап,

қызметінен босататын  болды.

Əскери губернатордың  жанынан облыстық басқарма құрылып, оның

төрағасы вице-губернатор болды. Басқарма үш бөлімшеден: өкім беруші,

шаруашылық жəне сот бөлімшелерінен тұрды; əрқайсысын аға кеңесші басқарды.

Өз кезегінде  облыстар уездерге бөлінді. Жетісу облысына: Сергиополь, Қапал,

Верный; Ыстықкөл жəне Тоқмақ уездері кірді, сəл кейінірек  Жаркент уезі

құрылды; Сырдарияға – Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Əулиеата,

Ташкент, Ходжент  жəне Жызақ; Оралға – Орал, Гурьв, Калмыков, Жем; Торғайға –

Елек, Николаевск, Ырғыз, Торғай; Ақмолаға – Ақмола, Көкшетау, Омбы,

Петропавл уездері  кірді.

1869 жылы Ақмола  облысының құрамында орталығы  Атбасарда болған

Жаңасарысу уезі құрылды. Семей облысы – Семей, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл

жəне Қарқаралы  уездеріне бөлінді. Кейінірек облыста  Өскемен уезі құрылды. Уезд

бастықтарын облыстардың  əскери губернаторларының ұсынуы бойынша  генерал-

губернаторлар тағайындады. Уезд бастықтарының қолына əкімшілік  жəне

полицейлік билік  шоғырландырылды.

46

1867-1868 жылдардағы  реформа бойынша жергілікті басқаруға  ерекше көңіл

бөлінді. Əрбір уезд болыстарға, ал болыстар бірнеше шаруашылық ауылдарын

біріктірген жəне 100-200 шаңырақтан тұратын əкімшілік ауылдарға  бөлінді.

Болыстар ______________1000 шаңырақтан 2000 шаңыраққа дейін, кейде 3000 шаңыраққа дейін

қамтыды.

Болыс жəне ауыл əкімшілігін  құру тəртібі бүкіл реформада  көзделген

Қазақстан аймағын  отарлау мақсатына да қызмет етті. Отарлау саясатын адал

жүргізетін адам ғана болыс басқарушысы жəне ауыл старшыны болып “сайлана”

алды. Болыс басқарушысы  жарлық жəне полиция билігін өз қолына алып отырды.

Өзінің əкімшілік  ауылы шегінде старшындардың  да болыс басқарушылары

пайдаланғандай  құқықтары болды. Сырдария облыстарының қыстақтарында

полициялық жəне жарлықшы билікті ақсақалдар жүзеге асырды, олар үш жылға

сайланып отырды.

Əкімшілік басқару  реформалары сұлтандардың артықшылықтары мен

құқықтарына қатты  соққы болды. Олар өздерінің сословиелік

артықшылықтарынан айрылды. Алайда өзінің экономикалық жағдайы  мен

қалыптасқан салт-дəстүрге байланысты Қазақстанның саяси өміріне  үлкен ықпал

етіп отырды.

1867-1868 жылғы “Уақытша  ережелер” даладағы сот жүйесіне  де өзіндік

өзгеріс кіргізді. Қазақстанда Ресей империясының құқық жəне сот жүйесі енгізілді.

Сот жүйесінің жаңа органдары, əскери соттар, уездік соттар құрылды. Олар Ресей

заңдары негізінде  аса маңызды қылмыстық істерді  қарастырды.

ХIХ ғасырдың 60-жылдарының орта шенінде патша өкіметі

жалпыимпериялық соттарды енгізумен, олардың құзіретін кеңейтумен қатар сот

органы ретінде  билер сотын сақтап қалуға ұмтылды. Сонымен бірге, патша үкіметі

билер сотын сақтай отырып, оның қызмет шеңберін шектеуге жəне тарылтуға

тырысты.

1867-1868 жылдардағы  реформа бойынша ауылдарда билер  сотының 3 деңгейі

құрылды: бірінші  деңгей – билердің жеке соты, екіншісі – билердің болыстық съезі

жəне үшіншісі –  билердің төтенше съезі.

47

Би-судьялар сайланып қойылатын болды, билер 3 жыл мерзімге, болыс

басқарушыларының  сайлауымен бір мерзімде сайланды жəне бұл атаққа облыстың

əскери губернаторы  бекітті.

Билер соты қызметінің негізгі тұстары: соттың сайланбалық  негізі, сот ісінің

қысқа мерзімде жəне жария жүргізілуі, сондай-ақ қалыптасқан  дəстүрлер:

айыпталушыға қоғамдық ортада беделі бар туыстарынаң кепілдік беруі – осы

жағдайлардың бəрі билер сотына қазақ қоғамы үшін отаршылдық сот

институттарына  қарағанда неғұрлым артықшылық берді.

1867-1868 жылдардағы  “Уақытша ережелерде” қазақтар  орналасқан барлық

жер жəне “сол жердегі  бар нəрсенің” бəрі патшалық Ресейдің мемлекеттік

мееншігі деп  жарияланды. Мемлекеттік меншік деп  жарияланған жерлер көшпелі

мал шаруашылығымен айналысатын қазақ халқының мерзімсіз  қоғамдық

пайдалануына берілді.

Ережеге сəйкес барлық ормандар Ресейдің мемлекеттік меншігі  деп

жарияланды. Осы  заң ережелерінің салдарынан қазақтар ормандарды пайдалану

құқығынан мүлде  дерлік айрылған болып шықты. Құдыққа  қажетті құрылыс үшін

де, ағашы үшін де қымбат ақы төлеу қажет болды.

Осы заңдарда пайдалы  қазбалар кеніштерін пайдалануға байланысты

мəселелер реттелді. Өнеркəсіпшілердің болыс қоғамдарымен “ерікті келісім”

бойынша олардың  қыстауына берілген жерді жалдау ақысын төлеп, жалға алуға

құқығы болды.

Ал егер руда кеніші қазақтарға жайлау ретінде бөлінген жерлерде болса,

өнеркəсіпшілердің мұндай жерлерді қазақтардың келісімінсіз, қандай да болсын

өтемақы төлемей  иеліктен айыруға құқығы болды.

Х1Х ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында сауда  кең дами бастады. Осыған

байланысты өлкеде Ресей империясының азаматтық құқығы кең таратылды. Бұл

орайда көбінесе мынадай шарттар: сатып алу-сату, қарыз алу, мүлікті жалдау,

айырбастау, жүк  тасу жəне т.б. шарттары қолданылды.

Дами түскен сауданың жəне Қазақстанға тауар-ақша қатынастары  енуінің,

Информация о работе Қазақстанның Ресей құрамына енуі