Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 10:17, реферат

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................3-8
І-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер
...................................................................................................................................9
1.1. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.....................9-30
1.2. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі.....................................31-40
ІІ-тарау. Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған
мақалалары...............................................................................................41
2.1. Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары..........41-60
2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары...61-78
Қорытынды..........................................................................................................79-80
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер………………...………………..81-83

Файлы: 1 файл

1899_Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері.doc

— 386.00 Кб (Скачать файл)

 «Бұдан кейінгі жылдарда  кеңес өкіметіне қарсы ашық  пікір білдіре алмадық, оны жүзеге  асыра" қоятындай күш болмады, сондықтанда барлық күшті кеңес мекемелеріндегі қызметке ие болып, сол арқылы кеңес өкіметінің науқандары мен шараларына бөгет жасауға тырыстық» (Тынышбаев, № 2370-іс, 1 т., 131 -парақ).

«...біздің ойлаған мақсаттарымыз кеңес өкіметінің мемлекеттік басқару аппараты арқылы жүргізіліп, іске асты. Басқа салаларға қарағанда мәдениет майданында біз көп іс тындырдық.

Оқу-ағарту комиссариатының ғылыми комиссиясында Байтұрсынов, Досмұхамедов жэне Ысқақов қызмет істеді. 22-жылға дейін Оқу-ағарту комиссариатын Байтұрсынов басқарды, одан кейін Сүлеев Оқу-ағарту комиссариатының орынбасары болды, одан кейін Сәдуақасов келді, ОАК-ға Дулатов та жақын жүрді, бір кезде Ташкенттегі институттың директорлығының міндетін Әділов те атқарды. Қазақ мәдениеті мен ағарту ісінің жанашырларының қоғамы құрылды. Басқарма мүшелерінің құрамында: Х.Досмұхамедов төраға, Есболов орынбасар, Әуезов, Тынышбаев жэне Ж.Досмұхамедов пен Қашқынбаев болды. Қазақтың мемлекеттік баспаларында - Досмұхамедов пен Ысқақов Даниал (Ташкентте), Дулатов (Қызылордада), Бөкейханов пен Әуезов (Мәскеуде) қызмет істеді. Оқулықтарды - Байтұрсынов, Дулатов, Омаров Елдес, Досмұхамедов X. және («Алашорданың» кезіндегі идеологиялық бағыт-бағдар бойынша) жазды. Аударма әдебиеттерімен - Бөкейханов, Дулатов, Жұмабаев, Байтасов ж). Қазақ тілінде мыналар: X. Досмұхамедов (қазақтардың тәуелсіз кезіндегі өмірін жырлаған, батырлар мен қазақ даласының құдіретін баяндайтын ежелгі әндер мен халық аңыздары), Әуезов (өткен кездің табиғаты мен ауыл өмірін үлгі ете эпикалық сарында суреттеді, оларды үлгі етіп корсетті), Жұмабаев, Тынышбаев (орыс тілінде - кең байтақ кең далаға қоныстанған бұрынғы тәуелсіз өмірдің, өзге халықгарға тәуелсіз күн кешкен тарихын) кітап етіп бастырып шығарды. Ескі араб әліпбиін жақтап қорғағандар: Байтұрсынов, Е.Омаров, Байсейітов Әзіз. Тілдің тазалығы үшін күрескендер: (бұрынғы атаулар мен ұғымдарды): Байтұрсынов, Жұмабаев, Х.Досмұхамедов. Маркстік қондырғысыз, бұрынғы «Алашорданың» идеология-сының негізівде мектепке: Байтү.рсынов, Аймауытов, Жү-мабаев, Байтасов, Жэленов, Омаров Е., Омаров А.С., Байсейітов Әзіз, Әділев, Әуезов, X. Досмрсамедов, М. Тынышбаев оқулық жазды. Университетте (Алматыдағы) сабақ бергендер: Байтұрсынов, Ермеков, Досмұхамедов X., (университетгің ашылу кезінде Байтұр-сынов «Алашорданың» идеологиясы тұрғысынан сөйледі).

Осы кезде шыққан кітаптардың көпшілігі «Алашорданың» идео-логиясы тұрғысынан жазылды, оқу орындарының түлектері сол идеямен қаруланып шықты (Тынышбаевтың 3. X. 30 ж. жауабынан. № 2370-іс, 1 т., 277-278 –парақгар.

Қазақ ұлты рухани парасаттың даму баспалдағына неғұрлым биіктеп көтерілген сайын, өзі үшін құрбан болған алаш ғұламаларын соғұрлым құрметтеп, тағзым етуі тиіс. Өйткені, ұлттың рухани тәуелсіздігін сақтап қалғандар да, мәңгүрттіктен құтқарып кеткендер де, болашақтағы тәуелсіздіктің қасиетті ұлы жолын анықгап берген де солар.

Таланттың тағдырын талқыға салған, тұлғаларды тұқыртқан жазалау науқанының кезекті бір науқаны былай аяқталды: «Қазақстандағы біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарманың '' төтенше өкілеттігінің жанындағы үштіктің мәжілісінің № ІІІ/к мәжіліс-хатының көшірмесі. 1932 жыл. 20 көкек54.[№43,23б.]

Тыңдалды: № 2370-іс бойынша : Тынышбаев Мұхамеджанды, Досмұхамедов Халелді, Досмұхамедов Жаһаншаны қылмыс кодексінің 58/10, 57/7, 58/11 жэне 58/3-статьялары бойынша; 2. Үмбетбаев Алдабергенді, Мурзин Мұхтарды ҚК 58/7, 58/11-ста-тьялары бойынша; 3. Мұңайтбасов Әбдірахманды ҚК 58/4, 58/11-статьялары бойынша; Кемеңгеров Қошмұхамедті, Бұралқиев Мұстафаны ҚК 58/10, 11-статьялары бойынша; Күдерин Жұмақанды, Қожамқұлов Нашимді ҚК 58/11-статьялары бойынша; Ақбаев Әбдұлхамитті ҚК 58/11 жэне 16-статья бойьшша; Ақбаев Жақыпты ҚК 58/10, 59/3-статьялары бойынша; Қадырбаев Сейтазымды ҚК 58/7, 11-ст. бойынша; Омаров Әшімді ҚК 58/10, 7, 11-ст. бойынша; Тілеулин Жұмағалиды ҚК 58/2-ст. бойынша; Ермеков Әлімханды, Әуезов Мұхтарды ҚК 58/7, 10, 11 -ст. бойынша Омаров Уәлиханды, Сүлеев Біләлді 58/2-статьясы бойынша; Ысқақов Даниалды ҚК 58/10, 11-статьялары бойынша жауапқа тартты. Шешім:

1. Тынышбаев Мұхамеджанды. 2. Досмұхамедов  Халелді. 3. Досмұхамедов Жаһаншаны. 4. Үмбетбаев Алдабергенді. 5. Мұрзин Мұлтарды. 6 Мұңайтбасов Әбдірахманды. 7. Буралқиев Мұстафаны. 8. Кемеңгеров Қошмүхамедті. 9. Күдерин Жұмақанды. 10. Қожамқұлов Нашимді. 11. Ақбаев Әбдүлхамитті. 12. Ақбаев Жақыпты. 13. Қыдырбаев Сейтазымды. 14. Омаров Әшімді. 15.  Тілеулин Жұмағалиды - бес жыл мерзімге концлагерые жіберуге, оны сонша мерзімге жер аударумен ауыстыруға... шешім қабылдады. 16. Ермеков Әлімхан. 17. Әуезов Мұхтар - үш жыл концлагерьге қамалсын, уақыттары 8/Х - 30 ж. бастап есептелсін. Ермеков пен Әуезовтің үкімі шартты түрде есептелсін. 18. Омаров Уәлиханды. 19. Сүлеев Біләлді. 20. Ысқақов Даниалды қамаудан босатсын, тергеу кезіндегі отырғаны еске алынсын».

Қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымын әшкерелеуге арналған бес жылға созылған тергеу ісінің  нәтижесі осындай үкіммен тәмамдалды.

 

2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары.

      Бір өзі бірнеше ғасырға татырлық ХХ ғасыр тарихы да белгілі обьективті себептерге байланысты, тек соңғы жылдары ғана жалпы адамзат тарихы контексінде, ұлттық мүдде тұрғысынан бастап зерттеле бастағандығы белгілі. Бұл ретте тарих ғылымы үшін ғасыр айнасы іспетті болған мерзімді басылымда жарияланған материалдың деректік орны ерекше55. [№44.48б.].

1998 жылы басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «жадымызда сақталсын, таулық дәйім сақталсын» деген еңбегінде56 «тегінде тарихи сабақтастық пен заңдылықтарды әркім өзінше түсініп-түйсінеді, яғни өз елі, өз халқы өткен жолдың байыбына әр адам өзінше барады. Мұнда бәріне ортақ, әрі бәріне де жарамды әмбебап әдістеме жоқ және болуға да тиіс емес. Тарихтың соншама бай, сан қырлы болып келетіні сияқты танымның жолы да сан тарау» -деп жазды56.[№45,6б.].

Осындай біздер үшін өз еліміздің, өз халқымыздың өткен жолының байыбына бармай апаратын танымның тек бізге ғана тән жолдарының бірі, ол –ғасыр басында шығып тұрған ұлтық басылымдарды тарихи дерек көзі ретінде пайдалану.

Соңғы жылдары алаш ардагерлерінің еңбектерін жеке жинақ етіп бастыруда ұлт басылымдары материалдарының ғылыми зерттеу жұмыстарына көптеп тарылу барысында дерек авторларын қате көрсету бірінің еңбегін екіншісіне таңу сияқты осы бастан абай болатын фактілер де кездесіп жүр.  Мысалы, 1994 жылы М.Қойгелдиевтің құрастыруымен Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан тұратын, «Шығармалары»жарық көрді. Сол жинақтың 96-99 беттерінде , «Үшінші Дума һәм қазақ » деген басылған, осы мақала ,1997 жылы шыққан Міржақып Дулатұлының шығармаларының ІІ томының 64-67 беттерінде, соңына «М.Д.» деген белгі қойылған, М.Дулатұлының мақаласы ретінде басылған. Автор ын анықтау мақсатында түпнұсқамен  салыстырып қарау бұл мақаланың «Қазақ» газетінде ,1913 жылы 2 , 13 сәуірдегі, 9-10 сандарында жарияланғандығын көрсетті.Ал, «Қыр баласы» Ә.Бөкейхановтың баршаға белгілі бүркеншік аты57.[№44,59-62б.].

  1997 жылы ұлттық басылымдардың белсенді авторларының бірі Міржақып Дулатұлының «Шығармаларының» 2-ші томы жарық көрді. Онда М.Дулатұлының баспасөз бетінде әр жылдары жарық көрген мақалалары жинағы басылған. Бірақ, бір өкініштісі жинақты құрастырушылар тарапынан мақалалардың деректік маңызына нұқсан келтіретін кейбір түпнұсқалық кемшіліктер жіберілген. Мысалыы, М.Дулатұлының өзі Қазақтың 1917 жылғы 239 санында , «Жер аудару» деген мақала басылған 9-нөмірінде бастап кешегі өзгеріске шейін тергеу, тексеру, тінту абақты, штрафтан «Қазақтың» көзі ашылған жоқ-деп жазды. Отарлаушылардың көзіне түскен сол, М.Дулатұлының 1913 жылы 6 сәуірінде жарияланған «Жер аудару» деген мақаласы, ғасыр басында Ақмлоа Семей,Жетісу, Орал және Торғай облыстарында кеңінен қолданылған 1891 жылғы 25-наурыздағы Дала ережесінің 17 статьясына қарсы наразылық ретінде жазылған еді. Мақаланы автор «Степнй положенияның 17-статиясы бойынша Дала уалаятының генерал-губернаторына үкіметке сенімсіз һәм мал ұрлаушы қазақтарды бес жылға жер аударуға ерік берілген » деген жолдармен бастар, одан әрі ол статьяның қазақ даласында орынды-орынсыз, оңды-солды пайдаланғандығы туралы нақты мысалдар келтіріп дәлелдеп берген еді58.[№5,158б.].Дулатов М. Жер аудару// Қазақ, 1913,№9,6 сәуір. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж-мамыр 1920ж  Бейресми газеттің 5 жыл бойы үздіксіз шығып тұруы әрине патша өкіметінің  жақсылығынан емес, сол газетті жаптырмау үшін барын салған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулаұлының еңбектерінің арқасы еді. Біріншіден, олар газетті жабылудан сақтау үшін, әрбір сөзін аңдып сөйлеп, мың толғанып барып жазуға мәжбүр болды. Екіншіден- газетті сақтау үшін А.Байтұрсынов денсаулығының нашарлығына қарамастан бірнеше мәрте түрмеге отырды.

«Қазақ» газетінің тарихы туралы АҚШ-ғы Висконсон университетінің ғылыми қызметкері Дениз Балғамыш ханым да өз «зерттеулерін» жариялады. Оның айтуынша , большевиктер бұйрығымен Орынбордағы «Қазақ» газетінің редакциясы жабылған соң: «Қазақ» газетінің негізгі бағытына қосылмайтын басым бөлігі «Үш жүз» деген социалистік саяси партия құрып, Ташкент қаласында осы аттас газет шығарды. Бұл газеттің редакторы К.Тоғысов болды. «Үш жүзге» қосылмаған «Қазақтың» қызметкерлері бұрынғы бағыттарын жалғастыру үшін «Бірлік туы» газетін шығарып, осының маңына топтасты. Бұл газеттің редакторы болып Қожақан Сұлтанбек, Мұстафа Шоқай, Балғынбай Хайретин қызмет еткен. Дениз Б. Газет неге «қазақ»аталды?//Қазақ әдебиеті.1993,№10,5 наурыз. Көлемі жағынан алақандай ған шағын мақалада тұтас бір ұлттың  қадір тұтып қастерлеп отырған жәдігерлерінің тарихының өрескел бұрмаланғандығын айтуға тиіспіз. Біріншіден, «Үш жүз» де, «Бірлік туы» да1917 жылы, «Қазақ» газеті жабылмай шыға бастаған газеттер. Ол үш газет біраз уақыт қатар шығып тұрған. Екіншіден, «Үш жүз» партиясының құрылуына да, оның газетінің шығуына да «Қазақ» газетінің редакция мүшелерінің ешқандай қатысы болған жоқ. Керісінше «Қазақ» газетінің Алаш партиясының тілі ретінде «Үш жүзбен» жүргізген айтысы жалпыға белгілі факт. Үшіншіден, «Үш жүз» газеті Ташкентте емес Петропавл қаласында шыққан. Төртіншіден, Көлбай Тоғысовта, басқа аталған азаматтар да ешуақытта «Қазақ» газетінің редакциясында жұмыс істеген адамдар емес. Сондықтан, «Үш жүз» және «Бірлік туы» газеттерін жабылған «Қазақ» газетінің қызметкерлері шығарды деудің еш қисыны жоқ. Жалпы қазақ тарихының күрделі мәселелерінің бірі болып табылатын 1916 жылғы июнь жарлығына қатысты туындаған оқиғаға қатысты «Қазақ» газетінің шығарушыларының ұстаған бағытын Д.Белғамыш: «орыс үкіметінің сеніміне ие болып, жер мәселесінде өз мүдделерін өткізу үшін «Қазақ» газетінің шығарушылары 1916 жылғы патша жарлығына қолдау көрсетті» -деп, өзінше түсіндірген.

 Француз зерттеушілері А.Беннигсен  мен Ш.Лемерсье-Келькежейдің сөзімен айтсақ: «ХХ ғасырдың басында патшалық Россияға деген жеккөрушілік бойын түгелдей билеп алған қазақ зиялыларының»  отаршылдық езгіге қарсы күресте, баспасөздің қажеттігін терең сезінуі болса, екіншіден, бүкіл империяны дүрліктірген бірінші орыс революциясының әсері еді. Ол туралы «Серкені» шығарушылардың бірі, оның негізгі авторы Міржақып Дулатұлы: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады»,-деді.

«Серкенің» не жазғаны, не айтпақ болғны, жалпы бағыт бағдары мен мақсаты, неліктен «Серке» атанғандығы туралы газет шығарушылардың бірі, оның 22 жасар албырт авторы М.Дулатовтың59 , газеттің бірінші санында жарияланған «Жастарға» деген өлеңі мен екінші санында даярлаған «біздің мақсатымыз» атты бас мақаладан көруге болады.Өлеңінің бірінші шумағында:

Найзаменен түртседе,

Жатырсың, қазақ, оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, аллай-ай!

десе,соңғы шумағында:

Халыққа, жастар, басшы бол!

Қараңғыда жетектеп.

Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай?

Дейді59.[№46,37б.].

  Бірінші шумақтан М.Дулатовтың бүкіл саналы өмірінің басты мақсатына айналған, қалың ұйқыдағы қазағын оятудың әрекеті байқалса, қой бастағансеркедей, халқын соңына ертер деген үміті байқалады.патшалық Россияның астанасы Петербургта басылып шыққан, алғашқы ұлттық басылымдардың бірі «Серкенің» 2-ші санында. «Арғын» деп қол қойған М.Дулатов «Біздің мақсатымыз»60 деген мақаласында:

«Қазағым менің, елім менің!»

Ең алдымен қазақ халқы- Россияға тәуелді халық.. Оның ешқандай правосының жоқтығ ыза мен кек тудырады.Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіптен де керек емес нәрселерге жұмсалады...

... Өздеріңіз көз жазбай байқап  отырғандай ...чиновниктер, урядниктер  кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді...Түрлі деңгейдегі министрлер, жоғары чиновниктер мен генералдар Россияда көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін оларды біздің қазақтардың арасына жер аударуда...»,-дейді60.[№18,29-30б.].

Кезінде Петербург баспа сөз істері комитеті, «Полицияға түскен мәліметтер бойынша, бұл қазақ халқын өкімет орындары мен оның өкілдеріне қарсы күреске шақыратын «барлық қазақ халқына арналған үндеу сияқты»-деп «өте жоғары бағалаған», сондықтан, «газеттің осы номіріне қатысты барлық адамдар жауапқа тартылсын»деп шешім қабылдаған, өзінің батылдығымен бүкіл петербург полициясын дүрліктірген мақаланың одан арғы тағдыры туралы мыржақыптанушы ғалым Марат Әбсембет былай дейді: «Полиция қанша іздегенімен мақаланың лақап атпен жүрген авторын таба алмады.Полицияның заңсыз әрекеттері ақын жанына қатты батты».

Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылы Санк Петербургте басылып шыққан «Киргизы» деген еңбегінде: «На киргизском языке пока нет ни одной газеты, точно так же киргизиы не распологают до сих пор своей типографией. Мысль о том и другом возникала в Киргизской степи в счастливые дни свободы, но не осуществилась... Киргизская степь покорно несла беззакония, глубоко затаив ненависть и злобу»-деп жазуы сол қажеттіліктен туындаған еді. Ол туралы тарихшы М.Қойгелдиев61: «ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ ұлттық интелегенциясы үшін жалпы елдік зәру мәселелерді көтеретін қоғамдық ойға қозғау салып, бағыт бере алатын газет журналдар шығару үлкен қоғамдық мәселеге айналған болатын. Қарқаралы петициясында өкімет алдына қойылған негізгі талаптардың қатарында қазақтардың «күнделікті мұқтажын айқындап отыру үшін қазақ тілінде газет шығару қажеттілігі» деп айтылған еді»,-дейді61.[№15,141б.].

Информация о работе Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері