Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 20:11, лекция

Описание работы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.

Файлы: 1 файл

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы.docx

— 80.41 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Жазу  сабағында  қолданылатын  көрнекіліктер .

Мұғалімнің  оқыту  үрдісіндегі  міндеті  балалардың  анық  естіп , қабылдауы мен сөйлеу  қабңлетін дамыту . Бұл үшін  көрнекіліктің алатын  орны  зор . Көрнекі құралдарды  пайдалану арқылы  балалар өздері  сөйлейді , жолдастарының сөйлегенін  естіп қабылдайды .

       Сабақтарында  көрнекілікке  қойылатын  талап  : оқушы  және  сөзді  немесе  оның  бөлшектерін ( әріптерді  ,  буындарды , морфемаларды )  анық  көретін  болуға  тиіс , бірақ   жазғанда  бір  әріптен  соң  екінші  әріпті  қарап,  ежелеп  жазбай , естерінде  тұтас  сөз  немесе  буынды  сақтап ,  сөзді  немесе  буынды  бірден  жазып  дағдыланулары  керек . Бұл үшін  көру  және  қолды қозғау  көрнекілігі қажет . 

        Ендеше “   көрнекілік “  деген  ұғым  сөздерді  анық  айтуды  да ,  мәнерлеп  оқуды да ,  мысалдар  іріктеуді де ,  тақтадағы ,  таблицалар , дәптерлердегі жазуларды да  қамтиды .

        Әдетте  көрнекілік  те  графикалық  немесе  көзге   көрінетін  құралдарды  қолдануды   түсінеді . Мұнда  қажетті  әріптер   немесе  тұлғалар ,  сөздер  ,  сөйлемдер  басқа  түспен  жазылады  яғни  асты  сызылады . Кейде  таұтаға , оқушылардың  дәптеріне  жазылғандар  да  бөліп  көрсетіледі ( бірде  түбірі , екіншіде  қосымшасы ) . Мұндай  тәсілдер  жазылғанды  көру  арқылы  бейнелеуді  қамтамасыз  етеді ,  алайда  көрнекіліктер  оқушылардың  зейінін  аударып , істің мәнін біршама түсінуге ( мысалы , басқаша жазбай ,  неге  осылай  жазамыз )  көмектесетін  болса ғана  пайда келтіреді . Сондықтан таблица т / б жасау үшін  материалдар жан – жақты ойластырылып ,  таңдалып  алынады .

        Оқушылар  таблицаға  қарап ,  соған ұқсас және  ұқсас емес  құбылыстарды  салыстырып , олардың ара қатынастарын  анықтай алатындай болуға  тиіс , өздерінің бақылағандарынан  қорытынды шығарып   белгілі бір ереже жөнінде ұғым  алулары қажет .

       Мысалы , - “ й , и “ әріптерінің жазылуын  түсіндіру үшін  мұғалім мына  сияқты  сөздерді  бағана  етіп  жазады .

       Киін – кейін                     ки – қой

       Жина – жайна                  сиыр – сойыл 

       Биле – бейне                     тиме – түйме

Мұнда “ и “ , “ й “ әріптерін қызыл түспен  жазуға  болады . Бірақ негізгі әдіс – бірінші бағанадағы  сөздерді  екнші бағанадағы  сөздермен салыстыру . Бұл сөздердің жазылуын  салыстыра отырып , балалар олардың арасындағы  ұқсастық  пен айырмашылықты табады , “ и “ әрпінің қандай  дыбыстардан кейін жазылып тұрғанын  анықтайды . “ и “ – дің дауыссыздардан , “ й “ әрпінің дауыстылардан кейін жазылатынын өздері  айтады . Көрнекіліктің бірі  оқушылардың дәптері болып есептелінеді . Дәптер  арқылы  сыныпта ұйымдастырылған жұмыстың  мазмұнын жүйесін, әдісін , сондай – ақ ,  оқушының  білім , дағды ,  шеберлік  дәрежесін білуге  болады . Қысқасы , дәптер – оқушы жұмысының айнасы .

       Әр  сабақтың  басында оқушылардың барлығы дәптерлеріне  сол күнгі датаны  жазады . Бір жол тастап , сабақтың  тақырыбын не  тақтадан , не  оқулықтан көшіреді . Әрбір жеке  тапсырма  жаңа  жолдан  бастап  жазылады . Жаттығудың  нешінші екені цифрмен белгіленеді . Оқушылардың жазғандары  анық , таза ,  мүмкіндігінше  , сауатты болу  керек . Қажетті грамматикалық немесе  орфографиялық құбылыстар  сызылады , жаттығуларға  түрлі түсті қарындаштар да  пайдаланылады . Көрнекі құралдарға  магнитафон , грампластинка , оқу фильмдері , диафильмдер де  жатады . Оқушылар  пластинкаға жазылғандарды зейін қоя тыңдап , мұғалімнің  басшылығымен  қайталап  айтады ,  жазады , тыныс белгілерін  қояды , талдайды . Қосымша құралдар  ретінде дидактикалық  материалдар да  пайдаланылады . Оның  ішінде  әсіресе , түрлі буындар , сөздер , сөйлемдер , жазылған  карточкалар , конверттер  көп қолданылады .

 

Жасалған  көрнекіліктерді  сабақ  барысында  қолдану .

     Мектептегі  оқу   мен  тәрбие  ісінің  құрылысын   жетілдіріп , тиімді  әдіс – тәсілдер  қолдану  арқылы  оқытудың  сапасын  арттыру , техникалық  құралдармен  көрнекілік  құралдарын  орынды  қолдану  нәтижесінде  оқушылардың  біліміндегі формаларды  жою , оқыту  мен  тәрбиелеуді  ұштастыру , сабақ  үрдісін  нағыз  ғылыми  жолмен  ұйымдастыру . Жалпы сабақтарда  көрнекіліктерді пайдалану сонау 16 – ғасырларынан  бері  сөз болып келеді . Көрнекі құралдары принцип ретінде дүниеге белгілі еткен словян  халқының  ұлы педагогы  Ян  Амос  Коменский . Көрнекіліктерді пайдалану іс  жүзінде тек қазіргі заман мектептерінде орын  алып  отыр .  Қазәргі мектептерде сабақ көрнекіліктерді қолдануға ерекше  мән беріп  отыр , өйткені ғылыми  техникалық   үрдістің  алға  басуы нәтижесінде балаларды да  ақыл – ойы болып жатқан  өзгерістерді  тез қабылдайды  деуге болады .

       Сауат  ашу   сабақтарында  көрнекілікті  қай  кезде, қандай  мақсатпен  қолданады .

1. ол  оқушыларды  сөйлету  мақсатымен  қолданылады . Ондай сюжетті суреттерді  көрсете отырып, сөз, сөйлем, әңгіме  құрайды. Құраған әңгімелерді сөзге,  буынға  және  дыбысқа талдайды. Мұндағы мақсат  танысуға  тиісті  дыбысты  сөйлеу  тілінен  ажырата  білу .

2. тіл  дыбыстарын  олардың  сөз  ішінде  беретін  ұғымдармен  ұштастыру  мақсатымен  де  жекелеген  заттың  суреттері  немесе  сюжетті  суреттер  пайдаланылады .

3. оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастыру , тәрбие  беру  мақсатымен  де  сурет және  басқа көрнекіліктер қолданылады .

4. “ әліппе “ кезінде  суретті , алфавит , қиыс  әріптер , буындар , түрлі таблицалар  т / б . пайдаланылады .

           Техникалық  құралдар -  көрнекіліктің  техникалық  прогресс  дәуірі  туғызған  жаңа  түрлері . Техникалық  құралдарды  дұрыс  пайдалану  арқылы  сауат  ашу  сабақтарының  тиімділігін  арттыруға  болады . Көрнекіліктерді  пайдаланудың  дұрыс  болуы  мұғалімдердің  іскерлігіне , ізденістілігіне ,  шығармашылық  пен  жұмыс  атқара  білуіне  байланысты .   

 

Бастауыш сыныптардың білім  беру жүйесінің мазмұнының негізгі  арқауы ел болып, тіл туралы заң қабылданып        қазақ тілінің мемлекеттік мерейге  ие болуы ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып ала жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін қастерлі салт-ғұрпын түп тамырын ықылым заманның тереңіндегі қалыптасқан тарихи ұлттың мәдениетін, өнерін жаңарған өміріміздің игілігіне айналдыру.

Бастауыш сыныптарда  қазіргі  кезеңдегі білім сапасын арттыру  үшін ат салысып жүрген  ғалым педагогтер М.Ералиева, С.Дүйсебаев, П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова еңбектерін атап өтуге болады  [1].

Қазақстанда 1930 жылғы тамызда жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы заң қабылданған.

1930-31 оқу жылында  8-11  жасар  балаларды  міндетті бастауыш  оқуға қабылдап,  жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған.  Осы кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ.Жұбанов бастауыш мектепке арналған  тіл мен әдебиет пәндері бойынша  оқу бағдарламалары мен оқулықтарын («Әліппе» оқулығы) және С.Жиенбаев, С.Кеңесбаев, Л.И.Воскресенская, З.Т.Позднуховтар  басқа пәндерден оқулықтар жасады.  Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен  қазақ тіл мен әдебиет   секторларының  қызметкерлері  А.Садуақасов, С.Жиенбаев  т.б. шұғылданды.

«Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен  әдістемелік құрал», «Сауаттылыққа оқыту әдістемесі» атты еңбектер  және С.Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жарық көрді.

    Дыбыс жүйесін теориялық  жақтан үйрету әдістері тілдік  материалдардың теориялық негіздері  мен заңдарын, анықтамалары мен  ережелерін меңгертумен бірге,  оларды практика қажетіне жаратуға  бағыт сілтейді. Мұғалім белгілі  бір тілдік тақырыптардың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, материалдың мазмұны мен көлеміне және әрбір өткізілетін сабақтың құрылымына сай тақырыптың оқытылу жүйесін белгілейді. Бұл мектеп бағдарламасының көлеміне негізделеді де, әр сыныптағы оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мұғалім теориялық материалдарды өзі мазмұндамай, оған оқушыларды да қатыстырып, практикалық тұрғыда өздерін іздендіріп отырады. Өтілетін материалдардың өзіндік ерекшеліктері мен ондағы заңдылықтарды талдай отырып меңгертуде, әуелі тақырыптың ішкі қасиеттерін өз ара саралап, осыған лайықты дидактикалық мысалдар табуды жүктеген жөн. Осы сияқты әдістемелік жұмыс жүйесінің өтілетін материалдарының ғылыми жағын саралап, түсінуіне көмегі мол. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдырып отыру - дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістерін іске асырудағы басты мақсат. Мұның өзі дыбыс жүйесіне байланысты жазылған әдебиеттермен жұмыс істеуге пайдасын тигізеді. Сонымен дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістеріне негізінен мыналар жатады: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және оқулықты пайдалану әдістері.

Дыбыс жүйесінен теориялық білім  пен практикалық дағды беруде, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын анықтайтын, бірде мұғалімнің өзі түсіндіріп, бірде оқушының өзін іздендіретін әдістің бірі—әңгіме әдісі. Бұл теориялық материалдарды практикалық жұмыстармен үштастыру негізінде жүзеге асырылады. Мұны кейде мұғалімнің түсіндіруі мен оқушының жауап сөзіне қарап, сұрақ-жауап әдісі деп те атайды. Дыбыс жүйесінен өткізілетін сабақты әңгіме әдісімен жүргізгенде, оқушылардың мына сияқты дағдылары қалыптасады: олардың білім алу талабына сай, белсенділігі артады; тілдің өзіндік белгілерін дәлелдеп айтуға қызығады; тілін ширату негізінде өз сөйлемін стилистикалық жақтан дұрыс құруға бейімделеді; өз пікірінен қорытынды шығаруға үйренеді  [3].

1955 жылы институтта  «Бастауыш  білім беру әдістемесі»  бөлімі ашылды. Бұл жылдар Р.Әміровтың «Бастауыш мектепте сауатты  оқу мен жазу әдістемесі», Ғ.Бегалиевтың «Сауатты оқыту әдістемесі», «Суретті сөздік», «Бірінші сыныпта сурет арқылы тіл дамыту», Ф.Мұсабекованың «Оқу әдістемесі», К.Бозжанованың «Сыныптан тыс оқу кітабы», Ж.Қаржаспаев, К.Бозжанованың «Жазу және көркем жазу», Ә.Сытдықовтың «Арифметика сабағын жоспарлау», Р.Әміровтың К.Бозжанованың «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді. 

Осы сияқты дағдыларды қалыптастыру мақсатында сабақты әңгіме әдісімен өткенде, оған төмендегі талаптар қойылады: а) түсіндірілетін объектілер әдеби тіл жағынан мінсіз, яғни мұғалім тілі өте жатық, болуы абзал; ә) түсіндірілетін әңгімеде ой тиянақты, толық болғаны жөн; б) әңгімеге оқушының өзін қатыстырып отыру керек. Сөйтіп, мұғалім оқушы тілінің мазмұнды болуын, жауаптарының логикалық жақтан берік келуін және грамматикалық-стилистикалық жақтан мінсіздігін қадағалап отырады. Оқушылар жауап бергенде, сөздерінің анық болуы; өз түсінгендерін еркін айта білуі қажет. Бар, жоқ, мүмкін емес білмеймін, оқымадым деген сияқты бір сөзбен жауап беруге болмайды. Бір тақырыпқа байланысты берілетін сұрақтар да бірде ауыр, бірде женіл болғаны тәуір. Өйткені мұндай жұмыс түрі оқушылардың ой дәрежесін өсіруге септігін тигізеді. Мұғалім оқушы жауап бергенде мына тәрізді логикалық-психологиялық процестерге назар аударғаны жөн: бірінші - берілген сұрақтағы негізгі ойға, яғни тілдік құбылысты қаншалық ұққанын, екінші - сол сұраққа жауап беруде, оқушының өз ойын жеткізе білгенін ескеріп отыру қажет [3].

Сабақты  өткізу әдістерінің ішінен белгілі ғалым Т.Сабыров әңгіме әдісімен өткізуде,- дидактикалық материалдардың мәні зор,- дейді.  Сондықтан да мұғалім тілдік материалды түсіндіруге қажетті сөйлемдер мен тіркестерді күн ілгері сұрыптап, оқушылардың өздерін іздендіретін практикалық дағдыларды да жүйелі пайдаланады.

Оқушыларға дыбыс жүйесінен  берілетін теориялық білімді  меңгертуде әңгіме әдісінің құрылымы да үлкен роль атқарады. Жүргізілген тәжірибелер мен әдістемелік  эксперимент жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, оның мынадай құрылы мдық элементтерден тұратындығы анықталды: Оқушылардың тілдік материалды бақылауы.

І.К.Кеңесбаев   қазақ тілінің  ғылыми фонетикасы жайын көптеп зерттеген.  Қ.Жұбанов  қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қалай жасалатынын айта келе  оны оқыту әдістеріне де біршама тоқталған.

 Мұғалімнің сұрыптап алған  материалдары бойынша оқушылар  тілдік фактілерге көз жүгіртеді.  Түсіндірілетін тақырыпқа сай  көрнекі құралдар мен дидактикалық  мысалдар тақтаға іліп қойылады. Оны олар дауыстап оқиды. Тілдік материалдарды оқушылардың сұрақтар негізінде меңгеруі. Бұл — көбінесе диалогтық сөйлеу формасында жүргізіледі. Өтіліп отырған тақырыптарға сәйкес мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, оған жауап қайтарады. Сөйтіп, бұл бір мәселе жайында сұрақ беру оған жауап күту мағынасында айтылган сөйлемдер арқылы меңгертіледі. Оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтартып отырады. Мұндай жағдайда мұғалім қойылатын сұрақтың анық болуын, оған барлық оқушының түгел қатысуын, олардың жауабының дұрыс-бұрыстығын, қойылған сұраққа толық жауап беруін, көп уақыттың кетпеуін қадағалаган жөн.  Ж.Адамбаева материалдың өзіндік белгілері, ішкі өзіндік заңдылықтары сұрақ-жауап процесінде оқушылардың түсінігіне, білім дәрежесіне қарай, жас және сынып ерекшеліктеріне сай алынатынын атап көрсеткен [4].   Тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ережелер мен анықтамалар шығарылады. Әңгіме процесінде оқушыларға тілдік материалдың ережелері мен анықтамалары меңгертіледі.  Тақырыпқа байланысты практикалық дағдылардың жүргізілуі. Мұғалім өтіліп отырған материалдардың күнделікті өмір қажеті үшін қаншалықты пайдалы екендігін аңғартады.

Т.Сабыровтың көрсеткен келесі бір  әдісі хабарлау - қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі. Дыбыс жүйесінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде тілдік материалдардың жалпы заңдылығы мен оның ішкі өзіндік белгілері нақтылы мысалдар арқылы хабарланады. Сабақты хабарлау әдісімен жүргізуде мына сияқты екі құрылымдық элементтердің сақталмайтындғы байқалады [5]. Біріншісі - тақырыптың өзіндік белгілері сұрақтар арқылы меңгертілмейді, екіншісі — оқушылар қорытынды пікірді, яғни анықтама мен ережені, өздері шығармайды, мұғалімнің өзі айтады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты анықтама мен ережені айтып болған соң, оқушылар сол тақырыпты көрнекі құрал мен түрлі дидактикалық мысалдар арқылы кең түсінуге мүмкіндік алады. Хабарлау әдісі оқушыларды ойландырып, алғашқы айтылған жалпы пікірден жеке ой қорытындыларын шығаруға бағыттайды. Дыбыс жүйесіне сай берілген анықтама, ережелерге және сол тақырыпқа байланысты жүргізілген практикалық дағдыларға оқушылардың өздері белсенді қатысқанда ғана өтілген тақырыпқа саналы түсінеді, оны толық меңгеріп практикада қажетіне жұмсай біледі. Енді хабарлау әдісінің өткізілу тәртібіне тоқталайық. Мысалы, мұғалім 4-сыныпта «Буын туралы түсінікті» оқытуда алдына мынадай мақсаттар қояды: буынға байланысты көрнекілікті іске асыру; буынның жалпы анықтамасын айту; буын жасауда дауысты дыбыстың қызметін байқау; буынның жеке өзіндік белгілерін таныту; буын туралы түсінікке практикалық дағдылар көрсету [7]. Буын туралы жалпы түсінікті меңгертуде көрнекілік ретінде сынып тақтасы мен жылжымалы тақталарда мына сияқты дидактикалық мысалдар жазылып, ілініп қойылады: Халыққа, Отанға қызмет ету — ардақты іс (газеттен). Мұғалім осы жазылған сөйлемді бірер оқушыға дауыстап оқытады. Ондағы әрбір сөзді буынға бөліп, дауысты мен дауыссыз дыбыстарды дәлелдеуге дайындық жасайды. Алдымен осы жазылған мысалдарға қарай отырып, мұғалім анықтамасын айтады [9].

Информация о работе Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы