Саяси мадениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 23:37, контрольная работа

Описание работы

Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Файлы: 1 файл

саяси мад.docx

— 28.26 Кб (Скачать файл)

 

Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

 

Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

    • "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;
    • "Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;
    • "Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
  • Саяси мәдениет құрылымы[өңдеу]


    Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

    Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. [1]

    Саяси ғылымда бұл тақырыптың маңызы зор. Ол анық саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс әрекеттерінің ерекшеліктерін саяси үрдістердің даму жолын және бағытын түсінуге көмектеседі. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарының ұғынуға, саяси бағдар алуына тікелей әсер етеді.

    Осы ұғымның саясаттануға енгеніне көп уақыт болған жоқ. Осы ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы – 60 жылдарының басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американдық зерттеушілер және оның шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар шығарды. Олар кейін «Саясат мәдениет» деген атаумен кең тарап кетті. Олардың ойынша саяси мәдениет – ол саяси жүйеге қатысушылардың индивидуалдық позициясы мен бағыт-бағдары. Саяси бағыт-бағдар мынадай элементтерімен толығады:

    -          танымдық бағыт-бағдар – саяси объектілер мен идеяларды тану мүмкіндігі;

    -          белсенді бағыт-бағдар – саяси объектілер қарым – қатынасындағы қарама-қайшылықтар т.б.;

    -          бағалаушылық бағыт-бағдары саяси жаңалықтар мен оқиғаларға баға беру пікірі;

    Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-толғам болмаған деуге болмайды. Өйткені, антикалық ойшылдар Платон («Мемлекет», «Заңдар» деген еңбектерінде), Аристотель («саясат» деген еңбегінде), кейінірек Макиавелли, Бэкон, Ш. Монтескье т.б. ойшылдар бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, арқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бір ыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған.

    Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстық ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы «саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы , фәлсафашы Иоганн Гердерді санайды.

    Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын «саяси мәдениетті» саяси өмірдің белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады. Мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды.

    Кейінірек бұл мәселені зерттеуге Польшаның Кеңес Одағының, Болгарияның және т.б. бұрынғы социалистік елдердің қоғамтанушылары қосылды. Бірақ, өкінішке орай, олардың басым көпшілігі «дамыған социалистік қоғамның» саяси мәдениеті дүниедегі ең озығы, ең демократияшыл деген желеуді дәлелдеуге тырысты.

     

     

     

     

    Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетті оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделігінен әлі жет тексерілмегендігін білдіру керек.Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жоқ. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Америкалық саясатшылар Г. Алмонд пен С.  Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың,, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды.Сонымен қатар басқа да көзқарастары бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р: Карр мен М: Беркстейн саяси мәдениетке саяси идеялар әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси мәдениетке әлеуметтік таптардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдер, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары жатады.Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқараспен келісу қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болды. Екіншіден, егер адамдардың саяси өзінің-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп алсақ, онық іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал қандай мәдениет болмасын  ол сананың элементтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер де кіреді дейміз.Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық  салаларынан қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың, өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеуберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен әс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.


    Информация о работе Саяси мадениет