Казақстанның төлем жүйесі
Лекция, 31 Января 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Қазақстанның егемендігін жариялау, нарықтық қатынастарға көшу елдің экономикасын, оның ішінде қаржы жүйесін құрылымдық реформалауға себепші болды. Бұл ретте сенімділігімен және жоғары тиімділігімен ерекшеленетін түбегейлі жаңа төлем жүйесін құрудың маңызды мәні болды. Қазақстан Республикасының төлем жүйесі реформасының негізгі мақсаттары банктер және олардың клиенттері арасындағы төлемдердің өтуін жеделдету (90-шы жылдардың басында бір төлемнің өту мерзімі 3-12 күнді құрады), сондай-ақ әртүрлі төлем құралдарын (тапсырмаларды, чектерді, төлем талаптарын) айналысқа неғұрлым кеңінен ендіру болып табылды.
Файлы: 1 файл
төлем заңы.docx
— 31.08 Кб (Скачать файл)Мәселен, «Ресей Федерациясының Орталық
Банкі туралы» Федералдық заңға
сәйкес төлем жүйесінің тиімді және
үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ету Ресей Банкі қызметі
Беларусь Республикасының
Монетарлық және қаржы кодексіне сәйкес Франция Банкі Орталық банктердің еуропалық жүйесінің төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеті шеңберінде төлем жүйелерінің үздіксіз жұмысын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Англияның Қаржы министрлігі, Банкі және қаржылық қызметтер басқармасы арасындағы уағдаластық туралы меморандумда (1997) Англия Банкінің қаржы жүйесінің инфрақұрылымын қоса алғанда, жалпы қаржы жүйесінің және атап айтқанда, төлем жүйесінің жалпы тұрақтылығы үшін жауап беретіндігі көзделген. 2005 жылғы қаңтардан бастап жыл сайын Англия Банкі Төлем жүйелерінің оверсайты жөніндегі есепті жариялайды, онда Банктің осы саладағы жұмысы сипатталады.
Қазақстан Республикасында төлем
жүйелерінің жұмыс істеуіне және
дамуына қадағалау рөлін
Көрсетілген міндетті іске асыру шеңберінде Қазақстанның Ұлттық Банкіне белгілі бір функциялар жүктелген («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы). Қазақстанның Ұлттық Банкі ақша төлемдері мен аударымдарының жекелеген мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді бекітеді; банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарды ашу және жүргізу тәртібін, аударым, банкаралық клиринг операцияларын жүргізу, төлем карточкаларын шығару тәртібін айқындайды, Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асырудың тәртiбiн, жүйесiн және нысанын айқындайды, ақша төлемдері мен аударымдары мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді ұсынудың тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді.
Почта байланысы ұйымдарының ақша
аударымдарын жүзеге асырумен байланысты
қатынастардан басқа Қазақстан
Республикасында ақша төлемдері
мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде
туындайтын қатынастарды реттейтін
«Ақша төлемдері мен
Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей,
қазіргі кезде Қазақстан
Бұдан басқа Ұлттық Банк барлық банктер
және банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін
Қазақстан Республикасының
Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiн қадағалауды (оверсайт) ұйымдастыру, банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлеу Ұлттық Банктің негізгі функцияларының бірі болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi төлем жүйелерiн қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы):
- төлем жүйелерiне қадағалау (оверсайт) жүргiзу тәртiбiн белгiлеуге;
- төлем жүйелерiн ұйымдастырудың және олардың жұмыс iстеуiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
- төлем жүйелерiнiң мониторингiн жүзеге асыруға;
- төлем жүйелерiнiң ұйымдастырылуын және олардың жұмыс iстеуiн тексеруге;
- ақша төлемдерi мен аударымдары, төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мәселелерi бойынша төлем жүйелерiнiң қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
- төлем жүйелерi қатысушыларының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы.
Ұлттық Банктің Төлем жүйелері
департаментінің төлем
БААЖ, Банкаралық клиринг жүйесі, банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесі, төлем құралдары, төлем карточкаларының нарығы және халықаралық ақша аудару жүйелері төлем жүйелерін қадағалау объектілері болып табылады.
Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсаты – бұл ҚБЕО төлем жүйелерінің және өзге де қадағалау объектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Төлем жүйелерін қадағалаудың (оверсайттың) негізгі міндеттері:
- төлем жүйелерінің тұрақтылығы және қауіпсіздігі мақсатында олардың мониторингі, талдау және жұмыс істеуін бағалау, төлем жүйелерін одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
Төлем жүйелері мониторингі – төлем
жүйелерін пайдаланушылардың төлемдер
мен ақша аударуды жүзеге асырған
кезде туындайтын тәуекелдерді басқару,
барынша төмендету және болжау мақсатында
жүргізілетін БААЖ және банкаралық клиринг
жүйесінің мониторингі. Ұлттық Банкте
мониторинг жүргізу үшін бағдарламалық
қамтамасыз ету орнатылған, оны нақты
уақыт режимінде пайдалана
Төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне талдау жасау және бағалау төлем жүйелерін пайдаланушылардың, төлем жүйелері операторларының ақпараты негізінде жүзеге асырылады. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне талдау жасау кезінде БААЖ және банкаралық клиринг жүйесінің жұмысына, төлем жүйелеріндегі төлемдер мақсаты бірыңғай жіктеушісінің кодтары бойынша төлемдер ағынына және тағы басқаларына баға беріліп, талдау жасалады.
- төлем жүйелерінде туындайтын тәуекелдерді басқару және барынша азайту;
Төлем жүйелерінің тиімді және қауіпсіз
жұмыс істеуін қамтамасыз ету
мақсатында Ұлттық Банк төлем жүйелерінде
туындайтын тәуекелдерге талдау жасайды,
тәуекелдерді басқару және барынша
азайту әдістерін пайдаланады. Төлем
жүйелерінде туындайтын кредиттік,
өтімділік және жүйелік тәуекелдерді
барынша азайту мақсатында Ұлттық Банктің
Төлем жүйелері департаменті ақша айналымдылығының
коэффициентін және БААЖ-дағы өтімділік
коэффициентін есептейді, жүйенің
операциялық күнінің аяғында
өтімділіктің жеткіліксіздігінен төлем
құжаттарының орындалмауына талдау
жасайды. Операциялық, техникалық тәуекелдерді
және алаяқтық тәуекелін басқару
және барынша азайту мақсатында Төлем
жүйелері департаментінің қызметкерлері
төлем жүйелерінің
- Банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ашылған корреспонденттік шоттар (бұлдан әрі – банктер арасындағы корреспонденттік шоттар) арқылы төлемдердің сенімді жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмыс істеуіне талдау;
- төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың қолданылып жүрген тәсілдерін жетілдіру және жаңа тәсілдерін енгізу мақсатында төлем құралдарының пайдаланылуына талдау;
- Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қолайлы, қауіпсіз және уақтылы жүргізуін қамтамасыз ету, төлем карточкаларының жаңа түрлерін және оларды пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді дамыту мақсатында төлем карточкалары нарығының дамуына талдау;
- халықаралық ақша аударымдары жүйелерінің пайдалануына талдау;
- қоғамның төлем жүйелеріне және ақша төлемі мен аударымы саласындағы өзге де қадағалау объектілеріне деген сеніміне қолдау көрсету.
Бұдан басқа төлемдер жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаменті банктердің және басқа пайдаланушылардың төлем жүйелеріндегі жұмыстары жүзеге асырылатын жұмыс орындары (орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің) қауіпсіздігінің Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ҚБЕО-ның төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулық талаптарына сәйкестігін тексереді.
Қазақстандағы әрбір төлем жүйесі жұмыс істеуінің өз ерекшелігі бар және нарықтың белгілі бір бөлігіне бағдарланған. Елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ-да төлемдері есептеу нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, яғни әрбір төлем құжаты жүйеге келіп түскеннен кейін дереу бірнеше секунд ішінде есептеледі. Жүйе мереке және демалыс күндерін қоспағанда аптаның барлық күнінде жұмыс істейді.
БААЖ-ныңоперациялық күні сағат 9:00 басталады. Ұлттық Банк операциялық күн басталар алдында пайдаланушылардың төлем тапсырмалары негізінде олардың Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттарынан Ұлттық Банктегі БААЖ-ның арнайы шотына ақша аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте пайдаланушымен жасалған шарт бойынша ақша аударымдары тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырыла алады, бұл тапсырма пайдаланушы оның күшін жою туралы жазбаша нұсқау бергенге дейін қолданылады. Әрбір пайдаланушы бойынша аударылған ақша сомасы туралы ақпаратты Ұлттық Банк ҚБЕО-ға жібереді. ҚБЕО осы ақпараттың негізінде БААЖ-ның шотынан сомаларды ҚБЕО-дағы пайдаланушылар позициясында көрсетеді және осы сәттен бастап операциялық күн басталады.
БААЖ операциялық күн ішінде
нақты уақыт режимінде
БААЖ мынадай схема бойынша жұмыс істейді. Кепілгер Банк (А Банкі) БААЖ-ға ақша аудару туралы хабарлама (электрондық төлем тапсырмасы түрінде) жібереді. БААЖ хабарламада көрсетілген ақша сомасының ҚБЕО-дағы пайдаланушының позициясы бойынша ақша сомасының жеткіліктілігін тексереді. Жүйе пайдаланушының позициясында ақша сомасы жеткілікті болған кезде ақшаны аударады және Кепілгер Банк (Банк А) оның шотын дебеттеу туралы және Бенефициар Банкті (Б Банкі) оның шотын кредиттеу туралы хабардар етеді.
Төлемді жүзеге асыру үшін ақша жеткіліксіз
болған жағдайда төлем құжаты кезекке
қойылады. Кезекте тұрған төлем құжаттары
басымдық кодтарына сәйкес өңделеді.
Басымдық кодтары шегінде төлем
құжаттарын орындау олардың кезекке
келіп түсу тәртібімен FIFO қағидаты
бойынша (кіріске бірінші, шығысқа
бірінші) жүзеге асырылады. Жүйенің
пайдаланушылары төлем