Әскери-патриоттық тәрбие-стратегиялық маңызы бар білім беру технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 11:54, реферат

Описание работы

Әскери патриоттық тәрбие - жауынгерлердің әскери қызметін отеуге қажетті қасиеттерін қалыптастыру және соғыс қиыншылықтарына төзіп, дұшпанды жеңіп шығуға дайындығын, қабілеттілігін арттыру мақсатында олардың рухани және тұлға жағынан дамып, жетілуіне жүйелі әрі нысаналы түрде ықпал ету үрдісі.
ҚР-ның ҚК-нде Әскери патриоттық тәрбие жауынгерлердің бойына жоғары имандылық-жауынгерлік қасиеттерді, әскери моральдық рухты сіңіруге бағытталған. Ол ҚР Конституциясының, Президенттің - ҚР ҚК-нің Бас қолбасшының әскери мәселелер жөніндегі шешімдерінің, Әскери ант пен Әскери жарғы талаптарының негізінде жүзеге асады. Әскери патриоттық тәрбиенің мән-мазмұны - өз Отанына адалдық, сүйіспеншілік және өзге халықтарға достық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

Файлы: 1 файл

әскери патриоттық тәрбие.doc

— 77.00 Кб (Скачать файл)

“Әскери-патриоттық тәрбие-стратегиялық маңызы бар білім  беру технологиясы”

                  Әскери патриоттық тәрбие - жауынгерлердің әскери қызметін отеуге қажетті қасиеттерін қалыптастыру және соғыс қиыншылықтарына төзіп, дұшпанды жеңіп шығуға дайындығын, қабілеттілігін арттыру мақсатында олардың рухани және тұлға жағынан дамып, жетілуіне жүйелі әрі нысаналы түрде ықпал ету үрдісі.

     ҚР-ның ҚК-нде Әскери патриоттық тәрбие жауынгерлердің бойына жоғары имандылық-жауынгерлік қасиеттерді, әскери моральдық рухты сіңіруге бағытталған. Ол ҚР Конституциясының, Президенттің - ҚР ҚК-нің Бас қолбасшының әскери мәселелер жөніндегі шешімдерінің, Әскери ант пен Әскери жарғы талаптарының негізінде жүзеге асады. Әскери патриоттық тәрбиенің мән-мазмұны - өз Отанына адалдық, сүйіспеншілік және өзге халықтарға достық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

Қазақ халқының тәрбие жүйесінде  жас ұрпақты, қоғам мүшелерін  Отанға, халқына, елге, жерге деген  сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың  бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші  орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді, басынан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген.       

 Қазақстан Республикасы  әскери доктрина және әскери  құрылыс тұжырымдамасында: «Біз  – егеменді мемлекетпіз және  оның қауіпсіздігін қамтамасыз  ету мәселері ішкі және сыртқы  саясаттың жалпы құрылымының өзегі болуға тиіс. Сондықтан бізге қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтанған, жоғарғы даярлықтан өткен, жақсы үйретілген, біздің егемендік мүддемізді қорғау үшін кез келген жағдайда іс-қимыл жасауға даяр тұратын армия қажет. Ал, мұндай армияны әскери құрылыстың тарихи тәжірибесіне және қазіргі заманғы көзқарастарға сүйенген ғылыми негізде ғана құруға болады » - деп атап көрсетеді. 

      Болашақ ел сарбаздарын жастайынан жауынгерлікке баулу, олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру қазақстандықтардың ортақ парызы, тікелей міндеті болып табылады. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған салт дәстүрінен нәр алған қазақ елінің мыңдаған ұл-қыздары екінші дүние жүзілік соғыстың қанды майдандарында да қаһармандық талай қайталанбас үлгісін көрсетті.     

 Ұлан-байтақ даласын  «найзаның ұшымен, білектің күшімен»  қорғаған ата-бабаларымыз сан  ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай,  тұмсықтыға шоқыттырмай аман  сақтап келді. Құрып кету қауіпі  төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұру нағыз отансүйгіштік қасиет болып табылады.     

 Қазақстан Республикасының  Президенті «Қазақстанның болашағы  – қоғамның идеялық бірлігінде»  атты еңбегінде  «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» - деп жазды.         

 «Отанды сүю отбасынан  басталады», отансүйгіштік қасиетті  қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің  маңызы, «Еліңді сүйсең ерлік  істейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады», «Жүк ауырын нар көтереді, ел ауырын ер көтереді», «Ел – ырыстың орманы, ер – ырыстың қорғаны», «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» тәрізді мақал-мәтелдерден көрінеді. Одан біз ерлердің ерен ерліктері ұрпақ жалғастығын табатынын ұғынамыз.        

 Қазіргі жағдайда әскери-патриоттық  тәрбиені жетілдіруде өткен әскер  тарихын зерттей отырып, бүгінгі  өмірін талабына сай оның мазмұнын, міндеттерін терең ұғыну керек. Әскери-патриоттық тәрбие берудің басқа тәрбие процестерінен өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, әскери-патриоттық тәрбие беруде, негізінен, әр түрлі жағдайларда Отанын қорғауға даяр тұру, әскери міндетін атқаруға және күнделікті бейбітшілік сақтау үшін күреске дайындық жұмыстары қамтылады.     

 Әскери-патриоттық тәрбие-стратегиялық  маңызы бар білім беру технологиясы, ал бастапқы әскери дайындық  пәні жастармен өткізілетін әскери-патриоттық  тәрбиені іске асыру жолдарының  бір түрі.     

 Бастапқы әскери дайындық пәнін оқу барысында оқушылар азаматтардың Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын ұғынуға, ҚР Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін анықтап түсінуге тиіс, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеру үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруы тиіс.      

 Оқушыларға әскери-патриоттық  тәрбие беру дегеніміз оларды  саяси моральдік-психологаиялық  жағынан егемен елімізді қорғауға  дайындау. Осы міндеттерді орындау  мақсатында орта мектебінде атқарылатын жұмыстарға шолу жасай кетсек:

    - 10-11 сыныптарда аптасына 2 сағат АӘД пәні жүргізіліп, онда бағдарламаға сай  оқушылар “Жалпыға бірдей әскери міндеттермен әскери қызмет” туралы заңдар, әскери ант, әскери жарғы туралы, атыс қарулармен танысып, азаматтық қорғанысқа қажетті мәліметтермен таныстыру және       Мектепте “Жас шекарасы” әскери-патриоттық клубын құру.

 МЫСАЛ: Клуб екі жылдан бері өз жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Клубта 3 профильді үйірме жұмыс істейді, негізгі контингентте 18 оқушы, ауыспалы контингентте 24 оқушы тәлім-тәрбие алды. Бұлар, негізінен, тұрмысы төмен және қиын отбасынан шыққан балалар, олардың бар үміті өзінің болашақ мамандығына дайындық үшін қосымша білім алу болып табылады. «Қорған» үйірмесінде жастардың әскерге шақыртуға дейінгі дайындықтың негізінде отандық қаруларды атып үйрену және практика жүзінде пайдалана білу жөніндегі білімдеріне ерекше көңіл бөлінген. Барлық жас ұландар арнайы дайындықтарды және қоян-қолтық ұрыс өнерін бар ынта-жігерлерімен үйренеді. «Мерген» үйірмесінде балалар тек мергендік ғана емес, сонымен қатар шетел әскерлерінің қару-жарақтарымен танысады, көздеу әдістерін қалыптастырады және ату кезіндегі техника қауіпсіздігін оқып үйренеді. Әскери-патриоттық тәрбие беру кабинетінде бозбалалар әскери тактикамен, әскери топографиямен, инженерлік дайындықтармен танысады. «Жігер» үйірмесіндегі оқушылар Қазақстан тарихын үлкен ынтамен оқиды, батырлардың образдарымен, сол сияқты қазақ халқының ежелден бері жалғасып келген әскери дәстүрлерімен, ұлттық мәдениеттің әліппесімен танысады.  Клубтың тарихына көз жүгіртсек.

 

 

 

Жастарға әскери–патриоттық  тәрбие беру – біздің ортақ мақсатымыз!                                   

 Атқарылған  жұмыстар:

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында осы жылдың 12 желтоқсаны күні  орта мектебі жанынан құрылған«Жас шекарасы» әскери патриоттық клубы осы айтулы мерекені бірге атап өту мақсатында 2019 әскери бөлімінде болды. Әскери – патриоттық клуб және әскери бөлім арасында тығыз қарым-қатынас орнаған.

«Қайырымдылық сыйла» атты аудандық акциясына да қатысты

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығын атап өту және тойлау мерекелік  шаралары болып өтті. Жас ұрпақты  патриоттық тәрбиеге баулуда еңбек  сіңіріп жүрген «Ауғаныстан соғысының  мүгедектері мен ардагерлерінің Кеңесі» ұйымдастыруымен «Қайырымдылық сыйла» атты акция басталды. Акцияның мақсаты – ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету және жас ұрпаққа патриоттық сезім қалыптастыру. Ардагерлердің үйлеріне барып көмектерін көрсету үшін «тимур командалары» құрылды.

«ЕЛІМ МЕНІҢ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ӘСКЕРИ – ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР МЕН ӨЛЕҢДЕР БАЙҚАУЫН ӨТКІЗДІ        

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің  Ауған жерінен шығарылған күні. Биыл бұл оқиғаға 22 жыл толып  отыр. Осы айтулы мерекелік күн  аясында еліміздің түкпір –  түкпірінде Ауған соғысы ардагерлерін құттықтап, соғыстан оралмағандарға тағзым етіп мерекелік іс –шаралар ұйымдастырылып жатыр.        

15 ақпан күні аудандық мәдениет  үйінде ішкі саясат бөлімі, «Ауғаныстан  соғысы мүгедектері мен ардагерлері  одағы», «Жас шекарасы» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығы мен Кеңес әскерлерін Ауған жерінен шығарылған күніне арналған салтанатты жиын мен «Елім менің» атты аудандық әскери – патриоттық әндер мен өлеңдер байқауы өтті.   

    Әр түрлі жастағы оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің мазмұнына, мақсатына, міндеттеріне тоқтала келе, тәрбие критерийлері төмендегідей жүктеледі.      

 Мектеп жасына дейінгілерімен  жұмыс істеу жолдарына баланың  әскери-патриоттық әңгімелерге араласуы, әскери ойындарға сезімталдық қатынастары, дене бітімінің өз жасына лайықты болуы жатады.      

 Бастауыш мектеп оқушылары  үшін Отанның өткен тарихынан  мағлұматты болуы, әскери ойындарда  әр түрлі әскери рөлдерді орындауы, тәртіптілік жатады.      

 Кіші және жасөспірім  оқушылар үшін халқымыздың революциялық, әскери және еңбек дәстүрлерін, жер бетінде болып жатқан әскери жағдайларды дұрыс бағалай білуі, еңбек және соғыс ардагерлеріне құрмет, дене бітімінің дамуы, әскери ойындарға және жарыстарға қатысу міндетті.      

 Жоғарғы сынып оқушылары үшін Отан қорғаудың негізгі теориясын меңгеру, дүниежүзілік соғыстардың тарихы, олардың себептерін білу, қазіргі әскери-спорт түрлеріне қатынасу, әскери орындарға саяхат, Президенттік сынамалар нормативтерін орындау, дене бітімінің жасына сай дамуы міндетті.       

 Мектеп бітірушілер  үшін өз еркімен әскери борышын  өтеудің қажеттілігі, сенімді  түрде әскери қызметке саналы  дайындық, өмірде болып жатқан  саяси-әскери жағдайларға талдау  жасау, әскери талаптарды түсіну, АӘД сабақтарында терең және нақты біліммен қарулану, әскери-патриоттық шараларға белсене қатысу міндетті.       

 Қазақстан Республикасы  Білім министірлігінің  «Қазақстан мектептеріндегі әскери-патриоттық тәрбие» деген еңбегінде оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің әр түрлі формалары мен әдістеріне, мектеп жасындағы балалардың Отан қорғауға дайындық жұмыстарына мән берілген. Халқымыздың революциялық әскери және еңбек дәстүрлері болған жерлерге шеру, «Зарница» және «Орленок» әскери-спорттық ойындарын ұйымдастыруды жолдарына тоқталады.         

 «Жеткіншек ұл балалармен  жүргізілетін тәрбие жұмысының  ерекшеліктері» нұсқауында: тәрбие  жұмысында жеткіншек ер балалардың  ұйымдастырушылық қасиеттерін дамытып,  сынып пен мектептің белсенді  жұмыстарына араласуын ескермей, тек қана олардың пассивтіқатысуын көздейтін жұмыс формалары мен әдістері жиі қолданылып жүр, ер балаларды ерлік, жігерлік, төзімділік, батылдыққа тәрбиелеуге көмектесетін жұмыс формалары сирек пайдаланылады – деп, атап көрсетілген.      

 Ұлттық негізде ерлік  және жауынгерлік тәрбие беруге байланысты халық қаһарманы Б. Момышұлының «Жігітті жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейтін қазақтың игі дәстүрлері» атты мақаласында халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне тоқтала келе, жоспарын ұсынады. Одан төрт тарау мысал келтіре отырып, сіздерге тәрбие жұмысын жоспарлағанда қолдануды ұсынамын.      

1) Әдет және әдеп. Үлкенді  сыйлау, парыз бен ар-ұятты қасиет  тұту, қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз  сақтау, заңға мойын ұсынушылық, адамды бәрінен де ардақтау, адам бойындағы адамгершілік, Отанға, елге, халыққа, үй ішіне, адамға, өмірде деген сүйіспеншілік сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелейді.      

2) Асық, жасырынбақ және  жарыс, күрес, ақсүйек ойнау  жастарды ептілікке, ширақтыққа, табандылыққа және басқа да жақсы жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейді.      

3) «Сөз тапқанға қолға  жоқ ». Бәдік айтыс, той, айтыс  тез ойлауға, тапқырлыққа тәрбиелейтін  өнер саласы. Бұл арқылы жасөспірімдер  мен қыздар өлеңді суырып салып  айтуға машықтанады, ауыз әдебиеті мен музыкаға сүйіспеншілігін арттырады, ой-өрісін кеңітеді, өткірлік пен ептілікке үйренеді.      

4) Көкпар, бәйге, аударыспақ-батылдыққа, ептілікке баулып, бұлшық етті  шынықтыратын, құмарлықты оятар,  есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті ары мен атағы үшін өлімге бас тігуге дейін баратын дәстүрлі ұлттық спорттық ойындар. Бұл ойындар ер жігіттің бойында, Отан солдатына қажетті игілігі рыцарлық қасиетті тәрбиелейді.       

 Отансүйгіштік қасиетті  қалыптастыруға әсер ететін факторлар:       

 Ұлттық сезім - өзінің ұлттық өкілдігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашарлық, халық мұраларын бағалай білу.       

Жоғарғы сезімдер: парыз, адамгершілік, ержүректілік, ерлік, батырлық, қаһармандық т. б.       

Төменгі сезімдер: опасыздық, ұждансыздық, үрей, қорқыныш, т.б.      

 Жас ұрпақты халқымыздың  құнды еңбектерімен жасынан намысты,  Отанын сүйетін, адамгершілігі  терең етіп тәрбиелесек ешкімнің  алдында ұялмаймыз, мерейіміз  үстем болады деп ойлаймын.           

 Оқу мекемелерінде  оқу жылы қыркүйек айынан бастап, мамыр айына дейінгі уақыт. Әрбір тоқсанды жақсы пайдаланып, жастармен тәрбиелік іс шараларды көбейту керек. Әскери патриоттық тәрбиелік іс шаралар алдын ала жоспарлануы тиіс. Жоспарда тек қана оқытушы-ұйымдастырушының ой-пікірі емес, сол оқу мекемесінің әрбір мұғалімнің ой үлесі болуы тиісті.      

Информация о работе Әскери-патриоттық тәрбие-стратегиялық маңызы бар білім беру технологиясы