Әскери-патриоттық тәрбие-стратегиялық маңызы бар білім беру технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 11:54, реферат

Описание работы

Әскери патриоттық тәрбие - жауынгерлердің әскери қызметін отеуге қажетті қасиеттерін қалыптастыру және соғыс қиыншылықтарына төзіп, дұшпанды жеңіп шығуға дайындығын, қабілеттілігін арттыру мақсатында олардың рухани және тұлға жағынан дамып, жетілуіне жүйелі әрі нысаналы түрде ықпал ету үрдісі.
ҚР-ның ҚК-нде Әскери патриоттық тәрбие жауынгерлердің бойына жоғары имандылық-жауынгерлік қасиеттерді, әскери моральдық рухты сіңіруге бағытталған. Ол ҚР Конституциясының, Президенттің - ҚР ҚК-нің Бас қолбасшының әскери мәселелер жөніндегі шешімдерінің, Әскери ант пен Әскери жарғы талаптарының негізінде жүзеге асады. Әскери патриоттық тәрбиенің мән-мазмұны - өз Отанына адалдық, сүйіспеншілік және өзге халықтарға достық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

Файлы: 1 файл

әскери патриоттық тәрбие.doc

— 77.00 Кб (Скачать файл)

 Әскери жетекші, әскери  патриоттық ұйымдастырушы өз  жоспарын құрастырып оны жайдан  жай қалдырмауы тиіс. Құрастырған  жоспарын іске асыру жолдарын  қарастыру қажет. Әскери мұғалімге  оқу мекемесінде басшылықтан бастап барлық лауазымды адамдар көмектер көрсетіп, ал ата-аналар да қолдау көрсетулері қажет. Әскери мұғалім ынталы болса, талантты болса және кедергілер болмаса (кедергілер болса және оны жеңе білсе) ғана ол өз жоспарын іске асыра алады. Жоғарыда айтылған, жазылған ой-пікірді әскери патриоттық тәрбиенің бір ғана үлгісі деп қарауға болады. Ал әркім өз Отанның Қарулы Күштерінің қатарын толықтыруды және оның қорғанысын ойласа, тереңінен зерттеп тағы да басқа пайдасы бар іс шаралар ұйымдастыруына болады.         

Ұсыныстар. Қазіргі кезде жастардың әскери патриоттық тәрбиесін арттыру мақсатында жауынгерлердің әскери қызметі туралы видеофильмдер шығарылуы тиіс, телеарнада арнайы әскери жаңалықтар қызметі жұмыс жасау қажет. Қазақ тілінде, ұлттық тілде әскери кітаптар шығарылуы керек. Ең маңыздысы Қазақстанның барлық облысында телеарнада апта сайын немесе ай сайын көрсетілетін “Бастапқы әскери дайындық - әскери патриоттық тәрбиелеудің маңызды түрі” атты телебағдарлама ашылуы тиіс. Ол телебағдарламада әр қаладағы, әр аудандағы әскери дайындық сабақтарын, өткізіліп жатқан тәрбиелік іс-шараларды, ұйымдастырылған кездесулерді және үлгілі мұғалімдерді, үлгілі әскери адамдарды, үлгілі сарбаздарды осы телебағдарламадан көрсету керек.   

       Әскери жетекшіледі де жай қалдырмай, оларды марапаттау, құрметтеу жақтарын қатыстыру қажет. АӘД оқытушы-ұйымдастырушыларға арнайы мерекелік күн тағайындап, ол күні жастармен әскери патриоттық тәрбиелік іс шаралы ұйымдастыруы қажет. Әскери дайындық енді дамып келе жатқанда қолдау көрсетіп, жастардың еліміздің лайықты азаматы болып өсуіне ат салуымыз керек.       


Информация о работе Әскери-патриоттық тәрбие-стратегиялық маңызы бар білім беру технологиясы