Қамыр илеу машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 21:57, реферат

Описание работы

Нан – ең азы ұн мен судан тұратын қамырды пісіру, булау немесе қуыру жолы арқылы даярланатын азық-түлік өнімдері тобындағы біріктіретін атау. Көп жағдайда тұз қосылады, сол сияқты ашытқы сияқты қопсытқыш та бар. Сонымен бірге нанның кейбір сұрыптарына (зире дәні, жаңғақ, мейіз, кептірілген өрік және түйірлер (күнжіт, мак тұқымдары) сияқты) дәмдеуіштер қосылады.
Нан - ұннан дайындалатын тағам.

Содержание работы

Кіріспе…………………………………………………………………...... 5-6
Негізгі бөлім
1.1 Қамыр илеу машиналары................................................................. 7-8
1.2 Ұн елеуге арналған жабдық ............................................................ 9-11
1.3 Қамыр дөңгелектеу машинасы........................................................ 12
1.4 Толықсыту шкафтары...................................................................... 13-18
1.5 Нан пісіру пештері……………………………................................. 19-20
Қорытынды.............................................................................................. 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................ 23

Файлы: 1 файл

Диля отчет.docx

— 675.45 Кб (Скачать файл)

        Конвейердің қозғалысы (6 – сурет) біркелкі-үздікті болып табылады және электроқозғалтқыштан 1 іске асырылады, электрқозғалтқыш сынама белдікті беріліс 2, червякты редуктор 3, кривошип 4, тяга 5, рычаг 6 және собачка 7 арқылы храпты дөңгелекті 8 айналдырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   13

 

6–сурет  жалпы көрінісі; 7–сурет бесікшелі конвейер жетегінің кинематикалық сызбасы;

 

 

                                              14

                        2-сұлба.Толықсытуға арналған шкаф

 

                                                   15

Ұстау шкафындағы ортаның оптималды температурасы мен ылғалдылығын Г секциясындағы құбыр арқылы желдеткіштен шкафқа ауа беру арқылы қамтамасыз етіледі (2-сұлбасын қараңыз). Шкафтан шыққан пайдаланылған ауа А секциясындағы патрубок арқылы әкетіледі.Ұсақ даналы және тоқаш өнімдерінің дайындамаларын толықсытуға арналған шкаф.Тік тізбекті конвейері бар шкафтарға жатады. Өнімділігіне байланысты торлы подының ауданы 25, 40 және 50 м2 болатын пештер үшін үш түрлі өлшемді шкафтар шығарылады.Шкафтың комплектіне отырғызғыш 1 және шкаф бесіктерін түсіруге арналған және қамыр дайындамаларын пештің подына салуға арналған тасымалдағыш таспалы транспортер 11 кіреді.Шкафтың каркасы 2 бұрыштық болаттан орындалған. Жоғарғы және бүйір жақтарынан алынатын қорщаулармен 13 жабылған. Шкафтың ішінде жұлдызшалардың 6 жиырма үш жұбы орналасқан, оларға ұстау бесіктерін 14 тасымалдайтын конвейердің 3 тізбектері тартылған. Бесік аспасының адымы тізбектің әр төрт адымы сайын қойылады. Жұлдызшалар 15 жетек білігіне 19 бекітілген. Конвейердің тартылуы тарту станциясының 16 көмегімен іске асырылады. Конвейердің 5 бос тармағы шкафтың сыртында 4, 7, 8 жұлдызшалары бойымен қозғалады, бұл бесік ұяшықтарының матасын кептіру үшін қажет. Бесіктерді тиеу таспалы транспортердің 10 барабанында 9 жүргізіледі, оның екінші ұшы пластинаның 18 дөңгеленген шетін айналып өтеді және ол қамыр    дайындамаларын пештің подына салу үшін қызмет етеді.

      Дайындамалар таспалы транспортер арқылы ротордың 26 қалталарына жіберіледі, одан белгіленген адыммен отырғызғыш транспортердің 17 таспасына түсіріледі. Дайындамалар толық оның үстіне түсіріліп болған кезде таспа тоқтап, арнайы механизмнің көмегімен аударылады. Бұл кезде қамыр дайындамалары толықсыту шкафының бесіктеріне түседі, ал таспа қайтадан көлденең қалыпқа енеді де, тиеу циклі қайтадан қайталана алады.

    Заготовкаларды түсіру валға 12 бекітілген таспалы транспортердің 9 барабанында жүргізіледі. Оның қасынан өткен кезде ұстау шкафының бесігі таспаға жанасып, онымен бірге барабанды айналады, көлденең бөлікке шыққан кезде заготовкалар таспалы траноспортерге түседі, ал босаған бесіктер бастапқы күйіне түсіп, жоғары қарай көтеріледі.

     Бесіктер конвейердің жоғарғы тік тармағымен өткен кезде кептіріледі, бұл қамыр заготовкаларының матаға жабысып қалуының алдын алады.

Конвейердің приводы электрқозғалтқыштан 23 клинбелбеулік передача 24, жылдамдық реттегіші 21, сынама белдікті беріліс 22, червякты редуктор 25 және шынжырлы беріліс 20 арқылы іске асырылады.

    Бесікті конвейері тігінен орналасқан толықсыту шкафтарының өлшемдері кішкентай болып келеді, олардың дайындамаларды тиеу және түсіру операциялары толық механикаландырылған. Шкафтар пайдалануға өте қолайлы.

 

 

 

                                                      16      

       Бірақ ауалы ортаның температурасы және ылғалдылығының орташа ауытқуларының айырмашылығы контейнерлердің жоғарғы және төменгі бөліктерінде сәйкесінше 5-7°С және 10-15% жетуі мүмкін. Бұл өнімдердің сапасын төмендетеді.

       Дөңгелек подтық  нанның заготовкаларын ұстауға  арналған шкафтар. Подының аудандары 25, 40 және 50 м2 болатын пештері бар ағынды автоматтандырылған желілер үшін үш түрлі өлшемді шкафтар шығарылады. Әр өлшемді шкафтардың конструкциялары бірдей болады, бірақ олар бір-бірінен көлденең секциялар мен бесіктердің санымен ерекшеленеді.

     Шкафтың комплектіне жеткізуші таспалы транспортер 5, маятникті типті отырғызғыш 4, бесіктерден пештің подына заготовкаларды түсіру механизмі 2, басқару пульті 6 және шкафқа кондиционирленген ауа беруге арналған патрубоктар 13 кіреді. Конвейерлік шкаф унифицирленген секциялардан 1 жиналған каркас түрінде болады. Шкафтың консольдік бөлігі тұғырларғы 14 тіреледі. Каркаста бесікті конвейер монтаждалған, ол тізбекті жұлдызшалардың тоғыз жұбынан және адымы 100 мм болатын екі шексіз втулкалы-роликті тарқыш тізбектерден 9 тұрады. Жұлдызшалар 3 приводтық болып табылады, ал жұлдызшалардың екі жұбы 11 және 12 – созылмалы болып табылады. Тізбекке әр үш буын сайын 300 мм адыммен шарнирлердің көмегімен сегіз қалталы бесіктер ілінген, олар массасы 0,8-1,0 кг қамыр заготовкаларына арналған. Бесікті конвейер арасында тоқтап тұрып периодты қозғалады.

    Конвейерлік шкаф қолдан және автоматты режимдерде жұмыс істей алады. Автоматты режимде қамырды бөлгіш периодты жұмыс істейді және әр сегіз қамыр заготовкасын шығарған соң тоқтайды. Бөлгіштің қосылуы пеште орналасқан датчик арқылы іске асырылады. Сегіз қамыр заготовкалары кезекпен домалатқыштан ұн шашатын механизммен 7 жабдықталған таспалы транспортерге 5 келіп түседі. Иілгіш пластиналардың 8 астынан өтіп, заготовкалар 180° бұрылады және оларды конвейер бесігінің қалталарына салатын маятникті отырғызғышқа беріледі. Бесікке сегіз заготовканы салған соң датчик конвейердің электрқозғалтқышын қосады, нәтижесінде тізбектер бесіктердің бір адымына ауысып, ұстау ұзақтығын реттеуші механизмнің соңғы ажыратқышымен тоқтатылады.

Бесік түсіруші тіреулерге 2 жеткен кезде оның кассетасы аударылады да, қамыр заготовкалары пештің подына 15 салынады. Бесік кассеталарының бастапқы күйге оралуы келесі екі түреудің көмегімен жүзеге асырылады. Өнімдерді тұйық пештерде бесіктің подында пісірген кезде шкаф конвейерінің бесіктерінен қамыр заготовкаларын түсіру отырғызу механизмінің жазықтығына жүргізіледі.

 

 

 

                                       17

 

 

 

Технологиялық кондиционерлер. Ұстау шкафтарындағы ауаның температурасы мен ылғалдылығы заготовкалардың беті кеуіп кетпейтіндей және ылғалданбайтындай деңгейде ұсталып отыруы керек, яғни қамыр заготовкалары бетінің температурасы ылғалданған термометр мен шық нүктесі температураларының интервалында болуы керек. Ауалық ортаның оптималды параметрлерін кондиционер қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 18

        1.5 Нан пісіру пештері

Нан пісіру пештері бұл өндірістің ең негізгі технологиялық жабдығы болып есептелінеді. Пештің өнімділігі әдетте өндірістік қуаттың мөлшеріне байланысты болады.Өндірістік нан    пісіру пештері мынандай негізгі элементтерден тұрады:пісіру камерасынан,жылу генераторынан,жылу беру жұйесінен және қосымша элементтерден.

Пештің құрылым ереекшелегіне байланысты төмендегідей жіктеуге болады:

А) Техникалық белгілері  бойынша: арнайы нан түрлерін пісіруге немесе көптеген нан түрлерін пісіруге арналған.

Б) Өнімділігі бойынша:шағын өнімділікті-пеш табанының ауданы 8м 2   аспайтын пештер,орташа өнімділікті-пеш табанының ауданы 25м2 аспайтын   пештер және жоғары өнімділікті-табан ауданы 25м2 асатын.

В) Пісіру камерасын қыздыру жүйесіне байланысты:тұйық пештер немесе тоннельді пештер болып бөлінеді.

Г) Оттықта жағатын отын түріне байланысты: газбен,сұйық отынмен,электр қуатымен және қатты отынмен қыздырылатын пештер.

Д) Жұмыс істеу тәртібі бойынша:үздіксіз және периодты жұмыс істейтін пештер                                                                                                                   Е)Тасымалдау органына байланысты:аспалы бесікшелерге бекітілген қалыптары бар немесе сым торлы    таспасы бар пештер.

Маркасы Г4-ХПЛ нан пісіру пештері қара бидай мен бидай ұндарынан нан пісіруге арналған(3-сурет).Наубайханаларда пайдаланылады.Пештің өнімділігі жоғары.

Пеш конвейерлі екі қатарлы шынжырдан,алдыңғы білік жетекші,ал соңғы білігі керуші.Пештің ішінде су немесе бу шашатын      аймағындағы білік-аралық білікбар.Бұл аймаққа берілетін бу пештің ішіндегі бу геераторынан немесе наубайхананың бу құбырынан шығарылады.

Пештің сыртқы беттерінде жылу өткізбейтін           қабаты бар.Электр қыздырғыштың санына байланысты ондағы жылудың температуралық        режимдері   реттелінеді.Конвейердің ортасында температуралық режимді реттейтін жылу қораптары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     19

                        3-сурет Маркасы Г4-ПХЛ нан  пісіру пеші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   20

        Маркасы П-119 М нан пісіру пеші электр күшімен қыздырылатын тұйық пештер қатарына жатады(10-сурет).Ол   нан түрлерін, тоқаш пісіруге арналған.Пен блокты каркасты қоршауданғекі қатарлы шынжырлы конвейерден,пісіру камерасынан тұрады.Конвейер шынжырдың қадамы 140мм.Конвейердің әрбір үш звено сайын өлшемі 140х-285мм.Конвейердің алдыңдағы білігі жетекші,ал соңындағы керуші біліктер қозғау подшипнигтеріне бекітілген.Жетекші біліктектің подшипнигтері қоршаудың  тоннелдеріне орнатылған.

Пештің жетегі электрқозғаушыдан,белдікті берілістен,червякты редуктордан және шынжырлы берілістен тұрады.Пеште қуаты 75кВт,30 қыздырғыш орнатылған.Қыздырғыштар пеш конвейерінің   екі жағында да орнатылған.

 

 

                             4-сурет П-119М нан пісіру пеші

     

                                                  21

       Қорытынды

        Мен диплом алды тәжірибені Алматы облысындағы ИП”Cарманбетова Гульнара Турусбековна” шағын нан         пісіру кәсіпорнында өттім.Онда қауіпсіздік ережесімен және шикізатқа қойылатын талаптармен толықтай таныстым.Өндіріске әкелінген  шикізат СТ18-219-75сай болуы қажеттігін,оған ылғалдылығы,физико-химиялық,қышқылдылығы,иісі,дәмі жататындығын,сондай-ақ нанның басқада әр түрлі талаптарға сай болуы керектілігін ұғынып білдім.

Нан пісіруге қажетті жабдықтармен таныстым.Маркасы Т1-ТММ қамыр илеу,МПМВ-300 ұн елеу,Г4-ПХЛ нан пісіру пештерінде жұмыс жасауды үйрендім.Машинаның ішкі құрылысымен толығымен таныстым. Дежада қамыр илеу процестерін жүргізуді меңгердім.

Нан пісіру пешінің құрылымымен таныстым.Тұйық пеште жұмыс жасауды үйрендім.Жабдықтарды жұмыс процесі алдында тексеріп, жұмыс біткен кезде қайта тазалау қажеттілігін үйрендім.

Наубайханада әр апта өтетін санитарлық-тазалық жұмыстары кезіңде қауіпсіздік ережесіне аса мән берілуін ,токка қосылатын аппараттардын ток көзінен ажыратулы екеніне көз жеткізгеннен кейін барып жұмыс жасау керектілігін білдім.

Әр апта сайын тәжірибе жетекшіме үйренген жұмыстырымен жұмыс жасауда есеп беріп отырдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                22

Пайдаланылған әдебиет тізімі

 

  1. Щепетков Н.Г. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, өңдеу және стандарттау технологиясы»
  2. Хайтмазова Е.Ф. «Практикум по товароведению зерна и продуктов его переработки» Москва ВО «Агропромиздат» 1992г.
  3. Присвятский Л.А., Лесик Б.В., Кудрина В.Н. «Хранение и технология с/х продуктов» Москва ВО «Агропромиздат» 1991г.
  4. Смагулов А.К. «Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау» Алматы, 2005ж.
  5. Филатов В.И. «Агробиологические основы производства, хранения и переработки продукции растениеводства»
  6. Ильенкова С.Д. «Управление качеством», Москва 2004г.
  7. Семенова Е.И. «Управление качеством», Москва 2004г.
  8. Гиссин В.В. «Управление качеством продукции», Ростов на Дону «Феникс» 2002г
  9. МЕМСТ 28620-90 Тоқаш наны «Алтын диірмендік» бидай ұнының жоғарғы сортынан
  10. МЕМСТ 5667-65 «Нан және нан өнімдері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              23

 

                                         Мінездеме

1.09.2015-26.09.2015ж.аралығында диплом  алды тәжірибеден өткен_____________________өзін  жақсы жағынан көрсете білді.Өзінін  жұмысқа деген қызығушылымен  және де уйренуге деген ынтасымен  өзін жақсы жағынан көрсете  білді.Өзіне жүктелген жұмыстарды  уақытылы,өз бетінше және ережеге  сай сапалы орындай алды.

Жұмыскерлер ұжымымен тез тіл табыса алды.Қиын жағдайда тез шешім шығара алады.

Тәжірибе уақытында қауіпсіздік  ережесін,нанға қойылатын әр түрлі талаптарды меңгерді.

Болашақта білікті маман болатынына сенем.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Қамыр илеу машиналары