Әскери қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 11:42, реферат

Описание работы

Әскери қызмет— мемлекеттің Қарулы Күштері жүйесінде атқарылатын қызмет , бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да әскери қызмет азаматтардың өз елі алдындағы қасиетті парызы саналады.Жалдамалы және шарт жасау арқылы белгіленетін әскери қызмет түрлері де болады. Онда әскери қызмет мерзімі, өтелетін орны, міндеті тағы басқа жағдайлары шартта көрсетіліп, белгіленген тәртіппен екіжақты расталады. Қазақстанда әскери қызметті өтеу тәртібі ҚР Конституциясында, “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” заңда (1993 жылы 19 қаңтар) және осы заңға Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ендірілген заңдық күші бар қосымша өзгертулер мен толықтыруларда (1995 жылы 19 мамыр мен 14 қараша) тағы басқа құқықтық құжаттарда тұжырымдалған.