Волейбол түсінігі
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 18:50, реферат
Описание работы
Волейбол түсінігі
Волейбол ойынының техникалық элементтері
Тосқауыл қою
Файлы: 1 файл
аыавп.docx
— 21.17 Кб (Скачать файл)Жоспар:
- Волейбол түсінігі
- Волейбол ойынының техникалық элементтері
- Тосқауыл қою
Волейбол түсінігі
Волейбол – командалық ойын, әр ойыншы өзінің қарсыласының іс-әрекетіне байланысты қозғалыс қимылдарын жасайды. Волейбол тарауы бойынша оқушылардың теориялық ақпараттар алуына, тактиканың және техниканың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйренуіне, өздерінің мүмкіншілігіне сәйкес жаттығуына, екі жақты ойын кезінде үйренген дағдыларын жетілдіруіне мүмкіншілігі бар. дене тәрбиесінде волейбол ойынының кең көлемде таралуы оның әр түрлі жаттығуларға ыңғайлылығымен, жастардың демалыстарын дұрыс ұйымдастыруымен, денсаулықты және дене тәрбиесін жетілдірудегі жан-жақтылығымен, ойын ережесінің қарапайымдылығымен, керекті құралдардың және алаңның күрделі еместігімен түсіндіріледі. Ойын жағдайы жаттығушыларды жалпы мақсатқа жету үшін өзінің ойын кезіндегі іс-қимылын ұжымының мақсатына бағындыруға, жағдайға байланысты өзінің бар мүмкіншілігімен әрекет етуге, спорттық сайыс кезінде қиындықты жеңе білуге, ойын барысындағы шиеленіскен жағдайда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Бұлар оқушылардың ұжымдық сезімін; тез зейін қоюы мен шапшаң ойлауын, шешім қабылдағыштығын және өзінше қимылдар жасай білу дағдысын қалыптастырады.
Волейбол арасы тормен бөлінген арнайы алаңда екі команда бәсекеге түсетін спорттық ойын болып табылады. Ойынның мақсаты – қарсыластың алаңына доп түсетіндей етіп оны тордың үстімен бағыттау және қарсыласының осындай әрекетін болдырмау. Бұл үшін команда допқа үш рет қол тигізуге құқылы (және тосқауыл кезінде тағы бір рет қол тигізуге құқылы).
Ойын допты қосумен басталады. Допты ойынға қосушы соғу арқылы допты қарсы жаққа бағыттайды. Ойынның әрбір сәті доп сыртқа шығып кеткенше немесе команда қате жібергенше ойналады.
Команда ойынға қосылған допты қарсыласының алаңына соқса, ол ұпайға ие болады және оның ойыншылары сағат тілі бойынша бір орынға ауысады.
Волейбол ойыны тегіс әрі қатқылдау алаңда өткізіледі. Залда дайындалу (ойнау) барысында артық құралдардың барлығы (орындық, т.б.) алаңнан 3 м-ден кем болмауы және жеткілікті жарық болуы керек.
Ойын алаңының өлшемі 18х9 м тік төртбұрышты құрайды. Барлық сызықтардың ені – 5 м. Ортадағы сызық ойын алаңын әрқайсысының өлшемі 9х9 м болатын екі тең алаңға бөледі. Бұл сызық тордың асты арқылы бір бүйірден екінші бүйірге жүргізілген.
Әрбір алаңда алдыңғы аймақ (зона) ортадағы сызықпен, шабуылдау сызығымен шектелген. Шабуылдау сызығы ортадағы сызық белдеуінен 3 м қашықтықта жүргізіледі.
Допты ойынға қостаын аймақ – бұл жақтау сызығының артындағы ені 9 м-лік аймақ. Ол бүйірдегі ұзындығы 15 см-лік екі қысқа сызықпен шектеледі, олардың әрқайсысы жақтау сызықтан 20 см қашықтықта жүогізіледі. Екі қысқа сызық та допты ойынға қосу аймағына енгізілген. Ойынға қосу аймағы еркін аймақтың соңына дейін (3 м) созылады.
Тор бекітілетін бағандар бүйірдегі сызықтан 0,5 – 1 м қашықтыққа орнатылады.
Доп илеген жұмсақ теріден жасалған, дөңгелек болуы тиіс. Оның бояуы бір түрден боялған және ашық болуы керек. Көлемі – 65 – 67 см, массасы – 260 280 г.
Командада ең көп болғанда 12 ойыншы болады.
Волейбол ойнаушыларға мынадай гигиеналық талаптар қойылады: тырнағы өспеген болуы, сондай-ақ сақина, сырғаларын шешуі керек. Ойыншының қажетті киімі болуы қажет. Волейболмен жаттығу, үйрену жекелей, топтық немесе командалық түрде ұйымдастырылады. Жеке жаттығу, көбінесе волейболмен алғаш рет дайындалуды бастағанда, яғни жекелеген техникалық әдістерді үйренуде қолданылады.
Топпен және командамен ойнауға мүмкіндік беруі – волейбол ойынының кең көлемде тарауына әсер етіп отыр. Волейбол – командалық, ұжымдық ойын, сол себепті жаттығушылардың ұжымдық қарым-қатынастарын тәрбиелеп қалыптастыруда үлкен маңызға ие.
Ойын техникасы шабуыл техникасы (орын ауыстыру, допты ойынға қосу, беру, шабуыл соққысы) мен қорғаныс техникасына (орын ауыстыру, допты қабылдау, тосқауыл) бөлінеді.
Волейбол ойынының техникалық элементтері
Волейбол ойынының техникалық элементтері:
- Бастапқы қалып (ойыншының тұрғысы);
- Допты ойынға қосу;
- Допты командалас серігіне беру;
- Шабуылдау соққылары;
- Тосқауыл қою; әр түрлі секіру түрлері, допқа қарай ұмтылу, құлау.
І. Волейболшының тұрысы.
Жаңа ойнай бастаған оқушы-волейболшылар үшін дұрыс тұрудың (бастапқы қалыптың) маңызы зор. Бастапқы қалыптың көптеген түрі бар. Дегенмен, ең тиімдісі «орташа тұрыс» болып табылады. Тұрыс немесе тұру – ол ойыншыға кез-келген ойын әдісін орындауға мүмкіндік беретін бастапқы қалып.
ІІ. Орын ауыстыру.
Жаңа ойын барысында ойыншы алаң ішінде орын ауыстырып жүруіне тура келеді.
Орын ауыстыруға мынадай қимылдар енеді:
- Қадамдар жасау – тік тұрған ойыншы әртүрлі бағытта ілеспелі (қосалқы) қадамдар жасайды, алға, артқа, оңға, солға, аттау және екі қадам жасау;
- Секіріп қалу (секектету) – бұл екі қадам жасау, қимылдың соңына қарай алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;
- Жүгіру – басқа қалыпқа көшу үшін, яғни ойын тәсілін орында мақсатымен алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;
- Құлау – ойыншы өз қимыл-әрекетін өрістетуге, дәлірек айтқанда, өте қиын сәтте допқа тез жақындауға көмектесетін тәсіл: құлау доппен тікелей кездескеннен кейін ғана жүзеге асады, осыдан кейін ойыншы жаңа бастапқы қалыпқа келеді;
- Секіру – қатты секіруден соң орындалатын ерекше қимыл.
ІІІ. Допты ойынға қосу.
- Допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу.
- Допты төменнен бір жақ жанына ойынға қосу.
- Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу.
- Допты жоғарыдан бір жақ жанына ойынға қосу.
- Допты айналып ұшатын және айналмай ұшатын етіп ойынға қосу.
IV. Допты беру әдістері.
- Тікелей шабуылдау соққысы – үш қадам жасап барып орындалады, бұл кезде ойыншы доппен секірудің барлық үш кезеңінде де, мысалы: ойыншы денесінің ұша бастау сәтінде, ұшудың жоғары нүктесінде және оның төмен түсу сәтінде кездесе алады.
- бір жақ бүйірден шабуылдау соққысы оны орындаудың техникасы өте күрделі және ол ерекше шеберлікті талап етеді.
V. Тосқауыл қою.
Тосқауыл қою – қарсыластың шабуылдау соққысынан соң доптың ұшына кедергі жасау мақсатымен тордың үстіңгі деңгейіне қолды қарсы тосу. Бұл қорғаныс әрекеті кей жағдайда қарсы шабуыл жасау тәсілі болып табылады. Тосқауыл жасауды бір, екі, кейде үш ойыншы бірігіп жүзеге асыра береді.
Тосқауыл қою ( Блокирование ).
Тосқауыл қою – қарсыластың шабуылдау соққысынан соң доптың ұшына кедергі жасау мақсатымен тордың үстіңгі деңгейіне қолды қарсы тосу. Бұл қорғаныс әрекеті кей жағдайда қарсы шабуыл жасау тәсілі болып табылады. Тосқауыл жасауды бір, екі, кейде үш ойыншы бірігіп жүзеге асыра береді.
Тосқауыл қою ең қиын волейбол техникалық элементі болып саналады, арғы қарсыластары жақпен тордан белсенді шабуылдаушы болып табылады, тосқауылшы адам 2 секунд арасында доптын бағытталуын тандап және қарсыласқа күшті соққы беруге тырысуы керек.
Тосқауыл қою түрлері.
Ережеге сәйкес мүмкіндік тосқауылы (допқа тигізбей) және орындалған тосқауыл (допты тигізген жағдайда). Орындалған тосқауылда алдынғы сызықта орналасқан ойыншыларға рұқсат беріледі, яғни 2-ші 3-ші және 4-ші зонада орналасқан ойыншылар.
Тосқауыл қою бир ойыншымен орындалады, ол бир ойыншылық тосқауыл; тосқауыл екі немесе үш ойыншылармен орындалса – топтық тосқауыл деп аталады.
Тосқауыл қою техникасы.
Тосқауыл қойылатын жер тандау оте манызды болып табылады, секірудің биіктігі және уақытылылығы. Биік және орташа биіктік соққыда тосқауылшы қарсыластан кейін секіреді, төменгі соққы шабуылында – бірге бір уақытылы, ал биік соққыда – ерте тосқауылдайды.
Тосқауыл қоярда ойыншы тордын жанында орналасқан кезде биігірек секіреді, тор үстіне қарай көтереді. Қолдың жайылған күйінде саусақтармен тор үстінен қолды үстіне және алдыға қарай тордан өткізеді.
Тосқауыл қоюдың орындалуы орыннан, және де қозғалудан кейін орындалуы мүмкін. Бір ойыншылық қозғалыссыз зонада тосқауыл кезінде ойыншы белгілі бір өз жағынын зонаны жабады, қозғалыста допты қағарда ойыншы нағыз бағытталған соққыны жабуға тырысады.
Ережелер өзгеру тарыхы, техникасы және тактикасы
Шабуылдаушы соққы және тосқауыл қою 1920 жылдан бостан қарама қарсылысқа шабуыл басталды және алғашқы кезінен бірнеше рет ойын тактикасы өзгертілді. Ереже бойынша передача 3-ші зонадан, кейін 4-ші зонаға, содан волейболшы тор арқылы соққы берді. Кейіннен топтастырылған тосқауыл пайда болды.
1976 жылы тосқауыл үш соққы түріне кірмейтін болды. 1970 жылы өарсылас подачасына бөгет болуға рұқсат етілген, бірақ 1984 жылы осы ережені теріске шығарды.
Тосқауыл қоюға ержеде өзгерістер эффектілі ойын элементін көтерді, бірақ шабуылдау тактикасын дамытты, әр түрлі шабуыл жасау түрлері пайда болды, ойын динамикасы өсті. Жапондық үлгілі тренер Ясутаки Мацудайр ойынша волейбол сәні болып саналған, «қатты тосқауыл талас әдісін іздеуі ойыннын қазіргі кездегі жылдамдығына әкелді».
Басқада доппен ойын тосқауыл түрлері.
Жағажай волейболында қарапайым түрден қарағанда тосқауылдау ішіне кіреді 3 жанап өту түрі, бірақ ойыншыға қайта жанап өтуі тосқауылдан кейін рұқсат. Қорыта келе ережеге қарағанда 2х2 топтық тосқауыл айрықша жағдайға байланысты. Зоналық тосқауыл түрі
Тосқауыл тактикалық активті қорғаныс, допты басқарушы қарсыласқа соққы аяқталғанда қиындық келтіруі, басқа да спорт түрінде орын алады - гандболе, сулы поло, баскетбол (блокшоты), американдық футбол.
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Спортивные игры: Техника, тактика, методика обучения / Под ред. Ю. Д. Железняка, Ю. М. Портнова. — 2-е изд.. — М.: Академия, 2004. — 520 с. —ISBN 5-7695-1749-2.
- Спортивные игры: Совершенствование спортивного мастерства / Под ред. Ю. Д. Железняка, Ю. М. Портнова. — М.: Академия, 2004. — 396 с. — ISBN 5-7695-1411-6.
- Волейбол / Под общей ред. А. В. Беляева, М. В. Савина. — 4-е изд.. — М.: ТВТ Дивизион, 2009. — 360 с. — ISBN 978-5-98724-059-5.