Тәжірибеліқ сабақтың жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 08:31, лабораторная работа

Описание работы

1. Тоталитаризм және оның әр түрлігі.Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады.

Файлы: 1 файл

Саясаттану - 2.docx

— 92.18 Кб (Скачать файл)

Тәжірибеліқ сабақтың жоспары

Тәжірибелік сабақ №9. Саяси режимдер

1. Тоталитаризм және оның әр түрлігі.Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады. Халық дін ретінде бір идеологияға сенеді, бағынады. Барлық іс-әрекеттер алдын ала жоспарланған, жоғарыдан түсетін бұйрық арқылы жүзеге асырылады, жекелікке, даралыққа жол берілмейді. Мемлекеттің идеясына қарсы шыққандарды «халық жауы» деп құртады. Оппозицияны болдырмайды.Тоталитаризмнің үш түрі ХХ ғасырда болған. Ол Италиядағы Муссолини кезіндегі фашизм, Германиядағы Гитлер кезіндегі национал-социализм және Кеңес Одағындағы Сталин негізін салған коммунизм. Бұл мемлекеттегі идеологияның күштілігінен осы елдер өз уақытында ірі мемлекеттерге айналды. Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен (лат. totalis-жалпы, жаппай, барлығын қамтитын), яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Саяси өмірде тоталдық идеясы ежелден белгілі. Адамдардың тіршілік әрекеттерін жаппай қадағалау мен оны толықтай реттеудің қажеттілігін ежелгігрек философы Платон  (б.д.д.428-348 жж) ұсынып, талдаған болатын. Ол идеалды мемлекетте адамдардың барлық өмірі қатаң  ережелерге бағынуы керек деп есептеді. Тек мемлекет қана жеке мүдделерді ортақ мүдделерге бағындырып, заңдарды қолдану арқылы қоғамда тәртіп орнатуға міндетті.Қытай императоры Цинь Ши-Хуанди (б.д.д. 259-210 жж) Фацзы (легистер) мектебінің идеяларына сүйене отырып, билікті орталықтандыру мен бірпікірлілікті қалыптастыру арқылы тоталитарлық идеяларды жүзеге асыруға талпынды. Ол ұлы қытай ойшылы Конфуцийдің еңбектерін еркін ойлаудың уағыздаушысы ретінде отқа жақты. Дегенмен тоталитаризм ХХ ғ. жемісі болып саналады. Ғасырдың саяси процесіне өзіндік қолтаңбаларын қалдырған ірі тоталитарлық мемлекеттер осы ХХ ғ. пайда болды.

2.Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.

Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңақұндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді. Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т.б.), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі.Дәстүрлер - авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оның тоталитаризммен ортақ белгілері де бар: мемлекеттік биліктің мирасқорлық жайы заңдастырылмайды; азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары шектеледі; оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың біразына немесе барлығына тыйым салынады; мемлекеттік органдарға сайлану шектеледі және парламентті екінші дәрежелі, арзан қол органға айналдырады; басқарушы партия мемлекеттік органмен ұласып, тұтасып кетеді;жергілікті өзін-өзі басқару және билік органдарының өкілеттілігі шектеулі әрі іс-әрекеті ресми түрде болады; оппозициялық бағыттағы баспасөзге қатаң тыйым салынады; қарсыластарымен күресте лаңкестік әдісті пайдаланады. Басқаруда мемлекеттік билікті қатаң орталықтандырып, әміршіл әдісті қолданады. Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі.

3. Демократия көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге дәуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған.Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген  және ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.Сонымен қатар, демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады:

Билік көзі халықта;

Сөз бостандығы;

Сайлаудың ашық жүргізілуі;

Азаматтардың тең құқықты болуы;

Азшылықтың көпшілікке бағынуы;

Демократиядағы ең негізгі фундамент ретінде сайлауды айтуға болады. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз жүргізілсе және оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі.Демокатияның негізгі тұжырымдамалары: плюралистік (М.Вебер, Г. Ласки  және басқалары); ұжымдық (К. Маркс) және либералистік (Дж. Локк, Ш. Монтескье)

 

Тәжірибелік сабақ №10. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару (модернизация)

1)Қоғам әркашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі. Соған  орай саяси жүйелер де өзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады. Саяси өшу деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.

Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бейтарап ұғым, ол тек даму процесін, өзгерісті ғана бейнелейді.

Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдык-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады. Мысалы, бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамның дәстүрлік әлеуметтік және саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды. Соның нәтижесінде қазіргі кезде әлемнің барлықаймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы түгелімен түлеп, жаңарып шықты. Біз бұдан былай әңгіме еткенде қоғамның осындай түбегейлі өзгерісін айтамыз.

Әлеуметтану біздің заманымыздағы қоғам дамуын дәстүрлік және қазіргі етіп екі түрге беледі. Дәстүрлік дегенде әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды айтады. Оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз. Негізінен, аграрлық шаруашылықпен айналысады. Өндірісте қазба байлықтарын өндіріп, оларды алғашқы өндеуден өткізеді. Әлеуметтік құрылымында отбасылық, рулық, тайпалық байланыстар қатты дамыған. Халықтың көпшілігі сауатсыз немесе шала сауатты, жол қатынасының, сауда-саттықтың дәстүрлі түрі кең тараған.

Бұл қоғамның саяси жүйесі де ескіше. Қандық, діни, әдет-ғұрыпқа негізделген рулық, тайпалық билік түрі басым. Саяси институттар қызметтерінің ара жігі онша ажыратылмаған. Олар діни, мәдени, билік құрылымдарымен жымдасып жатады. Онда жеке адамның саяси мақсат-мүддесі онша дамымаған. Адам өзін ру, тайпамен біртұтас санады, олардың мүддесінөз мүддесіндей көрді. Орталық билік болса да оған жөнді мән берілмеді. Бұл қоғам ата-бабадан қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді басшылыққа алып, соларға сүйенгендіктен өте баяу, сылбыр дамыды.

Қазіргі қоғам индустриалды, жоғары индустриалды (постиндустриалды) қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, акыл-парасатқа, баяндылыққа негізделеді. Бүгінгі адам өзінің іс-әрекетінде алдына саналы мақсат қойып, соған жетер жолды, әдіс-тәсілдерді таңдап, табанды түрде оларды іске асыруға тырысады. Бұрынғы дәстүрлік қоғамда адамның әлеуметтік, саяси іс-қимылына заңдық, идеологиялық, діни шектеулер қойылатын. Қазір ондай жоқ. Бұрынғы адамдардың іс-қимылдарын олардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты бағалайтын. Қазір өркениетті елдерде қызметтің, жұмыстың нақтылы нәтижесіне қарай бағаланады.

Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модернизация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.

Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрлі қыры бар.  

Құрылымдық бейімделу. Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды. Оған индустриализанияландыру, қазіргі нарықтық капитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы, жұмыс бастылықкұрылымның түбегейлі өзгеруі, білікті мамандар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесініңкөбеюі, қоғамның әлеуметтік жіктелу құрылымының өзгеруі және т.б. жатады. Осындай күрделі қоғамдық өзгерістердің нәтижесінде Батыстың дамыған елдерінде халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір денгейі бұрынғыдан анағұрлым жақсарды. Оларда қазір жұмысы барлардың жалақылары жоғары, адамдарды шектен шыққан кедейлікке жібермейді, өндіріс орындары, тұрмыс-жағдайлары толық жабдықталған, халықтың тұтыну деңгейі жоғары. Сапалы білім, дәрігерлік көмек алуға мүмкіншілік молайды және т.т.

Азаматтық. Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдықөзгерістерге ұшырайды. Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі — азаматтылық, азаматтыққұқықтар. Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған. Мұндай тәжірибе бұрын да тарихта кездескен. Мысалы, афинылық демократия кезінде Ежелгі Гректерде, содан кейін Ертедегі Римде кездеседі. Бірақ бұл елдердегі азаматтық, біріншіден, тарихи мөлшерде ұзаққа созылған жоқ. Екіншіден, ол халықтың бәрін қамтыған жоқ. Азамат болып тек сол жерде бұрыннан тұрған, сол жерде туған ерікті азаматтар саналатын, басқалар (құлдар, басқа жерден кешіп келгендер) бұл есепке кірмеді. Бірақ олардың тәжірибесі бос кеткен жоқ. Әсіресе, азаматтық құқықтар, оның ішінде мемлекеттік билікке қатысу тендігі, заң алдындағы теңдік, әлеуметтік мәртебенің жалпы негізі мен мүмкіншіліктер тендігі және т. б. Бұл құқықтар адам өмірінде ең маңызды, шешуші рөл атқарады. Кейін келе азаматтық құқықтар одан әрі дамытылған, саяси құқықтар пайда болған.  

Саяси қатынасу. Жоғарыда көрсетілген азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады. Солардың ішінде ең маңыздыларының бірі — сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы. Көпшілік саяси партиялар қалыптасады. Олар халықтың саяси өмірге қатынасуына көмектесіп, тәртіптеп, іс-қимылына бағыт-бағдар береді. Саяси ұйымдар жұмыста қазыналықнегіз болатын саяси идеология сомдалып, шындалады. Қазіргідей саяси қызметтергеқатынасатын мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесі құрылады.

Қазіргі адам. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адамқалыптасады. Ол бұрынғыдай қандық бірлікке негізделген ру-ру, тайпа-тайпаның шенберінде ғана іс-әрекет етпейді. Мемлекеттік, ұлттық көлемде солардың мүшесі ретінде міндеттерді атқарып, өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады. Бүгінгі танда ұйымдар мен мекемелерде қызмет атқару үшін құжаттарда көрсетілген талаптарға сай істеу керек. Бұрынғыдай әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, діни қағидаларды басшылыққа алмайды, өмірдің өркениетті талабына сай, іскерлік көрсетіп, білімді қорытындылар жасап, іс істеуге тура келеді.

Бұл мәселемен көптен айналысатын американың белгілі зерттеушісі А. Инкельс қазіргі адамды сипаттай келіп, мынадай ерекшеліктерін атайды:

а) қазіргі адам жаңа өмір тәжірибесінің барлық саласына ашық. Ол қандай жаңа идеялар болсын қабылдауға, қарсы алуға іштей дайын. Дүниені, айналадағы ортаны танып біле алады және соған орай іс-әрекетте жасай алады;

ә) қазіргі адам айналасындағы өзгерістерге байланысты үрейленіп қорықпайды, психологиялық жайсыздыққа онша бас ұрмайды. Жалпы қоғам түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатқанда сол әлеумеітік, мәдени жағдайда өмір сүруге дайын;

б) қазіргі адам қандай мәселе болмасын оған әр түрлі қарауға болатынын, соншалықтыпікір тууы мүмкіндігін біледі;

в) қазіргі адам қоғамдық өмірді түсініп, ұғынғанда өткенге, бұрынғыға бағдар ұстамайды, қазіргі мен болашақты ойлайды;

г) қазіргі адам индустриалды технологияның қисының біледі, белгілі бір мағлұматы бар. Мысалы, өндіріс мекемелері қалай қызмет ететіні, тұрмысқа қажет техникалық құралдардың жұмыс істеуінің және т.с.с. негізгі принциптерін біледі.

Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар  
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты (типі) бар. Біріншісі — өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу. Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, "қуалай дамушы" мемлекеттер ретінде қарайды.  
Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзкарастар бар. Солардың ішінде бұрыннан келе жатқан және кең тарағанының бірі — бейімделудің сызықтық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік денгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі. Оларда соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Сонын нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолынбұлжытпайқайталайдыдейді. Осы ғасырдың 50 жылдарында қазіргі мемлекеттің болашақ үлгісі ретінде Американың "еркін" қоғамын айтатын. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өмірдің барлық саласында Батыс бастауларына еліктеу, солардың істегенін қайталау сияқты көрінді. Мысалы, саяси салада парламенттік жүйе және партиялық институттарды орнату, билікті тармақтау, оның заң шығарушы және атқару органдарын, көппартиялық жүйені жаңғырту. Бұл мағынада бейімделу – осы жолға түскен елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының алғашқы шарты. Себебі, дамудың өзі қоғам өмірін неғұрлым батыс үлгісінің негізгі ерекшеліктерін, белгілерін тезірек ұйымдастырған сайын жеделдей түсетін.  
Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; ә) Батысқа бейімделу "үшінші елдердің" табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; б) бұл елдер дамыған Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынасының, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылданған.  
"Қуалай дамуды" жүзеге асырудың басты амал-әдісі – Батыс мемлекеттерінің көмегінің арқасы деп есептеледі. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, жан басына шаққанда белгілі бір деңгейге жету Батыстағы әлеуметтік және экономикалық қоғамның жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа жағдайға бейімделудің шешуші жайты – ақша. Ол әлеуметтік технологияларды, қазыналарды, демократиялық институттарды таратуға көмектеседі. Сол арқылы тұтыну деңгейін көтеруге, адам құқықтарын бұрмалауды тоқтатуға, мәдениеттің құлдырауын жеңуге болады деп ұйғарды.  
Бірақ жаңа жағдайға етудің "сызықтық қозғалыс" теориясы Африка, Азия, Латын Америкасы елдерінің Батыстың билікті ұйымдастыру, мемлекет пен азамат қатынастарының үлгі-өнегесі ойлаған жерден шыккан жоқ. Нақтылы өмірде демократиялану, либералдық құндылықтардың институционалдануы, парламент жүйесін орнату және басқа Батыстың билік түрлерін орнату үлгілері мемлекетті басқаруда тиімділік әкелмеді. Керісінше, олар шенеуніктердің сатылғыштығы мен жемқорлығына, бюрократияның қызмет бабын пайдаланып, баю жолын кездеген зорлық-зомбылық, бассыздығына әкелді. Қоғамда әсіресе байлар мен шектен шыққан кедейлердің саны көбейді, наразылықтар, шиеленіс, кикілжіндер өрістеді. Ғалымдардың көбі оны дамып келе жатқан елдердің мұндай өзгеріске дайын еместігінен деп түсіндірді. Бірақ бұл теориялық үлгінің біржақтылығында еді.  
60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді. Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысында бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болады. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байла- нысты болады.  
1. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институңионалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.  
2. Әр түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлері, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.  
3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктері. Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік-мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.  
Сондықтан 70-80 жылдары жаңа жағдайға бейімделу мен келешектегі дамудың арасындағы байланысқа қатысты көзқарас қайта қаралды. Бейімделуді дамудың шарты ретінде емес, қызметі ретінде қарайтын болды. Бұл саладағы басым бағытқа, мақсатқа әлеуметтік, экономикалық, саяси құрылымдардың өзгеруі жатқызылды. Онда Батыстың үлгісін қайталаудың қажет еместігі мойындалды. Бұрын дәстүрлік институттар мен құндылықтарды өркениетті жолға түсудің кедергісі деп қараса, енді әмбебап өлшемдер, құндылықтар, мақсатгар сақталса болды, ұлттық түрде бейімделудің өзі дұрыс деуге шықты.  
Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде қарайтын болды. Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. "Қуалай дамумен" қатар "жарым-жартылай", "тығырыққа тірейтін" бейімделушіліктер жөнінде де айтыла бастады.  
Бұл мәселені зерттеушілер өтпелі процесс пен өзгерістерді сипаттайтын басты элемент деп әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді айтады. Атап айтқанда, мұның бәрі тұлғаның тұрпатына, саяси дамудың әмбебап ережелері мен мақсатын қабылдап, түсіндіретін, ұғындыратын ұлттық мінез-құлыққа байланысты. Қазіргі демократиялық өмірге кешу үшін халықтың қазына тұтатын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылады.  
Кейінгі кезде демократиялануды экономикалық өсудің қажетті шарты ретінде қарау дұрыстыққа жатпайды деп жүр. Бұл жолда ең алдымен саяси тұрақтылықка үлкен мән берілуде, Онсыз айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге жету қиын.

Информация о работе Тәжірибеліқ сабақтың жоспары