Араб мемлекетінің құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 09:33, реферат

Описание работы

ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бергі уақыт әлемінің жекелеген халықтары мен өркениеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы “Ұлы жаңару кезеңі” (Л.Снайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүниежүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдегі әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, өз ұлттық аймағындағы оқшаулануы (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр. Алайда, болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ.

Содержание работы

Кіріспе ––––––––––––––––––––––––––––––––––– 3
І тарау. Араб мемлекетінің құрылуы ––––––––––––––––10
ІІ тарау. Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы ––––––––– 18
ІІІ тарау. Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізген
ықпалы –––––––––––––––––––––––––––––––––––25
Қорытынды –––––––––––––––––––––––––––––––35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі –––––––––––––––––––– 38

Файлы: 1 файл

Араб мемлекетінің құрылуы 32 лист.DOC

— 344.50 Кб (Скачать файл)

Мәселе тек бұл мемлекеттің өмірінің ұзақтығында немесе өзінің көлемі бойынша өзіне дейін өмір сүрген державалардан әлдеқайда ауқымды (өзінің шарықтау шегіне жеткен кезде ол Ескі дүниенің ширегінен астамын алып жатты) болуында ғана емес. Тарих үшін ең маңыздысы мынада – халифатта әр түрлі өркениеттердің өзара әрекеттесуі жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды. Бұл мәдениеттің тілі – араб тілі, ал идеологиясы – ислам болды, міне, осы мәдениет араб жаулап алуларының нәтижесінде бүкіл әлемге дерлік тарады.

Мұсылман дәуірінде Шығыс елдерде мәдениет пен ғылымның орасан зор қанат жаюына тікелей ықпал еткен бірқатар факторлар болды, соның ішінде ең негізгілері ислам діні және Шығыс пен Батысты біріктірген алып империяның болуы еді.

Бұл мемлекетте Ұлы македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс пен Батыс, эллинистік Жерорта теңізі елдері, үнді-иран және түркі әлемі бірікті.

Осындай араб мәдениетінің ықпалына түскен аймақтардың ішінде Иран жерін айтуға болады. VІІ ғ. басында Иранның қоғамдық-саяси өмірі ішкі шиеленістерге толы болды. Феодалды жер иеленуші ақсүйектер мен бостандығынан айырылған шаруалар арасындағы қайшылық шиелене түсті. Сонымен қатар жер иеленуші тап – жоғарғы әскерилер, абыздар, сонымен қатар азаматтық бюрократия (жауғыштар тобы) және ұсақ жер иеленушілер (дихандар) арасындағы қарама-қайшылық та өз ықпалын тигізді.

Араб халқының V ғасырда ислам дінін тарату мақсатында Орта Азия мен Қазақстан жеріне жасалған әскери қимылдары 633 жылы басталып еді.

Арабтардың жаулап алуы басталған қарсаңында Орта Азия мен Қазақстан аумағының көп бөлігі Батыс түрік қағанатының билігінде болған еді. Орта Азияның көп иеліктерін түрік немесе аралас текті әулеттер басқарды. Иран тілдес халық пен түрік тілдес халық арасында тығыз жақындаушылық белең алды. Шаруашылық қарым-қатынас ұлғайып, экономикалық байланыстар өсті. Бұл факторлар араб жаулап алушылығына бірлесіп тойтарыс беруді ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды.1

Арабтар 705 жылы шапқыншылықтар тактикасынан Әмударияның шығыс жағындағы аймақ – Мауреннаһрды жаулап алуға көшті. Хорасан билеушісі Кутейба ибн Муслим Балхты басып алып, 706 жылы Пайкендке (Бұхарға таяу) қарай беттейді. Түркештер соғдылықтарға көмекке келеді. Түріктер мен соғдылардың бірікке қолы араб әскерлеріне қатты соққы беріп, оларды қоршап алды. Хорасан билеушісі Кутейбаның алдап-арбауының арқасында ғана одақтастарды біріне-бірін айдап салып, қоршаудан шығып кетуге мүмкіндік туды. 708 жылы Кутейба Рамитанды (Бұхара облысындағы қала) ұрыссыз алды, бірақ жеңісті баянды ете алмады. 709 жылы Кутейба Мауреннаһрға тағы да аттанып, Бұхараның маңына таяп келеді. Түрік соғды тобы араб әскерлеріне елеулі соққы береді. Кутейба тағы да алдап-арбау тактикасын қолданып, соғды патшасы Тархунды түріктердің көмегінен бас тартуға мәжбүр етті, ал араб әскері Бұхараны басып алды.

712 жылы Кутейба хорезмшах пен бұхархудат әскерлерімен бірге Самарқандқа бет алады. Соғдылықтар Шаш патшасынан, түрік қағанынан және Ферғана ихшидынан көмек сұрады. Одақтастарды түрік қағанының кіші баласы Инел-қаған басқарды. Соғды патшасы Гуракқа көмекке келе жатқан қолдың жолын жансыздар арқылы біліп алып арабтар торуыл жасап, ақсүйек жауынгерлерден құрылған түрік отрядын талқандады. Самарқанд табандатқан бір ай бойы қорғанғанымен, ақырында Гурак Самарқанд үшін өте ауыр шартқа қол қоюға мәжбүр болды. Қалада көтеріліс болуынан қауіптеніп Кутейба осында өзінің отрядын қалдырды.

Соғдылықтар мен түріктердің қарым-қатынасы әрқашан тең болмады. Бұл қарым-қатынас “күшті мен әлсіз” түрінде болды. Бұған соғды ханы Гуректің сөзі дәлел: “Мен қағанның құлдарының бірімін” деген. Орта Азиядағы феодалды диқандар мен көшпелілердің көсемдерінің арасында достық қатынас орнап, некелік келісім жиі болып тұрған. Кейбір ортаазиялық иеліктерге түрік немесе аралас династиялар билік еткен. Сондықтан, соғдылар жеріне арабтар шабуыл жасаған кезде түріктерден көмек сұрағаны осыдан еді.

Ат-Табари еңбегінде түрік қағанының Гурекке айтқан сөзінен үзінді келтіріледі. Онда: “Мен арабтарды сенің еліңнен қуып шығамын да саған билігіңді қайтарамын” деп, былай қорытады: “хандар өздері үшін ханға көмек беруге келіседі емес пе?”2

Түріктердің Мауреннаһр халқымен бірге арабтарға қарсы күреске қатысуының себептерін тек түріктердің өздеріне төніп кеп қалған араб жаулаушылығының алдын алудан туындады деп түсіндіруге болмайды. Деректерге сенсек, Қазақстан жерін жаулап алу арабтардың жоспарында болмаған. Осыған орай, Мұхаммед пайғамбардың түріктермен соғыспау жөніндегі хадисі сақталған. Бұл хадистің бірнеше нұсқалары кездеседі, соның бірінде: “Түріктерге, олар өздері тиіспесе тиіспеңдер” десе, тағы бірінде: “Түріктердің ашуын шақырмаңдар, өйткені олар аса қауіпті” делінеді.1

Түріктердің Мауреннаһр жерінде арабтарға қарсы күреске қатысуының әр түрлі себептері болуы мүмкін. Соның ішінде түркілердің өз вассалдары (соғдылықтар) алдындағы “ағалық” парызы немесе соғыстан түсетін олжа үшін және сондай-ақ жалдамалы әскер есебінде, т.т. себептерді айтуға болады.2 VІІІ ғ. Орта Азия ұсақ-ұсақ дербес княздіктерден тұрған еді, бұл княздіктер өздерінің солтүстіктегі көршілері – түркештермен әрдайым ауызбірлікке ұмтылып отырды. Дала мен Орта Азиялық қалалар өзара тамыры тереңге кеткен байланыста болғаны мәлім. Соғдылықтар түріктерге соғыстан түскен олжаны және бағынышты елдерден түсіп отырған алымды өткізуге көмектесіп отырды.3 Соғдылықтар сондай-ақ түрік қағандарының елшілікке байланысты тапсырмаларын да орындап отырды, олардың арасында дін уағыздады, дала билеушілерімен келісімге келе отырып, Ұлы Жібек жолы бойында өз колонияларын (бекіністерін) салды. Көшпелілер мен Мауреннаһр тұрғындарының өзара қарым-қатынастары әрдайым бірсыдырғы болған жоқ, керісінше, ол барынша қайшылыққа толы еді: тілдер мен жалпы мәдениеттің өзара ықпалдастығына әкеліп отырған бейбіт қатар өмір сүру; кейде қарсы тұру кезеңдеріне орын беріп отырды, бұл кезеңдер көбіне далалықтардың соғды жеріне шапқыншылықтарымен ерекшеленді. Әдетте соғдылар жеңіліс тауып, түріктер қаупінен сый-сыяпаттар беру арқылы зорға құтылушы еді.4 Соғдылар мен түріктердің қарым-қатынасы ешқашан тең болған емес. Бұл көбінесе “патрон-вассал” түріндегі қатынастар еді. Бұған ат-Табари өз еңбегінде келтіретін соғды патшасы Гуректің “Мен қаған құлдарының бірі ғанамын ғой”5 деген сөзі немесе Махмұт Қашқари еңбегіндегі “Татсыз түрік болмас”1 деген мақалы дәлел болады. Мұндағы “тат” – түркілерге тәуелді отырықшы соғды халқы. Көшпелілер мемлекеттерін кемеңгер, көреген қағандар басқарған дәуірлерде олар көрші отырықшы елдермен достық қарым-қатынаста болып, оларға сырттан қауіп төнген жағдайда әрдайым көмектесіп, қамқор болып отырды. Орта Азия декхандары мен түрік көсемдері арасындағы достық, туыстық (некелік) қатынастар сирек кездесетін жай емес еді. Олардың түріктерді көмекке шақыруы, түріктердің өз тарапынан мұндай көмектен бас тартпауы да таңданарлық жай емес.

Алайда, көп жағдайда түріктердің соғдыларға көмегі ешқашан ақы-пұлсыз да болмаған. Соғдылықтар көшпелілерге аса тиімді ақы төлеп отырған. Түргештердің соғдылықтар жағында ақы үшін соғысқаны жөнінде Наршахи мәліметтері бар.2 Бір жолы соғдылықтар шығыс түркілерден көмек сұрайды, әскери көмегі үшін соғдылықтар оларға: “сары алтын, ақ күміс, әйелдер мен қыздарды, қымбат әшекейлер мен басқа да байлықты көп мөлшерде тарту етеді”.3

Түріктер мен Орта Азиялықтардың арабтармен күресі жөнінде сөз болғанда, біз түрік жалдамалылары жөнінде айтқанымыз жөн. Ежелден-ақ сасанилік Иран, Қытай сияқты елдер түріктердің жауынгерлік қасиетін жоғары бағалап, оларды өз армияларына шақырып отырған еді, кейін мұсылман елдері де осы тәжірибені пайдаланды.

Арабтарға қарсы күрес жүргізуде Жетісуда Батыс түрік қағандығының мұрасын иеленуші түргештер (704-756 жж.) бірінші орынға шықты, олардың билеуші әулетінің атасы Үш-елік қаған (699-706 ж.) болды. Ол Жетісудан Батыс қағандықтағы билікке таласып отырған. Бөрі – шадты қуып шығып, Ташкенттен бастап, Турфан мен Бесбалыққа дейін көсіліп жатқан байтақ жерде өз өкіметін орнатты. Оның Ордасы Шу бойындағы Суябта орналасты.

Алайда, бұл мемлекетте ішкі бірлік болмайды. Түргеш қағандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы Сұлық қаған (717-738 ж.ж.) билікке келгеннен кейін біраз оңалады. Әскери-әкімшілік билік ”қара” түркештердің қолына тиіп, олардың ордасы Таласқа (Тараз) көшіріледі.

Айлакер елші және тамаша қолбасшы Сұлық екі майданда бірдей күрес жүргізеді. Батыста соғдыларға көмектесіп арабтармен күрессе, шығыста Тан сарайы Шығыс Түркістанда орнығып алған батыс түрік қағандары әулетінің таққа таласушы ұрпақтарын қолдап отырды. Елшілік жолмен (неке байланысы) және жеке шаралар арқылы Сұлық шығыстан келетін қатердің алдын алып, болдырмай тастады, бұл түркештердің батыста белсенді әрекет етуіне жағдай туғызды. 723 жылы Ферғана және Шаш тұрғындарымен бірігіп түргештер арабтарға қатты соққы береді. Түріктердің ішінде арабтарға қарсы күресте әсіресе көзге түскен осы түргеш қағаны Сұлық еді. Бұл жөнінде араб деректерінде, атап айтқанда, әл-Балазури еңбегінде мәліметтер бар, онда арабтардың өздеріне қарсы тынымсыз күрес жүргізгені үшін Сұлықты Әбу-Музахим (сүзеген) деп атап кеткені жөнінде айтылады.1 Тек 732 жылдың соңында ғана араб уәлиі түркештерді талқандап, Бұхараға кіреді. 737 ж. Сұлық арабтарға қарсы жорыққа шығып, Тохарстанға дейін жетеді, бірақ ұзамай жеңіліп қалады. Суябқа қайтып келгеннен кейін оны өзінің қолбасшыларының бірі Баға-Тархан өлтіреді.2 Сұлықтың қазасынан кейін “сары” түргештер мен “қара” түргештер арасында өкімет билігін алу жолындағы ұзақ күрес басталады.

746 жылы Жетісу жеріне Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Ішкі күрес тартыстан, сондай-ақ арабтармен болған ұзақ айқастан түргеш қағандары бұрынғы құдірет-қуатынан айырылып қалған еді, сол себепті де олар қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы аймақта белсенді саясат жүргізіп жатқан Қытай империясы бұл жағдайды өз пайдасына асыруға тырысты. Оның Шығыс Түркістанға уәлиі Као Шиен-Чи 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алып ойрандайды. Шаштың иесі дарға тартылады. Оның баласы көмек сұрап арабтарға барады.3 751 жылы Талас жанындағы Атлах қаласы түбінде аббасилердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Сяньжи арасында зор арпалыс болады. Айқас 5 күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлықтардың ту сыртынан қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытай әскері толық күйретілді. Тарихшы ибн әл-Асирдің мәліметтері бойынша: “Талас маңындағы шайқаста қытайлықтар оңбай жеңіліс тапты: 50 мың адам (100 мыңнан) қаза тауып, 20 мыңы тұтқынға түсті”.4 Талас алқабындағы шайқастың Орталық Азия халықтарының тағдыр-талайында үлкен тарихи мәні болды. Ол “Тандық Қытайдың Орта Азия істеріне қол сұғушылығына шек қойды”5 және түркі халықтарының мәдени бағдары жайлы мәселесін мұсылман өркениетінің пайдасына шешіп берді. Осы кезде Монғолия мен Алтайдан Жетісу жеріне келіп, бұл аймақта өз үстемдігін орнатуға тырысып жатқан қарлұқтардың Талас шайқасында арабтар жағына шығуы, олардың аймақтағы саяси ақуалды зерттеп біліп, түріктер үшін басты қауіп Қытайдан төніп тұрғанын дұрыс түсінгендігінен болса керек. Бұл шара сонымен бірге халықтың Қиыр шығыстық мәдениет емес, араб-ислам мәдениетін таңдауын да көрсеткен еді. Қытай өркениетімен салыстырғанда Ислам өркениеті универсализмнің шын мәніндегі үлгісі болды, онда әрбір ұлт, әрбір кіші-гірім мәдениет өзінің дербестігін сақтады. Құран халықтарды рухани бірлікке шақырды. Ислам дінін қабылдау арабтануды білдірмегені жалпы жұртқа мәлім.1

Талас шайқасынан кейін еркіндік сүйгіш түріктер (қарлұқтар) өздеріне қауіп төндіріп тұрған екі империяның ішінде араб халифатының қол астында (қамқорлығында) болу анағұрлым тиімді екенін түсінді. Сондай-ақ, Талас шайқасынан кейін, арабтармен жақын араласа бастаған түріктер, олардың дінімен танысады, өйткені сол кезеңде Жетісу түріктері арасында ислам мәдениеті тез қарқынмен тарай бастаған еді. Бұл діннің өздерінің рухани сұраныстарына жауап беретіндігін ұғынған қарлұқтар  оны өз еріктерімен қабылдаған деген болжамды айтуға болады.

VІІІ ғасырдың екінші жартысы қауырт тарихи оқиғаларға, көтерілістер мен бүліктерге толы. Арабтарға қарсы және мұсылмандыққа қарсы сипаттағы ең күшті халық көтерілісі Орта Азияға Муканна қозғалысы болды.2 Халық көтерілісі ІХ ғасырдың бас кезінде де толастаған жоқ. 806 жылы Соғдыда Рафи ибн Лейс бастаған бүлік шықты, оған “Шаштың билеушісі өзінің түріктерімен” тибеттіктер қатысты. Арабтар бүлікті басып 810 жылы қарлұқтардың қаласы Құланға жорық ұйымдастырды. Қорасанның билеушісі Мамон 811 жылы халиф Әминмен соғыс басталар алдында өзінің уәзірі Фадл ибн Сахме маған соғысты ең бір қолайсыз жағдайда, қарлұқ жабғұл бағынудан қалып тұрған кезде бастауға тура келіп тұр деп шағынады. Отырар патшасы бұрын төлеп жүрген алымын төлеуден бас тартады. Фадл Мамонға жабғұлға хат жазып, оның қазір иеленіп отырған аймақтарын сыйлыққа беріңіз, ал Отырар патшасынан рақымдылық ретінде 1 жыл алым алмайтын болыңыз деп ақыл береді. Бірақ, бітімге келудің сәті түспеді.

Араб тарихшылары Фарабтың, Испиджабтың және Шаштың арабтар үшін ең бір тынышсыз иеліктер болғанын атап өтеді.3

ІХ ғасырдың бас кезінен араб халифатының бұрынғы саяси бірлігі бұзыла бастайды. Мауреннаһр халықтарының арабтарға қарсы толассыз күресі мұнда жергілікті феодал ақсүйектердің билікті басып алуына қолайлы жағдай туғызды. Солай болып шықты да. ІХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Хорасан мен Мауреннаһр халықтарын жергілікті тахирилер мен саманилердің әулеті биледі. Олар Бағдатқа салық төлеп тұрды, ал басқа жағынан шын мәнінде тәуелсіз болды.

Араб жаулап алушылығы тек сыртқы фактор болып қана қойған жоқ. Ол халифаттың қол астында болған жерлердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінде, ондағы этникалық және үрдістерде өз ізін қалдырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізген әсері

 

Орта Азияның толық жүз жыл тарихы араб жаулап алушылығымен тығыз байланысты. Осы уақыт ішіндегі әскери қимылдар, жаңа саяси күштің және жаңа этникалық елементтердің пайда болуы елдің өміріне әсер етпей қоймады.

Жаулап алушылықтың салдары көшпенділердің әдеттегі шабуылы секілді емес, терең болды.

Көшпелі-жаулап алушылар Орта Азияның экономикалық дамуына, сонымен қатар әлеуметтік қатынастың дамуына, Ирак, Сирия, Египеттің әлеуметтік-экономикалық қатынасына айтарлықтай өзгеріс енгізбеді. Қоғамның әр түрлі топтары күнделіктері өмірде саяси және әлеуметтік-құқықтық жағынан елеулі өзгеріске ие болды.

Бірақта Орта Азияда арабтардың пайда болуы олардың қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық негізін өзгертпегенімен, сол кездегі араб жаулап алушылығының ерекше маңызы болды.

Арабтардың Таяу Шығыс пен Орта Азияны жаулап алуының бірқатар ерекшеліктері бар. Таяу Шығыс тез және бейбіт жолмен дамыды, экономикаға ешқандай кері әсерін тигізбеді. Орта Азияны арабтар 70-80 жыл бойы жаулады.

Араб жаулап алушылғы қала қарым-қатынасын өзгертті және олардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық жүйесіне өз ықпалын тигізіп отырды. Әскери қимылдар көбінесе қалаға қиратушылық әкелмеді, бірақ шіркеулер қиратылды. Қиратылған шіркеулер мешіттерге айналдырылды: Бұхарада, Самарқандта мешіттер пайда болды.

Х ғасырдың басында Хорасан мен Мауреннаһр пайда болған медреселер исламды таратуда күшті бір құрал болған еді. Бартольдтің зерттеуі бойыншы медреселер, яғни Х ғасырда мұсылман әлемінің шығыс бөлігінде пайда болған, тек ХІ ғасырда ғана мұндай оқу орындары Батыс Иранда және халифаттың астанасы Бағдатта ашылады.1 ХІ–ХІІ ғғ. Сайрамда рухани оқу орындары – медреселер және сондай-ақ, кітапханалар болғаны жөнінде жазба деректерден мәлім. “Халифаттан тыс жерлерде, атап айтқанда, Орта Азияда басқа ислам аймақтарымен салыстырғанда мұсылмандық насихаттың қарқынды жүруі мүмкін осымен түсіндірілетін болар”, – дейді В.В.Бартольд.2

Информация о работе Араб мемлекетінің құрылуы