Жер құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 10:12, реферат

Описание работы

Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу

Содержание работы

1. Кіріспе..................................................................................................................3
2. Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі....................................................4
3. Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі.....................................................9
4. Қорытынды..................................................................................................17
5. Әдебиеттер...................................................................................................18

Файлы: 1 файл

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ.doc

— 140.50 Кб (Скачать файл)

 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ және орыс филологиясы факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жер құқығы»

 

 

                                                                  Орындаған:

Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

1. Кіріспе..................................................................................................................3

2. Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі....................................................4

3. Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі.....................................................9

4. Қорытынды..................................................................................................17

5. Әдебиеттер...................................................................................................18

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кіріспе

 

Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының “Жер туралы” (2001) Заңымен реттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі

 

Құқық теориясы бойынша, құқықтың қайнар көздері дегеніміз — көп рет пайдалануға бағытталған, құқықтық бұйрық түріндегі мемлекеттің еркін білдірудің түрлі әдістерінен құралған жазбаша ресми құжат. Оларды орындауға міндетті мемлекеттік заңшығарушы органдар қызметінің көрінісі деп түсінуге болады.

Құқықтың қайнар көздері заңдар және заңға сәйкес актілер нысанында көрініс табады. Заңдар мен заңға сәйкес актілер нормативтік құқықтық актілердің заңды күші бойынша бір-біріне иерархиялық қатынаста болады. Олар бір-біріне заңды күшіне байланысты тең емес. Құқықтың қайнар көзі ретінде ең жоғарғы заңды күшке Қазақстан Республикасының Конституция иеленеді1. Себебі, Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық референдумда мақұлданып ең жоғарғы заңды күшке ие болған. Ол құжатта былай делінген: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз».

Конституцияның 4-бабында былай делінген: «Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады». Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін және Конституция мәселелері бойынша қабылданған конституциялық заңдар да осындай күшке ие. Сол себепті, Қазақстан Республикасының қалған барлық заңдары Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24-наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына2 сәйкес, нормативтік құқықтық акті дегеніміз — бұл референдумда немесе  мемлекеттің уәкілетті органымен не лауазымды тұлғасымен қабылданған, құқықтық нормаларды орнықтыратын, өзгертетін, олардың әрекетін тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгілі бір нысандағы жазбаша ресми құжа

Жер туралы нормативтік құқықтық актілердің түрлерін әртүрлі негіздер бойынша бөлуге болады. Ең алдымен, жер-құқықтық актілер иерархиялық бағыныстылығы бойынша конституциялық, жер туралы заңнамалық және заңға сәйкес актілер деп бөлінеді.

Конституциядан өзге нормативтік құқықтық актілердің заңды күші келесідей тәртіп бойынша анықталады:

  1. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
  2. Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтары;
  3. Қазақстан Республикасының кодекстері, заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары;
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
  5. Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулылары;
  6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
  7. Министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары;

8) Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері. 
Төменгі   деңгейдегі   кез   келген   нормативтік   акт   жоғары

деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары бұл иерархиядан тыс тұрады («Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңның 4-бабы).

Әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қарама-қайшылық болған жағдайда, жоғары деңгейдегі актілердің нормалары әрекет етеді.

Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қарама-қайшылық   болған   жағдайда,   кейінірек   қабылданған актілердің нормалары әрекет етеді («Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңның 6-бабы).

Жер туралы заңнаманың нормалары конституциялық нормаларға қайшы келмеуі тиіс. Мысалы, Жер кодексінің мемлекеттік және жеке меншік туралы нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының нормаларына қайшы келмеуі тиіс, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи ресурстарға, соның ішінде, жер ресурстарына меншік мәселесі жөніндегі қаулылары Қазақстан Республикасының Жер кодексіне қайшы келмеуі тиіс.

Жер құқығы қатысушылардың жүріс-тұрысынан көрініс табатын жер қатынастарын реттеуге бағытталғандықтан, оның нормалары осы саланың міндеттері мен қағидаларына сәйкес басқарушы, құқық орнықтырушы, міндеттеуші, ұсынушы, тыйым салушы және ескертуші элементтерге ие. Бұл элементтер гипотеза, диспозиция түрінде жиі, ал санкция түрінде сирек көрініс табады. Және ескере өтетін бір жайт, нақты бір норма оны бөлудің негізінде әртүрлі элементті білдіруі мүмкін.

Жер қатынастарына қатысушылардың жүріс-тұрысының басқарушы ережелеріне мемлекеттік басқару органдарының құқықтары мен міндеттері жатады.

Мысалы, мұндай ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 2-тарауында ( Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласынадғы құзыреті) және сәйкес нормаларында көрініс тапқан.

Ұсынушы нормалар субъектілердің белгілі бір мәселелерді шешу үшін бірқатар оң әрекеттерді өз қалауымен жүзеге асыру мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 51-бабының 3-тармағына сәйкес, бөлінетін жер учаскесінің бөлігімен мәміле жасалған кезде бұл бөлік белгіленген тәртіппен алдын-ала дербес жер учаскесі болып бөлініп шығарылуға тиіс. Қазақстан Республикасы жер кодексінің 84-бабының 1-тармағына сәйкес, жер учаскесі мемлекеттік қажеттіктер үшін немесе жеке меншік иесінің не жер пайдаланушының келісімімен құны тең басқа жер учаскесін беру арқылы алып қойылуы мүмкін.

Құқық орнықтырушы нормалар жер қатынастарының барлық қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін орнықтырады. Мысалға, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 34-бабының 4- 
тармағына сәйкес, жер учаскесінің меншік иелері мен жер 
пайдаланушылар    жер    пайдалану    құқығын Қазақстан

Республикасының Жер кодексінде және басқа да заңшығарушы актілерінде көзделген негіздер, жағдайлар және шекте жүзеге асырады.

Құқық орнықтырушы нормалар құқық беруші және міндеттеуші нормалармен тығыз байланыста болады. Бұл Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 102-бабынан айқын көрініс табады. Аталған бапқа сәйкес, өзіндік қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерінің меншік иесі болып табылатын азаматтар ортақ мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде құқықтық жағдайы белгіленетін жай серіктестіктерге, бағбандық немесе өзге де тұтыну кооперативтеріне бірігуге құқылы.

1995 жылғы 22-желтоқсандағы  «Жер туралы» Жарлық және 2001 жылғы 24-қаңтардағы «Жер туралы» заң өзіндік қосалқы шаруашылық иелерінің жай серіктестіктерге бірігу құқығын қарастырмаған. Қазіргі кезде Жер кодексімен өзіндік қосалқы шаруашылық иелерінің құқықтары біршама кеңейтілген. Бұл оларға өзіндік қосалқы шаруашылықты бау-бақша мен саяжай құрылысының иелері ретінде ұйымдаса отырып жүргізуге мүмкіндік берді.

Ескертуші нормалар — бұл құқықбұзушылықтарды болдырмау және жою мақсаттарында құқықтық бұйрықтарда ресми бекітілген әсер ету шаралары. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабы осы мақсатты көздейді. Осы бапқа сәйкес, Кодекстің 92-бабында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою туралы талап-арыз меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейін кемінде бір жыл бұрын учаскені мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін және осы уақыт ішінде жер учаскесінің меншік иесі не жер пайдаланушы учаскені мақсаты бойынша пайдалану жөнінде қажетті шаралар қолданбаған жағдайда ғана берілуі мүмкін.

Жер кодексінің 93-бабында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемінде үш ай бұрын меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін ғана және осы мерзім ішінде меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскені пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берілуі мүмкін.

Егер меншік иесінің немесе жер пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскені нысаналы мақсатқа сай пайдаланбауында болса, алып қою туралы талап-арыз бергенге дейін жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган учаскенің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өтініші бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселені қарауға міндетті. Бұл жағдайда учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе оң шешілмеген кезде ғана талап-арыз берілуі мүмкін.

Жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи ресурс ретіндегі жерге және қоршаған ортаның өзге де объектілеріне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі тиіс (ҚР ЖК 6-б. 3-т.).

Тыйым салу заң шығарушының ойынша қауіпті, зиянды немесе қажетсіз әрекеттерге қатысты қолданылады. Мысалы, нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған немесе тұрғын халықтың өмірі мен денсаулығына өзге де түрде қатер төндіретін жер учаскелері меншікке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілмейді (ҚР ЖК 143-б. 1-т.).

Жер құқығында санкция жер учаскесін пайдаланбағаны немесе оларды жер заңдарын бұза отырып паййдаланғаны үшін жер заңдарымен көзделген заңды міндеттерді орындау құралы және мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жер учаскесін алып қою түрінде қолданылады.

Жер қатынастарының түсінігін дұрыс анықтау үшін Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-маусымда қабылданған Жер кодексінде бекітілген жер және жер учаскелері түсініктерінің мәні зор.Жарлықта былай делінген: жер — бұл заңнамаға сәйкес меншік пен жер пайдаланудың объектісі (жылжымайтын мүлік) болып табылатын, шаруашылық жүргізудің табиғи объектісі.

«Жер туралы» заң бойынша жер — бұл Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі «Жер туралы» заңдағы жердің анықтамасын қайталайды. Біздің ойымызша, жердің Жарлықта берілген түсінігі дәлірек сияқты, себебі, жер меншік объектісі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келеді.

Жердің жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі екендігі туралы анықтама жердің сипатына жатады. Жерде басқа да сипаттамалар болуы мүмкі, мысалы, ол аумақтық базис және т.б. болып табылады. Сондықтан, Жарлықта жерді меншік объектісі ретінде қарастыру Жер кодексіндегі жерді Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік ретінде қарастыруға қарағанда Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес дұрыс, негізді болып табылады. Жер учаскесінің түсінігінен жер қатынастарының нақты жер учаскесіне қатысты туындайтынын байқауға болады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 64, 65-баптарының кейбір тармақтарында «жер» түсінігі қолданылған. Бұл дұрыс емес, себебі, аталған субъектілердің шаруашылық жүргізуге қатысты құқықтары мен міндеттері нақты бір жер учаскесінің аумағымен шектелген. Сондықтан да, бұл баптың мазмұнын «Қазақстан Республикасының Жер кодексінде қолданылатын түсініктерді негізге ала отырып» деп беру дұрысырақ болар еді.

Информация о работе Жер құқығы