Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оньң маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2015 в 18:15, курсовая работа

Описание работы

Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен құралдары), субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы

Содержание работы

. 1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және
оньң маңызы.
1. 2. Кінә туралы түсінік және оның нысандары.
1. 3. Қасақаналық және оның түрлері.
1. 4. Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері.
1. 5. Кінәнің екі нысанымен жасалынған қылмыс.
1. 6. Қылмыстың себебі мен мақсаты.
1. 7. Қылмыс жасаушы тұлғаның сезім күйі.
1. 8. Қате және оның қылмыстық - құқықтық
мағынасы.

Файлы: 1 файл

kurs_3732.doc

— 304.00 Кб (Скачать файл)

Бұл ереже субъективті арту қағидасын дамытады, оған сәйкес, өте қауіпті және жүйке мен психикаға шамадан тыс ауырлық түсіретін жағдайлармен байланысты іс атқарушы тұлға, егер оның субъективті қасиеттері жағдайдың объективті талаптарына сай келген болса, тұлға өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті сипатын түсінген болса, олардың қоғамдық қауіпті салдарын алдын-ала кере білген немесе білмеген болса, бірақ өзінің субъективті жеке басының қасиеттеріне қарай оларды алдын-ала көріп біліп, алдын алуы мүмкін болған жағдайда ғана кінәлі деп таныла алады.

2. 5. Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс.

Жеке бір жағдайларда заң шығарушы қылмыс құрамын екі кінәнің нысанын - тұлға жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекетке (әрекет немесе әрекетсіздікке) қатысты кінәні және, жеке істің нәтижесінде орын алған қоғамдық қауіпті салдарға қатысты кінәні анықтау қажет болатындай құрастырады. Бұл жағдай негізгі құрамы (ауырлататын мән-жайларсыз) жасайтын қылмыс тек қана қасақана жасалуы мүмкін, ал сол қылмыстықсаралаушы  (ауырлататын  мән-жайларымен)  құрамын  жасайтын,  орын алған  салдарға  психикалық  қатынас  -  тек  қана  абайсыздық  түрінде болатын жағдайлармен шектеледі. ҚР ҚК-нің 103-бабы 3-бөлігінде және 117-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыстар мұндай құрамдардын мысалдары    бола    алады. Бірінші  жағдайда, сөз абайсыздықтан жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру туралы. Бұл жағдайда, кінәні психикалық қатынас қосарланып кететіндей  бір жағынан денсаулыққа ауыр зиян келтірілуіне қасақаналық қатынас және осының нәтижесінде орын алған жәбірленушінің өліміне абайсыздық қатынас. Екінші жағдайда кінә заңсыз түрде іштегі баланы алып тастау және осының нәтижесінде, жәбірленуінін өлімге ұшытару немесе онын денсаулығына ауыр зиян келтірудің әрқайсысына қатысты жекелей анықталады. Әрекетке (баланы алып тастау) психикалык қатынас тек   тікелей   қасақаналык түрінде ал жәбірленушінің  өліміне   немесе денсаулығына ауыр зиян келтіруіне абайсыздық түрінде болуы мүмкін. ҚР ҚК-нің   22-бабында   кінәнің   екі   нысанымен   жасалған   қылмыс   үшін жауаптылыктың ерекшеліктері қарастырылады: "Егер қасақана қылмыс жасаудың   салдарынан   заң  бойынша   неғұрлым  қатаң   жазаға   әкеп соқтыратын   және   адамнын   ниетімен   қамтылмаған   ауыр   зардаптар келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмыстың жауаптылық егер адам олардың пайда  болатынын  алдын-ала  білсе,  бірақ осыған  жеткіліксіз негіздерсіз оларды болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын-ала білмесе, бірақ болжауға тиіс және болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады. Тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана жасалған деп аталынады.

Кей кездері қылмыстық құкық теориясында кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар аралас кінәлі қылмыстар деп аталады. Алайда бұл атау онша дәл емес. Аталған жағдайларда, қасақана және абайсыз кінәнің ешқандай "араласып кетуі" байқалмайды.

Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстарды болу - қылмыстарды бағалау үшін, әсіресе, кейбір аралас құрамдарды ажырату үшін қажет.

Мәселен, абайсыздықтан жәбірленушіні өлімге ұшыратқан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудегі кінәнің екі нысаны қылмыстық осы құрамын бір жағынан қасақана кісі өлтіруден, екінші жағынан -абайсыздықтан өлімге ұшыратудан ажыратуға мүмкіндік береді. Қасақана кісі өлтіруден бұл құрам, жәбірленушінің өліміне психикалық қатынас арқылы ажыратылады: қасақана кісі өлтіруде - қасақаналық тек өлімге ұшыратуға, ал ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-ші бөлігінде қарастырылған қылмыс  жасауда - қасақана денсаулыққа ауыр зақым келтіруге бағытталған, ал өлімге келсек, бүл жерде, абайсыздық көз алдында. Абайсыздықтан өлімге ұшыратудан (ҚР ҚК 101-бабы) бұл қылмыс қасақаналықтың денсаулыққа зақым келтіруге бағытталғанымен ажыратылады, ал абайсыздықтан кісі өлтіруде бұл жоқ.

Сөйте тұра, кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыста, ақырында бір ғана мағынада бағалануы тиіс екендігін атап өту керек, яғни қылмыстың жалпы, абайсыз не қасақана екендігі анықталуы тиіс. Бұл, мысалы, қылмысты аса ауыр қылмыстар категориясына жатқызу үшін керек, ҚР ҚК-нің 10-бабының 5-ші бөлігіне сәйкес, тап сондайлардың қатарына қасақана қылмыстар, яғни заң бойынша ең ауыр жаза - 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыстарға жатады. Бұл жағдайда, жалпы алғанда қылмысты қасақана не абайсыздықтан болған деп сипаттаушы кінәнің түрін анықтау үшін, қылмыстың (ауырлататын мән-жайларсыз) негізгі құрамын жасайтын тұлғаның өзі жасаған іс-әрекетіне (әрекет немесе әрекетсіздігіне) психикалық қатынасы негізге алынады. ҚР ҚК-нің 22-бабына сәйкес кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар, жалпы, қасақана деп мойындалады.

Мұның, сол сияқты, қылмысты қайталауды және аса қауіпті қылмысты қайталауды анықтау, қылмыстың аяқталмағандығын мойындау мәселесін шешу үшін; қатысушылықпен жасалғандығын анықтау, шартты сотталуды өзгерту мәселесін шешу үшін, шартты мерзімнен бұрын босатуды өзгерту үшін маңызы бар.

2. 6. Қылмыстың себебі мен мақсаты.

Себеп - ояну, қылмысты қылықты оятушы себеп. Қылмыс - адамның жеке кәсібінің түрі (психологиялық тұрғыда). Сондықтан қылмыстың себебі туралы қылмыстық-құқықтық түсінік жалпы психологияда себепке берілетін анықтамаға сүйенуі керек. Психология ғылымы себепті жеке бастың белсенділігінің факторы, адам қылығының негізінде жатқан қозғаушы күш деп түсіндіреді. Себепті бастапқы оятушы сылтау деп бір ауыздан мақұлдай отыра, психологтардың адам еркінің қозғаушысына, демек сылтауына қандай нақты факторларды жатқызу керек екендігі туралы пікірлері бір - бірінен алшақ жатыр. Біреулері себептің жалғы заң факторы бар деп есептейді, ол - белгілі кезеңде адамның бір нәрсеге зәру болып тұрған мұқтаждығын білдіретін, субъективті түрде құштарлық пен тілеу түрінде сезілетін қажеттілік. Басқалары қажеттілікті адам қылығының негізгі факторы ретінде мойындай отыра, басқа да қозғаушы факторлардың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осы соңғы көзқарас қылмысты іс мазмұнының психологиялық ерекшеліктерімен жақсы үйлесімін табады. Қылмыстың субъективті жағын зерттеу - қылмыс жасаушы тұлғаның кез болған жағдайлары оған әр түрлі әсер ететіндігін дәлелдеп берді. Кейбір жағдайларда олар оның бойында іске итермелеуші қажеттілікті оятса, басқа кездері қылмыстық істі басқа факторлар арқылы тудыра отырып, ішкі қажеттілікті басып тастайды. Бұл орайда қылмыстардың себептерін негізінде үш психологиялық түрге жіктеуге болады: қажеттілік, сезімдер және мүдде. Қажеттілік сияқты себеп жыныстық қылмыстарда айқын көрінеді (мысалы, әйел зорлау). Сезім түріндегі себеп жеке басқа қарсы жасалатын көптеген қылмыстарға тән (мысалы, қызғаныштан немесе өшпенділіктен кісі өлтіру). Мүдде көбінесе жасөспірімдер жасайтын қылмыстың себебі болып келеді, мысалы, ұрлық кезінде жасөспірімнің коллекциялауға (маркалар, күміс тиындар т.б.), техникамен айналасуға себеп болуы мүмкін.

Қылмыстың себебі бұл қылмыс жасаушы тұлғаны түртуші. Алайда, ерікке түрткі болар әлде бір факторларды анықтау, әлі адам әрекеттерінің, атап айтқанда, қылмыс жасаушының ішкі серіппесін түгел табу деген емес. Бұл факторлардың қажеттілік сезім неге және қалай себепке айналғанын анықтаудың маңызы тіпті де кем емес. Себеп шын мәнінде іске асуы үшін себепке сәйкес анық мақсат қойылуы керек. Себеп пен мақсаттың арасында әрдайым ішкі байланыс бар.

Қылмыстың мақсаты себепке қарағанда - қылмыс жасаушы тұлға жетуге ұмтылатын нәтиже. Психиканың ішінде жасырын жатқан әуестік пен сезімді қозғап себепке айналдыратын дәл осы - мақсат. Істің түрі, оның тәсілі мен құралы да осы мақсатқа байланысты. Сонымен, себеп пен мақсат әрқайсысы жеке түсінік болғанымен себептің - түрткі, мақсаттың -қылмысты іс барысындағы қалаулы ақтық нәтиже екенін ескере отырып, бір-бірінен ажырату керек. Мысалы, шабуыл жасап тонау кезінде кісі өлтірудің себебі - жеке бас пайдасы болса, мақсаты жәбірленушіні өмірден айыру.

Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық жауаптылық үшін себеппен мақсаттың маңызды мағынасы бар. Біріншіден, себеп пен мақсат қылмыс құрамының негізгі белгілері бола алады. Бұл белгілерсіз тиісті қылмыстық құрамы да бола алмайды. Мысалы, қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланудың құрамы (ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-ші бөлігі), егер лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне пайдалануы, егер бұл әрекет пайда күнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалса ғана көз алдында болады. Ал егер бұл іс-әрекет басқа себептермен жасалған болса, онда бұл қылмыс құрамы емес тәртіптік теріс қылық болып табылады.

Екіншіден, себеп пен мақсат - қылмыстың сараланған құрамында жасайтын белгілер (ауырлатушы мән-жайлары бар қылмыс құрамы). Егерде қасақана кісі өлтіру өш алу немесе қызғаныштан жасалып, басқа бөтен ауырлатушы немесе жеңілдетуші мән-жайлар орын алмаса, бұл ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігіне сәйкес қарапайым кісі өлтіру болып табылады. Егер, кісі өлтіруге бұзақылық түрткі болса, ол ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің "И" тармағы бойынша бағаланады. Егер кісі өлтіру басқа қылмысты жасырып қалу немесе оның жасалуын жеңілдету үшін жасалса (ҚК-тің 96-бабының 2-бөлігінің "К"тармағы), ауырлатушы мән-жайы бар кісі өлтіру құрамына жатады.

Үшіншіден, себеп пен мақсат жаза тағайындау кезінде жауаптылықты ауырлатушы немесе жеңілдетуші жағдайлардың орнына жүре алады. Мысалы, ҚР ҚК-нің 54-бабының 1-бөлігінің "Е" тармағы бойынша, ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша басқа адамдардың занды іс-әрекеті үшін кектенушілікпен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау, жазаны ауырлатушы жағдай болып табылады.

Қылмыстық жауаптылық үшін маңыздылығымен қатар, қылмысты себебінің қылмыстық іс бойынша да маңызды дэлелдеуші мағынасы бар. Қылмыстың себебін анықтау қажеттілігі ең алдымен, іс бойынша объективті шындықты анықтау міндетінен туындайды. Егер қылмыстың себебі белгісіз болса, тергеуші мен сот өздерінің тап осы жағдайда қандай нақты қылмыспен жұмыс істеп отырғандығы туралы шешімді кесіп айта алмайды. Тонауға, мысалы, бұзақылық түрткі болса, ол бұзақылыққа айналады: сыртқы белгілері бойынша кісі өлтіру болып табылатын қылмыс - қажетті қорғану және т.б. болып шығады.

Осыған байланысты, себепті анықтаудың қажеттілігі қылмыстық іс жүргізу заңында да бекітілген. Тиісті қылмыс құрамына кіретініне не, кірмейтініне қарамастан, себеп әр қылмысты іс бойынша дәлелденуге тиісті жағдайлардың қатарына жатады. Қылмыс себебі әрқашан дәлелдеу затына жатады. Ол әр қылмысты іс бойынша анықталуы тиіс, себебі онсыз қылмысты саралау мәселесін ғана емес, жазаны кінәліге бейімдеу мәселесінде дұрыс шеше білу мүмкін емес.

 

2. 7. Қылмыс жасаушы тұлғаның сезім күйі.

Қылмыстық кодекс аффекті әсерінен жасалған қылмыстық қауіптілігі азырақ деп есептейді. Аффект - бұл қылмыс жасалу кезіндегі қатты көңіл толғынысы. Психологияда аффект деп қатты тез пайда болып, қызу өтетін қысқа мерзімді психикалық куйді атайды (ашыну, ыза, үрей аффектілері). Бұл кезде сана мен ойлау қабілеті төмендей түседі. Сөйте тұра, аффект күйінде әрекеттенуші тұлғаның өз әрекеттерін бағылау қабілеті толығымен жойылмайды, тек әлсірейді, ал бұл қылмыстық жауаптылыққа негіз болады.

Қылмыстық заң қылмыс жасау кезіндегі аффекттің маңызын мойындайды. Сондықтан, бұл белгі ескерілмесе, қылмыстың субъективті жағы біраз жағдайларда толық болмайды. Біріншіден, аффект күйі жеңілдететін мән-жайы бар қылмыстардық құрамын жасауда ескерілуі мүмкін. ҚР ҚК-нің 98-бабына сәйкес, жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен (әрекетсіздігінен) кенет пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында, сол сияқты жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай- күйде адам өлтіру - жеңілдететін мән-жайлары бар кісі өлтіруге жатады. ҚР ҚК-нің 108-бабына сәйкес, аффект күйінде денсаулыққа ауыр және орташа дәрежеде зақым келтіру де осы қылмыстың жеңілдететін мән-жайы бар құрамын құрайды.

Екіншіден, ҚР ҚК-нің 63-бабының 1-бөлігінің "И" тармағы бойынша қылмысты аффект күйінде жазаны жеңілдетуші мән-жайдың мазмұнына кіруі мүмкін (қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы).

 

2. 8. Қате және оның қылмыстық - құқықтық мағынасы.

Қате - бұл тұлғаның өзі жасаған әрекетінің не әрекетсіздігінің және оның салдарының нағыз заңды немесе шынайы сипаты туралы теріс түсінігі. Қатенің сипаты қылмыстық субъективті жағын анықтауға көп ықпал етуі мүмкін, демек, қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде де ықпалы мол. Қылмыстық құқықта қате мәселесі субъективті жауаптылық қағидасымен тығыз байланысты, сондықтан дәстүрлі түрде, оқулықтың қылмыстық субъективті жағы туралы тарауында қаралады. Субъектінің қателесу сипатына қарай, қате заңды және шын мәнінде болуы мүмкін.

Занды қате - бұл субъектінің өзі жасаған іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) пен оның салдарының қылмыстылығы, істегенінің заң тұрғысынан (қылмыстық-құқықтық) бағалануы, бұл істі жасағаны үшін тағайындалуы мүмкін жазаның мөлшері мен түрі туралы теріс түсінігі. Осыған байланысты қылмыстық-құқық теориясы мен сот тәжірибесінде заңды қателердің төрт түрі ажыратылады:

      1. Тұлғаның     өзі     жасаған     іс-әрекеттерді      (әрекет      немесе 
әрекетсіздіктің) қылмыстылығы туралы қате түсінуі, қылмыстық заң 
бұл    істі    қылмысты    немесе   жазаланушылар    қатарына    қоспайды. 
Мысалы, тұлға, құны ең төменгі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын 
мүлікті, өзі жұмыс істеп жүрген өндіріс орнынан ұрлап алады да, өзі 
қылмыстық түрде жазаланатын ұрлық жасадым деп ойлайды. Алайда, іс 
жүзінде бұл әрекет қылмыс құрамын құрамайды, тек әкімшілік заңды 
бұзушылық болып табылады, және оған  әкімшілік  жолмен жазалау 
шаралары қолданылады.   Мұндай   әрекеттер   ("жасалған қылмыстар") 
қылмысты    әрі    жазаланушы    болып    табылмайды,    демек,    оларға 
қылмыстық жауаптылық та болмайды;

       2. Тұлғаның өз іс-әрекетін қылмысты емес деп дұрыс түсінбеуі, ал 
шындығында бұл   іс-әрекет белгілі бір қылмыстық құқықтық тыйымға 
қарсы,   және   қылмысты   әрі  жазаланатын  болып   табылады.   Әрине, 
қылмыстарға (әсіресе ең қауіптілеріне) қатысты мұндай қателер тіпті де 
орын алмайды десек болады. Ұрлық жасау, кісі өлтіру, әйел зорлау 
сияқты       қылмыстарға       қылмыстық-құқық       тұрғыдан       тыйым 
салынғандырын білмейтіндігін сылтаурататын  адам табылар ма, сірә. 
Осыған орай, қылмыстық құқықта заңды білмегендік қылмыстық 
жауаптылықтан босатылмайды деген қағида бар екенін естен шығармау 
керек. Алайда, мұны нақты қылмыстық іс бойынша теріске шығарылуы 
мүмкін жалпы ереже екенін де ескеру керек.

Бірқатар қылмыстарды жасау кезінде, әсіресе қылмыстық заңның бланкетті   диспозицияларында   қарастырылған   қылмыстарды   (көбінесе байсыздықтан жасалынған) жасауда, кей кездері қылмыстық іс белгілі бір арнайы ережелерді бұзумен байланыстырылады және бұл жағдайларда, қылмыстық жауаптылық міндетті түрде субъектінің тиісті нүсқауларды, ережелерді және басқа нормативтік белгілерді білуіне негізделеді. Мысалы, ҚР ҚК-де кейбір жұмыстардың қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты (мысалы, атом энергетикасы объектілерінде - ҚР ҚК 244-6., таукен немесе қүрылыс жүмыстарын жүргізу кезінде - 245-6., жарылыс қаупі бар объектілерде -246-6. жэне т.б.) Ерекше бөлімнің бірқатар нормалары бар. Бүл жағдайларда қылмыстық-қүқықтық тыйымды өзгертуді, тап сол қылмыстық заңды өзгертпей-ақ, құқықтық басқа салаларындағы нормативтік актілердің өзгеруіне байланысты жасауға болады. Ал егер, субъект қылмыстық-құқықтық тыйымның мазмұнын өзгертетін жаңа ережелер мен нұсқаулармен таныспаса, ол қылмыстың жауаптылыққа тартылмайды. Себебі оның әрекеттерінен қасақана да, абайсызда да кінә байқалмайды.

Информация о работе Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оньң маңызы