Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 10:17, реферат

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................3-8
І-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер
...................................................................................................................................9
1.1. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.....................9-30
1.2. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі.....................................31-40
ІІ-тарау. Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған
мақалалары...............................................................................................41
2.1. Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары..........41-60
2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары...61-78
Қорытынды..........................................................................................................79-80
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер………………...………………..81-83

Файлы: 1 файл

1899_Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері.doc

— 386.00 Кб (Скачать файл)

Француз, орыс һәм өзге жүрттың тарихынан көрінеді, молда хүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болмақ. Жалование алған молдалар хүкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң бола-ды. Мұны орысша "отделение церкви от государства" дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.

Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мүны июлдегі жалпы қазақ съезінде айтқан едім"23.[№21,174б].

Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Фергана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Съезге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан аса адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сьездерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылар еді. Олар мыналар: " 1) Мемлекет билеу түрі. 2) Қазақ облыстарында авто-номия. 3) Жер мәселесі. 4) Халық милициясы. 5) Земство. 6) Оқу мәселесі. 7) Сот мәселесі. 8) Дін мәселесі. 9) Әйел мәселесі. 10) Учредительное собрание сайлануына даярлану һәм қазақ облыстарынан депутаттар. 11) Бүкіл Россия мүсылмандарының кеңесі (Шура и ислам). 12) Қазақ саяси партиясы. 13) Жетісу облысынан Петерградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу24.[№5,187б]. Халел Досмүхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Әлмұхамбет Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сьезд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай съезіне дайындық және қазақтың саяси партиясын құру проблемаларына аударды.

Съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов "автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру" идеясын ұсынды, ал Ә.Бөкейханов "демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы" қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болуын қолдады.Съезд делегаттары күн тәртібіндегі жер туралы мәселені аса ұқыптылықпен әрі жан-жақты талқылады. Осы мәселе бойынша съезд 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Оның бастылары мынаған саяды: "қазақ халқы өзіне еншілі жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін. Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен мынандай учаскалар қазақтың өзіне тоқтаусыз қайрылсын: дворянский, скотоводческий, торгово-промышленный, курортный, монастырский, переселенец... Бос учаскелерге жазылу тоқтатылсын ... Қазақтан алынған қыстаулар, тоғайлықтардағы қазак, шабындығы өзіне қайтарылсын ... Жер хақында қазақ өз алдына жер жобасын жасасын. Съезд Құрылтай съезінің болашақ депутаттарына "жер мәселесі туралы басқа саяси партиялармен келісуді" тапсырды.

Бірінші жалпықазақтық съезд Құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылган 81 адамның тізімін бекітті. Олар Қазақстанның барлық облыстары мен Орта Азиядагы (Бұхара, Ферғана және Хиуа) қазақ қауымдастықтарының өкілдері болды. Депутаттыққа кандидаттар ішінде бірінші қатарда қазақтың либералды-демократиялық қозғалысының көпшілік таныған көсемдері. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, облыс жетекшілері Әлімхан Ермеков, Халел Ғаббасов, Жақып Ақбаев (Семей), Айдархан Тұрлыбаев, Асылбек Сейітов (Ақмола), Міржақып Дулатов, Ахмет Бірімжанов, Сейітәзім Қадырбаев (Торғай), Халел Досмұхамбетов, Жаһанша Досмұхамбетов (Орал), Мұхаметжан Тынышбаев, Ыбырайым Жайнақов, Садық Аманжолов (Жетісу), Мұстафа Шоқаев, Әзімхан Кенесарин (Сырдария), Қоңырқожа Қожықов, Ғабдалрахман Оразаев (Ферғана облысынан), Бақыткерей Құлманов, Уәлихан Танашев (Бөкей), Алдабек Мангелдин (Самарқанд) т.б. болды. Бұлармен қатар Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидаттар болып жалпықазақтық съезд бекіткендердің қатарында Ақмола облысынан Сәдуақас (Сәкен) Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтың, Сырдария облысынан Сұлтанбек Қожанов пен Санжар Асфендияровтың, Ферғана облысынан Нәзір Төреқұловтың, Семей облысынан ғалым, қоғам қайраткері Григорий Николаевич Потанин, Ферғана облысынан Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі Вадим Чайкиннің болғандығын ерекше атау керек.Бұл әсіресе дін, оқу--ағарту және әйел мәселелері жөнінде қабылданған съезд қарарларынан айқын көрінеді. Атап айтқанда съезд шешімдеріне сәйкес осыған дейін көп жағдайда діндарлардың ықпалында болып келген ескі сот жүйесі ("народный сот") таратылып, олардың орнына "қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға" тиіс болды; "міндетті түрде бастауыш оқу енгізу", "бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде" жүргізілуі білім алудың тегін болуы талап етілді; "әйелдер саяси құқықта ерлермен тең", "күйеуге тию еркі әйелдің өзінде" болып, "қалың малдың жоғалу" қажеттігі баса көрсетілді; "тұл қатын сүйгеніне тисін, әмеңгерім деп зорлық қылу болмасын", "жеті атаға келмеген жерден қазақ қыз алмасын" — делгнді.

Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі — қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде съезд қабылдаған қарарда былай делінеді: "Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд шораи исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ.

Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жібереді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді.

Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы съездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ-аманат болады".

Жаңадан құрылған партия "Алаш" деген атқа ие болды.Бүкілроссиялық мұсылмандар кеңесше (шорои-ислямға) съезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Түрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмүхамбетов, Бөкейден Уәлихан Танашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сыр-дариядан Мүстафа Шоқаев, Ферғанадан Ғабдалрахым Оразаев сайланды. Өлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интеллигенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері — М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Жаһанша Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.

Съездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы "Қазақ" газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.

Сондықтан да 1917 жылғы Ақпан револю-диясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн.

Осындай жағдайда 1917 жылы шілденің 21-26-сында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық съезде Алаш партиясы құрылды. Осы партия құрылған 1917 жылдан бастап ол саяси ұйым ретінде өмір сахнасынан кеткен 20-шы жылға дейін Алаш немесе Алашорда қозғалысы Қазақстан тарихынан орын алды. Алаш партиясының құрылуы  қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұйым еді. Зерттеулердің бірі Алаш  ұсақ буржуазияшыл партия десе, екіншісі либералдық-байшылдық пен ұсақбуржуазиялық демократиялық партия деп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия деуден гөрі коғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтынын білдірді. Алаштың әлеуметтік тегі туралы пікірдін осылайша болуы занды да, өйткені оның құрамында алгашқы кезде бай, жартылай феодалдық топтардың, "ақсүйектердің" өкілдсрімен қатар қазақ топырағының "әртектілерінің" (разночинцы), енбекші шаруалардың өкілдері болды. Сөз жоқ, бірінші жалиықазақ съезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның дәстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы және аса маңызды қадамы боды. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған қысқа ғұмырында шын мәніндегі саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеді. Ол құрылған 1917 жылдың шілде айында оның нағыз саяси партияға тән Жарғысы да, Бағдарламасы да болған жоқ. Оның мүшелеріне партиялық билеттер берілгендігі жөнінде де архивте сенімді деректер кездеспейді. Демек, Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу (айналу) "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден сол жылдың соңына, яғни Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі қүрылғанға дейін айтарлықтай қарқынмен жүргізілді. Оның жергілікті комитеттері жекелеген облыстарда 1917 жылғы қазан-қараша айларында құрылғандығы жөнінде құжаттар да сақталған. Дей тұрсақ та, Совет өкіметінің орнауына байланысты, 1918 жылдың квктемінің соңы — жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды. Ал азамат соғысы жылдарында Алаштың, М.Дулатов дәл айтқанындай, "Алашорданың көлеңкесінде қалғаны" тарихи шындық.

 

1.2. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі.

Алаш автономиясы туралы  жазылғанмен, оның мемлекеттік белгілері мен нышандары туралы жүйелі жазылған еңбектер жоқ.

1917 ж. желтоқсандағы II жалпықазақ съезі  ұлттық мемлекетітік құруға байланысты  негізгі мәселелерді қозғағаны  мәлім. Съездің күн тәртібіне  қойылған он мәселенің арасынада  мынадай аса маңызды мәселелер де бар еді: 1. Қазақ автономиясы; 2. Милиция; 3. Ұлт кеңесі; 4. Ұлт қазынасы;

5. Халық соты: 6. Ауылдық басқару. Съезд бұл мәселелер бойынша Әлихан Бекейхановтың Х.Ғаббасов, М.Шоқаев, Ж.Досмұхамедовтің баяндамалары мен жарыссөзде сөйлеген  сөздерін тыңдады.

Съезд қазақ автономиясы мен милиция –туралы Халел Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап осы мәселе бойынша саяси мәні терең қаулы қабылдады25. [№5,153б.]. Ол қаулы "Сарыарқа" газетінде 1918 ж. 25 қаңтар, N29 санында жарияланды.

Қазан-қараша айларындағы Ресейдегі саяси өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының қайраткерлеріне жаңа міндет жүктеді. Алаштың мемлекеттік құрылымы - Ресей құрамындағы Алаш автономиясы мен үкіметі деген пікір Алаш партиясының бағдарламалық жобасында нақты көрініс тапқан еді. II жалпықазақ съезінде Ұлт Кеңесін құру мәселесі басқа да өзекті мәселелермен қатар қойылған. Бұл іс жүзінде Қазақстандағы саяси билікті қолға алатын дербес мемлекеттік құрылым кұру деген сөз. Сонымен, іргелес аймақтарда қалыптаскан саяси жағдайлар, Алаштың қайраткерлеріне саяси өмірдің күрделі қойнауынан қазақ қоғамын сүріндірмей алып шығу міндетін жүктеген еді.

Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми түрде қазақ автономиясын дереу, сьезд үстінде жариялау керек деп тас салып дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ  автономиясын жариялауда Алашорда үкіметі шешсін деп тас салып дауыс берген. Дауыс беру қорытындысына қарамай бірінші бөлік топ өкілдері келіп отырған облыстардың (Орал, Сырдария, Бөкей ордасы Түркістан автономиясына кіретіндігін мәлімдейді. Осындай қазақ халқы үшін шешуші жағдайда съезд екі топқа да тиімді ымыралы қаулы қабылдайды:   "1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Қазаққа қосып алады, қосып ала алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді. 2. Бір айда Түркістан қазағын Алашқа қосып ала алмаса, өз алдына автономия иғлан, етуге, ерікгі. 3. Егер бір айдан кейін Алаш баласы қосылмаса һәм қалған Алашқа автономия иғлан етілмесе, һәм кім өз күнін өзі көреді. 4. Егер Түркістан қазағы бір айдай бізге қосылса автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін"'. Осы қаулы заң бойынша бір айдан кейін күшіне енуі қажет деп табылды.

Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі. Оның қүрамына 15 адам сайланды. Үкіметтің 15 мүшелеріне орынбасар болып қазақ өлкесінің әртүрлі өңірінен тағы да 15 кандидатура бекітілді. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды.

Тарихқа Алаш автономиясы мен оның Уақытша Ұлттық Кеңесі "Алашорданың дүниеге келгені мәлім болды. Бүкіл қазақ қауымының басын ұлттық-территориялық автономия аясында біріктіру мақсатында автономияның өзін жариялау 1918 жылдың қаңтар айының 20-нан кейін іске асырылды. Алашорда өзінің уақытша орталығы Семей қаласына қаңтар айының соңына қарай кетіп орналасқанға дейін бұл өңірдің қоғамдық-саяси жағдайға қатысты өз көқарастарын анықтап жатты. Қалалық Думаның  5-қаңтардағы (1918 ж.) мәжілісінде Гласный Кузин Дума мүшелерінің назарына қазақ комитетінің өтінішіне аудартады. Онда Қазак Комиттетінің Қазақстанда ұлттық-территориялық автономияның толықтай жүзеге асуы мүмкін деген саяси көзқарасы келтірген болатын. Бұл факті қалалық Дума мүшелеріне саяси күштің дүниеге келгенін анық байқатты. Бұдан Семей облысында қалыптасқан саяси хал-ахуаллың аса шиеленіскенін көреміз. Саяси қарама-қарсылықта Алашорда, облыстық комиссариат, облыстық шаруалар Кеңесі, Қазақ Комитеті бір жақта болса екінші жақта облыстық жұмысшы және солдаттар депутаттары Кеңесінің большевиктік ағымы болды.

II Жалпықазақ съезі қаулысына сәйкес ұлттық-территориялық Қазақ автономиясы 1918 ж. 28 қаңтарда "Сарыарқа" газеті арқылы ресми түрде жарияланды. Ал, нақты қазақ автономиясы және оның Уақытша Ұлтгық Кеңесі "Алашорданың" іс жүзіндегі көрінісі сол кезде бірден шешілмеді. Е.Сайлаубайдың30 «Семейдегі Алашорда үкіметінің құжаттары мен іс-қағаздары» атты мақаласы Алашорда үкіметі тарихының ғылыми зерттеу арнасын кеңейтуде әрі аталмыш үкіметтің қызметін жан-жақты көрсетуде Семей қаласындағы «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы қазаіргі заман тарихының құжатнама орталығы» архив қорларында ҚР ШҚО Қазіргі заман құжатнама орталығы. Р-37-қор. 1-тізбе.126-іс. сақталған құжаттар біршама мүмкіндіктер береді26.[№4,45б] Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметіне қатысты құжаттар құжатнама орталығындағы Бүкілресейлік Уақытша үкіметтің Семей облыстық басқарушысы (48-қор), Бүкілресейлік Уақытша Үкіметтің Семей уездік басқарушысы (50-қор), Семей уездік земство басқармасы (Р-37-қор), Алаш қалалық қоғамдық басқармасы (Р-133-қор), т.б. қорлардағы істер кездеседі. Аталған мұрағаттық қорларда Алашорда қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, т.б. қайраткерлердің қолтаңбалары қойылған іс-қағаздары сақталған. Құжаттарды бірнеше мағыналық топқа бөледі: 1) Алаш әскери ұйымын құру және оны жабдықтау; 2) Алашорда үкіметінің жергілікті ісіндегі түрлі саяси күштермен саяси экономикалық қарым-қатынас: 3) Алашорда үкіметі және Қазақ облыстық соты; 4) Алашорда үкіметінің орталық және жергілікті Колчак үкіметімен арақатынастық байланысын көрсететін құжаттар;

Информация о работе Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері