Баскетбол ойынының ғылыми-теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 19:20, курсовая работа

Описание работы

Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды. Бұл суретті көрінісінің қазіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төр бұрышты алаң табылған алаңды қоршаған тастан соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы тро ілінген.

Содержание работы

Кіріспе
1. Баскетбол ойынының ғылыми-теориялық негіздері
1.1. Баскетбол ойынының тарихы
1.2. Баскетбол ойынының техникасы
1.3. Баскетбол ойынының ережесі мен тактикасы
2. Баскетболды оқыту әдістемесінің жалпы сипаттамасы
2.1. Баскетбол ойынын үйрету әдістемесі
2.2. Баскетбол оқу-жаттығу сабағында оқушылардың дене дайындығын дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

баскетбол Мерей готово.docx

— 46.56 Кб (Скачать файл)

Зоналық қорғау.Басты міндет-ойда болғандай өз жерінде уақытында жету және орнына тұру.Ойыншыларға лаңға дұрыс ауысуды және қарсы әрекетте бклсемділікті үйрету керек орынды томендегідей жаттығыларда көрсете аламыз:Алаңда әр кім өз орнын алады.Зонаға қарсы үштен көп ойыншы шабуылдайды.Олар допты бір-біріне беріп отырыды.Зонадағы ойыншыларға допқа қарай орын ауыстыры білу керек.Үлгі жаттығулары:

1)Алаңның  бірінші жартысында кәрсенкеге  лақтырусыз дайындық ойыны жүргізіледі.Үйретушінің бұйрығымен шабуыл басталу керек.Келесі команда қайтып келіп белгіленген орынға тұру керек.

2)Ойын  үш команда арасында өтеді.Екеуі қорғауға тұрады.Үшінші кәрзенкенін біреуіне шабуылдайды.Егер олар допты жоғалтса,қарсы команда қарсыдағы кәрзенкеге шабуылдайды,ол дрты жоғалтқан команда қорғауға тұрады.Жаттығу қорғауға бағытталған уақыттылы орын алуды үйретеді және белсенді әрекетке дайындалуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

2.2. Баскетбол оқу-жаттығу сабағында  оқушылардың дене дайындығын  дамыту

 

 

          Жалпы орта мектеп оқушыларының дене қасиеттерін жан-жақты дамыту дене тәрбиесі сабағы маңызы зор.

     Иілгіштікті тәрбиелеу. «Иілгіштік» ұғымы тірек - қимыл аппаратының морфоқызметтік қасиеттерін бейнелейді, ол оның топтарының қозғалғыштық деңгейін анықтайды. Баскетболшының қимылды үлкен құлашпен орындау қабілеті көп жағдайда әдіс амалдарын жеңіл және еркін орындауды, олардың шапшандығы мен дәлдігін анықтайды. Иілгіштікті дамыту деңгейінің өлшемі қимылдың ең жоғарғы құлашы болып табылады. Қимыл құлашы буындардың қозғалғыштығына бұлшықеттердің, сіңір мен қоспалардың икемділігіне, бұлшықет күшіне, сондай-ақ, орталық жүйке жүйесі жағдайына байланысты болады.

      Баскетболда оқушылардың иілгіштігін дамытудың негізгі міндеттері бұл сапаны баскетбол талаптарына сай жетілдіру. Бірінші кезекте балтыр табан және білезік-қоспа буыңдары қозғалтқыштығының ұлғаюына назар аудару керек.

       Иілгіштікке арналған жаттығуларды пайдалануда басты әдіс-қайталау әдісі. Баскетболда тынығу қабілеті доп салу және лақтыру қимылдарына сәйкес дамытылуы тиіс. Иық белдеуінің, білезіктің, арқаның бұлшықеттер жиырылуы қимыл әдісін меңгеруді қиындатып, оның өзгергіштігі мен әсерін шектейді Жұмсақтық еркіндік пен айлакерлік баскетболшыға секіруде, әсіресе ойыншы белсенді қайталау әрекетіне дайындалған сәтте қонуда өте қажет. Жоғары дәрежелі баскетболшылар әдетте тынығу өнерін біледі, әдістерді бұлшықеттің тиімді қозғалысын қамтамасыз ету үшін, қалғандарын тиімді тынықтырып, тек қажеттісін ғана белсенді жұмысқа кірістіріп, жеңіл және еркін орындайды.

    Тыныға білуді меңгеру үшін орындалуында алаңға қатынасы бойынша өте жоғары қалыпта тұрған дененің жеке бөліктері түгелдей пайдаланылатын және орындалуы дене салмағының орташалығын ауыстырумен байланысты жаттығулар қолданылады.

     Ойын әрекеттерін қамтамасыз ететін бұлшықеттің негізгі топтарын тынықтыра білу баскетболда төмендегі жаттығулар көмегімен қалыптасады:

- қолдың түрлі бастапқы қалыптарында білезікті сілкілеу;

- тұлғаны  оңға және солға бұрып, қолды еркін түсіріп сермеу;

- бір  орынында секіру немесе қолды еркін түсіріп тынықтыратын жүгіру;

- дене  салмағын кезегімен бір аяқтан  келесісіне түсіру, еркін аяқтың  тізесін тез бүгіп, аяқ ұшын еденнен ажыратпай;

- санды, екі қолмен түсіру және көтеру (балтыр мен табан еркін);

- еркін  аяқты еркін тербелтіп, бір аяқпен  орынында секіру;

- қол еркін түсілген, тұлғаны алға иіп, тынықтыра сілку.

     Тыныға білуді жетілдіру үшін психореттеуші жаттықтыру табысты қолданылады.

Күшті тәрбиелеу. Жаттығушының сыртқы қарсылықтарға қарсы тұру әрекеті-күш деп аталады.. Ойын әрекетінде осы дене сапалары баскетбол ойынының дұрыс әдістеріне лайық белгілі бірқимыл дағдысы шеңберінде, қимыл шапшандығымен үйлестіріліп көрінеді.

Бұлшықет күштерін көрсету шарттары мен сипатына қарай өзіндік күш қабілетін ажыратқан жан (тұрмыс жағдайында және баяу қимылда). Баскетболда жылдамдық - күш қабілеті маңызды орын алады. Баскетболдың 70% қимылы жылдамдық-күш сипатында болады. Алайда қорғаныс тұрысында, допты тартып алуда және басқа қатты қимылдарда едәуір табанды күш қажет. Сондықтан ойыншының күш дайындығы жан - жақты болып, әрі бұлшықет күшін түрлі тәртіпте дамытуы қажет.

Бұлшықет күшінің маңызды түрі аз уақыт ішінде шартпен қатаң қадағаланатын спорттық жаттығуларды немесе ойынға әрекеті үшін күшті көрсету қабілетін бейнелейтін қуатты күш болып табылады. Күштің бұл түрін баскетболда оқушылар секіруде, тез топ жаруда, қуатты ұзақ доп беруде іске асырады.

«Абсолюттік» және «қатыстық» күш ұғымы бар. Абсолюттік күш - бұл адам өз салмағына қатыссыз қандайда бір қимылда көрсететін шамалық күш. Қатыстық күш - бұл ойыншының дене салмағына 1 кг-нан келетін күш шамасы. Баскетболшының қимыл әрекетін қамтамасыз ететін бұлшықет күші қимылдың биомеханикалық сипаттамасынан барынша ірі бұлшықеттерінің жұмыстарын қарастыратын иінтірек ұзындығы және бұлшықет жұмысын дамытуы мүмкін қысым шамасына байланысты болады.

Қысым көлемі бұлшықеттің физикалық қызметімен, қимыл бірліктерінің белгілі бір саның жұмысқа ендірумен, бұлшықетке жіберілетін жүйке импульсінің жиілігінен және жұмысқа қатысатын барлық қимыл бірліктерінің күшін жұптастыру деңгейімен анықталады.

Баскетболшының күш қабілетін тәрбиелеу мына бағытта болуы тиіс:

- бұлшықеттің  абсолюттік деңгейін ұстап тұру мен дамыту;

- ең  қысқа мерзімде күшті барынша көрсету;

- жұмыс  күшін қимылдың белгілі бір бөлігінде шоғырландыра білуді қалыптастыру;

- бір  қимылдан келесі қимылға көшуде жоғарғы күш көрсету қабілетін жақсарту.

Ағзаға әсері бойынша күшті дамытатын барлық жаттығуларды ойыншы денесінің үлкен бұлшықет топтарының көпшілігін дамытуға арналған глобальдық және нақты қимылға қатысатын жұмысшы бұлшықет топтарын дамытуға бағытталған локальдық деп бөлуге болады.  Оқушылардың дене қасиетін дамытудың мына ережелері ұсынылады:

«жылдамдық - күш қабілетін дамыту үшін жоғары мөлшері 45% салмақтағы штангамен жоғары екпіндегі жаттығуларды орындау, қайталау саны - 8-12;

-.өз күші қабілетін дамыту үшін шектіктен 70-85 %~ға тең салмақпен баяу ырғақта 4-6 рет жаттығуларды қайталау, жаттығу босаңсытуға арналған қысқа мерзімдік үзіліспен жасалады;

- күш  төзімділігін дамыту үшін орташа екпінде «бас тартқанға дейін» демалыссыз, өз салмақпен қатарын 25-50 рет қайталайды.

Күшті дамыту үшін өзгермелі жылдамдық тәртібіндегі төмендегіі жаттығуларды кеңінен қолданады: ауыр тығыздалған допты ұзаққа аяқпен тебу және итеру, тартылу, кеңестік алаңында белгіленген сызықтан торға түсіру, қарсылас қолынан допты тартып алу және т.б..

Оқушылардың кешенді жылдамдық - күш қасиеттерінің бірі секіргіштік болып табылады, яғни секіре доп салуды қалқан астында допты сараптауда, тартысты доп салуларды, т.б. орындағанда барынша жоғары секіру қабілеті.

Секіргіштікті көрсетудің ерекше қасиеттері мыналар:

- секірудің  шапшаңдығы мен дер кезінде  орындалуы;

- тік  қалыпта орыннан немесе қысқа үдеуден секіруді орындау;

- қолды жоғары көтеріп, секіруді орындау;

- күш  сынасу жағдайында, секіруді бірнеше  рет қайталау;

- өз денесін тірексіз жағдайда басқару;

- қону дәлдігі және кенеттен басқа қимылдарға дайын болу.

Баскетболда оқушыны дамытудың негізгі құралдары орнынан және қысқа екпінмен жоғарыға немесе ұзындыққа түрлі секірулер, секіру топтамалары, гимнастикалық жабдықтар арқылы секіру. Сондай-ақ, серпілумен орындалатын түрлі жаттығулар болып табылады.

Күш жаттықтыруын жеке жоспарлағанда түрлі рольдегі ойыншыларда қимыл әрекетінің сипаты күш қабілеттерінің даму деңгейін де анықтайтынын ескеру қажет.

      Күш жаттығулары буындардың қозғалғыштығын арттыруға және босаңсытуға арналған жаттығулармен сәйкестенуі керек. Күшті жетілдіру мен тәрбиелеудің негізгі әдістері: шектен тыс салмақты «бастартқанға дейін» қайталап, барынша күш салып көтеру, айналымдық жаттықтыру әдісі, көмекші әсерлер әдісі, интервалдық, жарыстық әдісі жатқызылады.

      Шапшаңдықты дамыту (жылдамдық қабілеті) шапшандық дене сапасы ретінде баскетболшының қимылды өте аз уақыт аралығында орындау қабілеті деп түсінеміз. Шапшаңдыкты көрсетудің қарапайым және кешенді түрлерін бөліп қарастыруға болады. Қарапайым түріне мыналар жатады: жай және күрделі реакциялар уақыты, жеке қимыл мен қимыл жиілігі уақыты.

      Спортшының жай реакциясы - бұл алдын ала белгілі, бірақ күтпеген белгіге белгіленген қимылмен жауап беру (мысалы, жүгірудегі сөре тартысты допты ойнатқандағы секіру). Баскетбол үшін қозғалмалы нысанға жауап беретін (допқа әріптесіне) күрделі реакция мен бірнеше мүмкін қимылдан бір сәтте аталған жағдайға қолайлы біреуін таңдауды талап ететін, таңдау реакциясы тән. Білікті ойыншылар жағдайды танып және қимылдың өзіне емес, оған деген дайындық әрекеттеріне жауап беретін күрделі де жай реакциялардың дамуының жоғары деңгейіне жетеді.

Ойында әдетте шашпаңдықтың барлық түрлерін кешенді көрсету талап етіледі, өйткені олар оқушылардың қимыл әрекеттерін құрайды және доппен, допсыз жекелеген әдіс амалдарын және олардың кешендерін орындауда қозғалыс шапшаңдығында бір амалды екіншісімен ауыстыру шапшаңдығын да көрінеді. Баскетболдағы шапшаңцықты дамытудың айрықша ерекшелігі оны үздіксіз өзгермелі жағдайларда, бұзушы ықпалдар негізінде көрсету қажеттігі болып табылады.     Сонымен шапшаң жауап беру маңыздылығының соңғы нәтижесі жылдамдықты тез арттыру (сөрелік екпін алу), жоғары жылдамдыққа жету болып табылады.

        Жылдамдық қабілеті доп салуда: доп беруді, жүгіруді орындау шапшаңдығы мен тәсілдік міндеттерді шешу жылдамдығы жақтарында көрінетін іс-әрекеттер болып табылады.

      Күрделі реакцияларды тәрбиелеу үшін қозғалмалы затқа (доп, әріптесі), кенеттен көрінген, өзгерген қимыл жылдамдығына және ойын жағдайының түрлі өзгерістеріне жауап бері қажет жаттығуларды пайдалануға болады. Мысалы, тез топ жарудағы қимылдың басталуы үшін қалқаннан ұшып шыққан доп болуы мүмкін.

      Жоғары қимыл жиілігімен орындау соңына қарай шаршаған соң жылдамдық төмендемес үшін жоғары ырғақта шағын мерзімді жаттығуларды (10-20с) орындауды меңгереді.

Сөрелік екпін мен қашықтық жылдамдығының жылдамдығы баскетболдағы шапшаңдықтың іргетасы болып табылады, себебі оның астарында осы дене сапасының келесі жақтары пайда болады, мысалы, доп беру, жүргізу мен алдап өту шапшаңдығы тез топ жару қимылын орындау. Қозғалыс жылдамдығын үлғайту тек ойыншының жылдамдық қабілеттеріне әсер етумен ғана емес, Сондай-ақ, қимыл әдістерін жетілдіре отырып күш ерекшеліктерін тәрбиелеумен орындалуы да мүмкін.

       Баскетболдағы шапшандықты тәрбиелеудің негізгі құралдары шектеулі немесе шектен тыс жылдамдықпен орындалатын жылдамдық жаттығулары болып табылады. Осы сапаларды дамытуға жәрдемдесетін бірнеше әдістемелік амалдарды келтіреміз:

- жеңілдетілген  жағдайларда жаттығулар орындау (қиғаш жолда жүгіру, аспалы салмақ түрлерін пайдалану);

- қиын және қарапайым жағдайларда жаттығуларды кезектестіру, салмақтарды өзгерту;

- екпіндеп  жүгіру, көшбасшының (әріптестің) ізінен жүгіру;

- жаттығуларды  орындау уақыты шарттарына шектеу  ендіру.

     Төзімділікті тәрбиелеу. Оқушы ағзасының дене жаттығулары ұзақ уақыт орындай алу және шаршауға қарсы әрекет жасай алу қабілеті. Төзімділікті дамытуда екі жолды мақсаттайды. Олар: жалпы және арнайы. Жалпы төзімділік белгілі бір дәрежеде баскетболшы ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттыра отырып, арнайы дайындық, оның ішінде арнайы төзімділіктің негізін құрайды. Арнайы төзімділік оқушылардың барлық мүшелері мен жүйелерінің дайындығымен анықталады. Және ол ұзаққа созылатын ойын әрекеттерінде тәсілдік-тактикалық амалдарды тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Оқушының баскетбол спорт түрінде жалпы төзімділігі мына бағытта тәрбиеленеді:

а) жалпы жұмыс істеу қабілетін дамытатын жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің функционалды мүмкіндіктерін кеңейту;

б) оқушылардың тірек-қозғалыс аппаратын бекіту;

в) машықтану жұмыстарының пайдалы көлемін арттыруға алғышарттар жасау;

г) арнайы төзімділіктің дамуына әсер ету.

Арнайы төзімділікті дамытуда біріншіден, арнайы машықтану төзімділігін баскетболшы көлемі жағынан жарыс жүктемелерінен жоғары қарқынды жүктемені көтере алатындай етіп арттыру, екіншіден, осы сатыда барынша мүмкін болатын жарыс төзімділігіне қол жеткізу қажет.

Сабақта жалпы төзімділікті дамыту үшін циклді сипаты бар жаттығулар (кросс, жүзу) бір қалыпты, үлкен және ауыспалы қарқынды, аэробты бағыты бар жаттығулар қолданылады. Баскетболшы үшін жалпы және арнайы төзімділіктің маңызы зор. Оларды дұрыс бірізді, жылдам жаттықтыру сатыларына сәйкес дамыту қажет.

      Сонымен оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде спорттық машықтандыру ілімі мен тәжірибесінде жылдамдық, иілгіштік, күштілік, төзімділік және ептілік қасиеттері қарастырылды.. Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетіне жасалған талдау ойынның жоғары жылдамдықпен және шапшаң қимылдармен, аялдаулармен, айналулармен орындалатын жылдамдық-күштілік әрекеттерінен құрылатындығын көрсетеді.

Информация о работе Баскетбол ойынының ғылыми-теориялық негіздері