Қазақстанның Ресей құрамына енуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа

Описание работы

Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.

Содержание работы

Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 166.43 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1-тарау.  Қазақстанның Ресей құрамына  енуі

1.1 ХVIII ғасырдың  алғашқы ширегіндегі Қазақстанның  ішкі саяси жəне

халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары

1.2 Кіші жүздің  Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр  хан

1.3 XVIII ғасырдың екінші  жартысындағы Ресейдің отаршылдық  саясаты.

Абылай хан

1.4 Қазақстанның  Ресей құрамына енуінің аяқталуы

2-тарау.  Қазақстанның Ресейге қосылу  кезеңіндегі халық-азаттық күресі

2.1 Сырым Датов  бастаған Кіші жүз қазақтарының  көтерілісі

2.2 Исатай Тайманов  пен Махамбет Өтемісов бастаған  шаруалар көтерілісі

2.3 Кенесары Қасымов  бастаған азаттық қозғалысы

3-тарау  . Қазақстан Ресей империясы құрамында.

.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар

3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-

экономикалық өзгерістер

3.3 ХIХ ғасырдың  соңғы ширегіндегі патша үкіметінің  Қазақстандағы

отарлық саясаты

4-тарау.  ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан  мəдениеті

4.1 Халық ауыз  əдебиеті

4

4.2 Музыка өнері

4.3 Қазақтың демократ  ағартушылары

4.4 Халық ағарту  ісі

Қосымша

Қолданылған əдебиеттер

КІРІСПЕ

Оқу құралы төрт тараудан тұрады. Бірінші тарауда Қазақ  мемлекетінің XVIII

ғасырдың басындағы  ішкі саяси жəне халықаралық жағдайына  сипаттама берілген.

Қазақ-жоңғар соғыстары  жəне оның ауыр салдары, қазақ жерлерінің Ресей

империясына ену  үрдісі, оның нəтижелері мен салдары  мəселелері қарастырылған.

Екінші тарау  осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалыстарға  арналған. Жаңа тарихи

тұжырымдамалар  негізінде осы оқиғаларға баға берілген. Ресейдің

отаршылдық саясатының басталуы, Қазақ даласында жүргізілген  реформалар, қазақ

халқының саяси, əлеуметтік-экокномикалық өмірінде болған өзгерістер оқу

құралының үшінші бөлімінде  қарастырылған. Соңғы тарауда осы  кезеңдегі қазақ

мəдениетінің мəселелеріне көңіл бөлінген.

Жоғарыда көрсетілген  мəселелерге талдау жасауда жергілікті

материалдардың  қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің

жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға

əсеріне сипаттама  берілген. Осы қазақтардың ата  мекендерінен қуылып, Қытай,

Монғолия жəне Алтай  өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы  жаңа деректік

негізде қарастырылған.

Оқу құралының соңында  берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік

жұмысын ұйымдатыруына  көмекші құрал болады деп сенеміз.

5

1-тарау.  Қазақстанның Ресей құрамына  енуі

1.1 ХУ111 ғасырдың  алғашқы ширегіндегі Қазақстанның  ішкі-

саяси жəне халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары.

ХУ111 ғасыр Орталық  Азия, соның ішінде Қазақстан тағдырында орасан зор

орын алады. Ұлы  даланы мекен еткен ірі көшпелі  этностардан бұл кезде тек

қазақтар мен  қалмақтар(жоңғарлар) ғана қалды. Басқа  көшпелі халықтар –

қарақалпақтар, қырғыздар, алтайлықтар – оларға бағынышты  болды. Башқұрттар,

ноғайлар, түркмендер мен Еділ қалмақтары ірі отырықшы мемлекеттер Ресей,

Хиуаның қол астына өтті.

ХУ111 ғасырдың алғашқы  ширегінде қазақ хандықтарының  жағдайы біршама

ауыр болды.Тəуке  ханның руаралық қырқысты тоқтатып, жүздерде тыныштық

орнату, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан  басып кіруден

қауіпсіздендіру саясаты  уақытша ғана нəтиже берді. Билік  үшін күрес пен

сұлтандардың оқшаулануға  ұмтылуы көп кешікпей бірлікті бұзды, оны көршілер

дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары  қолдаған Еділ

қалмақтары шапқыншылық  жасады; солтүстіктен сібір казактары  шабуылға

шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұртттар  дəмеленді.Оңтүстік

жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтары (Бұхара, Хиуа) феодалдары

ығыстырды. Бірақ  ең қатерлі қауіп қазақ халқына  шығыстан күші басым,

басқыншы əскери-феодалдық  Жоңғар хандығы тарапынан төнген еді.

Жоңғарлардың қазақтарға шабуылы ХV ғасырда басталған  болатын. Алайда

олардың тарапынан  қауіп 1635 жылы Батыр – қонтайшы (1634-1653) Жоңғар

хандығын құрғаннан  кейін күшейе түсті. Оның негізінде  жайылым үшін

бақталастық жатты. Мал санының өсуіне байланысты көшпелілер жайылымдық

жерлер аумағын  ұлғайтуға мəжбүр болды. Дегенмен, жер  тарлығы əскери

қақтығысудың бірден-бір  себебі болған жоқ. Екі жақтың да феодалдық

топтарының сауда  жолдарына бақылау орнатуға, жауының  байлығынан олжа

түсіруге тырысуы  соғыстың шығуына белгілі бір  дəрежеде түрткі жасады.

Жоңғар феодалдарының  қазақтарға шапқыншылығы Цеван-Рабтан қоңтайшы

(1697-1727) билік еткен  кезеңде күшейді. Олар үсті-үстіне  шапқыншылық жасап,

6

тұтқындар мен малдарын айдап əкетті, жайылымдары мен  мүліктерін тартып алып,

кейде тұтас рулар  мен ауылдарды қырып жойды. Үздіксіз жасалған сыртқы

қақтығыстар мен  ішкі алауыздықтар əлсіреткен қазақ  халқы бұл кезеңде асқан зор

қайғы-қасіретті  бастан кешті. ХVIII ғасырдың басындағы  қазақтардың жағдайын

Ш.Уəлиханов былай  суреттейді: ”ХVIII ғасырдың алғашқы  онжылдығы қазақ

халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Олардың ұлыстарын  жоңғарлар, Еділ

қалмақтары жəне башқұрттар əр жақтан талқандап, малын  айдап əкетіп, тұтас

əулеттерді тұтқын етіп алып кетті”.

1710 жылы Қарақұмда  қазақ жүздері өкілдерінің съезі  шақырылды. Бұл

жиында ең ықпалды  тұлға Тəуке хан болды. Съездегі негізгі мəселе Жоңғар

хандығына бірігіп  тойтарыс беру еді. Алайда түрлі өкілдердің көзқарастары

бірдей болған жоқ. Кейбіреулері солқылдақтық танытып, жоңғарларға  бодан

болуды ұсынды. Дау  шарықтау шегіне жеткен кезде ортаға адуынды да кесіп айтар

шешен Бөгенбай батыр  шығып: “Таланған көштің, тұтқындалған бала-шағаның

бейшара бақылаушысы  болып отырман. Жаудан кек аламыз! Қыпшақ даласы

сарбаздарының жалтарған  кезі болды ма?! Жаудың зұлымдығына  шыдап отыра

алман?! Жауға мінер  тұлпар құрып па?! Сұр жебе толы қорамсақ қаңырап бос

қалып па?!”- дейді.Мұндай көзқарасқа ашық қарсы шығуға ешкімнің батылы

бармады. Осы жиында біріккен қазақ жасағына Бөгенбай батыр  жетекші болып

сайланды. 1711 жылы үш жүздің əскери күштері жоңғарларға  ауыр соққы бере

отырып, өз жерлерін қайтарып алды. Жоңғар хандығының жеріне баса-көктеп

кіріп, талай адамды тұтқынға алды. Алайда 1717 жылы Аякөз  өзені маңынды

болған шайқаста Қайып жəне Əбілқайыр хандар бастаған отыз мыңдық қазақ

жасағы ішкі алауыздықтарға байланысты жоңғарлардан жеңіліс тапты.

Дегенмен, ХVIII ғасырдың басында жоңғар билеушілерінің қазақ  жүздеріне

қарсы неғұрлым батыл  қимыл жасауын Жоңғар хандығына  Цин билеушілері

əскерлерінің шапқыншылық  жасау қаупі тежеген еді. Бірақ 1722 жылы Қытай

императоры Канси  қайтыс болғаннан кейін бұл қауіп  уақытша болса да бəсеңсіді.

1723 жылы жоңғар-қытай  бітімі жасалды. Шығыс жақтағы  өз тылын

7

қауіпсіздендіріп  алған жоңғар қоңтайшылары қазақтармен  соғысқа мықтап

дайындала бастады.

1723 жылдың ерте  көктемінде жоңғарлардың қазақтарға  қарсы ең жойқын

шапқыншылығы басталды.Жақсы  дайындалып, сақадай-сай тұрған жоңғарлардың

70 мың əскері  бір мезгілде жеті бағытта  қазақ жерлеріне шабуыл жасап,  олардың

басты күштерін жойып  жіберді. Жоңғарларда отты қарудың  болуы, олардың

əскери ұйымдасуының артықшылықтары, сан жағынан басымдығы  алғашқы ірі

жеңістерінің кепілі болды. Қазақтардың жадында “Қайың сауған ақ тышқан жылы”

болып айрықша қалған 1723 жылғы жұт та өзіндік роль атқарды. Шабуылдың

тұтқиыл да тегеурінді болғаны соншалық, жұрт ең қауқарсыз  қарттар мен бала-

шағаны тағдырдың  тəлкегіне тастай қашты. Сондықтан  ол жылдар халық жадында

“зар заман жылдар”  қасіреті ретінде сақталған. Бұған  “Елімай” деген атақты əн

дəлел болады. Оның үстіне ең шөлді жəне жан аяғы баспаған, қу мекиеннен басқа

шын мəнінде Қазақстанның бүкіл аумағы басып алынды. Қазақтар Түркістан,

Сайрам, Ташкент  сияқты сауда-саттық орталықтарынан айрылды. “Ақтабан

шұбырынды, Алқакөл  сұлама” деген атпен тарихқа  енген бұл қасірет қазақтарды

ғана емес, Орта Азияның барлық халықтарын да қамтыды. Самарқанның қаңырап

қалғаны жəне Бұхарада көптеген адамдардың аштыққа ұшырауы  осыған дəлел.

Жоңғар шапқыншылығына байланысты шаруашылық күйзеліс басталып, ол

қазақ билеушілері  арасындағы қарым-қатынасты одан əрі  шиеленістіріп жіберді.

Қазақ жүздерінің одан əрі саяси жəне экономикалық ыдырауын тоқтатып,

қалыптасқан жағдайдан  шығудың бірден-бір жолы - жауға  қарсы бірігіп күресу

болды.

Алайда азаттық  күрестің алғашқы кезеңінде қазақ  хандары мен сұлтандары

қарсылықты ұйымдастыруға  икемсіз болды.Тəуелсіздік үшін күресті халық

арасынан шыққан батырлар басқарды. 1724 жылдың өзінде-ақ қазақтар алғашқы

жеңістерге жетті.

1726 жылдың күзінде  Оңтүстік Қазақстандағы Ордабасы  деген биікте

бүкілқазақ съезі  өткізілді. Съезге қатысушылар бірге  болуға, өз қимылдарын

8

үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құруға ант  берді. Бүкіл қазақ

жасағының қолбасшысы болып Кіші жүз ханы Əбілқайыр  сайланды.

Соғыс қимылдарының басталуы Торғай даласының оңтүстік-шығыс

бөлігіндегі Бұланты  жəне Белеуті өзендерінің бойындағы  Қарасиыр деген жерде

болды. Қазақ жасағы қол жеткізген алғашқы ірі  жеңіс халықтың рұхын көтеріп,

жауға қарсы күреске  жігерлендірді. Кейіннен бұл жер  “Қалмақ-қырылған” деп

аталып кетті.

Жоңғарларға қарсы  қазақ халқының азаттық соғысының  жеңіспен

аяқталуында Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды.1730 жылы Балқаш

көлінің солтүстік-батыс  шегі жағында жатқан Алакөл маңында  шешуші шайқас

болды. Оған барлық үш жүздің жасақтары қатысты.

Шайқас жекпе-жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты

əскербасы, қоян-қолтық ұрыстың асқан шебері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан

жекпе-жекке жиырма жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік  аты) сұранды.

Абылай осы жекпе-жекте  өзінің қаһарлы қарсыласын жеңіп,есімін мəңгі даңққа

бөлеген.

Шайқастың сəтті  басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске  жігерлендірді. Олар

өздерінің ерлігін, ержүректігін, тастүйін бірлігін жəне жоғары əскери

машықтанғандығын  танытты. Əбілқайыр хан мен оның серіктерінің ең жақсы

қасиеттері осы  шайқаста көрінді.

Аңырақай шайқасында жеке ерлігін жəне ұйымдастырушылық қабілетін

көрсеткендер арасында батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары – барлық үш

жүздің өкілдері болды. Солардың ішінде Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы

Бөгенбай, Шақшақ Жəнібек, Тама Есет, Шапырашты Наурызбай, Бəсентиін

Малайсары сияқты батырлар ерекше көзге түсті.

Аңырақай шайқасы  нəтижесінде жоңғарлар қазақ  жерлерін тастап шығуға

мəжбүр болды. Қазақтардың  түбірлі жеңіске жетуіне жол  ашқан Аңырақай

шайқасы халық санасында  үлкен бетбұрыс туғызды.Бірлескен  күш арқылы жауды

жеңіп, рухы көтерілген халық жоңғарларды жеңугеболатынын  түсінді. Аңырақай,

Қалмаққырылған  шайқастарындағы айбынды жеңіске  қарамастан, жау əлі де

9

күшінде болатын, сондықтан  кейінгі жылдарда да оларға қарсы  ұзақ əрі

титықтататын күрес  күтіп тұрды.

1.2 Кіші  жүздің жəне Ресей бодандығын  қабылдауы. Əбілқайыр хан.

ХУ111 ғасырдың басында  Ресей империясының “Шығыс саясаты” жандана

түсті. Шығыс жақтағы  отарлау қозғалысының күшеюіне əр түрлі  жағдайлар əсер

етті. Қазақ даласы Ресейді Шығыс елдерімен байланыстыратын  көпір іспеттес еді.

Қазақ жерлері арқылы Европа мен Шығысты байланыстыратын  ең қысқа сауда

жолдары өтті. Сонымен  қатар, бұл аймақтың жер қойнауындағы мол байлықты

иелену, оны империяның мұқтажын өтеуге ұмтылыс та орын алды.

Алайда, ХУ111 ғасырдың басында Ресей Қазақстанға қарсы  ашық

отаршылдық саясат жүргізе алмады. Өйткені I Петр патшаның алдындағы басты

мақсат - “Европаға  терезе ашу”, яғни елдің батыстағы  позициясын нығайту болды.

Осы кезде басталған  орыс-швед соғысы соның дəлелі болатын. Сонымен бірге

өзінің əскери жəне экономикалық басымдығына қарамастан сол кезде Қазақстанды

күштеп бағындырып алуға бұл аймақтағы күші жеткіліксіз  болатын. Дегенмен

Қазақстанды өз уысынан  шығарып алмау үшін бұл жерлерде өзінің саяси ықпалын

орнатуға тырысты.

ХУ111 ғасырдың басында  Орыс мемлекеті өз тарихының аса  бір күрделі

кезеңін басынан  өткізіп жатты. Елдің экономикалық жағынан бірігуі,

мануфактуралық  өндірістің пайда болуы Ресейдің артта қалушылығын

жоюға, I Петрдің  реформаларының жемістілігіне алғы шартттар жасады. Елдің

сыртқы саясаты  жер иеліктерін кеңейтуге, ашық теңіздерге жол ашуға, Шығыс

жəне Батыс елдері арасындағы сауда-саттықтың қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге

бағытталды.

Ресейдің шығыс  бағыттағы саясатының жандануына əр түрлі факторлар əсер

етті.. Ең алдымен  бұл Ресейдің жер көлемін кеңейтуді  қамтамасыз етті. Сонымен

қатар Қытай жəне Үндістанмен сауда-саттықты жеңілдетті. Ең бастысы бұл

10

аймақтарда бай  руда көздерінің табылуы патша əкімшілігінің  ерекше

қызығушылығын тудырды.

1713 жылы Сібір  губернаторы М.Гагарин I Петрге  Ертіс бойына бекініс

салып, “алтын құмға” бай Жаркентке дейін жол салу жоспарын ұсынды.1714 жылы

1 Петрдің Ертіс  бойына подполковник И.Бухгольц  бастаған ірі əскери

Информация о работе Қазақстанның Ресей құрамына енуі