Тәжірибеліқ сабақтың жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 08:31, лабораторная работа

Описание работы

1. Тоталитаризм және оның әр түрлігі.Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады.

Файлы: 1 файл

Саясаттану - 2.docx

— 92.18 Кб (Скачать файл)

 

Тәжірибелік сабақ №11. Саяси процесс және саяси қызмет

1 Саяси процесс

1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі;

2) түпкілікті нақты нәтижеге  жеткен белгілі бір көлемдегі  процесс. Мысалы, қайсыбір партия  не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың  өткізілуі, т.с.с.

Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтіксубъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда әртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:

Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;

 Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.

2. Саяси процестің жіктелуі

Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіие карай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып болінеді. Сырткы саяси процесс жөнінде кейін арнайы юлады. Ал ішкі саяси процесс азаматтардын саяси белсенділігінін институцияланған түрлерінен, олардын іс-әрекетінен ,билік кұрылымының ұйымдасуынан және т. б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жүмылдырудын амал-әррекеттерін  баскару түрлерін айкындайды. Саяси үйымдардын жаңа талаптарға сай жүмысын, күрылымын озгертіп, бейімделе икемделе білуі онын әлеуметтік ортаға етер ыкпалының деңгейін көрсетеді. ■Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демо-кратиялык және антидемократиялык саяси процесс етіп боледі. Дгмократиялык түрінде халык (тікелей немесе окілдері аркылы) билейді. Антидемократиялық процесте билік авторитарлыккөсем, монархтын, бір билеуші партияның, әскери топтын қолында болады.

3 Саяси процеске қатысу түрлері

Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, і жүйеніц шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей катысуы аркылы саяси билікке эсер етеді. Өкілдік органдар аркылы катысканда оз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті баскару қызметіін атқаратын адамдарды сайлайды.

Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі титуционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу аркылы өз көзкарасі білдіреді.

Тәжірибелік сабақ №12. Саяси сана және саяси мәдениет

Саяси сана — қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.

Саяси сананың функциялары:

Саяси сананың функциялары — саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі. Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпы¬адамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл ерекшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық өмірдегі әр түрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың, сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

«Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен, ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель,

кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ғалымдар әрқилы салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған адамдардың бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезінетіндігі, оған санқилы жауап қайтаратындығы неліктен деген сұрақтарға жауап іздеген.

Саяси мәдениет тұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен социологтері елеулі үлес қосса, «саяси мәдениет» деген категорияны ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші ХVIII ғасырдағы неміс ағар¬тушысы, философ Иоганн Гердер болды.

Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара қа¬тынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқау¬лар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың топтардың, таптардың, ұлт¬тардың өзін-өзі мәдени білуі, осы жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның белсенді саяси өмірге дайындық дәрежесін де білдіреді.

Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады.

Жалпы қоғамның және жеке адамның саяси мәдениетінің дамып, жетілуін еңбекші халықтың білімін көтерумен тығыз байланыстырған абзал. Білімді арттыруда алдымен сауат¬тылық қажет. Осы орайда В.И. Ленин былай деп жазды: «Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады. Оған әуелі әліппені үйрету керек. Мұнсыз саясат болуы мүмкін емес, мұнсыз саясат емес, тек неше түрлі қауесет, өсек, ертегі, соқыр сенімдер ғана бола алады». (В.И. Ленин, ШТЖ, 44-том, 188-б.)

Сондай-ақ дүниетанымдық белсенділік жеке адамның саяси мәдениеті үшін айқындаушы рөл атқарады. Өйткені мұнда таптық, жалпыхалықтық мүдделер барынша көрініс тауып, соның нәтижесінде жеке адамның қоғамдық, саяси позициясы қалыптасады.

Саяси мәдениет категорияларының құнды қатынастары құрылымындағы келесі деңгей өкімет пен өкімет қатынастары мәселелеріне байланысты.

Әрбір адамның азаматтық міндет¬тері мен құқықтарына деген көзқарасы оның билік институт¬тарындағы іс-әрекеттеріне баға беруі арқылы қалыптасады. Бұл орайда саяси мәдениет құрылымының қалыптасу детер¬минанты ретінде өкіметтің өз мәдени деңгейі көрінеді.

Саяси мәдениеттің атқаратын қызметі. Өмірде саяси мәдениет мынандай қызмет атқарады:

– танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру керектігін қамтиды;

– аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның арқасында олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін;

– саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақ¬тылықты, кемшіліктерге төбестікті, қоғам алдындағы жауап¬кершілікті, ұлттық және әлеуметтік-таптық қатынастарды рет¬теуді қамтамасыз етеді.

– саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар адамдар¬ды қоғамдық-саяси қызметтерге қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті арттырады, белгілі бір тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді;

– қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңгімеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады;

– қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси өмірдің қазына жүйесінен өз мақсат-мүдделеріне сай келетін ең құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды.

Бұл міндеттер елдің жедел алға басуына және қоғамның өзін-өзі билеуіне бағытталған талаптарын ақтайтын саяси қазыналар¬ды қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.

Саяси сананың тағы бір ерекшелігі – мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы болуында жатыр. Айталық, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты, қатынасты алайық. Францияда бірпартиялық – жөнсіз, қисынсыз болып саналады. Сондықтан онда бірпартиялық бола қоюы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде бірпартиялықтың ешқандай сөкеттігі жоқ. Саяси сананың мәдениеті «еркіндік», «теңдік», «әлеумет¬тік қорғау», «автономия», «төзімділік», т.б. сияқты саяси қазы¬налардың қайсысына бірінші орын беріп, артық көруінен де байқалады. Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либерал¬дар деп бөліну де содан келіп шығады.

Саяси мәдениетке тікелей қатысты тағы бір ұғым – ол саяси мінез туралы категория. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық – басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимыл¬дары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді: сай¬лауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен нау¬қандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда бұл термин мемлекеттік институттар шеңберін¬де өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады.

Саяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына кіретін саяси тұлға, саяси талап және қоғамдық пікір, сайлаушылар мінезі, саяси партиялар мен мүдделі топтар, саяси әлеумет¬тендіру, саяси мәдениет бірлестіктегі билікті айқындайтын формуланы қолдануға қажет болады. Аталған мәселелерден байқалғандай, саяси психология мен саяси әлеуметтік мүдде¬лер де саяси мінездің зерттеу саласына жатады. Саяси мінез-құлық ғылыми пән ретінде, жалпылама алғанда, саясатты бихевпоралдық (мінез-құлықтық) зерттеудің синонимі ретінде қолданылады.

Саяси мінез-құлық саясаттанудың пәндік мазмұнын құрай¬ды.

Саяси сана мәдениетінің тағы бір маңызды элементі – саяси тіл. Жалпы тілдің қолданысында да мәдениет болатын¬дығы белгілі. Тіл мәдениетіне тікелей қатысты бұл күндері жиі айтыла басталған мәселе – сөздерді орнымен жұмсамау, мән-мағынасына жете үңілмеу, мақал-мәтел, фразеологизмді өзгертіп қолдану сияқты сәтсіздіктер.

Тағы бір мәселе, шаршы топ алдында ауызша сөйлеу жайы. Бұл күндері теледидар мен радиодан немесе жиын-жиналыс мінбелерінде, қысқасы, шаршы топ алдында ойымызды еркін, жатық, әсерлі етіп айтып беру дағдымыз мәз емес. Көбіміз топ алдында мүдір¬мей, жинақы түрде әсем сөйлей алмаймыз. Енді-енді жандана бастаған бұл істе тілге деген жауапкершілік пен ықылас болса, орысша сөйлеп келген адам қазақша да сөйлеп, тыңдаушысын сүйсіндірер еді.

Өйткені қазақ тілі – өте бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Пушкин, Лермонтов шығармала¬рын ХIХ ғасырда-ақ көп елдерден бұрын аударуға жараған тіл… Біз Маркс, Ленин еңбектерін көп елдерден бұрын аудар¬дық. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілді таза ұстаған жөн. Оның үстіне, тіл – саясат құралы емес, таным құралы. Талайлардың қателігі осында, таным құралын саяси қаруға айналдыруда жатыр. Тіл еш¬уақытта саясаттың нысанасына айналдыруға болмайтын киелі, қасиетті ұлттық ұғымдардың қатарына жатады. Ол саясаттан да жоғары тұруы тиіс.

Сондықтан тілді орынды пайдалану үшін, әрине едәуір қам-қарекет істеу керек. Ең алдымен мектепке балалар білімінің тек теориялық негіздерін жаттап өспей, сол білімді іске асыратын болып тәрбиеленуі керек болса, соның бір жолы – оқушының ойын дұрыс айтып бере білуге үйрету. Ол үшін мектеп бағдарламаларына «Тіл мәдениеті», «Шешен сөйлеу үрдісі» сияқты пәндерді енгізу керек деп санаймыз.

Информация о работе Тәжірибеліқ сабақтың жоспары