Нельсон Манделланың саяси портреті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 20:05, курсовая работа

Описание работы

Нельсон Ролилахла Мандела - Оңтүстік Африка Республикасының 8-ші және тұңғыш қара нәсілді президенті (1994 жылдың 10 мамырынан 1999 жылдың 14 маусымына дейін). Ол Оңтүстік Африка ұлтшылдарының көсемі және ең атақты мемлекет қайраткері. Нельсон Мандела қаранәсілділердің өз жерінде отырып, құқықсыз қалғанына қарсы, «апартеид» деп аталатын әділетсіз қоғамдық құрылыспен күрескені үшін 27 жыл абақтыда отырып, нәсілдік теңсіздік үшін қайтпас күреске шықты. Ол өз елінде ақнәсілділер мен қаранәсілділердің бейбіт қатар өмір сүретін «кемпірқосақ бояулары мемлекетінің» негізін қалады.

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................3
Негізгі бөлім

Нельсон Манделланың балалық шағы.................................4
Саяси қызметі.........................................................................6
Апартеидаға қарсы қарулы күрес.........................................8
Тұтқынға алу және сот процессі...........................................9
Қамауда болған шақтар..........................................................10
Азат ету және келіссөздер процессі......................................11
Президенттілік.........................................................................12

Қорытынды...............................................................................13
Әдебиеттер тізімі.................................................................

Файлы: 1 файл

Политология.docx

— 32.48 Кб (Скачать файл)

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

№1 семестрлік жұмыс

 

 

САЯСАТТАНУ

Тақырыбы: Нельсон Манделланың саяси портреті

 

Нұсқа – 16

 

 

 

 

 

Орындаған: ВТк-14-1 тобының

студенті Тоқсабаева Тілеужан

Тексерген: Әбдіхалық А.Т

 

 

Мазмұны

    1. Кіріспе....................................................................................3
    2. Негізгі бөлім

 

  1. Нельсон Манделланың балалық шағы.................................4
  2. Саяси қызметі.........................................................................6
  3. Апартеидаға қарсы қарулы күрес.........................................8
  4. Тұтқынға алу және сот процессі...........................................9
  5. Қамауда болған шақтар..........................................................10
  6. Азат ету және келіссөздер процессі......................................11
  7. Президенттілік.........................................................................12

 

    1. Қорытынды...............................................................................13

Әдебиеттер тізімі......................................................................14 
Кіріспе

        Нельсон Ролилахла Мандела -  Оңтүстік Африка Республикасының 8-ші және тұңғыш қара нәсілді президенті (1994 жылдың 10 мамырынан 1999 жылдың 14 маусымына дейін). Ол  Оңтүстік Африка ұлтшылдарының көсемі және ең атақты мемлекет қайраткері. Нельсон Мандела қаранәсілділердің өз жерінде отырып, құқықсыз қалғанына қарсы, «апартеид» деп аталатын әділетсіз қоғамдық құрылыспен күрескені үшін 27 жыл абақтыда отырып, нәсілдік теңсіздік үшін қайтпас күреске шықты. Ол өз елінде ақнәсілділер мен қаранәсілділердің бейбіт қатар өмір сүретін «кемпірқосақ бояулары мемлекетінің» негізін қалады. Өткен ғасырда Оңтүстік Африканы жаулап алған ақнәсілділердің «апартеид» атты заңды қоғамы құрылған еді. Мұны қазақша «екіге бөлініп даму» деп атауға болады. Яғни, нәсілдік теңсіздікке негізделген мемлекеттің халқы әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйе бойынша ақнәсілділер бір бөлек, қаранәсілділер бір бөлек оқшау өмір сүрді. Ақнәсілділер мемлекетті басқарды, олардың адам ретінде барлық саяси құқықтары сақталды және дәулетті, бай өмір сүрді, ал қаранәсілділер АҚШ-тың резервациясында кедей ғұмыр кешкен үндістер сияқты шектеулі және екінші сортты дүниеде өмір сүрді. Оларда сайлау құқы, жақсы жұмысқа тұру құқы болған жоқ. Оқу, білім және денсаулық сақтау мүмкіндігі де қамтамасыз етілмеді. Нельсон Мандела өз елінде тұрып, өгей баланың күйін кешкен қаранәсілділердің құқы үшін күресті. Бүкіл өмірін осы әділетсіздікті жоюға арнады. Осы мақсаты үшін 1-2 жыл емес, 27 жыл бойы абақтының ең азапты төрінде қапаста болды. Оны әуелде өлім жазасына кескен, кейін өмір бойы абақтыда отыру үкімін шығарды. Бірақ, түптің түбінде Әділеттілік пен Адалдықтың ақ туы жеңіске жетіп, тек Оңтүстік Африка Республикасының халқы ғана емес, Африка құрлығы, қала берді, бүкіл әлем қолдауына ие болған соң, ақнәсілді мемлекет басшылары оны абақтыдан босатуға мәжбүр болды. 1990 жылы абақтыдан босаған соң Африка Халық конгресі партиясының жетекшісі болды. 1994 жылы Оңтүстік Африка Республикасының президенті болып сайланды. Тарихта Нельсон Мандела сияқты бақытты саясаткер кемде-кем.

 

 

Нельсон Манделланың балалық шағы

 

        Нельсон Манделла 1918 жылы 18 шілдеде Умтатадаға жақын Мфезо деген кішігірім ауылда дүниеге келген. Оның отбасы Тембу әултеінің кіші буынына жатады. Анасы жағынан койсандық тамыры бар. Әкесі жағынан оның арғы атасы тембудың билеушісі болған. Оның Мандела атты балаларының бірі Нельсонның атасы болып табылады (осыдан Мандела тегі шыққан). Билеуші әулетке тікелей қатысы болғанымен, оның әулетінің кіші буынына жатуы Мандела ұрпақтарына мұрагер болу құқығын бермеді.

        Нельсонның әкесі, Гадла Генри Мандела Мфезо ауылының басшысы болған. Бірақ колониялық билікпен ара-қатынас суығаннан кейін ол өз лауазымынан айырылып Цгунуға отбасымен жер аударуға мәжбүр болды. Дегенмен, ол тембудың құпия жиналысында өз орнын сақтап қалды.

        Мандела әкесінде төрт әйелінен он үш балалары болған. Мандела болса, оның үшінші әйелі Нонгали Носекениден туып, Холилала (коса тілінен аударғанда – «бұзақы») деген атқа ие болды. Холиала Мандела жанұясында бірінші болып мектепке барған адам. Сол жерде мұғалім оған «Нельсон» деген жаңа ат берген.

        Тоғыз жасында Мандела туберкулезге шалдығып, қайтыс болады. Ол регент Джонгинтабаның қолында қалады. Жасында ол регент сарайының жанынан, методискалық бастауыш мектебінде оқыды. Кейін ол Кларкбери институт-интернатында оқып, белгіленген үш жыл орнында екі жылдың ішінде кіші орта білім сертификатын алған. Әкесінің Құпия жиналыстағы мұрагері ретінде ол 1937 жылы Форт-Бофортқа көшіп, методикалық колледждың біріне түседі. Он тоғыз жасында бок пен жүгірумен қызығып айналысады.

        1939 жылы Форт-Хэр (сол кездегі қара нәсілдерге оқуға рұқсат берілген жалғыз университет) Университетіне түскеннен кейін Мандела гуманитарлық ғылым саласында оқуын бастайды. Университетте ол өзінің жақын досы және серіктесі Оливер Тамбомен танысады. Сонымен қатар ол Джонгинтаба мұрагері өз жиені Кайзер Матанзимамен жақындасады. Бірақ Матанизманың билікке келуімен ол бантустанттар саясатын қолдап, онымен ара-қатынасы суиды. Бірінші оқу жылының соңында Мандела университет саясатына қарсы ұйымдасқан бойкотқа қатысады. 

        Университеттен шыққаннан кейін Мандела регентінен үйлену міндетіне ие болғанын біледі. Бұған дайын емес Мандела бауырымен Йоханнесбургке қашуға бел буады. Сол жерде ол алтын табу шахталарының біреуіне күзетші болып жұмысқа орналасады. Аз уақыт жұмыс істеп, оны бастығы қашып кеткенін біліп жұмыстан шығарады. Йохансбургке жақын Александрада орнласқаннан кейін Мандела қайткемен де регентімен хабарласып, кешірімін алып, оқуын жалғастыруға ақшалай қаржы алады. Кейін досы мен дем берушісі Уолтер Сисулу көмегімен ол юристический фирманың біріне стажер болып орналасады.  Жұмыс істей жүріп ол 1942 жылы сырттай оқып, Оңтүстік Африка Университетінің гуманитарлық ғылымында бакалавр дәржесін алады. Кейін ол 1943 жылы Витватерсранда университетінде құқықты оқуын бастайды. Ол жерде ол болашақ апартеидпен күресушілер Джо Слово мен Гарри Шварцпен танысады.

 

 

Саяси қызметі

 

         Мандела Витватерсанда 1948 жылға дейін оқып, бірақ кейбір себептермен юрист дипломына қол жеткізе алмады. Сол уақыттарда Нельсон либералдық, африканттық идеялар қармағында болды. 1943 жылы ол алғаш рет автобустардағы төлем өсуіне қарсы массалық акцияға қатысты, жас интеллектуалдар жиналыстарын жиі баратын болды. Жиналыс қатарына Уолтер Сисулу, Оливер Тамбо, Антон Лембеде мен Эшли Мда да қосылған. 1944 жылы сәуірде ол Африкалық Ұлттық Конгресс мүшесі болып қабылданып,  өзінің серіктестерімен Жасөспірімдік лига құруына қатысады. Африкалық ұлшылдық ұстамына негізделген бұл лига мнифестінде тамырлы тұрғындардың кез-келген  кеңісіне қатысуға тыйым салынған. Лига негізінен Африкалық Ұлттық Конгресске қарағанда ел билігіне қатысты табанды орын алды. 1948 жылы апартеида саясатын ұстанған Ұлттық африканерлер партия сайлауында жеңгеннен кейін Мандела елдің саяси өміріне белсене қатыса бастады. 1948 жылы ол АҰК Жасөспірімдік лиганың ұлттық хатшысы болды, 1949 жылы – АҰК Ұлттық кеңес мүшесі, ал 1950 жылы – АҰК Жасөспірімдік лиганың ұлттық президенті болды. 1952 жылы Мандела АҰК басшылығымен жүргізілген бас имеушілер компаниясының ұйымдастырушысы болды. Сол уақытта ол белгілі «М жоспарын» жасады. 1955 жылы бостандық Хартиясы қабылданған Ұлттар Конргессін ұйымдастыруға қатысты. Бостандық хартиясы АҰК мен Оңтүстік Африканың басқа да саяси ұйымдарының басты құжатына айналды. 1952 жылы Мандел және оның серіктесі Оливер Тамбо алғаш тегін немесе арзан африкалықтарға заңдық көмек көрсететін, алғаш қара нәсілдер басқаруында болған -  «Mandela and Tambo» заңгерлік фирма ашты.

          Манделаның саяси күрес тәсілдері мен көзқарасына әсерін Махтами Ганди тигізді. (Ол 2007 жылы Гандидың Оңтүстік Америкаға зорламау идеясының енгізілу мерекесінің қлт аралық Нью-Делидегі конференцияға қатысты).

        1956 жылы 5 желтоқсанда Мандела және тағы 150 адамға мемлекеттік опасыздық айыбы тағылып абақтыға қамалды. Айыптың басты пункті болып коммунизмге берілуі және билікте құлатуғы ұмтылыс болып табылады. 1952 жылдан 1961 жылға дейін созылған сот барысының нәтижесі болып айыптылардың ақталуы болды. 1952 жылдан 1959 жылдары «африканисттер» деп өзін атаған жаңа қара нәсілді белсенді топ Африкалық ұлттық конгрессімен байланыс үзеді. Олардың мұндағы талабы компартия мен басқа оңтүстікафрикалық саяси нәсілдік топпен қызметтес болмай, Ұлттық партия режиміне қарсы табандырақ жұмыс жасау. АҰК басшылары Альберта Лутули, Оливер Тамбо мен Уолтер Сисулу африканисттердің беделінің күшеюне куә бола қоймай, олардан өздерінің көшбасшылығына қауіп төндіруінен сескенді. Сондықтан АҰК ақтар, аралас және үнді халықының мүддесін қолдаған шағын саяси партиялармен байланыс орнатуға тырысты. Ондағы мақсаттары африканисттерге қарағанда кеңірек қолдау табу болды. Африканисттер болса, өз алдында 1955 жылы бостандық Хартиясын қабылдаған, Клиптаундық конференцияны, АҰК-ның  100 мың санаулы адамдарымен конгресстер одақтырында бір дауысқа ие болу үшін барған істерін сынға алады. Оған кірген бес ұйым ішінен төрт бас секретарлар қайта құрылған Оңтүстік Африкалық коммунисттік партияның жасырын мүшелері болды. 2003 жылы бас секретарь Оңтүстік Африка коммунисттік партиясының бас секретарі АҰК-ның бас секретарі Уолтер Сисулының құпия түрде 1955 жылы Оңтүстік Африка коммунистік партияға кіргенің жария етті. Солай барлық бес бас секретарлар коммунистік партия мүшелігінде болды. Осымен Сисулудың неге бес партиялар тең құқықтары үшін Альянста АҰК-ның басымды орнынан бас тартты.

        1959 жылы Гананың қаражаттық қолдауы және Лесото жағынан саяси көмек арқасында африканисттер Роберта Собуква мен Потлако Лебалло бастауымен Панафриканисттік конгресс құрды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Апартеидаға режиміне қарсы қарулы күрес

 

        1961 жылы АҰК-ның ұйымдастырушының бірі болған Мандела,-«Умконто ве сизве» (зулу тілінен аударғанда – «ұлт найзасы») қарулы қанатты басшылыққа алды. Нәтижесінде апертеида режиміне қарсы сәтсіздікке ұшыраған жағдайда партизандық соғысқа жол берген әскерлерге және билікке қарсы қасақтылы саясат басталады. Сонымен қатар Манделаға шетелден қаржы табу және қанат мүшелеріне әскерден тыс дайындықтар ұйымдастыруға қол жеткізді.

        АҰК мүшесі Вулфи Кадеш компания мақсатын былай түсіндірді: «1961 жылдың 16 желтоқсанынан бастап біз апартеиданың паспорттық стол, жергілікті әлемдік сот....,почта бөлімшіліері және... билік орындары секілді таңбалы орындарын жаруды бастауға міндетті болғанбыз. Бірақ бұл істі ешкім жапа шекпейтіндей, өлімге душар болмайтындай істеу керек болған». Келешекте Манделе Вулфи жайлы келесідей  айтқан: «Оның күрес жүргізудегі білімі мен керемет күрес жүргізудегі тәжірбиесі мен үшін өте пайдалы болды».

        Манделаның пікірінше,қарулы күрес соңғы саты болпы қалды. Репрессия мен мемлекет тарапынан өскен зорлықтар жылдары, оны апартеида режимімен зорлықсыз күрес күткен нәтиже бермегеніне және бере алмайтынына анық көз жеткізді.

        Кейінірек, 1980-шы жылдары, «Умконто ве сизве» басрысында көп  азаматтар жапа шеккен апартеидттік билікке қарсы үлкен партизандық соғыс ашады. Манделаның мойындауынша, АҰК өзінің де апартеидаға қарсы күресінде адамадар құқығын дөрекі бұзған. Сол үшін ол өз партисының ішінен, бітістіру және шындық Комиссиясымен дайындалған докладтарда, АҰК тарапынан бұзушылық жасалғаны жайлы бекітулерді алып тастауға талпынғандарды сынға түсірді.

        2008 жылға дейін Манделаға және АҰК мүшелеріне, партияның бұрынғы ОАМ билігімен  террористтік ұйымдарға қатысы бар болуынан, АҚШ-қа (Нью-Йорктегі ООН штаб кваритрасын есепке алмағанда) оның мемелекеттік секретарінің ерекше рұқсатынсыз кіруге тыйым салынды.

 

 

 

 

 

Тұтқынға алу және сот процессі

 

        1962 жылдың 5 тамызында 17 ай бойы қашақындықта болған Мандела, билікпен Йоханнесбург түрмесіне қамауға алынды. Бұл операцияның сәтті өтуіне, ОАМ полициясына Манделаның болжамды орналасу орны жайлы ақпаратты берген, АҚШ ЦРУ-ның зор септігі тиді. Үш күннен кейін сот үстінде Манделаға 1961 жылы жасалған жұмысшылар көтерілісін ұйымдастырушысы ретінде және заңсыз шекараны өтуіне байланысты айып тағылады. 1962 жылдың 25 қащан айында ол бес жыл көлемінде түрме жазасына тартылады.

        1963 жылы 11 шілдеде ОАМ полициясымен Йоханнесбург маңындағы Ривониядағы Лилисфарм фермасында рейд ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде АҰК-ның бірнеше беделді басшылары қамауға алдынды. Ұсталғандарға өлім жазасын беретін, қаскүнемдік ұйымдастырғаны үшін 4 айып тағылады, сонымен қатар мемелекеттік опасыздыққа тең қылмыс жасады деген айптар тағылады. Оымен қоса оларға Оңтүстік Африкаға шетелдік әскерлерді енгізу туралы жоспар жасалды деген айып тігілді (айыптың бұл пунктін Мандела үзілді-кесілді қабыл алмады). Мандела келіскен айптардың ішінде Оңтүстік Африка Мемелекетінің су, газ және электро қамтамасыз ету орталықтарын жою мақсатында жарылыс заттарын қолдануда АҰК мен ОАКП-мен қызметтес болғаны бар.

        1964 жылдың 20 сәуірінде Преториядағы Жоғары сотында Мандела АҰК-ның тактикалық қару ретінде зорлықты пайдаланудағы басты себептерін көрестті. Өзінің қорғаныс сөзінде ол, Шарпевиладағы атыс алдында апартеида режимімен күресінде АҰК қандай бейбіт жолдарын қолданғаның баяндайды. Нәтижесінде ОАМ құрылған референдумды өткізу, АҰК-ның әркетіне қарсы ұйымдастырылған мемлекетке төтенше жағдайларды енгізу Мандела мен оынң жақтастарын диверсиялық түрде әрекет ету жалғыз дұрыс шешім екендігіне көз жеткізді. Сонымен қатар, Мандела, «Umkhonto we Sizwe» әскери қанаты ұйыдастырған манифест мақасаты Ұлттық партияның таралуы болғанын жариялады. Бұл мақсатқа қол жеткізуге, шетелдік компаниялардың мемлекет экономикасын қаражаттандырудан бас тартуы көмек болар еді. Өзінің сот көрсетуінің қортындысы ретінде Мандела былай деді: «Осы уақытқы дейін мен өміріді африка жұрты үшін күреске арнадым. Мен ақтар үстемшілдігіне қарсы қалай күрессем, қаралар үстемдігмен де күрестім. Мен адамдар гармонияда және тең құқықта өмір сүретін, демократиялық және азат қоғамды идеалды тұттым. Бұл, сол үшін мен өмір сүретін және әрқашан талпынатын идеал болып табылады. Керек болса, сол идеал үшін мен өлуге де дайынмын».

Расти Бернштейннан басқа айыпталырдың бәрі тұтқынға алдынды, бірақ 1964 жылдың 12 маусымында олардың жаза мерзімі өмірлік болып ауыстырылды.

 

 

Қамауда болған шақтар

 

         Мандела өзінің жиырма жеті мерзімінің он сегіз мерзімін Мейірімді Үміт жаныдағы Роббен аралында өтеді. Жалғыз түрмелік камерада қамауда болған Мандела, әлемдік танымалдыққа ие болды. Ол және басқа айыптылар мәжбүрлі еңбекпен айналысты. Барлық жаза өтеушілер тері түсіне қарай бөлінді, қара нәсілділерге тамақты да аз берген. Саяси қылмыскерлер басқалардан бөлек ұстанатын, және әлдеқайда аз үстемдікке ие болған. Манделаныі естелігі бойынша, ол Д-тобының аыйптысы ретінде алты айда бір рет хат жіберіп, көрісу мүмкіндігіне ие болған. Қамауда болғанда Мандела, корреспонденция бойынша Лондондық университетте жоғары білім бағдарламасымен оқыды, нәтижесінде бакалавр дәрежесіне ие болды. 1981 жылы ол университет ректоры қызметіне ұсынылды, бірақ принцесса Аннадан жеңілді.

Информация о работе Нельсон Манделланың саяси портреті