Әскери қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 11:42, реферат

Описание работы

Әскери қызмет— мемлекеттің Қарулы Күштері жүйесінде атқарылатын қызмет , бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да әскери қызмет азаматтардың өз елі алдындағы қасиетті парызы саналады.Жалдамалы және шарт жасау арқылы белгіленетін әскери қызмет түрлері де болады. Онда әскери қызмет мерзімі, өтелетін орны, міндеті тағы басқа жағдайлары шартта көрсетіліп, белгіленген тәртіппен екіжақты расталады. Қазақстанда әскери қызметті өтеу тәртібі ҚР Конституциясында, “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” заңда (1993 жылы 19 қаңтар) және осы заңға Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ендірілген заңдық күші бар қосымша өзгертулер мен толықтыруларда (1995 жылы 19 мамыр мен 14 қараша) тағы басқа құқықтық құжаттарда тұжырымдалған.

Файлы: 1 файл

Әскери қызмет.docx

— 23.53 Кб (Скачать файл)

Әскери қызмет— мемлекеттің Қарулы Күштері жүйесінде атқарылатын қызмет , бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да әскери қызмет азаматтардың өз елі алдындағы қасиетті парызы саналады.Жалдамалы және шарт жасау арқылы белгіленетін әскери қызмет түрлері де болады. Онда әскери қызмет мерзімі, өтелетін орны, міндеті тағы басқа жағдайлары шартта көрсетіліп, белгіленген тәртіппен екіжақты расталады. Қазақстанда әскери қызметті өтеу тәртібі ҚР Конституциясында, “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” заңда (1993 жылы 19 қаңтар) және осы заңға Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ендірілген заңдық күші бар қосымша өзгертулер мен толықтыруларда (1995 жылы 19 мамыр мен 14 қараша) тағы басқа құқықтық құжаттарда тұжырымдалған.

Қазақстан Республикасын қорғау әрбір  азаматтың басты парызы және міндеті  болып табылады. Республиканың азаматтары заңмен белгіленген тәртіп пен түрлерінде әскери қызметті атқарады.

Әскери қызмет– Қазақстан Республикасы азаматтарының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлерінде және әскери күштерінде мемлекет пен халықтың алдындағы өзінің қасиетті борышы мен міндеттерін орындаумен байланысты мемлекеттік қызметтің айрықша түрі.

Әскери қызметті өту уақытында  жұмыстың жалпы үздіксіз өтілі, сонымен  қатар мамандығы бойынша жұмыс  өтілі есептеледі.

Әскери қызмет түрлері:

1.Жауынгерлер мен матростардың, сержантар мен старшиналардың жедел әскери қызметі;

2.Келісім-шарт бойынша әскери қызмет;

3.Офицерлік құрамдағы әскери қызмет.

Жалпы әскери міндет өзіне төмендегілерді қосады:

1.Азаматтарды әскери қызметке даярлау;

2.Әскерге шақыру участкелерінде тізімге алу;

3.Әскери қызметке шақыру;

4.Әскери қызметті өту;

5.Запастағы қызметке;

6.Запастағы оқу жиындарынан өту

4.Әскери уақытта азаматтарды міндетті жалпы әскери оқыту.

Қазақстан Республикасында тұратын  басқа да мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан  Республикасымен ратификацияланған  халықаралық шарттармен сәйкес Қазақстан  Республикасының мүддесіне әскери қызметтен өте алады.

Жалпы әскери міндеттерге қатысты  Қазақстан Республикасының азаматтары келесі санаттарға бөлінеді: - төмендегілерден  өтетін 15 жастан бастап әскерге дейінгі  шақырылушылар

1.Шақыру участкесіне тіркелгенге дейін әскери қызметке даярлықты;

2.Шақыру участкелеріне тіркелген әскерге шақырылушылар - тұлғалар;

3.Әскери қызметтен өтетін әскери қызметтегі – тұлғалар;

4.Запаста тұрған әскери міндетті – тұлғалар;

5.Әскери есепке қабылданбаған немесе одан шығарылған әскери міндетті емес – тұлғалар. 

Әскери қызметті өтуге жарамды  Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулығының жағдайы және жасы бойынша міндетті:

1.Осы Заңмен белгіленген жасқа жетуі бойынша әскери есепке тұруға;

әскерге шақыру участкелеріне жазылу үшін әскери комиссариатының шақыруы  бойынша келуге, медициалық куәландырудан  өтуге, әскери-техникалық мамандықты алу  үшін дайындыққа жолдауға, әскери қызметке немесе жиынға шақырылуға;

1.Әскери қызметке дайындықтан, әскери қызметтен өтуге және запастағы әскери міндетті орындауға;

2.Әскери есепке алудың тәртібін орындауға.

Қазақстан Республикасының Үкіметіменен анықталатын тізбе бойынша тиісті әскери мамандықпен қатынастағы  мамандығы бар әйелдер әскери есепке тұруы тиіс. Бейбіт уақытта  әйелдер келісім-шарт бойынша әскери қызметке өз еркімен келе алады. Әскери уақытта әскери есептегі немесе жалпы  әскери оқудан өткен әйел жынысындағы  тұлғалар Қазақстан Республикасы Президентінің  шешімі бойынша әскери қызметке шақырылуы  мүмкін.

 

. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері

    ҚР ҚК –нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.

    Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:

1.ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

2.Әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

3.Өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

4.Адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

5.Командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;

6.Әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

7.Өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

8.Әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;

9.Әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;

10.Қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға міндетті.

   ҚР ҚК-нде әскери қызметшілердің қызметтік міндеті және арнайы міндет түрлері белгіленген.

    Қызметтік міндеттер әскери қызметшінің, әскери бөлімнің, мекеменің ұйымдастыру құрылымында атқаратын қызметімен анықталады. Қызметтік міндеттер жалпы  (барлық тікелей бастықтар үшін) және нақты (бригада, рота, взвод командирінің қызметі) болып бөлінеді.

    Арнайы міндеттер әскери қызметшінің негізгі міндеттері мен құқықтары шеңберіне кірмейтін тапсырмалар тапсыруға байланысты пайда болады. Мысалы, қарауылдық, патрульді, тәуліктік күзет құрамын тағайындағанда, тексеру, инспекция жүргізу үшін жолдама бергенде.


Информация о работе Әскери қызмет