Араб мемлекетінің құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 09:33, реферат

Описание работы

ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бергі уақыт әлемінің жекелеген халықтары мен өркениеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы “Ұлы жаңару кезеңі” (Л.Снайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүниежүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдегі әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, өз ұлттық аймағындағы оқшаулануы (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр. Алайда, болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ.

Содержание работы

Кіріспе ––––––––––––––––––––––––––––––––––– 3
І тарау. Араб мемлекетінің құрылуы ––––––––––––––––10
ІІ тарау. Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы ––––––––– 18
ІІІ тарау. Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізген
ықпалы –––––––––––––––––––––––––––––––––––25
Қорытынды –––––––––––––––––––––––––––––––35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі –––––––––––––––––––– 38

Файлы: 1 файл

Араб мемлекетінің құрылуы 32 лист.DOC

— 344.50 Кб (Скачать файл)

Жеке-тұлғалық дәрежеде ұғынылған өркениеттілік пен діни біртұтастық арқасында мұсылман әлемінің қай түпкірінде болмасын өздерін жат жұрттықтармыз деп сезінген жоқ. Әл-Фараби көп ұлтты әр түрлі мәдениеттерді біріктіретін қоғамдастықтардың артықшылығын мойындады, оның: “ұжымдық қалада жан-жақты дамыған адамдар өсіп шығып, данышпандар, шешендер, ақындар қатар өмір сүре алады” деген ойы осының дәлелі.1 Алайда, ол мұндай қоғамдастықтардың күштеу арқылы, яғни зорлықпен бірігуіне және бірігудің мақсаты өткінші, руханы емес (экономикалық және т.б.) құндылықтар болуына бар болмысымен қарсы.

Надан санаға “қалалар” (яғни мемлекет, қоғамдастық) бір-бірімен үнемі күресіп, жауласып отыруы қажет болып көрінеді, ал егер бірігетіндей жағдай болса, онда бұл бірігу мәжбүрліктен және аса зәру болғандықтан, яғни жасанды түрде іске асады. Және міндетті түрде бір жағы жеңіп, ал екінші жағы жеңіліс табады. “Оларды бірігу мен келісімге келуге сырттан бір нәрсе итермелейтін болса дәл осы сыртқы нәрсе мәжбүр ететіндіктен ғана бірігеді. Осы сыртқы нәрсе жойылысымен-ақ олар бір-бірінен алыстап, бөлініп кетеді. Адамзатқа тән көзқарастардың ішіндегі хайуандық көзқарас осындай”!2

Әл-Фараби ұсынатын таза исламдық көзқарас бойынша ішкі, рухани келісімге, дүниетанымның ортақтығынан (мұның өзі рухани бастаулардың бірлігін сезінуден болатыны белгілі) туындайтын бірігуге артықшылық беріледі. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар – тек көріністер ғана, яғни идеялық-рухани өзара түсіністіктің салдарлары.

Әл-Фараби философиялық көзқарастары ислам тарихының даулы мәселелері, әсіресе, Орталық Азиядағы исламның тағдыры мәселесін түсінуге көмектеседі. Егер ислам Орталық Азияға кездейсоқ еніп, күшпен танылды десек, басқаша айтқанда оның объективті алғы шарттары, негіздері болмады десек, онда арабтар кетісімен және Бағдадтық саяси бақылауы жойылысымен Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Азербайжан, Иран және басқа да аймақтар міндетті түрде исламнан бөлініп қалар еді. Өйткені, әл-Фарабидің түсіндіруі бойынша, мәжбүр етуші фактор жойылғанда мәжбүрлілік жолмен пайда болған бірігу жойылуға тиіс. Осы қағидаға байланысты ислам дінінің таралуының трихи заңдылығы дәлелденеді. Жаңа дін империя ыдырағаннан кеін жойылмақ түгілі, ол одан сайын нығайып, өрісі кеңейіп, тереңдей түсті.

Мұсылман дәуіріндегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени өрлеу түркі тайпаларынан әл-Фараби, басқа да көптеген қайталанбас дара тұлғалар – патриоттық бағыттағы ойшылдардың, философтардың, тарихшылардың, ақындардың шығуына мүмкіндік жасады. Әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни сияқты ойшылдар шығармашылығы өз кезегінде ортағасырлық Мұсылмандық Ренессанс (Н.Конрад) өкілдері Жүсіп Баласағұнидің, Махмұт Қашқаридің, Ахмет Иүгінекидің, Ахмет Иассауидің және т.б. ойшылдардың көзқарасына ықпал етті. Түркі халықтарының аталған ойшылдары араб, парсы ойшылдарымен бірге мұсылмандық шығыстың рухани және мәдени дамуына атсалысты.

Қарастырып отырған дәуірде ең жас, күш-қуаты тасып тұрған, қуатты моральдық және жасампаздық потенцияға ие бірден-бір дін ислам болды. Зороастризмнің әбден көнеріп, қаусап біткені жөнінде В.В.Бартольд өз кезінде дәлелдеп берген еді.1 Бұл жағдайдың басты себептерінің бірі діннің ғұмырында жатыр. Сондай-ақ иудализм мен буддизм де іс жүзінде пұтқа табынушылыққа айналып кетті. Християндық Европаның өзі, сондай-ақ Үндістан да орта ғасырда арабтар мен парсылардан көп үйренгені және жалпы ислам мәдениетінің ықпалында болғаны белгілі. Орта Азияны мекен еткен тайпалардың арасында исламның берік орнығуында негізгі рөлді сопылық миссионерлер атқарды. Мұның өзі Орта Азия халықтары арасында тараған исламның өзіндік ерекшеліктерін анықтады. Мауреннаһр қалалары, соның ішінде, негізінен Бұқарадан накшбания, ясауийя, кадирия сияқты сопылық бауырластықтардан далаға дін уағыздаушылар жіберіліп отырған. “Жалаңаяқ дәруішті көргенде селт етпей, уағызына құлақ аспай өтіп кеткен бірде-бір көшпелі дала адамын мен көрген емеспін”деп далалықтардың арасындағы сопылықтың ерекше ықпалды күш болғанын еуропалық саяхатшы- ғалым А.Вамбери  көрсетеді.2

Түріктер арасында сопыларды ерекше құрметтеу дәстүрі қалыптасады, оларды әр түрлі діни дәрежесіне қарап түріктердің әр түрлі бөліктері әр қалай атаған, соның ішінде: сопы, әулие, дәруіш, дуана, шайқы, пір, ишан және т.б. бар. Әдебиетте Мауреннаһр мен Хорасан “дәруіштіктің дәстүрлі елдері” ретінде көрсетіледі. Сопылықтың рухани ұстаздары незінен осы аймақтардан шыққан рас, алайда бұл ұстаздарды шынайы түрде пір тұтқан, сопылықтық қағидаларын жүрекпен сезініп, оны халықтық дәстүрлер арқылы қабылдаған түркілер еді.

Орта Азиялық сопылық дәстүрдің қалыптасуына атақты сопы Жүсіп Хамадани ерекше еңбек сіңірді. Жүсіп Хамаданидің өзі және оның көптеген ізбасарлары Мауреннаһрдан солтүстікке қарай жатқан далалы өлкеде, Шығыс Түркістанда исламды таратуға бар күштерін салды. Хамадани орта Азиялық дәруіштер мектебінің негізін салды, осы мектептің дербес бір бұтағы Ахмет Иассауи ашқан түркілік дәруіштер мектебі еді.

Түркі тайпаларының арасында мұсылман дінін уағыздаған барлық атақты шайқыларға – Қожа Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, Сейт Ата және басқаларға Хамади идеялары орасан зор ықпал еткен. Хамаданидің өзінің дін өкілі ретіндегі мәртебесі, беделі жөнінде және оның миссионерлік қызметінің қаншалықты кең ауқымды болғандығы жөнінде біз аглографиялық деректерден көреміз, онда Хамаданидің мүридтерінің ішінде 700-і әулие дәрежесіне ие болған және оның ықпалымен 8000 пұтқа табынушы мұсылмандыққа өткені жөнінде айтылады.

Орта Азия аймағында исламның осылайша қарқынды түрде насихатталуы өз жемісін берді. Түріктердің ислам дінін “өз еркімен”, бейбіт жолмен қабылдағанын былай қойғанда, бұл аймақта сопылықтың дербес бір түркілік мектебі де қалыптасып үлгерді. Бұл мектептің қалыптасуына әрине, бүкіл түркі халықтары арасында Әзірет Сұлтан атанған атақты шайқа Қожа Ахмет Иассауидің атымен байланысты екені даусыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен курстық жұмысты аяқтай отырып, мынадай тұжырым жасауға болады. Осыдан 14 ғасыр бұрын, яғни VІІ ғасырдың басында Мұхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін – исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтар Абу Бәкір (632-664 жж.), Омар (634-644 жж.), Осман (644-656 жж.) және Әлиден (654-661 жж.) бастап өз шекарасын миссионерлік қызмет арқылы, сондай-ақ жаулаушылық соғыстар арқылы да кеңейтіп отыруға тырысқан. Осының нәтижесінде мұсылман әлемінің шекарасы ІХ ғасырдың басында айтарлықтай ұлғайып, өзіне Солтүстік Африкадан Орта Азия жерлеріне дейінгі ұлан-ғайыр территорияны қосып алды. Олар Периней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне мәдениеттердің жұртында жаңа этникалық өркениет және ұлы империя құрды. Бұл мемлекетте Ұлы Македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс пен Батыс, эллиндік Жер Орта теңізі елдері, Үнді-Иран және түркі әлемі бірікті. Қасиетті құранмен рухтанған ортағасырлық арабтар VІІ-VІІІ ғасыр көптеген елдерді еш қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа “варвар” халықтардың жаулаушылығына өзгеше, арабтардың жаулап алушылықтары жаппай қырып-жою, қиратушылықтармен жүрмеген. Араб жаулап алуларын күні озған ескі өркениеттерді қиратып, орныны жаңа прогресшіл өркениет орнатқан халықтардың Ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру керек.

Араб халифаты территориясының геосаяси кеңейтілуі жаңа жерлер мен халықтарды жаулап алу жолымен жүрген болса (бұл орта ғасырлар мен жаңа заманның барлық мемлекеттеріне тән жағдай), ал жаулап алынған халықтардың іс жүзінде ислем дініне өтуі күштеу жолымен жүрді деп айта алмаймыз. Көбіне арабтар өздеріне қаратқан жерлердің жергілікті халқы, бұл жерлерде ислам мемлекеттік дін болуына қарамастан, өздерінің дәстүрлі діндерінде қала берген.

Бұл территориялардың исламдану процесі баяу жүрді және оның өзінің ерекшеліктері болды. Мысалы, Омейя әулеті кезінде (661-750 жж.) мұсылмандар христиандар мен зороастриліктердің діни ісіне араласпаған. Құранда исламға тек жаңа діннің басты жауы болып табылатын пұтқа табынушыларды өткізу қажеттілігі жөнінде ғана айтқан. Мұсылмандықты таратуда күш қолданбай (жаңа дінді) халықтың көпшілігінің өз еркімен қабылдау процесін тездетті.

Осы тұста Мұхаммед пайғамбар негізін салған ислам діні “қылыштың күшімен таралды”, “ислам зорлықшылардың діні” деп қарастыру теріс екендігіне көзіміз жетеді.

Жалпы екі елдің соғысуы, көбінесе халықтар арасындағы соғыс сипатында емес, қайта сол өңірдің феодал билеушілердің немесе әскер басшысының не өз еркімен, не патшаның бұйрығымен туындаған уақиға екенін білген жөн.

Арабтардың жаулап алушылық жорықтары Исламның діни бұйрығынан гөрі, олар қарасты болған патшалардың бұйрығының нәтижесі еді. Демек, араб жаулап алукшылығына себепші фактор ислам дінін тарату емес, саяси-экономикалық мүдделер болған. Ендеше, араб жаулап алушылығының исламмен байланысы жоқ екенін түсіну қиын емес.

Араб жаулап алушылығы арқылы араб қол астындағы елдер ислам дінімен танысып, исламның таза, пәк рухани сұраныстарына жауап бере алатын дін екенін түсіне отырып, өз еріктерімен ислам дінін қабылдағанын көреміз.

Ислам және араб мәдениеті Орта Азия халықтарының тұрмысына айтарлықтай ықпал етті, соның ішінде, ең алдымен түркілер отырықшылық пен қалалық өмірдің, сауданың дамуына, тұрмыс, мәдениеттің көтерілуіне белгілі дәрежеде ықпал етті деп айта аламыз.

Тарихи тұрғыдан алып қарағанда Орта Азияның араб-мұсылман өркениетіне тартылуы бұл жерде қоғамдық қатынастардың жетілуіне, жергілікті халықтардың топтасуына, бытыраңқылықтың әлсіреп, орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуына ықпал етті.

Араб-мұсылман дәуірі халықтарға соның ішінде, әсіресе ирандықтар мен түріктерге іс жүзіндегі мәдени процесс алып келді. Әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни, Ибн Рушид, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, т.б. сияқты әлемдік деңгейдегі тұлғалардың пайда болуы осының бұлтартпас айғағы.

Түрік-ислам синтезінің  қалыптасу уақыты ортаазиялық-хорасандық сопылықтың гүлдену дәуірімен (ІХ-Х ғғ.) сәйкес келді. Түріктердің исламдануына ирандықтар үлкен рөл атқарды.

Орта Азия Мұсылмандық Ренессанс әрекет еткен аймақтардың бірі болды. Арабтар келгенге дейін-ақ өздерінің дамыған мәдени дәстүрлерінің болғандығы Орта Азия мәдениетінің араб дәуірінде ерекше гүлденуіне негіз болды. Орта Азия топырағынан шыққан ұлы ғұламалар өздерінің теңдессіз туындылары арқылы өз уақытының интеллектуалдық дәрежесімен салыстырғанда аса жоғары деңгейге көтерілді. Алайда, мұның өзі бұл ғұламалардың өз халқының бұған дейін жинақтаған мәдени жетістіктерін өз бойына сіңіріп, ары қарай дамуына сырттан жаңа серпін алғанынан деп түсінеміз.

Орта Азия Исламның гүлденген өлкесіне айналды. Теология, әдебиет пен сәулет өнері қарқынды дамыды.

Х ғ. бері қарайғы түркі әдебиетін ислам мәдениетінен бөліп қарау мүмкін емес. Өйткені, Египет пен Ұлы Қытай қорғанына дейінгі аралықта билік құрған араб халифатының қол астына қараған елдер “Ислам мәдениеті” дейтін өркениеттің ортақ ошағын тұтатқан еді.

Орта Азия ғалымдары исламдық ғылымдар саласында жемісті еңбек етіп, араб философиясы мен филологиясын дамытты. Түркі топырағынан шыққан атақты ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби араб философиясының негізін қалады, оны Ибн Сина, Ибн Рушид сияқты ұлы мұсылман философтары “Екінші ұстаз” деп дәріптеді.

Мұсылман дәуірінде, әсіресе, Х-ХІІ ғасырларда Орта Азияның барлық аймақтарында жүздеген жаңа қалалар салынды.

Біз қарастырып отырған дәуірде Орта Азия халықтарының саудаға деген қатынасы өзгерді. Бұл жағдай бір жағынан исламның саудаға қатынасымен түсіндірілсе, екінші жағынан әр түрлі елдер арасындағы шекараларды жойып, мұсылмандар үшін баж салығын төмендеткен халифаттың Ұлы Жібек жолы бойымен сауда керуендерінің еш қауіп-қатерсіз, еркін түрде жүруіне ықпал етуінен деп түсінеміз.

Халифаттың басқа да аймақтары сияқты Орта Азия халықтарына араб тілі мен жазуы енді. Араб тілінен енген ауыс-түйіс сөздер қазіргі таңда да түркі халықтары лексикасының айтарлықтай бөлігін құрап отыр. Араб жазуы Орта Азия халықтарының басқа жазу түрлерін ығыстырып шығарды. Әл-Фараби бастап көшпелі түрік ғұламалары өз еңбектерін араб тілінде және араб графикасымен жазды.

Сонымен, қорыта айтқанда, бұл курстық жұмысымда араб жаулап алушылығы басқа “варвар” тайпаларына қарағанда қирату, жоюшылықпен жүрмеді. Сонымен қатар, осы  жаулап алушылық нәтижесінде Орта Азия аймағында болған тарихи-рухани процестерге талдау жасалды. Курстық жұмыстың нәтижесінде әлемдік деңгейдегі ұлы ғұламаларды өмірге әкелген ислам-түрік синтезі сыңаржақты процесс емес, керісінше, шын мәніндегі өзара ықпалдастық екені дәлелденді.

Курстық жұмыстың нәтижесінде жасалған басты қорытынды – әр түрлі халықтар арасындағы өзара ықпалдастық, соның ішінде, әсіресе, мәдени диалогтар әрдайым прогреске, орасан зор мәдени өрлеуге алып келіп отырады. Мәдени ықпалдастықтың тікелей жемісі болып, яғни Орта Азия топырағынан шыққан атақты мұсылман ойшылы ұлы әл-Фарабидің саяси тұжырымдамасы маңызын әлі күнге дейін жойған жоқ, керісінше, адамзаттың қазіргі таңдағы ғаламдық мәселелермен байланысты оның өзектілігі арта түсіп отыр. Мемлекеттік шекаралардың шеңберінен шығып отырған экологиялық қиындықтар және әр түрлі оқшау соғыстардың жиілеп кетуі әлемдік деңгейдегі басқару мен билік мәселесін күн тәртібіне ерекше қойып отыр. Прогматизм тұрғысынан қарағанда қияли болып көрінетін, рухани құндылықтарды паш етуші “ізгі қала” идеясы, бүкіл жер шары адамдарының қоғамдастығы туралы идея бүгін утопия болмай қалды. Бұған ғылым мен техниканың, экономика мен құқықтың, мәдениет пен өнердің интернационалдық сипатымен ерекшеленетін біздің заманымыздың жалпы беталысы куә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

    1. Қартабаева Е.Т. Араб-мұсылман мәдениеті және Орталық Азия халықтары өміріндегі өзгерістер (VІІІ-ХІІІ ғғ.). т.ғ.к.дис. – Алматы, 2002 ж.
    2. Қартабаева Е.Т. Араб жаулап алулары мәселесіне жаңа көзқарас // Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. 24-25 мамыр, 2001 ж. – Алматы: Қазақ университеті, 2002 ж.
    3. Әли-Хіммет Берки. Осман Кескіоғұ. Соңғы пайғамбар Хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны. – Анкара, 1997 ж.
    4. Бальшаков О.Г. История халифата. Спб., М.: Вост. Лит, 2000. Т.2.
    5. Мұхаммед пайғамбардың хадистері. Ауд.: Н.Қазыбеков. Ред.: О.Сәрсенбаев, Ә.Сәрсенбаев. – Алматы: Жазушы, 1994 ж.
    6. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. 3 томдық. Ауд., алғы сөін жазған А.Қ.Егеубаев. – Алматы: ХАНТ., 1997 ж. Т.1.
    7. Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі. Аударған: Халифа Алтай. Өңдеуші: Дәлелхан Жаналтай. Редакциялаған: Абдұрраһим Алтай. – Құран Шариф басым комбинаты, 1991 ж.
    8. Хрестоматия по истории Халифата. Сост. Л.И.Надирадзе.   М.: МГУ, 1968 г.
    9. Беляев Е.А. Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье. – М.: Наука, 1966 г.
    10. Грюнебаум Г.Э. фон. Основные черты арабо-мусульманской культуры. – М.: Наука, 1981 г.
    11. Дұға. Құрастырған Қ.Мамашәріпов. – А., 1991 ж.
    12. Зайончковский А. Старейшие арабские хадисы о тюрках. VІІІ-ІХ вв. // Тюркологический сборник. – М.: Наука,     1966 г.
    13. Идис Шах. Суфизм. – М.: Клышников, Камаров и Ко, 1994 г.
    14. Ирмиява Т.Ю. От халифата до блистательной порты. История мусульманского мира. – Пермь: Урал, 2000 г.
    15. Нұртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана. – Алматы: Фараб, 2000 г.
    16. Назарбаев Н.А. Идея Евразиского союза и перспективы интеграции // Евразиской союз: новые рубежи, проблемы, перспективы. Материалы научно-практической конференции. – М., 1996 г.
    17. Кляшторный С.Г. Из истории борьбы народов Средней Азии против арабов. – Л., 1954 г.
    18. Крачковский И.Ю. Избранные сочинения в 6-ти томах. – М.-Л.: Изд. Акад. наук СССР., 1957 г.

Информация о работе Араб мемлекетінің құрылуы