Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 20:11, лекция

Описание работы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.

Файлы: 1 файл

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы.docx

— 80.41 Кб (Скачать файл)

       Оқытудың  мазмұны   оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне   сай  болуы  тиіс .  Алайда  оқылатын  материал  үнемі оңай , жеңіл - желпі орындалатындай  болуы қажет деген ұғым  тумаса  керек .  Оқыту   үрдісінде шамасы  жететін   қиыншылықтарды  өз  күштерімен  жойып отыруға оқушыларды  мәжбүрлеген жөн .  Өйткені қиындыққа кездеспей – інше , ойлау белсенді  қызмет  атқара  алмайды .  Ал , екінші  жағынан , шамасы  жетпейтін қиындыққа кездессе , ой  тежелуге  ұшырайды , ерік  күші  мұқалады . Ендеше  бұдан  шығатын  қорытынды – сабақтың  түсінікті  болуы  шарты . Сабақтарда  көрнекілікті  қолданғанда да  басы  артық , тым  көп  көрнекілік те  балалардың  зейінін  жинақтау  , тұрақтандыру  емес , керісінше , аландатып зианын  тигізуі мүмкін .  Педагогиканың талабы  бойынша , сауат ашудың  бірінші күнінен бастап – ақ  оның  тәрбиелік мәніне  зор көңіл бөлінеді .  Балалардың  эстетикалық талғамын  дамыту  ертегі , көркем  әңгіме , өлең  , оқу ,  сурет , музыка  т/б арқылы  жүзеге   асырылады .

 

 

 

Жазу  сабақтарына  қойылатын  гигиеналық  талаптар .

        Жазу  жұмысына  қажетті  жағдайлар  мен  оған  қойылатын  талаптар . Жазудың айқын таза  болуы үшін , ең  әділі жазу  дәптерінің  қағазы  сапалы ( ақ , сия сормайтын )  болуға  тиіс . Оқушыға арнаулы қаламсаппен, айқын түсті сиямен жазу  тәртібі ұсынылады . Жазу  кезінде жарық сол жақтан  түсіп тұруы қажет . Оқушылардан әрбір әріпті  дұрыс  жазу , әрбір  жаңа  ойды  абзацтан ( жаңа  жолдан ) бастап  жазу , дәптердің  түп  жағынан ( 10 – 15 мм ) , оң  жағынан ( 20 мм ) бос  орын  қалдыру , біркелкі  көркем  жазу  талап етіледі .

         Гигиеналық  талап  дегеніміз – оқу ,  жазу  жұмыстарының  атқарылатын физиологиялық шаралардың  жиынтығы . Бұл шаралардың  орындалуы оқушының  психо – физиология  дамып жетілуін  қамтамасыз  етеді .

  1 . Сынып  бөлмесінде  партаға   дұрыс  отыру  ережелерінің  ілініп  тұруы .

  2 . Сынып  бөлмесіне  жарықтың  сол  жақтан  түсуі .

  3 . Оқушының  партаға  кеудесін  тік  ұстап  түзу  отыруы ( оқушылардың  белі  орындықтың  арқалығына  тіреліп  тұруы  шарт  ) .

   4 . Оқушының  кеудесінен  партаның  арасындағы  қашықтық  4 – 5 см  сәйкес  болуы  керек .

    5 . Оқушының  басы  алды  – артына  аз  солға  қисаймай  тік  болуы  және  дәптердің   бетімен  оқушының  арасындағы  қашықтық  25 – 30  см сәйкес  болуы  керек .

     6 . Оқушының  екі   аяғы  үшбұрышталып  партаның  кергішіне не  төртбұрышталып  еденге  тиіп  отыруы  керек .

     7 . Оқушының  2 – ші  сыныптағы  партасының  бетінде   болып  дәптердің  жоғары , төмен жылжуын сол қолдың  ықпалымен жүзеге  асады .

     8 . Оқушының  қаламсап  ұстаған  жұдырығы  оның  көкірек  тұсында  болуы .

      9 . Оқушының  жұмыс   дәптері  партасының  бетінде   көлбеу  жатуы ( есік  жағы  жоғары , терезе  жағы  төмен ) .

     10 . Дәптердің  жоғары  немесе  төмен  жылжуы  тек   сол  қолдың  ықпалымен  жүзеге  асады .

      11 . Оқушы  қаламсапты  ұшынан  2 – 3 мм қашықтықта  үш  саусақтың  көмегімен   қатты  қыспай  еркін  ұстап   жазуы .

 

Сауат  ашу  кезеңіндегі  жазудың  мақсат міндеттері .

Сауат  ашу  жұмысының  мақсатын  программа  белгілейді . Программа бойынша ,  сауат ашудың  мақсаты оқушыларды  дұрыс оқи ,  дұрыс жаза  білуге  үйрету  және  оқу мен жазуға үйрете  отырып , тілін , ойын  дамыту .  Сауат ашу жұмысының басты шарты - әріпті  таныту . Әріпті  танып , оқып,  оны жазып үйренбейінше , сауатты азамат  болып өсу мүмкін  емес. Алайда  сауат ашу жұмысы  бірден  әріп  танудан басталмайды .

       Өйткені  әріптер  тілдегі  дыбыстардың  шартты  белгілері  ғана . Демек , әріптерді  дыбыстармен  ұштастыра  білсе  ғана , сауат  ашу  сабағы  саналы  өтпек . Ал  тіліміздегі  дыбыстардың  әрқайсысы  жеке  күйінде  кездеспейді , олар  сөз  ішінде  бір – бірімен  тіркесіп  келеді . Осыдан  барып , тіл  дыбыстарын  білдіру  үшін  сөйлеуді  сөйлемдерге , сөйлемді  сөздерге , сөздерді  буындарға , буындарды дыбыстарға  талдау  қажеттігі туады . Осындай жұмыстар  нәтижесінде оқушылар  іс  жүзінде сөйлеу , сөйлем , сөз , буын , дыбыс деген ұғымдарды меңгеруі  керек . Тіл дыбыстары біркелкі  болмайды ( дауысты , дауыссыз , жуан , жіңішке , қатаң , үнді , сонар т/б ) .Сауат  ашу  кезеңінде  оқушылар  тіл  дыбыстарының  әрқайсысының  жеке  ерекшеліктерін  біліп , тәжірибе  арқылы  меңгеруі  қажет . Дыбысты  естіп , ажыратқаннан  кейін , сол  бөліп  алған  дыбысты  дұрыс  дыбыстай  білуі  қажет ,  тек  содан  кейін  ғана  әріп  таңбалары  таныстырылады .

         Сауат   ашу  кезеңінде  жоғарыдағы  жұмыс  түрлерін  жүргізу   арқылы , оқушылардың дыбыстарды  бұзып айту  тәрізді кемшіліктері  түзетіліп , оқығанын , естігенін екінші  адамға  айтып беруге  машықтанатын  болады , баланың ойы дамып – жетіледі .

         Жастардың   білім  мен  тәрбие  алуы , осы сауат ашу кезеңінің өзінде – ақ  қалыптаса бастайды . Мұның өзі – сауат ашу мақсатына да  жаңаша  көзқараспен қарау деген сөз . Ол  талап – сауат  ашу  жұмысы  мазмұнын  кеңейтіп , оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастыру  мүмкіншілігін  арттыра  түсу , мұның  өзі  « Әліппе «  оқулығының  мазмұны  мен  программа  талаптарын  қайта  қарастыру  арқылы  және  оқытудың  тиімді  әдіс – тәсілдерін  таңдай  білу , сондай – ақ   сауат ашу сабақтарын  дұрыс ұйымдастыру , көркем  және  техникалық  құралдарды  талғампаздықпен  іріктеу  арқылы  шешілмек .

 

Жазу  құралдары .

 Көркем  жазуға  үйрету  үшін  арнайы  сызылған  тақта . Жазуда  дұрыс отыру суреті , дәптер , қалам ,  жазбаша цифрлар және  жекеленген  әріптер жазу  үлгісі  альбомы түрлі – түсі  борлар  болған  жөн . Дәптер  3 – жолы  көмекші жолы  және  көлбеу  сызық 2 – сыныптың  соңында кеңжол  дәптерге  көшеді . Әріптердің  биіктігі 2 – 2  сыныпта кіші  әріптің биіктігі  4 –мм көмекші жолдың  биіктігі 8 – мм болады . Кіші  әріптердің  биіктігі 3 – мм , әріптің биіктігі  6 – мм болады .

 

Жазудың   түрлері .

Жазу  мынадай  түрлерге  бөлініп  қарастырылады .

1 . Пиктографиялық .

2 . Идеографиялық .

3 . Буын .

4 . Әріптік  немесе  дыбыстық .

Осыларға  тақтаның  пиктографиялық  жазу . Бұл жазудың ең  алғашқы түрі,  суретке негізделген жазу . Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те  атайды . Пиктографиялық  жазудың ескерткіштері әр  түрлі суреттердің жиынтығынан құралған . Әрбір сурет бүтіндей  бір материалды  білдіре алады . Мысалы : мен аң  аулауға кеттім  дегенді білдіру үшін  адамның суретіне  қарайластырып тоғайдың  және  аңның суретін салған .

        Пиктографиялық  жазу  өте  жабайы  жазу  болды , оның  кең мазмұнды  ойды  түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі  болмады .

Идеографиялық  немесе  логографиялық   жазу . Пиктографиядан  идеографияға  көшу  өте баяу  болды .  Идеографиялық жазудың үлгілері  өте ертедегі  қытай жазуы мен шумер жазуынан  көруге  болады . Қытай жазуының  идеологиялық  жүйесі  осыдан  4000 – жыл бұрын жасалған  болатын . Египед , шумер , қытай жазулары  логографиялық жазу  болды . Логографиялық жазу  жүйесінің барлығында  нақтылы мағынасы  бар сөздер  осылардың бейнесімен  берілсе , қала , су , дегендер  бейнелі схемамен  берілген . Ертедегі  шумер жазуында  ағаш , тау , сабақ деген сөздер , қытай жазуында  күн , тау , ат  деген сөздер  де  осы бейнелеу  түрінде берілген . Жыл деген сөз пальманың бұтақтарының  бейнесімен  белгіленген , өйткені египедтік пальманың бұтағының саны -12 болады  деп  түсінген . Буын  жазуы таңбалардың фонетикалық мағынасы  жағынан бірнеше түрге бөлінеді . Мұның бірінші түріне  ассировавилон , элам , урар, сына  жазулары  дыбыстық  корей жазуы жатады . Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар  кез – келген  буынды , атап  айтқанда , ызыңның мынандай  түрлерін  белгілейтін болған : дара  дауыстының  өзі , А (дауысты) + С ( дауыссыз ) , С+А , С+А+С майя  жазуында  сөз соңындағы дауыссыздар да  белгіленген . Буын  жазуының  екінші  түріне  кипр , эфиопия және  жапон буын  жазулары  жатады . Жазудың бұл жүйесінде таңбалар  тек дара  дауыстыларды  және  дауыссыздардың  тіркесі мен белгілі бір  дауыстың  қосындысын  белгілейді .

         Әріп  жазуы . Таза  күйінде  дыбыстық  жазу - 2000  жылдықтың  екінші  жартысында  пайда  балса , вокалданған  дыбыстық  жазу  біздің  дәуіріміздің 1000 жылдығының  басында  пайда  болған . Жазу  жүйелерінің  ішінде  әріп  жазуы  - ең  қолайлы  жазу . Әр  түрлі  тілдерде  буын  санымен  сөздің  санынан  дыбыстық  саны  әлдеқайда  аз . Осыған  орай  дыбыстарды  таңбалау  үшін , әдетте 20 - дан 40 – қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті  болады . Әріп  жазуындағы  таңбалардың мұндай  шағын мөлшері меңгеруді , сауаттылыққа  үйретуді  жеңілдетеді . Ертедегі  әріп  жазуы ( финский , ежелгі , еврей т/б ) дыбыстық  жазу  болды . Ондағы  таңбалар  тек дауыссыз  дыбыстарды  ғана  белгілейтін  болған . Зерттеушілер  ең  алғашқы дыбыстық  жазу  мен финский жазуын  атайды .  Мамандардың пікірі  бойынша финский жазуының  ескерткіштері       (Абибаал , Асдрубаал жазба ескерткіштері ) б . з . д . 10 – 11 ғасырларда  пайда болған . Финский жазуында  22 – таңба бар . Олардың әрқайсысы

жеке   дыбысты  таңбалаған .

    Әріп  жазылуының  таралуы  б . з . д . 1000 – жылдықтың  алғашқы  ғасырларынан  басталды . Әріп  жазуы  негізгі  екі  түрлі  бағытта  таралған . Шығыста  финский  жазуының  негізінде  пайда  болған  аралий  жазуынан  Европа  халықтарының  әріп  жазу  жүйелері  жасалып  таралады . Жазулар  таңбалардың  орналасу  бағытына  қарай  бір – біріне  ажыратылады . Қытай жазуындағы  идеограммалар жоғарыдан төмен қарай орналасады . Орыс , грузин , армян , өзбек ,  қазақ жазулары  солдан  оңға  қарай бағытталса , араб  жазуы керісінше , оңнан солға қарай бағытталған .

 

Коллиграфиялық  жазуға  үйретудегі  методикалық  тәсілдер .

1. Жазғанда  үлгімен  салыстыра  білу .

2. Дыбысты  жазбаша  әріппе  және  басқа  әріпті  жазбаша  әріпке  айналдыру .

3. Әріпті  жазу  тәсілдерін  білу .

4.  Әріптерді  жалғастыру  тәсілдері ( үзбей  жазу )

5. Әріптердің  биіктігін  салыстыра  білу  жолдағы  әріптердің  бірдей  биіктігін  сақтау .

6. Әріптерді  жол  сызықтарының  ортасына  және  жолға  жаза  білу .

7. Жазуды  бастау , жазуды  толтыру .

8. Дұрыс  көлбеу  жазу  тәсілі .

 

Жазуды  ауыр  меңгеретін  оқушылармен  , атқарылатын жұмыс түрлері .

   1 – ші  сыныпқа  оқуға   дайындықтары  әр  түрлі балалар келеді . Олардың ішінде  кейбіреулері  кітапты жүгіртіп  оқи алады , ал  екіншілері  ежелеп  оқиды , ал  үшіншісі  буындап оқиды , төртіншілері  тіпті оқи да  алмайды ,  әріпте  танымайды .

       Сондықтан   мұғалім  ең  алдымен  өз  сыныбына  түскен  оқушының  құрамымен   танысады , олардың қайсысының  қалай оқитынын  біледі . Дайындығы қатар оқушылармен сабақ үстінде ,  сабақтан  тыс уақытта үнемі жеке  жұмыс жүргізіледі . Әрбір оқушының  дайындығына қарай ,  тапсырма , дәл , тең беріліп , оларды  түгел қамтиды . Мұнда ,  әрбір бала  бір тапсырманы  орындағанда сол сынып ұжымының  ең  бір пайдалы мүшесі  сияқты  енетін  жағдай  жасалғаны жөн . Бұл жұмыстардың барлығының  келісімді қызмет  жасауын қамтамасыз  етіп ,  әр  оқушының  дайындығына қарай , жазу  дағдысын  жетілдіру .  Әрбір сабақта балалар өздіктерінен  орындау үшін  тапсырма  алады .

 

Жазуға  үйрету  үшін  қажетті  жағдайлар .

 Жазуға  үйрену  тілдің  ерекшеліктеріне   қарай , әр  түрлі дәрежеде  өтеді :

фонетикалық  жазу  дыбыстық - әріптік  талдауды  шебер  жүргізуді , дыбыстарды  дұрыс , анық  айта  білуді , айтылған  дыбыстарды  дәл  айыра  алуды  талап  етеді ;

морфологиялық  жазуда  сөздің  грамматикалық  мағыналарын  түсініп , ережелерді  үйрену  басым болады .

Жазуға  үйрену  үшін  қажетті  жағдайлардың  бастылары :

        1 . Жазылатын   сөздің  мағынасын , мәнін  анықтау .  Мұғалім көшіруге  ұсынған немесе  оқып  айту  арқылы  жаздыратын  сөздерінің , сөйлемінің , текстің мағынасын оқушылардың анық  түсінгеніне көз жеткізгеннен  кейін ғана  жаздырғаны  жөн .

        2 . Сөздің  айтылуына  және  жазылуына , грамматикалық формасына мұқият  көңіл аудару ;  жазғандарын саналы  түрде есте  ұстауға жағдай  жасау : оқы ,  ойлан ,  есіңе жазып ал ,  тыңда ,  зейін аудар , т / б . Жіберілген  қателермен  жұмыс жасау :

Жазғаныңды  тексер ,  түзет , қайта жаз ,  осыған  ұқсас мысал ойлан , т / б . оқушылардың белсенділігін көтеру  және  өздіктерінен  жұмыс жасауға баулу .

       3 . Сөйлем  мен   сөзді  талдау  жұмысын  жүйелі  түрде  жүргізіп  отыру :  салыстыру ,  талдау ,  жинақтау  жұмыстары , “ неге ? “ сұрағын көбірек қою .

      4 . Сөйлеу  әрекетінің  бірде – бір  жағын естен шығармау  керек : дыбыстық  әріптік талдау ,  сөз құрамына  жаттығу , сөз таптары бойынша , синтаксис және  байланыстырып сөйлеуге  үйрету  жұмыстары . Орфографиялық жаттығуларды ( көшіру , диктант ) сөйлеу  жаттығуларымен (мазмұндама , шығарма )  кезектестіріп өткізу .

      5 . Грамматикалық   жаттығуларды  сөздік  -  орфографиялық   жаттығулармен  кезектестіру . Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға  да  қатысты . Бірақ пунктуацияға  үйрену  жұмыстарының  өзіне тән ерекшеліктері бар . Тыныс белгілерін  қою да  ережелерге  бағынады .

 

Көркем  жазуға  үйретудің  әдіс – тәсілдері .

 Көркем  жазу 1 – ші  сыныптан  сауат  ашу  кезеңінен   басталып , келесі  сыныптарда  жалғасады ,  немесе  жазу  дағдысының  қалыптасуымен тікелей байланысты  болады . Коллиграфиялық  дағдыны қалыптастырудың маңызы  зор . Ұқыпты  ,  таза , әдемі , анық  жазуға  үйрету  арқылы  мұғалім оқушылардың бойында ұқыптылық , тиянақтылық , еңбекқорлық кез – келген  жұмысты аяғына  жеткізуге қажетті төзімділік  сияқты  қасиеттерді тәрбиелейді .

       Жазуға  қажетті   тәсілдері :

1 . жазу  құралын  пайдалана   алу .

2 . дәптерді  дұрыс  орналастыру   және  жазу  кезінде  оны   жылжытып  отыру .

3 . сабақ  кезінде  дұрыс   отыру .

4 . жазу  кезінде  қолды   жол  бойымен  дұрыс  қозғай  білу .

Информация о работе Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы