Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 08:32, реферат

Описание работы

«Сөйлесім әрекеті» - /«речевая деятельность»/ әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын, ортақ заңдылықтарын, тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады. Психолог-галымдар сөйлесім әрекетінің ойлау, пайымдау, қабылдау, сезіну, түйсік, зейін т.б. процестермен байланысын, олардың сөйлеу кезінде сана арқылы өту ерекшеліктерін зерттейді. Физиологтар тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім әрекетінің жүзеге асуына ықпал ететін дыбыстау мүшелерінің жұмыс істеу механизмдерін, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік-қатысымдық тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу кезіндегі ойга қатысты түрлі процестерді қарастырады.

Файлы: 1 файл

Тілдік қатынас негізі рефекрат .doc

— 210.00 Кб (Скачать файл)

Осыған байланысты тындалымды меңгеруде үшырасатын кедергілерді жоюдың жолдары:

1. Тыңдаушымен алдын ала дайындық жұмыстар жүргізіледі, 
сөздік жаттығулар орындалады.

2. Тындалымға қатысты сөздік минимум міндетті түрде 
таныстырылады.

3. Тілдік артикуляциялық дағдысы күн сайын қалыптасып, 
жетілдіріліп отырады.

4. Сөзді, сөйлеуді қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді: 
сөйлеушінің репликасын дұрыс түсініп, есте сақтау талап етіледі.

5. Кейбір қиын тіркестер тындалымнан бүрын оқылым 
процесінде таныстырылып, қайталанып отырады.

6. Бір тыңдалымдық мәтін әр түрлі тапсырмаларға қатысты 
қайтадан үсынылады.

Тыңдалымға  қатысты көңіл аударатын мәселелер: а/     Мәтінді  түсінудің  түрлерін  меңгеру  және   қажет  ойды қабылдау.

ә/    Мазмұнына, қүрылысына т.б.  қарай мәтінді жіктеп бөлу /әңгіме, баяндау, хабар т.б./ б/ Тақырыпты дұрыс белгілеу. в/ Мәтіннің көлемін ескеру. г/ Бақылау арқылы бағалау.

Тыңдалым  арқылы тілдік қатынаста игерілетін мәселелер мынадай:

1. Оқушы грамматикалық  қүрылымдардың, тіркестердің, сөздердің формаларын есту арқылы ажырата білуі және түсінуі керек.

  1. Өткен материалдың барлығын есте сақтау және үғуы қажет.
  2. Оқушы пленкаға жазылған сөздерді бірден түсініп, аударуы қажет.
  3. Сөйлеушінің ойын нақты, тез меңгеріп түсінуі керек.
  4. Мәтінде белгісіз сөздер кездессе де, оның жалпы мазмүны мен мағынасын үғуға тырысу керек.

Тыңдалым  процесіне қатысты жүргізілген  жұмыстарды, мәтінді, тапсырмаларды тіл үйренушілердің қаншалықты дәрежеде меңгергенін, түсінген-түсінбегенін білу үшін, оқушылардың арасында бақылаудың тестік түрін өткізуге болады.

Тестің түрлері

  1. Баламалық тест.
  2. Таңдамалық тест.
  3. Қосымшалық тест.
  4. Сөзжұмбақтық тест.
  5. Толықтырмалық тест.
  6. Өлшемдік тест.

Баламалық тест бойынша, жауаптың үлгілері ия-жоқ, дұрыс-бүрыс түрінде беріліп, оқушы осылардың біреуін ғана таңдап алады.

Таңдамалық  тесте бір сүраққа бірнеше /3-4/ жауап беріліп, оның біреуі дұрыс, басқалары қайшы болып келеді, тіл үйренуші соның ішінен ең дұрысын тауып, дәлелдеп, тандап алуы керек.

Қосымшалық  тест қазақ тілінің жалғамалы ерекшелігін оқушы меңгере алды ма, жоқ па деген сүраққа жауап іздегенде өткізіледі. Сөйлемдер, текстер беріліп, оның сыртында нөмірленген бірнеше жүрнақтар, жалғаулар тізбегі көрсетіледі. Сөйлемдегі қай сөздің қосымшасы түсіп қалған /көп нүктенің орнына т.б./ соны оқушы нөмірлеп тауып, цифрмен белгілейді.

Толықтырмалық тест бойынша жаттығу құрамындағы сөйлемдердің кейбір сөздері не тіркестері түсіп қалады. Түсіп қалған сөздер нөмірмен соңынан беріледі. Оқушы сөйлемнің мазмұнына қарай сөзді тауып, сөйлемді толықтырады.

Бұл жұмысты ауызша да жүргізуге болады. Оқытушы мәтінді оқып түрып, сөйлемдегі түсіп қалған сөздерді байқату үшін пауза жасайды. Осы сәтте оқушы сол сөзді тауып , өзінің қағазына жазып қояды да, сөйлемнің нөмірімен белгілейді. Мәтін оқылып біткен соң, әр оқушы өзінің тапқан сөзін сөйлемнің арасына қосып оқып, тіл үйренушілер бір-бірімен салыстырып, дұрыс не қате екенін анықтайды.

Сөзжұмбақтық  тест тілдегі сөздерді, олардың мағынасын, қолданылу аясын жете білумен байланысты оқушының мүмкіндігін білдіреді. Тестің жауабын шешемін деп отырып, оқушы жұмбақтың мазмұнына, оның құрамындағы сөздердің ішкі мағынасына ерекше ден қояды, әрқайсысына мән береді.

Бұл тест бойынша  санмен белгіленген бірнеше жұмбақ пен нөмірленген бірнеше жауаптары, яғни жұмбақтың шешімі беріледі. Окушы шешімі дұрыс жауапты тауып, олардың сандық белгілерін сәйкестендіреді. Жауаптың дұрыс шешімін оқытушы өзіндегі тестпен салыстырып, тексереді.

Бүдан басқа  өлшемдік тест деп аталатын гестің тағы бір түрін бөлін шығаруға болады. Өлшемдік тест - оқушының білім дәрежесін тексеру үшін жүргізіледі. Бұл тест бойынша бір сұрақтың бірнеше жауабы беріледі: бірі - толық әрі дұрыс, екіншісі - жартылай дұрыс, үшіншісі - жартысынан азы дұрыс, төртіншісі - дұрыс емес т.б. Оқушы осылардың ішінен ең дұрыс жауабын тауып, көрсету керек.

Жалпы ізденіп, ойлана білсе, сөз үйретудің де, жауапты қадағалаудың да, білімді бағалаудың да амалдары әр түрлі. Оны оқытушы өз тарапынан қажетіне қарай қолданады.

Тыңцалым  процесі студенттің ынтасын арттыра  отырып, тіл үйренуді өз бетімен меңгеруге көп мүмкіндік жасайды.

4. АЙТЫЛЫМ

Тілді оқытудағы  ең басты мақсат - оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету.

Көптеген  әдістемелік әдебиеттерде кездесетін «говорение» процесі қазақша «сөйлеу» деп аталынып жүр. ¥лттық әдеби тілімізде сөздің дұрыс айтылу нормаларын «сөз сазы» деп атау да ұтымды орын алған /101,2/. Ұлттық тілде «сөйлеу» деген сөз бірнеше ұғымдарды білдіреді. Біз сөйлесім әрекетінің түрлеріне жататын басқа атауларды ескеріп және «сөйлеу» сөзінің әр түрлі мағыналарын ойластыра келіп, «говорение» деудің орнына «сөйлеу» терминінен гөрі жаңаша «айтылым» деген терминді қолданғанды жөн көрдік. Аталмыш еңбектегі «айтылым» сөзі лингвистикалық-әдістемелік әдебиеттердегі «говорение» сөзінің орнына жұмсалады.

Айтылым - адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол - тілдік қарым-қатыиас барысында адамның оз ойын жарыққа шығару процесі, өз созін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізуі.

Айтылым, негізінен, бір  адамға тән әрекет болғанымен, тілдік қатынаста екі жақты байланыстың болуын қажет етеді. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізу үшін айтады, сол үшін сыртқа шығарады.

Сондықтан тіл  үйренушіге ойын тіл аркылы жарыққа  дұрыс шығаруды үйретпей тұрып, оны сөйлесуге, тілдесуге үйрету де мүмкін емес.

«Сөйлеуге үйрету»  немесе «айтылым» дегенде мынадай  ұғымға мән беріледі: бұл - адам мен  адамның тілдік қарым-қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сәйлесуі, яғни бір адамның ез ойын екінші адамға ауызша жеткізу, сөйлеуі, айтуы. Сонымен бірге айтылған ойдың адамға түсінікті болып, оны қабылдау арқылы екінші адамның оған өзіндік реакция жасауы немесе жауап қайтаруы. Мұның озі сөйлеуге үйретудің тек бір адамға ғана байланысты мәселе емес екенін көрсетеді. Ол тілдік коммуникация арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлесімнің нәтижесінде түсінісуге жол ашылады.

Сондықтан оқушыны  қазақ тілінде ойын ауызша жеткізе білуге үйрету деген - ең алдымен өмірде оны екінші адаммен тусінісе білуге үйрету, ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала білуге, озара ұғынысуға, тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйрету деген соз.

Айтылым әрекетіне қатысты  ең маңызды мәселе - сөзді дұрыс  айта білудің заңдылықтарын және қалыптасқан нормаларын меңгеру. Бұл туралы тілші-ғалым Р.Сыздықованың түйген ойларының қай-қайсысы болсын тіл үйренушіге де, оқытушыға да пайдалы: «Тілдік нормалар оның барлық қаттауында: сөздік саласында /лексикасында/, грамматикасында, дыбыстар жүйесінде, стильдік-көркемдік тәсілдерінде болуы шарт. Норма сондай-ақ тілдің қолданылу түрлерінде де, яғни жазба жзне ауызша түрде қызмет ету барысында да орын алуы қажет. Сондықтан ана тіліміздің жазба түрімен қатар, ауызша түріне қойылатын талаптардың да күшейе түсуі занды» /101,5/.

Сөйлесім  әрекетіне тән айтылымның қатысымдық табиғатын айқындайтын белгінің бірі - адам мен адамның ұғынысу қажеттігін өтейтін тындалым процесі. Ауызша сөйлеу іске асқан жерде есту де, тындау да қатар жүреді. Бір адамның ауызша жарыққа шыққан ойы екінші адамның есту қабілетін ұштап, есту мүшелеріне әсер еткенде ғана ұғыныңқы болады.  Сондықтан сөйлесім мен естілім екеуі екі түрлі процесс болғанымен, бір-бірімен қатар жұмсалып, қатар жүреді.


Сонымен қатар  сөйлесім - тілді үйрену жолындағы  маңызды баспаддақ, қажет шарт қана емес, ол - адамзаттың қоғамдағы әлеуметтік орнын, қызметін көрсететін күрделі әрекет. Өйткені сөйлесім әрекеті адамдық қасиетті білдіретін басты өлшемдердің бірі.

Ауызша сөйлеуге үйрету арқылы оқытушы тіл үйренушіні ойын қазақша жеткізе білумен  қатар, пікір айтуға, көзқарасын білдіруге де тәрбиелейді. Ауызша сейлеуге үйрету - тілді жалаң меңгеру емес, адамның жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз.

Осы тұрғыдан келгенде, айтылым процесін меңгеру  үшін басты-басты мынадай жағдайларды  ескеру қажет.

  1. Үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік.
  2. Қоршаған орта, жағдайдың әсері.
  3. Жеке бастың қабілетін ескеру.
  4. Сөйлеудің түпкі мақсатын айқындау.

Жалпы ауызша сойлеуге үйретуде әдіскерлердің үсынатын белгілері, оған қоятын талаптары түрліше. Сөйлесім әрекетін меңгерудің ерекшеліктері  үйрететін тілдің жан-жақты сипатын қарастыруға мәжбүр етеді. Мұндайда әсіресе тілдің қоғамдық мәні мен оқытудың ішкі-сыртқы себеп-салдарлары назар аударуды қажет етеді.

Үйренетін тілде  сөйлеуге деген қажеттілік болмаса, тілдік қатынасты жетілдіріп, сөз байлығын игеріп отырмаса, атадан балаға мүра болып келген тіл қүндылығын кемітеді.

Сөйлесімге  деген қажеттілік оқытушы тарапынан  да, оқушы тарапынан да бірдей болу қажет. Және жасанды емес, мүмкіндігінше тілдік қарым-қатынасқа итермелейтін, еркін болғаны абзал.

Мәселен, оқытушы  оқушыны сөзге тарту үшін сөйлесуге түрліше қадам жасайды. Ол:

  • Кешке үйде боласың ба?- десе, оқушы:
  • Жоқ, болмаймын,- деп, диалогты бірден үзе салуы мүмкін.

Ал егер:

  • Кешке не істейсің? Мен сенің кешке уақытыңның қалай болатынын білгім келеді,- десе, ол:
  • Мен үйде боламын. Сізге менің қажетім бар ма? немесе:
  • Мен кешке футболға барамын. «Уақытыңыз болса, бірге барайық» немесе «Маған айтар тапсырмаңыз бар ма?» т.б.- деуі мүмкін. Осындайдан барып өз-өзінен туындап жатқан сөйлесудің үлгілері пайда болады.

Демек, сөйлеуге үйренудің сыртқы жағдайлармен қатар, ауызша тілдесудің ішкі жағдайларға қатысты қажеттілігі де маңызды рөл атқарады. Мүғалім оқыту барысында олардың барлығын ескеріп отыруға тырысады.

Ауызша сөйлеуге үйретуде қоршаған орта мен жағдайдың алатын өзіндік орны бар. Қоршаған орта мен жағдай әр түрлі себептерге байланысты шартты түрде ұйымдастырыла береді.

Сол сияқты сөйлеуге үйрету кезіндегі жағдай жалпылама, не нақтылы болып келуі де мүмкін.

Сөйлеуге  үйретуде қоршаған орта мен жағдайдың  әсерін ескеру оқу процесін тікелей өмірмен жалғастырады. Сол себепті ситуациялық көрініс өмірде болып жатқан қүбылыстарды бірден түсініп, ауызша тіл арқылы жеткізіп беруге жол ашады.

Сабақты өткізу барысында тілдік қатынасты меңгеру  үшін алынатын белгілі бір жағдайдың өтетін орны мен мерзімі анықталады. Содан кейін сабақта сөйлесімді атқаратын кейіпкерлер белгіленеді. Әр оқушы өзіне тиеселі кейіпкерлердің роліне кіріп, жағдайға байланысты ойын жарыққа шығарып айта бастағанда, басқалары оған сай жауап қайтарады. Сөйтіп сөйлеу жүзеге асады. Сөйлесімдік ортаға қатысты жағдай одан әрі жалғасады т.б. Мұндайда сөйлеудің барлық формалары /монолог, диалог, полилог/ сөйлеушілердің ыңғайына қарай атқарыла береді.

Қазақ тілінде  сойлеуді меңгеру оқушының жеке басынын  қабілетін ескеріп, соны дұрыс бағыттаумен  тығыз байланысты жүреді.    Олардың   әрқайсысының   өзіне   тән   мінезі,   сезімі, қабылдауы, зеректігі, қызығуы, жақсы көретін және жек көретін құбылыстары бар. Осыған қарай олар сөйлеуде не белсенді, не енжар болады; кейде тез, кейде баяу, әрекет жасайды.

Сондықтан сөйлеуге үйретуде оқушының жеке басына тән өзіндік қасиеттерін, мінез-қүлқы мен қабілетін үнемі ескеріп отыруға тура келеді. Мүның өзі әр окушымен жеке-дара жұмыс істеуге, әрқайсысымен тиімді қарым-қатынаста болуға мәжбүр етеді. Сонда ғана тіл үйренудің сапасы артады.

Ауызша сөйлеуге үйрету - айтылар ойдың түпкі мақсатын анықтап алумен тығыз байланысты, өйткені сөйлеу кезінде сөйлемдер қалай болса солай, бет алды айтыла берсе, ой жүйесіз, түсініксіз болады. Түсініксіз, жүйесіз айтылған сөз дұрыс қарым-қатынас тудырмайды. Сондықтан екінші біреуге арнап айтылған ауызша сөйлеу оған түсінікті болу үшін, белгілі бір мақсатты қатысымдық мақсат деп есептей отырып, оның тілдік қарым-қатынастың сапалы орындалуына себін тигізетіндігін ескерген жөн.

Айтылым әрекетін меңгеруге қойылатын талаптар:

1. Тіл үйренуші мен тіл үйретуші арасындағы қарым-қатынас екі 
жақтың да өзіне-өзі сенген тең тұстас, тең пікірлесушілер 
дәрежесіне жету керек. Үйренуші де, үйретуші де бірдей 
дәрежеде пікірлесіп, әрқайсысының сөйлеу мәнеріндегі 
артықшылығы мен кемшілігі көзге үрып түрмағаны жөн.

Әсіресе, тіл үйренушінің  сөйлеудегі үсақ-түйек кемшіліктеріне бірден назар аударып, көп ескертпе айтудың пайдасы шамалы. Тіл үйренуші Мұндай кездерде сөйлеу мәнерінен гөрі өз ойын дұрыс жеткізе білуді, ұғыныкты етіп айтуды ғана мақсат тұтады. Мұндай қарым-қатынас адамдарды сөйлеу кезінде артық жасқанудан сақтандырады.

2. Айтылым процесіне сәйкес сөйлеуге үйрету кезінде қоршаған 
ортада жайлы психологиялық жағдай орнықтырудың ерекше 
маңызы бар. Мұндай психологиялық климат тіл үйренушінің 
сабақта өзін еркін сезінуінен, ойын тура айта білуінен және өзіне 
қандай материал, айту мәнері ұнайтынын өзі үсына білуінен 
көрінеді. Ол оқушының мүғалімге өз пікірін еркін өткізе білуіне байланысты. Мұнда оқушы білетінін құр жаттанды түрде айтып берудің зиянды, пайдасыз екенін өзі түсінеді. Сейтіп, оқушы мен оқытушы ауызша сөйлеуге. үйренудің тиімді жолдарын бірігіп іздестіретін болады.

Информация о работе Тілдік қатынас негізі - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекетінің түрлері