Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оньң маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2015 в 18:15, курсовая работа

Описание работы

Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен құралдары), субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы

Содержание работы

. 1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және
оньң маңызы.
1. 2. Кінә туралы түсінік және оның нысандары.
1. 3. Қасақаналық және оның түрлері.
1. 4. Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері.
1. 5. Кінәнің екі нысанымен жасалынған қылмыс.
1. 6. Қылмыстың себебі мен мақсаты.
1. 7. Қылмыс жасаушы тұлғаның сезім күйі.
1. 8. Қате және оның қылмыстық - құқықтық
мағынасы.

Файлы: 1 файл

kurs_3732.doc

— 304.00 Кб (Скачать файл)

       2. Тұлғаның өзі жасаған іс-әрекеттің заң тұрғысынан бағалануы туралы қате түсінуі. Мысалы, тұлға кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алады, ал өзі ұрлық жасадым деп ойлайды. Заңды бағаға ие болу қасақаналық пен абайсыздықтың интеллектуалдық және еркіне қарай сәттерін сипаттаушы жағдайларға жатпайды, сондықтан кінә мен жауаптылыққа әсер етпейді. Тұлға өз ойынша жасаған қылмыс үшін емес, шын мәнінде жасаған қылмыс үшін жауап береді;

     3.Өзі жасаған қылмысы үшін тағайындалуы мүмкін жазаның мөлшері мен түрі туралы тұлғаның қате түсінігі. Бұл қате де кінә мен жауаптылыққа  әсер  етпейді,  себебі   бұл  жағдайда  қасақаналық  пен абайсыздықтың шегінен тыс жатыр.

Шын мәніндегі қате - бұл тұлғаның өзі жасаған қылмыстық объекті мең объективті жағына жататын шынайы жағдайлар туралы теріс түсінігі. Ондай қателерге жататындар: 1. қылмыстың объектісіндегі қате; 2. қылмыс құрамының объективті жағын құрайтын шын жағдайларға қатысты қате.

Объектідегі қате - бұл субъектінің қылмысты түрде қиянат көрсетуші объектісінің әлеуметтік және заңды мазмұнына қатысты қателері. Бұл қатенің ең көп тараған түрі ретінде мынаны келтіруге болады: мысалы, тұлға қоймадан жарылғыш заттар салынған жәшікті ұрлаймын деп, оның орнына аяқ киім салынған жәшікті ұрлап кетеді. Сонымен, жорамалдағы объектіге қол сұғушылық қарулыға, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларына қол сұғушылықтың құрамын құрайды (ҚР ҚК 255-6.). Ал шын мәнінде жасалған қол сұғушылық бөтен мүлікті ұрлау (ҚР ҚК 175-6.) құрамына жатады. Бірінші жағдайдағы объект - қоғамдық қауіпсіздік болса, екіншісінде меншік. Бұл объектілер заң тұрғысынан тең емес, себебі алғашқы объектіге қол сұғушылық үшін екінші объектіге қарағанда қаталдау жаза белгіленген. Осыған байланысты, жасалған бұл істі қасақаналықтың бағытталуына қарай, қару-жараққа қол сұғушылыққа оқталғандық үшін бағаланады.

Объектідегі қатеден қылмысты қиянаттың заты мен жәбірленушінің жеке басына байланысты қатені ажырата білу керек. Өздігінен бұл қатенің қылмыстық-құқықтық мағынасы жоқ. Мысалы, тұлға шет ел азаматының әмиянінің ішінде шет ел валютасы бар деп ойлап, ұрлап алады, ал, шындығында, теңге мен ірі ақшаға ие болады. Екі жағдайда да, тұлға бөтен мүлік ұрлағаны үшін (ҚР ҚК 175-6.), ұрлық затында шынайы қате болуына қарамастан, жауаптылыққа тартылады. Алайда, кейбір жағдайларда мұндай қате жасалған істің бағалануына әсер етуі мүмкін. Бұл, жобаланушы затқа қол сұғушылық, ҚР ҚК-нің шынайы затқа қол сұғушылық бағаланатын бабымен, бірақ ауырлататын жағдайда бағалануы тиіс болғанда орын алады. Мәселен, жоғарыда келтірілген жоба бойынша шет ел ақшасы болуы тиіс ұрлау мысалында, кінәлі өз ұрлығын (теңгеге айналдырғанда) ең төменгі айлық есеп көрсеткішінің 500 есе мөлшерінен астам бағалаған еді, шындығында, ең төменгі айлық есеп көрсеткішінен 15 есе көп мөлшердегі отандық валютасы бар әмиянға ие болады, мұндай қатенің қылмыстық-құқықтық мағынасы болады. Мәселе, тұлғаның шын қол сұққан ұрлығы -не ауырлататын мән-жайсыз ұрлық, не жәбірленушіге ірі мөлшерде зиян келтіре ұрлау не болмаса ірі мөлшерде ұрлауға оқталқандық деп бағалануы тиіс. Ал жоғарыда көрсетілген мысал бойынша тұлғаның қылмыстық әрекеті бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлауға оқталғандық деп бағалау керек (ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі бойынша 175-баптың 3-бөлігі "Б" тармағы бойынша).

Жеке бас туралы қате, жәбірленушінің бұл қатесінің мәні мынада: субъект, мысалы, белгілі бір тұлғаның өміріне қиянат жасағысы келіп, шындығында басқа адамның өміріне қиянат жасайды, себебі оны өзі ойлаған адамның орнына қабылдап қалады. Әдетте, мұндай қате жасалған істі басталуға да, қылмыстық жауаптылыққа да, кінәліні жазалауға да әсер етпейді. Кісі өлтіру құрамы үшін нақты жәбірленушінің жеке басынан қателесу яғни қылмыстың объектісінен қателесуді білдіретін жағдайлар ұшырасуы мүмкін. Айталық, кінәлі сот, оның нақты бір ісіне байланысты қорқытуды ұйғарып, бірақ ол қателесіп, оған ұқсас басқа бір адамды қорқытады. Бірінші жағдайда сот төрелігін жүзеге асырушы адамды қорқытқаны үшін (ҚР ҚК-тің 341-6.), ал екінші жағдайда қорқыту (ҚР ҚК-тің 12-6.) үшін бағалануы керек. Алайда жәбірленушінің жеке басының бұлай қателесу барысында жасалған іс, қасақаналығының бағыты бойынша ойластырылған қылмыс жасауға оқталу деп бағалануы тиіс (ҚР ҚК-тің 24-бабы 3-бөлігі бойынша 341-баптын 1-бөлігі бойынша).

Қылмыс құрамының объективті жағын құрайтын шынайы жағдайларға қатысты қате. Бұл қате мыналардан тұрады:

1.Жасалған   әрекет   немесе   әрекетсіздіктің   сипатына   қатысты қате;

2.Қоғамдық қауіпті салдардың орын алуына қатысты қате;

3.Себепті байланысты дамытудағы қате..

Жасалған әрекеттің немесе әрекетсіздіктің сипатына қатысты қате тұлғаның қателесіп, өз ісін қоғамдық қауіпті деп санамауынан тұрады, ал шындығында ол тап сондай болып табылады және қылмыстың құрамын құрайды. Мысалы, тұлға, өзі оны білместен, жалған ақша пайдаланады (ақша қағазының жалған екенін білмейді). Бұл жағдайларда ылғи, қасақана қылмыс үшін жауаптылық шығарып тасталынады да, әңгіме тек тұлғаның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екендігін алдын-ала көріп біле алмағанымен оны білуі керек еді және білуге тиісті кездегі абайсыз кінә туралы ғана болмақ. Жалған ақша қағазан пайдалану оқиғасына келсек, қолдан жасалған ақша немесе құнды қағаздарды шығару немесе өткізу үшін қылмыстық жауаптылық тек қасақаналықпен байланысты болатындықтан, тұлға қылмысты жауаптылықтан, оның ісінде қылмыс құрамының болмауы себепті босатылады. Ал егер, айталық, науқастың организміне инемен қажетті дәрінің орнына қателесіп, басқасын жіберіп осының нәтижесінен жәбірленуші қайтыс болса - әрине, әңгіме басқаша болуы тиіс, Бұл жағдайда жасалған әрекеттің немесе әрекетсіздіктің сипатына қатысты қате - көз алдында. Алайда, бірінші жағдайға (жалған ақша қағазын қателесіп өткізу) қарағанда, тұлғаның өз мамандығы бойынша міндеттердің дұрыс орындамауы салдарынан абайсыздықтан қазаға ұшыратқаны үшін қылмысты жауаптылық кінәнің дәл абайсыз түрімен байланыстырылады. Бұл жағдайда медбике өз қатесін алдын ала білмеді, бірақ оны білуі керек және білуге тиісті де еді. Міне, қылмыстық немқұрайлылық түріндегі абайсыз кінә - көз алдында, сондықтанда медбике қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

Қоғамдық қауіпті салдарға байланысты қате, көбінесе, тұлғаның қылмыстан келтірілген зиянның мөлшері туралы қате түсінігінде. Мұндай кезде бұл қатені қылмыстық-құқықтық тұрғыдан бағалаудың, әдетте, екі жолы болуы мүмкін. Біріншіден, тұлға қателесіп, оның келтіретін зияны шын мәнінде келтірілгенінен аз болады деп санайды. Мысалы, тұлға жәбірленушінің денсаулығына жеңіл ғана зиян тигізбекші болып, оның бетінен жұдырықпен ұрып қалады. Алайда бұл соққыдан жәбірленуші құлап, басы тасқа тиіп қаза табады. Бұл жағдайда, қате жіберілген зиянның, яғни осы жағдайда, өлімнің қасақана жасалғандығы үшін жауаптылықты шығарып тастайды. Алайда субъект абайсыздықпен өлімге ұшыратқаны үшін жауаптылыққа тартылуы тиіс. Себебі жәбірленушінің бетінен ұра тұра, ол осының нәтижесінде жәбірленуші тасқа құлап, өлім жарақатын алатынын алдын-ала білмеді, бірақ мұндай салдардың болуы мүмкін екендігін көре білуі керек және тиісті еді.

Шынайы қатенің аталған түрінің екінші жолы – кінәлінің өзі келтірген зиянның сан мөлшері туралы қате түсінігі. Мысалы, тұлға, ірі мөлшерде бөтен мүлік ұрлау ниетімен сейфті бұзып ашады, алайда, сейфтегі ақшаның мөлшері азғантай болып шығады. Мұндай қате, кінәлі өзі қалаған қылмысты нәтиженің орын алуы үшін қолынан келгендігінен бәрін жасағандығын, бірақ ол кінәлінің еркінен тыс жағдайларға байланысты орын алмағанын дәлелдейді. Осыған байланысты, тұлға шындығында азғантай мөлшердегі аяқталған ұрлық үшін емес, ірі мөлшерде ұрлық жасауға оқталғаны үшін жауап береді. Алайда, мұндай қатенің мазмұны біршама басқа да болуы мүмкін. Себебі ұрлық, егер ұрланған мүліктің құны заң шығарушының қылмыс жасалған сәтте тағайындаған ең төменгі айлық есептік көрсеткішінің мөлшерінен 500 есе асып түссе ғана, ҚР ҚК-нің 175-бабындағы ескертпенің 2-бөлігіне сәйкес ірі мөлшерде жасалған деп мойындалады. Кінәлі сейфті бұзған кезінде, ең төменгі айлық есеп көрсеткішінің, мысалы, 1000 есе асатын ақша ұрлауды көздеген болса, шындығында сейфте ол мөлшерде 500 есе асатын ақша болып, ол оны иеленіп алатын жағдай болуы мүмкін. Мұндай қатенің қылмыстық-қүқықтық мағынасы болмайды, себебі заң шығарушы қол сұғушылықтың ірі мөлшерінің ең төменгі шегін ғана белгілеген, ал енді осы шектен асатын кез келген мөлшер ірі деп саналады.

Себепті байланыстың дамуын бағалаудағы қате - тұлғаның өзі жасаған іс-әрекет пен орын алған қоғамдық қауіпті салдар арасындағы себепті тәуелділік туралы теріс түсінігінде. Бұл жерде себептіліктің дамуында жасалған істі қылмыстық-құқықтық тұрғыдан басқаша бағалауға негіз болатын басқа қылмысты нәтиженің орын алуына әкеліп соқтыратын қате ғана қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болады. Мысалы, кінәлі жәбірленушіден өш алу үшін, оны өлтіру мақсатымен басынан бірнеше рет балғамен ұрады. Оны өлген екен деп ойлап, көлге лақтырып жібереді. Шындығында жәбірленушінің өлімі оның басынан балғамен   ұрғаннан   емес   суға   тұншыққаннан   болғаны   анықталады. Тұлғаның қылмыстық әрекеттері, бұл арада, екі қылмыстық түрге бөлінеді: денеге ауыр жарақат түсіру және кісі өлтіру. Кінәлінің орын алған салдарға психикалық қатынасын ескере отырып, ол қасақана кісі өлтіруге оқталғаны үшін (қылмыскер жәбірленуші қаза болуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасады, бірақ кінәлінің еркінен тыс себептер арқылы нәтиже орын алмады) және абайсыздықтан өлімге ұшыратқаны үшін (жәбірленушіні көлге лақтырғанда қылмыскер оның суға батып өлетінін алдын-ала біле алмаған еді, себебі оның өлі - тірі екенін түсінбеді, бірақ оны білуі мүмкін және тиіс те еді) жауапты болуға тиіс.

Жауаптылықты күшейтуші қате, басқа да жағдайлардың барлығында да жоғарыда көрсетілген шын қателердің түрі болып табылады (көбінесе, қылмыстық қиянаттың заты мен объектісіне және жәбірленушінің жеке басына қатысты қате, сол сияқты қоғамдық қауіпті салдарға, қылмыс жасаудың бағалаушы мағынасы бар орнына, уақытына, жағдайына, тәсіліне, қаруы мен құралдарына қатысты қате).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, қылмыс құрамы - бұл көрсетілген объективті және субъективті белгілердің міндетті жиынтығы. Ол осы белгілердің тұтастығы арқылы болады. Сонымен қатар әрбір құрамның белгісі басқа белгілермен тығыз байланыста болады және олардың қылмыс құрамынан тысқары өз алдында болуы мүмкін емес.

Қылмыс құрамының белгілері екі топқа бөлінеді: қажетті және факультативті.

Қылмыстық құқық теориясында барлық нақты қылмыс құрамы, елеулі белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарға бөлінеді. Қылмыс құрамы топтастырудың алдына қойған міндеті. Әрбір нақты қылмыстың түсінігін, құрылысын және оларға тән жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру болып табылады.

Қылмысты дәрежелеу деп қылмыс жасаған адамның әрекетін немесе әрекетсіздігін қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің, кейбір жағдайда жалпы бөлімнің нормалары бойынша толық және кең көлемде нақты қылмыс құрамының белгілерін анықтау болып табылады.

Қылмысты іс-әрекет жасаушының қиянаты бағытталған, қылмыстың салдарынан зиян шеккен немесе шегуі мүмкін нәрсе қылмыс объектісі болып табылады.

Қылмыс объектілерін анықтаудың қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы маңызы үлкен. Жасалынған қылмыс объектісін дұрыс анықтау қылмыстық іс-әрекетті дұрыс саралауға мүмкіндік береді. Қылмыс құрамының объективтік жағы дегеніміз - қылмыстық занда көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттің сыртқы көрінісінің жиынтығы. Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық жауаптылықтың маңызды алғы шарты.

Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық жауаптылықтың маңызды алғы шарты. Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық жауаптылықтың негізін қалаушы болып саналады, онсыз жауаптылықтың болуы мүлдем мүмкін емес.

Қылмыстық іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) - объективті жақтың ең маңызды белгісі болып табылады, себебі ол - объективті жақтың түгелдей алғанда, оның жеке бір белгілерінің де негізгі желісі, өзегі. Іс-әрекет әрекет немесе әрекетсіздік арқылы болады.

Себепті байланыс - материалдық қылмыстардың объективті жағының сипаты. Орын алған қоғамдық қауіпті салдар үшін адамның жауаптылығы туралы сөз (егер, әрине, кінәсі болса), егер бұл салдар адам жасаған қоғамдық қауіпті әрекетпен немесе әрекетсіздікпен себепті байланыста тұрса ғана басталуы мүмкін. Себепті байланыс болмаған жерде зиянды салдардың орын алғандығы үшін қылмыстық жауаптылық та болмайды.

Қылмыс орны - бұл қылмыс жасалған белгілі бір жер. Қылмыс жасудың уақыты - қылмыс құрамының белгісі болып табылады және ол -қылмыс жасалып үлгерілетіндей уақыт кеңістігі. Қылмыс жасаудың жағдайы - бұл қылмыс жасалуының объективті шарттары. Қылмыс жасаудың құралдары мен қарулары - қылмыс жасауда пайдаланылған қарулар мен аспаптар.

Біздің елімізде қылмыстық құқық саласында заңды тұлғалардың жауаптылығы жөніндегі мәселе әлі күнге дейін шешімін таппауда.

Қылмыстың субъектісі міндетті түрде есі дұрыс, яғни өзінің әрекетін (әрекетсіздігін) басқара алатын, оның шын мәніндегі сипаты мен қоғамға келтіретін қауіптілігін түсінуге қабілеті жететін жеке тұлға болуы керек.

Субъективті жағы қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы. Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстық кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйі жатады.

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1. Курс советского уголовного права. Л., 1968, т. 1-5.

2. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан / Отв. 
редактор:  Чл. - корр. АЕН РК, д.ю.н., профессор Борчашвили 
И.Ш., к.ю.н., доцент Рахимжанова Г.К.  - Караганда,  РГК ПО 
Полиграфия, 1999.

3. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный  кодекс 
РК/  Отв.   редактор:   Чл.   -   корр.   АЕН. РК,   д.ю.н.,   профессор 
Борчашвили И.Ш. - Караганда, 2000 г.

4. Комментарий к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс 
Республики   Казахстан   и   Уголовно   -   исполнительный   кодекс 
Республики   Казахстан   /   Под   ред.   И.Ш.   Борчашвили,   М.М. 
Оразалиева - Караганда: Кар. ЮИ МВД РК им Б. Бейсенова, 2003.

5. Правила судебно - медицинской оценки тяжести вреда здоровью. 
Приказ № 240 от 4 мая  1998 г. // Бюллетень Следственного 
департамента МВД РК. Астана. 1998 г. № 2.

6. Сборник Постановлений Пленума Верховного суда Республики

Казахстан (1992 - 2002). - Алматы, 2002.


Информация о работе Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оньң маңызы