Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 08:32, реферат

Описание работы

«Сөйлесім әрекеті» - /«речевая деятельность»/ әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын, ортақ заңдылықтарын, тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады. Психолог-галымдар сөйлесім әрекетінің ойлау, пайымдау, қабылдау, сезіну, түйсік, зейін т.б. процестермен байланысын, олардың сөйлеу кезінде сана арқылы өту ерекшеліктерін зерттейді. Физиологтар тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім әрекетінің жүзеге асуына ықпал ететін дыбыстау мүшелерінің жұмыс істеу механизмдерін, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік-қатысымдық тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу кезіндегі ойга қатысты түрлі процестерді қарастырады.

Файлы: 1 файл

Тілдік қатынас негізі рефекрат .doc

— 210.00 Кб (Скачать файл)
  1. Сабақта пікірлесудің, ауызша сейлесудің барлық түрлері қатарынан қолданыла береді. Мысалы, хабарламалық: әрбір оқушы озінің ойын, идеясын, көңіл-күйін, көзқарасын, ұсыныс-пікірлерін айтады; акпараттық: сөйлеушілер газеттен, баспадан оқыған материалдарын, білетін жаңалықтарын ортаға салады; белсенділік: тілдік қатынаста кейбір оқушылар пікірлесуден үстемдік алып, басқа оқушыларды өз айналасына топтастырады.
  2. Күнделікті өтілетін сабақта және жалпы оқыту процесінде біртұтас жүйелілік, ұйымдастырушылық, арнайы әдістемелік бағыт, байланыстылық болу керек.

Мұндай шарттың іске асуы тіл үйретуге байланысты әдістемелерге де, тілдік қатынастың ерекшеліктеріне де, оқытудың жүйелік қағидаларына да сәйкес келеді. Сонымен, айтылым - санамен қабылданатын сыртқы дүниенің әсерін ауызша сөйлеу арқылы жарыққа шығаратын, қатысымдық тұлғаларды қамтитын күрделі сөйлесім әрекеті.

5. ТІЛДЕСІМ

Тілдесім - сөйлесім әрекетінін барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тындалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.

Тілдесім (общение) - айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, кандай болмасын ақпарат (информация) негізінде адамдар арасыңдағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сойлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тықцалымның да тыс қалмайтындығы өзінен-өзі белгілі. Тілдесім - адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы. Мүнда пікір алмасу ауызша (айтылым) түрде де, жазбаша (жазылым) түрде де іске асып, белгілі бір ақпарат адамдар арасындағы қарым-қатынасқа мүмкіндік туғызады.

Тілдесім  арқылы адамдар білетін ақпарат-деректермен алмасады, олар тілді меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар өмірлік тәжірибелерді, дағдыларды, жақсы іс-әрекеттерді де бір-бірінен үйренеді.

Тілдесім тіл үйренушілерді  рухани қарым-қатынасқа жетелейді, тілдесу арқылы олар бір-бірімен  ой бөліседі, пікірлеседі, түсініседі.

Тілдесім  процесі оқушының жеке басына тән  сенімділіктің пайда болып, оның қоғамдағы орны мен санасының қалыптасуына, басқалардан ерекшеленген, өзіндік жеке қасиеттердің жетілуіне әсер етеді. Өйткені әрбір адамда басқа адамдармен араласуға деген табиғи қажеттілік болады. Олар тілдесу арқылы өзінің бойында жиналған білімді, тәжірибені екінші біреуге жеткізеді; мінезін, қабілетін, өз ойын аңғартады.

Тілдесудің  нәтижесінде адамдар көңіл-күйлерін бөліседі, бірінің жан дүниесінен екіншісі хабардар болады, біріне-бірі қол үшын береді. Ол да өмірдегі ең маңызды факторлардың бірі.

Тілдесім - адамдардың бір-бірімен  түсінісуі ғана емес, сонымен қатар бір-біріне ойы, көзқарасы, пікірі т.б. жағынан ықпал етуі. Бұл - қоғамда қызмет етіп, өмір сүруші адамдардың тіл арқылы барлық жағдайға байланысты өзара әсері.

Тілдесім  арқылы болатын әсер әр түрлі болуы  мүмкін: а/ жағымды не жағымсыз әсер; ә/ ашық не жасырын әсер; б/ тікелей не аралық әсер; в/ негізгі не қосалқы әсер; Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады. Осы түрғыдан келгенде, оларды мынадай деп жіктеуге болады:

  1. Ресми тілдесім.
  2. Бейресми тілдесім.
  3. Қалыптасқан тілдесім.
  4. Кәсіби /мамандыққа қарай/ тілдесім.
  5. Әлеуметтік тілдесім.
  6. Дербестік тілдесім.

Ресми тілдесім - тіл үйренушілерге ресми қарым-қатынастың әлементтерін үйрету, ондағы сөз қолданыстарды, ситуацияларды, ресми материалдарға қатысты меңгерту.

Бейресми  тілдесім - оқушыларды ресми емес, күнделікті түрмыс-тіршілікте кездесетін, адаммен қарапайым қарым-қатынастың әлементтерін білуге үйрету. Бұл - өмірде болатын кез келген жагдайда таныс болсын, бейтаныс болсын үшырасқан адаммен тілдесе білу, сөйлесе білу деген сөз.

Қалыптасқан /формальный/ тілдесім - әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуі, түсінісуі. Адамдар жастың есуіне қарай - бала, әке, ана, туыс т.б. тәрізді табиғи кезеңдерден өтеді. Олардың әрқайсысьшың қалыптасқан өзіндік ролі бар. Адамдардың осындай қарым-қатынасына негізделген сөйлесуді қалынтасқан тілдесім деп атауға болады. Осе келе әр бала зке не ана болады, аға не әкпе болады, бұл - күнделікті адамдық қарым-қатынастың ең негізгі және ең жиі кездесетін үлгілері, адамдар осы түрғыдан да бір-бірімен тілдесіп, түсінісе білуі заңды.

Кәсіби тілдесім - тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету. Оқушылар арасындағы тілдік қатынасты әр түрлі мамандық иелерімен қалай сөйлесіп, тіл табысуға болады, соған қарай қүруға тура келеді.

Адамның коғамдағы орнын, беделін, қызметін ескере отырып қүрылатын тілдік қарым-қатынас - әлеуметтік тілдесім болып табылады. Мұнда сөйлеуші адамдар бір-бірінің қоғамдағы әлеуметтік роліне, атқарып отырған қызметіне, жасына, жолына т.б. қарап тілдеседі. Қазақ тілін үйренушілерге мүны да білудің өмірлік қажеттігі бар.

Дербестік тілдесім - адамның қызметіне, беделіне, әлеуметтік орнына қарамай, жеке басының қасиеттеріне қарай, өзіне тән барлық ерекшеліктерін. ескере отырып, тілдесу, сөйлесу. Бұл - кісінің жеке адамшылығын, білгірлігін, ақылдылығын танып, оны үйрене білумен қатар жүреді. Дербестік тілдесім - оқытушы мен оқушының тең дәрежеде, бірін-бірі қүрметтей, бірінің кісілігін бірі танып тілдесуге мүмкіндік жасайды, тілдік қатынасты арттырады, адамдардың өзара достасуына, түсінісуіне жол ашады. Сондықтан Мұндай тілдесімді меңгерген бүгінгі шәкірт ертең жақсы үстаз болатындығына сенуге болады.

Әрине, тілдесім процесі .тілдік қарым-қатьшасты іске асырудың амалдарын, тәсілдерін, жолдарын меңгеруге де тікелей байланысты. Бұл ретте тіл үйренушінің адамдармен тез тіл табыса білуі немесе мінез-қүлқы да елеулі роль атқарады. Тілдесім әрекеті кезінде адаммен тез түсінісу үшін, мынадай қасиеттерді ескеру керек:

а/ Сөйлесуші  адамның көңіл-күйін сезіну және білу. ә/      Тілдесуші      адамдардың      бір-біріне      деген      қүрметі, сыпайыгершілігі. б/ Адамды сөзге тарта білу.

в/ Әңгімелесу кезінде сөйлесушіні қолдай білу, шабыттаңдыра білу.

е/ Пікірлесуді жалғастыра білу т.б. Жалпы адамдар арасындағы тілдесімнің кең тараған түрі бар:

  1. Ақпараттық.
  2. Ықпалдастық.
  3. Қабылдамалық.

Ақпараттық - сөйлесім әрекеті кезінде адамдардың бір-біріне мағлүмат бере отырып пікірлесуі; оймен, идеямен, әр түрлі хабарлармен алмасуы. Ықпалдастық - тілдесім кезінде адамдардың бір-біріне дәлелді пікірмен әсер етіп, тілдесушілердің бір-біріне ықпал етуі. Қабылдамалық   -   тілдесім   процесінде   адамдардың   бірінің пікірін, ойын екіншісінің қолдануы, қабылдауы.

Оқушыға үйретілетін  тілдесім. процесінің ішкі мазмүны қандай мәселе төңірегінде болмасын ертең өмірде қажетке жарайтын қатысымдық мақсатты іске асыратын проблемаларға қатысты болу керек. Мұндай мәселелер, әрине, көп және әр қилы. Дегенмен, өмірде жиі үшырасатын бірнеше тақырыптарды атап өтуге болады:

  1. Қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар.
  2. Соңғы жаңалықтар.
  3. Көпшілік қауымға ортақ ақпараттар.
  4. Белгілі бір нәрсеге көзқарас.
  5. Ой иірімдері. Толғаныстар.
  6. Пікірталас.
  7. Көпшілік назар аударатын жаңалықтар /Сенсация/.
  8. Тіршіліктің қосалқы жақтары т.б.

Тілдік қатынастың негізі - сөйлесім әрекеті мен оның түрлерін меңгеру болса, сөйлесім әрекетінің нәтижесі тілдесім үрдісін игеруден түрады. Өйткені тілдесім процесі сөйлесім әрекетінің барлық түрін іске асырумен және сөйлесім әрекетінің ерекшеліктсрін меңгерумен байланысты: тілдесім арқылы оқыту, тілдесім арқылы жазғызу, тілдесім арқылы тындату, тілдесім арқылы айтқызу. Сондықтан тілдесім - барлық оқыту процесінің маңызды тірегі, қажетті шарты.

Оқыту, үйретуге қатысты тілдесім екі түрлі болады:

I. Тікелей тілдесім.

II. Жанама тілдесім.

Тікелей тілдесім - адамдардың бір-бірімен көзбе-көз, ауызба-ауыз, бірін-бірі тікелей көру арқылы тілдесуі; оқытушы мен оқушының тікелей көзбе-көз қарым-қатынасы. Тікелей тілдесім кезінде оқушы мен оқытушы бірін-бірі көзбен көріп, қүлақпен естіп отырады. Мүнда тіл үйренушінің әр қимылы, ишарат белгісі, бет әлпеті - бәрі оқушыға тікелей әсер етеді.

Жанама  тілдесім - тіл үйренуші мен үйретушінің бірін-бірі көрмей-ақ, берілген тапсырмаларды орындап, қажетті жұмыстарды атқару арқылы қарым-қатынаста болуы. Мүнда адамдар тікелей сөйлеспейді, аралық амал-қүралдар арқылы жанама тілдік қатынаста болады.

Тікелей тілдесім сөйлесім әрекетінің оқылым түрінде  көп қолданылатын болса, жанама тілдесім жазылым мен тыңдалымға қатысты жиі пайдаланылады. Мүның өзі тілдесімнің сөйлеу әрекетінің барлық турлерімен байланысты екенін және олардың әрқайсысының бірінсіз екіншісінің жүзеге асуы тиімсіз екенін көрсетеді. Солардың барлық түрі бүтін бір жүйемен қатар қолданылғанда, оқыту процесі де сапалы болады.

Тікелей тілдесім үш түрлі қалыппен орындалады:

  1. Жұптық.
  2. Топтық.
  3. Ұжымдық.

Тікелей және жанама тілдесім екі түрлі жолмен жүзеге асады. Содан  тілдесімнің екі түрлі қолданылу  жолы келіп шығады:

  1. Ауызша тілдесім.
  2. Жазбаша тілдесім.

Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Ауызша тілдесімге тән ерекшеліктер:

  1. Дауыс ырғағының әсері.
  2. Қосалқы қимылдың /ым, ишарат, дене қозғалысы, бет-әлпеттің өзгерісі және т.б./ жан-жақтылығы.
  3. Сөйлегенде үннің қарқындылығы /темп/.
  4. Тілдесушімен екі арада болатын байланыс /контракт/.

5. Сөйлеу кезінде кідіріс, үзіліс, жиілік, баяу, қатты т.б. сол 
сияқты амалдарды дұрыс сақтау.

6. Мазмүн мен мағынаның айқын, түсінікті болуы. 
Жазбаша тілдесімнің ерекшеліктері:

  1. Сөйлемнің қүрылысына ерекше назар аудару.

Сөздерді  таңцап қолдану.

3. Ойды   асықпай,   ойланып-толғанып,   жоспарлап,   жүйелеп 
жеткізу.

4. Тыныс белгілерді дұрыс қою.

Тілдесім  әрекетінің атқаратын қызметі - тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру. Тілдесімнің қатысымдық қызметін ішкі ерекшеліктеріне байланысты саралайтын болсақ, онда оларды төмендегідей деп жіктеуге болады.

Тілдесімнің атқаратын функциялары /қызметтері/ мынадай:

  1. Әлеуметтік қызмет.
  2. Танымдық қызмет.
  3. Мағлүматтық қызмет.
  4. Қоғамдық не қауымдық қызмет.
  5. Әмоциональ<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 14pt

Информация о работе Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері