Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 18:02, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының жер құқығы дербес құқық саласы ретінде КСРО-ның ыдырауымен Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін қалыптасты. Ол жай «бос жерде» пайда болған жоқ. Қазақстан Республикасының жер құқығы Қазақ КСР жер құқығының жалғасы болып табылады, бұл құқық КСРО жеріне айрықша құқық негізінде қалыптасқан жер қатынастарының кешенін реттеді. Аталған құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны қазіргіге қарағанда басқаша болды, сол себепті де, олар Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары мен нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына сәйкес келмеді.

Файлы: 1 файл

реферат жер.docx

— 29.65 Кб (Скачать файл)

Жер құқығының түсінігі, әдістері, жүйесі.

 

КІРІСПЕ

            Қазақстан Республикасының жер құқығы дербес құқық саласы ретінде КСРО-ның ыдырауымен Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін қалыптасты. Ол жай «бос жерде» пайда болған жоқ. Қазақстан Республикасының жер құқығы Қазақ КСР жер құқығының жалғасы болып табылады, бұл құқық КСРО жеріне айрықша құқық негізінде қалыптасқан жер қатынастарының кешенін реттеді. Аталған құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны қазіргіге қарағанда басқаша болды, сол себепті де, олар Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары мен нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына сәйкес келмеді.Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру — жерге айрықша мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру, жерді сату-сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да шаралар жаңа жер қатынастарының пайда болуына және жер туралы заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келді. Осылай, Қазақстан Республикасының жер құқығы заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орындарында дербес құқық саласы ретінде оқытылуға міндетті жаңа оқу пәніне айналды. Оның пәні болып жерге меншік құқығына, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалануға, оны басқару мен қорғауға қатысты туындайтын жер қатынастарының кешені сақталды. Алайда, жаңа жер реформасын жүзеге асыру жер қатынастарының мүліктік сипатын жоймады, керісінше, оның мемлекет байлықтарын табиғи ресурс ретінде ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтті. Мүліктік емес сипаттағы жер қатынастары да өз ерекшеліктерін жоғалтпады, қоғамдық қатынастардың бұл саласы да сақталып қалды және олар болашақта одан әрі дамып, бұрынғы жер қатынастарына, сабақтас құқық салаларына, соның ішінде, азаматтық құқықтың жер-мүліктік қатынастарына қарағанда өзінің ерекше сипаттары мен айрықша ерекшеліктеріне ие болады.Егер бұрында жер қатынастарының мүліктік сипаты жерге айрықша мемлекеттік меншікпен шектелсе, бұл ереженің жойылуымен жер-мүліктік құқықтық қатынастарының ауқымы кеңейді. Және соған қарамастан, ол өзінің табиғатпен және табиғи ортамен байланысын жоғалтпады. Жер-мүліктік қатынастарының басқа мүліктік қатынастардан басты айырмашылығы осында.Жер құқығы өз пәні шегінде барлық жер қатынастарын реттейді, жер нарығын қалыптастыруға, реттеуге және нарықтық жер құқығы қатынастарын одан әрі де дамытуға белсенді түрде қатыса алады. Бұл мақсатта ол нақты құқықтық негіз бен жалпы мемлекеттік деңгейдегі қайнар көздерге ие. Оларда нарықтық экономика жағдайында қазіргі кезгі жер қатынастарының дамуына шын мәнінде әсер етуге қабілетті, кез келген жағынан алғанда салыстырмалы түрде жаңа жер құқығы саласының ұйымдастырушылық-нормативтік алғышарттары көрініс тапқан.Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңінде жер туралы заңнаманың одан әрі де жылдам қарқынмен дамып, өзгеруі заңды құбылыс. Бұл даму бағыттары мен өзгерістер жер-құқықтық нормалардың әрекетін күшейте түсетіні сөзсіз. Қазақстан Республикасының жаңа Жер кодексін қабылдау жер қатынастарын реттеудің ерекше орнын сақтап қалды. Сол себепті де, мемлекеттің жер ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану мемлекет қызметінің айрықша бағыты болған және солай болады да. Бұл Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының саяси-құқықтық ережелеріне және республиканың алға қойған міндеттеріне сай келеді. Мысалы, азаматтық және тұрғын үй құқығы жылжымайтын мүлікке, соның ішінде, бірнеше пәтер немесе тұрмыстық емес бөлмелерден тұрған үйдің жер учаскелеріне меншіктің ерекше нысанын көздейді (кондоминиум). 1994 жылғы 11-қарашадағы «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» заңда жер құқығы қатынастарына, соның ішінде, Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін берудің жариялылығына, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының Қазақстан Республикасының аумағында Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу құқығына бес бап арналған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23-желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Жарлығымен жылжымайтын мүлікке меншік құқығын жүзеге асырудың бір нысаны (соның ішінде, жер учаскесін кепілге беру) реттеледі. 1997 жылғы 19-маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңмен жеке кәсіпкердің ұсақ саудамен айналысу үшін ортақ пайдалыныстағы жерлер мен басқа да тыйым салынбаған жерлерді пайдалану құқығы көзделген. Сондықтан, Қазақстан Республикасының жер құқығын терең меңгеру үшін оқу құралында және оның қосымшаларында көрсетіліп өткен ұсынылған әдебиеттерді, заңшығарушылық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді пайдалану қажет. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамананың даму бағыты мен оның жетілдіру заңдылықтарын ескере отырып, жер құқығы мен сабақтас құқық салаларының құқықтық нормаларындағы өзгерістерге көңіл бөліп, оларды пайдалануға ерекше ден қою қажет.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

  1. Жер құқығы

Жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретіндепайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтықнормалдар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасының құқығының дербес саласы.Жер құқығы Қазақстан Республикасының құқық саласы ретінде өз бастауынКСРО жер құқығының пайда болу сәтінен, яғни 1917 жылдан алады. Жертабиғаттың басты объектісі ретінде өмір сүрудің негізгі қайнар көзі болыптабылады. Жер – кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен,өсімдіктер әлемімен, жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл жәнеорман шаруашылығында өндірістің басты құралы әрі халық шаруашылығыныңбарлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болыптабылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі. Бұл анықтаманың жергеорналастыру мен жерге орналастыру процесі үшін танымдық маңызы зор. Алайда, ол жердің заңды түсінігін ашпайды. 2003 жылғы 20 маусымдағыҚазақстан Республикасының Жер кодексінің 12 бабының 14 тармағына сәйкесжер – бұл қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегіаумақтық кеңстік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.

Бұл қатынастарға назар аудару жер  ресурстарын ұтымды, тиімді және

мақсатты пайдалану және оларды қорғау мақсаттарында жер қатынастарын

құқықтық құралдармен реттеу қажеттігін түсінуге алып келді. Жер құқығы

КСРО-да пайда болды, кейін Қазақстан  Республикасының жер құқығы осы

құқықтың негізінде пайда болды. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған  бірінші

күннен бастап жерді Қазақстан  Республикасның меншігі ретінде  жариялады,

ол халықтың өмірі мен қызметінің негізі ретінде пайдаланылуға тиіс болды.

Жаңа Жер кодексі жер заңнамасының және барлық жер қатынастарының

негізін анықтайтын жаңа құқықтық акт  болып табылады.

Жер құқығының жалпы теориясына сәйкес обьектісі жер болып табылады.

Жер материалдық өндірістің процесіне  және адамның басқа да әлеуметтік

қызметі саласына қатысты бола отырып, өзінің пайдалану мақсаттарына

байланысты әртүрлі функцияларды атқарады.

Жер ауыл және орман шаруашылығында тек жалпы еңбек жағдайы ретінді

ғана емес, сонымен қатар, өндірістің басты, негізгі құралы ретінде де қызмет

етеді. Жердің мұндай қызмет етуінің  басты шарты болып оның құнарлығы

табылады. Әдетте құнарлыққа жердің үстіңгі  қабаты-топырақ ие болады,

мұнда өсімдіктер үшін қажетті дымқылдық  пен қоректі заттар (фосфор, азот,

калий) болады, және де олар өсімдіктердің  өзіне сіңіруі үшін жарамды болуы

тиіс. Жердің құнарлығы белгілі  бір дәрежеде оның құндылығын, пайдалылығынжәне бұл жерден ауыл шаруашылық және орман  өнімдерін алу мүмкіндігінанықтайды. Сонымен қатар, жердегі қоректі  заттардың құрамын арттырған және оны ұтымды пайдаланған жағдайда ол өз сапасын жоғалтпайды.

Жердің басқа да табиғи ресурстармен, әсіресе, су ресурстарымен, жер

қойнауымен, өсімдіктер әлемімен, соның  ішінде, орманмен байланысының мәні ерекше. Олар үшін де жер орналасқан орны және өмір сүру жағдайы болыптабылады. Осылардың барлығы жер қатынастарын құқықтық реттеудің

мазмұнына әсер етеді.Жермен байланысты қызметтерді жүзеге асыратын қатынастарды, яғни,экологиялық қатынастарды; әлеуметтік қатынастарды – адамның тіршілік етукөзі және қажетті жағдайы ретінде; саяси қатынастары-мемлекеттің аумақтықүстемдік ету шегі ретінде; экономикалық қатынастарды – шаруашылыққызметтің объектісі ретінде; мемлекеттік органдардың жерді қорғау менреттеу тиісті сәйкес экологиялық, конституциялық, азаматтық, әкімшілік жәнежер құқығымен реттеледі.

Сонымен, жер құқығының пәні болып жерге меншік құқығын орнықтыруға,

жерді басқаруға, пайдалануға, және қорғауға байланысты пайда болатын, жер

туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін қатынастар табылады.

Ресей әдебиеттеріндегі көзқарастарға сүйенсек жер құқығы дегеніміз – бұл

кешенді құқық саласы, себебі, жер қатынастары бірнеше құқық салаларының

нормаларымен реттеледі, ал «Экологиялық құқық» оқулығында жер құқығы

экологялық құқықтың саласы деп көрсетілген, бұл көзқарасқа сәйкес

экологиялық құқықтың пәні болып шартты түрде үш бөлікке бөлуге болатын

қоғамдық қатынастар табылады, олар табиғат қорғаушы құқық, табиғи

ресурстық құқық және әкімшілік, азаматтық, қылмыстық құқықтың нормалары.

Бұл көзқарастармен келісу қиын, себебі, аталған оқулықтардың авторлары

жер құқығының нормаларына басқа құқық салаларының нормаларын да

жатқызады, бұны олар жер құқығының жоғарыдағы құқық салаларымен тығызбайланыстығымен негіздейді. Жер құқығы Қазақстан Республикасының құқықжүйесінің бөлігі ретінде басқа құқық салаларымен тығыз байланыста екенідаусыз. Бұл байланыс жер туралы заңнамада белгілі бір жер қатынастарынреттеу нормасы болмаған жағдайда, оларды басқа құқық салаларыныңзаңнамаларымен реттеу мүмкіндігі туған жағдайда туындайды. Нақты үлгіретінде жер туралы заңнама нормаларын бұзғандығы үшін жауаптылыққаәкімшілік құқықтың нормалары бойынша тартуды атауға болады.

 

2. Әдіс дегеніміз

Пәнді құрайтын қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер ету

құралы. Жер құқығында құқықтық реттеу әдісі ретінде Қазақстан

Республикасының жер заңдарының мақсаттарымен міндеттерін ескере отырып,реттелетін қоғамдық қатынастарға мемлекеттің құқықтық әсер етуініңэкологиялық, императивтік және диспозитивтік тәсілдері.

Жер құқығы басқа да құқық салалары сияқты өзіне тән құқықтық реттеу

әдістеріне ие, олар реттелетін қатынастардан және оларға құқықтық

нормаларды сақтамаған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын

қолданудан туындайды. Жер қатынастарына қатысушыларға белгілі бір

әрекеттерді жасауға берілген мүмкіндіктері немесе белгілі бір әрекеттерді

жасауға тыйым салу түріндегі аталған құқықтарымен міндеттері өз мән

бойынша оларпдың жүріс-тұрысының үлгісі болып табылады.

Жер қатынастарын мемлекетік басқару функцияларын (кадастр, мониторинг

жүргізу) жүзеге асыру үшін жер қатынастарын реттеудің императивтік әдісі

қолданылады.

Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін

диспозитивтік әдістері қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер

пайдаланушыға жер учаскелерін пайдаланумен байланысты шаруашылық

мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.

Жерге табиғи объект ретінде экологиялық әдіс қолданылады, ол құқықтық

реттеу пәнінің, яғни жер учаскесінің табиғи қасиеттерін есепке алуды білдіреді.

Жер учаскесінің құқықтық режимін орнықтыру кезінде сумен қамтамасыз

етудің табиғи жағдайлары оның табиғи құнарлығы ескеріледі.

Жер қатынастарын реттеуде экологиялық әдісті императивтік әдістер және

диспозитивтік әдістермен бірге де, дербес өзін бөлек те қолдануға болады.

Экологиялық әдісті қолданудың нақты үлгісі ретінде «Ерекше қорғалатын

табиғи аумақтар туралы» заңды алуға болады. Бұл заң субъектілерге құқықтар

беру және оларға міндеттер жүктеу кезінде осы қорғалатын аумақтардағы

табиғи жағдайларды ескереді. Табиғи жағдайларды есепке

алмай тұрып мұндай аумақтардағы жер құқығы субъектілерінің құқықтық

режимін, әсіресе, олардың құқықтарымен міндеттерін анықтау мүмкін емес.

Сондықтан да, экологиялық әдіс императивтік және диспозитивтік әдістерді

қолдану барысында міндетті түрде пайдаланылады. Бұл әдіс құқықтың тыйымсалушы нормалары анықталған жағдайларда қолданылуы мүмкін.

Жер құқығы әдістерінің түрлері:

1. Диспозитивтік – ол өзі келесілерге бөлінеді: * ұсынушы,

*санкциялаушы, *құқық беруші.

2. Императивтік – ол өзі келесілерге бөлінеді:

*құқықтық қатынастар субъектілерінің  құқықтарымен міндеттерін

орнықтырушы,

*тыйым салушы (шекараларды, жер құқығы қатынастары

қатысушыларының тиісті жүріс

тұрысын анықтау);

*экологиялық әдіс;

Құқықтық реттеудің ұсынушы  әдісі – бұл жер құқығы қатынастары

субъектілеріне баламалы жүріс-тұрыс мүмкіндіктерін беру, бұл кезде

субъектіге өз мақсаттарына жету үшін жүріс-тұрыс тәсілін таңдауға мүмкіндікберіледі.

Санкциялаушы әдіс- жер құқығы қатынастарының субъектісіне өзінің жерге

қатысты әрекеттерін уәкілетті  мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асыруқұқығын беруден көрініс табады. М: өзіндік қосалқы шаруашылық, жекетұрғын үй құрылысын, бау-бақша және саяжай құрылысын жүргізу үшін жекеменшікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шектік мөлшері жергілікті

жағдайлармен ерекшеліктерге қарай, облыстық, республикалық маңызы бар

қалалар және Астана әкімдерімен атқарушы және өкілдік органдарының

бірлескен шешімдерімен анықталады.

Құқықтық реттеудің құқық беруші әдісі – жер құқығы қатынастарының

субъектілеріне белгілі бір жағдайлар бойынша құқықтармен бостандықтар

беруден көрініс табады. М: Қазақстан Республикасының Жер коденксінің 64

бабына сәйкес жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушы өз

шаруашылығының қажеттіктері үшін ешқандай мәміле жасаспай сол жер

учаскесіндегі құмды, балшықты, тастарды және басқа да кең таралған пайдалықазбаларды, торфты, өсімдіктерді, жер үсті және жер асты суларын пайдалануғажәне жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қолдануға құқылы.

Экологиялық әдістердің түрлері: * жер құқықтық

* жер экологиялық

Жер құқықтық әдісі ретіндегі жер қатынастарын реттеу Қазақстан

Республикасы жер кодексінің 64 бабында қарастырылған, м: аталған баптың

тармағы жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға жерді осы

учаскенің нысанасынан туындайтын мақсатта пайдаланып, сол жерде дербес

Информация о работе Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі