Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 20:11, лекция

Описание работы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.

Файлы: 1 файл

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы.docx

— 80.41 Кб (Скачать файл)

Шәкәрім – суреткер, жазушы, атақты ақын. Бай да маңызды мұра қалдырған, өзіндік творчестволық жолы сайрап жатқан сирек кездесер таланттың бірі.

Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы, XX ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүріп, шығармашылықпен шұғылданады. Оның өнеге көрген ортасы – Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың талант сүйгіш төңірегі. Шәкәрім жасаған дәуір еліміз қоғамдық жаңғыру жолына түсіп, Россия қарамағында соның бір өлкесі есепті тарихи қадамдар жасап, өзінің экономикасын да, саяси-әлеуметтік жағдайын да түзетуге бет бұрып жатқан кезең.

Шәкәрім осы тарихи кезеңнің талантты перзенті. Бұл жағынан ол халқымыздың  зиялы қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Омар Қарашев тағы басқалармен тағдырлас күрескер болды. Олардың бәрі де өздерінің революциялық өсу кезеңдерін бастан кешті. Туған халқының мәдениеті, азат ел болып, еркін еңбек еттіп, бейбіт өмір сүруін армандады. Сол үшін жан сала күресті, сол мақсаттан жазушылық арнасын тапты.

Шәкәрімнің туып өскен ата-баба шаңырағына да қазіргі біраз жұрт қанық. Қанық болғанда Құнанбайдв, Абайды, оның ұрпақтарын білу арқылы таныс. Құнанбайдың бір әйелінен  - Құдайберді, екінші әйелінен абай туған, Шәкәрім Құдайбердінің кенже ұлы. Шешесі – Дәметкен. Яғни, Шәкәрім – Абайдың жақын інісі. Абайдан 13 жас кіші Абайдың ақын балалары Ақылбай мен Мағауиядан үлкен. Жас шақтарында бұлар бірге тәрбиеленген. Әсіресе, олар Абай тәлімін қатар меңгерген. Болашақ ақындардың балалық бесігі, ұшқан ұясы – Абай мектебі. Сонымен қатар ол ауыл мектебінде оқып білім алады. Әкесі жас шағында қайты болғанымен, жетімдік көрмей емін-еркін өседі. Құнанбай шаңырағының болашақ иесі есепті бетқақпай көрмейді. Оның үстіне, Шәкәрім жас шағынан пысық, кітап оқу мүмкіншілігі жетілген кезден бастап, кемеңгер Абай оны терең білім алуға бағыттап отырады. Өз тарапынан Шәкәрім де білім салаларының ілкі басқыштарына тез жетіліп, ерекше үлгеріп, ынта-жігер көрсетеді. Бойына туа біткен талантын да ерте танытады. Есіткенін ескергіштік, айтқанды тез ұғып алғыштық, ерекше ынта-жігерлік байқалмай, есті адамдардың назарына ілінбей қалмайды. Әсіресе, оқығанын тез жаттап алғыштығы, Абай ағасының шығармаларын оқып, жадында ұстағыштығы ерекше көңіл аудартқан. Бұл кезді Шәкәрімнің « Семьялық мектептен» өткен шәкірт шағы деуге де болады. Асылы, мұндай «Семьялық мектеп» өз бетімен оқып, жетілу үлгісі Құнанбай семьясында қалыптасқан дәстүрлі үрдіс. Абайдың өзі қалай өз бетімен оқып жетілсе, Шәкәрім де сол жолмен тәрбиеленген.

«Шәкәрім - өз өмірін өзі жазып кеткен адам», - деп көрсетеді жазушы өміріне жетік ғалым Қайып Мұқаметханов. Жазушының шежіре кітабында жазғандарынан ол мысалдар да келтіреді. Мысалы: «... Ер жеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарды оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім», - деген екен Шәкәрім.

Жастық, махаббат тақырыптарына жазған шығармалары Абай өлеңдеріне көбірек ұқсайды. Рас  ара-тұра гауһар, лағыл, пейіш, хор қызы, ай, жұлдыз сияқты халықтық теңеулерді қолданады. Ғашық жарға деген жүрек сырын, ақ адал ниетін, бойын билеген шын сезімдерін ұстазынша жырлайды:

Гауһардай көзі,

Бұлбұлдай сөзі, жаннан асқан бір пері.

Жүзі бар айдай,

Мінезі бар майдай, өзгеден артық  сол жері.

Келтірілген жолдар тартымды, сұлудың сипаты, ғашықтар сезімі жетіледі. Сөйтсе де, ақын қолданған көркемдеу тәсілдері – қарапайым, ауыз әдебиетінің образдары.

Қырық жасқа дейін Шәкәрім ел жұмысымен айналысып, дала, қала жайларын өз көзімен көріп, ондағы түрлі тартыстар, қайшылықтар сырына үңіледі. Бөтен жұрт өмірін, мәдениетін білуге ғылым жетістіктерін тануға талап қояды. Білім мен мәдениет, өнер салаларының жетістіктеріне назар аударады.

Қазақ ауылындағы қараңғылық ошағы  дүние молдалар мен дін иелерінің  іс-әрекеттеріне байланысты. Шәкәрім қажыны олардың санатына жатқызуға болмайды. Сондай-ақ қаршадайынан әке семьясында құдайға құлшылық ету рәсімі бойынша тәрбие алып, кейін Меккеге барып, қажы атанған оны діни түсініктен арылтам деудің қажеті жоқ. Ол тек дінді, құранды жеке басы мақсатына пайдаланатындарға, дін қасиетін түсінбеушілерге дүмшелерге назары. Ғылым, білімге сенім артып, соған сүйенеді.

Адасып дінші азғанын,

Пәншілер ғылым қазғанын,

Философ ойшыл жазғанын,

Сынауға енді бұрдым бас.

Шәкәрім өзінің қажыға бару сапарын басқа елдерді аралап, Араб елдері, Батыс Еуропа шаһарларында болып, өзге жұртты өз көзімен көру ниетімен әдемі ұштастырады. Бұрын қазақ даласынан көп ұзап шыға алмаған, бірді-екілі орыс қалаларын ғана көріп білген ол енді талай заманнан елге ертегі болған Таяу Шығыс, Батыс елдерімен танысуға құлшынады. Мәдениеті ілнері, ғылым-білім, өнері биік өлкелерді аралайды. Түркия, Иран сияқты шығыс цивилизациясы жоғары халықтармен де жете танысады. Бұрын Орта Азия түркілерінің көне жазбаларын, Қадім кітаптарын оқыған ақын, енді одан мүлде өзгеше еуропалық тұрмыс-салтқа, білім, өнерге жолы түскеніне әбден риза болады.

Басқа елдерге саяхат шегу ілімге, білімге зеру, өнерге сусап барған ойшыл дарынға үлкен әсер етеді. Шығыс, орыс, Батыс классик әдебиетін  шұқшия зерттей оқиды. Оқыған шығармаларының халқына үлгі болар дегендерін қазақ тіліне аударады.

«Еңлік-Кебек», «Қалқаман –Мамыр» лирико-эпикалық дастандарын жазады. Қазақ жастарының туындылар өзінің реалистігімен де, тарихи деректілігімен де ерекшеленеді.

Шығыс классикасының Шәкәрім творчествосына әсеріне келсек, бұл салада да ақын қалдырған іздері айқын. Көне түркіні де, оның ішінде, Қашғария сөздігін, Жүсіртің «Құдадғу білігін», Иссауи мен Бақырғани шығармаларын жақсы білген. Қазақ ақын, жыраулары олардың сюжетін өлңге айналдырып, талай хисса-дастандар жасады. Кезінде кең тараған осы «Аударма» үлгісін Шәкәрім де қолданады. Ол Фзулидің «Ләйлі-Мәжнүнін» қазақша жырлады.

Орыс, Батыс әдебиеті, оның  XIX  ғасырлық тамаша туындылары ақынның ақыл тақтатқан кезде бас алмай оқыған дүниелері рухани қорегі болды. Абай сияқты Шәкәрім де: Гоголь, Пушкин, Лермонтов т. б. алыптарды оқып, көзі ашылып, көкжиегі кеңіген. Өзін ұлы Лев Толстойдың шәкірті, досы санаған. Онымен хат жазысып, ақыл-кеңес сұрап отырған. А. С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» повестерін өлеңмен аударып, өзіндік бір жақсы поэмалар жасаған. Шәкәрімнің жан-жақты қаламгер болып қалыптасуына, сөз өнері тарихына өзіндік ою-өрнекпен зор үлес қосуына көптеген факторлармен қатар оның алдында қазақ халқының бай ауыз әдебиеті фольклордан бірте-бірте бөлініп, жазба әдебиет белгілерін ғасырлар бойы қалыптастырған белгілі ақын-жыраулар мұрасы дамуы, жазба әдебиетінің саф алтын үлгілері Махамбет Өтемісов ұлы ақын Абай қазынасы болуы. Шығыс және Батыс әдебиеті алтын қорынан сусындау, меңгеру дәстүрі жетіле түсуі себеп болды.

Шәкәрім творчествосының басым көпшілігі-поэзиялық шығармалары. Сөз өнерінің осы байырғы түрі поэзияда ең алдымен адам өмірінің қат-қабат қыры мен сыры, Қуат берер қуанышы мен қартайтар қайғысы, алға тартар арманы жетелер үміті сәулелі серпін тұғызар мұрат-мақсаттары – баршасы көркем боялармен, сан қилы ою-өрнегімен көрініс табатыны хақ. Поэзиясында азаматтық, философиялық, махаббат, табиғат лирикалары бар, сонет, тарихи баллада, халық өлеңдері түрінде жазылған шығармалар да кездеседі.

«Қалқаман-Мамыр» поэмасын Шәкәрім «Қазақ тілінде жазылған тарихи хмкая» деп атап, «Мұтылған» деген бүркеніш атпен жариялаған. Шығарма Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасында 1912 жылы басылып шыққан. 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған «Қалқаман-Мамыр» дастаны әр түрлі нұсқада ел есінде сақталған, «Дала уалаяты» газетінде 1892 жылы жарияланған.

Қазақ әдебиеті тарихында, Шәкәрім творчествосында өзіндік ерекше орны бар шығармаларының бірі – «Еңлік-Кебек» поэмасы. Поэма 1912 жылы Семейде «Жәрдем» баспасында  «Жалсыз жаза болған іс», «Еңлік-Кебек» деген атпен жарияланғанда Шәкәрім мәнді өлеңдер жазған.

Шәкәрім Құдайбердиевтің мұрасын зерттеуде Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының жанындағы «Қазақ әдебиетінің даму заңдылықтарын зерттейтін» ғылыми үйлестіру совет пен М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми советі бірігіп, 1969 жылы желтоқсанның 3-де өткізген мәжілістің зор маңызы болып, зерттеу туралы пікір алысты.

С. Мұқанов былай деген еді: «Шәкәрім бір қазаққа хат жазған жоқ, маған ғана бір хат жазған еді, сол хаты менде бар, сонда барлық пікірін жазған. Қандай принціп ұстаған, не істеп жатыр, шығармасы қащан жазылған, осылары бар. Осы хатта бірақ мән бар. Хат жазушылық жолының есебі сияқты.

Шәкәрім Құдайбердиев мол мұраның идеялық мазмұн байлығы, тақырыптық ауқымы, жанрлық молдығы, көркемдік бірлігі, стильдік өзгешеліктері, тілдік шеберлігі т. б. толы.

Ақынның қалдырған мұра идеялық-көркемдік мазмұнының байлығымен ерекшеленеді, ол 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихынан үлкен орын алады. Бүгінде халық қазынасына айналып отырған бұл мұра қоғамымызды рухани байытуға, оның гуманистік және адамгершілік идеяларын, мақсат-мұраттарын орнықтыруға қызмет ететіні хақ.

Жазған шығармалары: «Насихат», «Тойымсыз  нәсіп», «Өлген көңіл, нысапсыз өмір», «Талап пен ақыл», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Қанішер мен бөдене» ар-ұждан, жақсылық, әділдік, кісілік жолын Шәкәрім өзінің өлеңдер жинағының алғашқы басылымына «Қазақ айнасы» деген образдық бейне қолданғаны тегін емес. Бұл-сөз өнері - өмір сәулесі, өмір суреттемесі деген ақынның биік те терең философиялық әрі эстетикалық түсінік-ұғымы мағынасының көрінісі еді. Көпшілік назарына ұсынып отырған өз туындыларын ақын «Қазақ айнасы» деп жинақы да мағыналы, бейнелі де орамды ат қойып, өзі өмір сүрген кездегі қазақ қоғамының хал-жайының кейбір көріністерін көрсетуі арқылы халықтың ақыл-ой, сана-сезіміне әсер етуді көздеген.

«Қазақ айнасы» жинағына Шәкәрімнің мына өлеңдері енген: «Өзім», «Жуандар», «Бай мен кедей», «Қулар», «Өмір», «Насихат» т. б.

Сөйтіп, өзі айтқанындай, «Жолдасым – қағаз, қарындаш», «Қажымайтын көрілік жеңгенінше» болып, бар шаруаны өзі істеп, оңаша жүрген Шәкәрім туралы қаныпезерлер «ол бандиттермен сыбайлас», «есі ауған» деген сияқты өтірік-өсек, қауесет-лақап таратып, оны түрмеге де жаптырған. Алайда оның бәрі жала екені анықталып Бақанас түрмесінен босатылады. Өмірінің соңғы жылдарын тауда жалғыз өткізген Шәкәрім 1931 жылы қазанның 2-де асыра сілтеушілердің қолынан қаза табады. Олар ақынның сүйегін құдыққа тастайды. Туыстары кейін сүйегін тауып алып жерлеген. Қартты өлтірген жауыздар қылмыстарын бүркеу үшін оның соңынан неше түрлі жала жауып, қара қағаздар жазып «шегелеп», Шәкәрім атын тарихтан өшіруге бар күштерін жұмсаған. Қанішерді жазалаудың орнына, оны қолдаушылар табылған. Адамзат тарихында ақ пенен қара, әділдік пен зұлымдық алысып келсе, сол зұлымдықтың бір құрбаны Шәкәрім болды. Оның аты да, бай мұрасы да зұлымдық, қаскөйлік шырмауынан көпке дейін арыла алмады. Оған ұзақ жылдар бойы ұлтшыл, Совет үкіметіне қарсы, бай-кулактарға жақтас деген жөнсіз, жалған кінә тағылып, аты аталмай келді. Шәкәрім Құдайбердиев 1953 жылы толық ақталып, халық оны ешқашан ұмытқан жоқ. Шындыққа, халыққа, тарихқа, мәдениет пен әдебиетке жаны ашитын адамдар Шәкәрімді, оның жазғандарын, ақыл-өсиеттерін, адал қызметін, асыл мұрасын жадында сақтап, қадірлеген, осы күнге дейін оның шығармаларын жатқа айтатын адамдарды жиі кездестіруге болады.

 

Жүсіпбек Аймауытов

(1889-1931)

 

Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы ,драмматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті , дәулетті атақ-абырой біткен, ел арасында білікті кісілер. Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбек  секілді арабша хат тану, оқу үстінде, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Өзінің 15, 16 жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі сыныптық мектепке түседі. Бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. Оны бітіргеннен кейін Жүсіпбек Аймауытов қоғамдық қызметтерге араласады, кейін 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызметке ауысады. 1926-1929 жылы Шымкент педагогоаклық техникумының директоры болады. Оқытушылық қызметке араласып, оның ішкі қиындықтары мен кезек күттірмейтін қажеттіліктерін толық біледі. Сондықтан да мектептегі тәрбие ісі, оқу, оқыту мәселелеріне арнап көптеген мақалар жазады. Әдістемелік еңбектеріндегі негізгі бағыт – оқыту мен тәрбие ісінің тұтастығын, рухани тәрбие мен тәрбиесінің бірлігін, адамның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі мен оның жолдарын анықтап беру болған сыңайлы. Қазақстандағы оқу-тәрбие жұмысымен байсалды тұғылдану барысында, тек мұғалімдік іс-тәжірибені жинақтаушы ғана емес, әдістемелік ғылымның теориялық деңгейін көтеретін ғалым-педагог дәрежесіне жетті.

Автордың 1918 жылы «Абай» журналына  жарияланған «Тәрбие» атты мақаласынан  бастап, баланың тәрбиесіне үлкен  мән береді. Адам баласының өзге жан иелерінен басты айырмасы оның рухани саналы тәрбие алуынан  деген ойды киелі етіп ұстай отырып, мақалада баланың кей ұнамсыз қылықтарының болуы тәрбиенің кемшілігінен деген түйін жасайды. Жүсіпбек Аймауытов адам табиғатқа ғана тәуелді емес, тәрбиеге тәуелді деген ой айтады. Әр заманда өмір сүрген ұлы тұлғалардың жасаған іс-әрекеттерін еске ала отырып, олардың жақсы –жаман қылықтары өздері алған тәрбиенің жемісінен болған деген пікірі қай кезде де ескермесі анық.

Білікті ағылшын философы, әрі педагог Дж. Локктың «Баланың ақылы да, жаны да туғанда таза тақтадай болып туады. Таза тақтаға қандай жазу жазса да жазушының еркінде» деген сөзін талдай отырып, ондағы негізгі көзқарақа байланысты өз ойын өзгеше сабақтайды. Адамда жаратылысынан әртүрлі мінез қалыптасып туатынын тілге тиек етеді. Мұның өзі ғалым-педагогтың генетика заңын адам бойындағы негізгі қасиеттің ата-бабадан даритындығын еске салғаны болуы керек. Сондықтан да тәрбие жеке адамның ерекшелігін ескере отырып орындауы керек деген тұжырымымен келіспеуге болмайды. Қазіргі кездегі дамыған тәрбие ғылымының да басты қағидаларының бірі осындай. Яғни, мектептегі тәрбие ісі де, оқыту ісі де жеке адамның ерекшеліктерін ескере отырып орындалады.

Жүсіпбек Аймауытовтың тағы бір өзгеше ерекшелігін қазақ халқының ғасырлар бойы жасап келе жатқан ақыл ойына, даналығына сүйенетіндігі. Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің, сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді деген мақалдарды еске алып, баланың жеке адам болып қалыптасуындағы ата-ананың маңызды ролін көрсетеді.

Тәрбиешіге Отанның келешегін  тапсыруға болады. Өйткені ақылды адам, көбінесе, Отанның күзетшісі, қорғаны деген ойды оқу арқылы да ойларын танимыз. Тәрбие ісі – мемлекеттік іс. Өйткені бүгінгі дұрыс тәрбие – болашақтағы жақсы елдікті танытар азаматтардың өсиетінің белгісі деген салмақты тұжырымды танимыз.

Ж. Аймауытов жас ұрпақты тәрбиелеудің бір негізі ретінде әдет заңдарын айтады. «Әдет заңы» атты мақаласында әдеттің, дәстүрдің қазақ халқының күнделікті тіршілігінде алатын орнын, маңызын айқындайды. «Әдет – бір сақтаулы қазына дей отырып, халық жасаған әдеттердің тәрбиелік мәніне тоқталады.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектерінің бірі – «Жан жүйесі және өнер талдау» деп аталатын зерттеуі. Бұл қазақ психологиясының қырын саралап, жақсы әдепті қалыптастырудағы психологиясының маңызын анықтауға арналған терең мәнді ғылыми еңбек. Өз кезіндегі жан дүниесіне арналған тұңғыш еңбек болуымен де аса құнды. «Жан дүниесі» пәнінің негізін қалап, оның алғашқы терім сөздерін (термин сөздерін) қалыптастырған.

Информация о работе Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы