Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі
Курсовая работа, 28 Октября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор.
Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез — келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.
Содержание работы
КІРІСПЕ………3
I Тарау. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі.
1.1. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты……4-5
1.2. Есеп айырысу шоты операцияларының есебі………………….6-10
ІІ Тарау. Касса операцияларының есебі……..11-14
2.1. Банктегі арнайы шоттардағы ақшалар есебі……….15-20
2.2. Төлем карточкаларының есебі…………20-23
2.3. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі…….24-26
ҚОРЫТЫНДЫ……..27-28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..29-30
Файлы: 1 файл
арман КУРСАВОЙ.docx
— 47.11 Кб (Скачать файл)Тікелей әдіс ақша қаражаттардың келіп түсуі мен төлемдердің негізгі түрлерін ашып қарастыруды және олар қызметтің қай түріне жататынын анықтауды күздейді. Бұл әдіс бойынша қаржы шаруашылық қызметі нәтижесі туралы есеп берудің әр бір бабына түзету жасалынады. Мысалы, өнімді сатудан түскен түсімнен материалдарды сатып алу бойынша төлем ақыларын, тасымалдау шығындарын, материалды сатып алуға алынған несие үшін пайыздарды төлемін, бюджетке төлемдер сомасын азайтып тастайды.
Тікелей әдісті қолданған кезде операционды қызмет нәтижесінде ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығысы өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен түсімнен, алынған аванстан, проценттен, дивидендтен, роялти және басқа да табыстардан; жабдықтаушы мен мердігерлер алдындағы қарызды үтеуден, берілген аванстардан, еңбек ақы, бюджеттік мекемелерге және бюджеттен тыс қорларға төлемдерінен тұрады.
Жанама әдіс — бұл тәсілді қолданған кезде таза табыс немесе зиян ағымдағы активтер мен міндеттемелер, қаржылық емес операциялар, сонымен қатар алдыңғы есеп беру мерзімімен салыстырғандағы табыстар мен шығыстар өзгерісіне түзетіледі.
Тәсіл баланстағы және қаржы — шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша есеп берудегі ақпаратқа негізделіп қолданылады. Бұнда қаржы -шаруашылық қызмет нәтижесі бойынша есеп берудегі әр бір бап түзетілмейді, есепті мерзімде алдыңғы есеп беру мерзімімен салыстырғандағы үзгерістер сомасына тек таза табыс (зиян) қана түзетіледі.
Түзетуді жүргізу операциялары.
Негізгі құралдар мен материалды емес активтерге тозуды есептеу.
Есептелген амортизация сомасы таза табыс (зиян) сомасына қосылады, себебі олар ешқандай шығынға әкелген жоқ
Ағымдағы активтер сомаларының өзгерісі: дебиторлық борыш, қорлар, болашақ кезең шығындары, басқа да ағымдағы активтер және т.б.
Ағымдағы активтердің артуы есепті кезең мерзімінде ақша қаражаттар ағымын төмендетеді де олардың шығысын үлғайтады және керісінше ағымдағы активтердің азайуы ақша қаражаттар ағымын ұлғайтып, олардың келіп түсуін білдіреді
Ағымдағы міндеттемелер (қысқы мерзімді банк несиелерін қоспағанда) кредиторлық қарыз, салық төлемдері және басқа да ағымдағы міндеттемелер сомаларының үзгерісі
Ағымдағы міндеттемелер сомасының үлғайуы ақша қаражаттардың ағымын үлғайтады және олардың түсімін білдіреді; ағымдағы міндеттемелердің азайуы ақша қаражаттар ағымын азайтып, олардың шығысын білдіреді.
Инвестщиялъщ және қаржылъщ цызмет.
Инвестициялық қызмет — ұзақ мерзімді активтерді алу және сату, үтелетін несиелерді беру және алу. Инвестициялық қызметке жататындар:
- материалды емес активтерді, негізгі қүралдарды басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға кеткен ақша қаражаттардың шығысы;
- қаржы инвестициялярын сатып алу; басқа кәсіпорындарға заемдар үсыну; басқа да төлемдер.
Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді активтерді енгізетін бөлімшеде күрсетіледі. Бүған, сонымен қатар қаржылық ивестицияларға әсер ететін опреацияляр да жатады, олар бухгалтерлік баланстың — ағымдағы активтер бөлімшесінде күрсетіледі. Акцияларды, негізгі құралдарды үткізумен байланысты табыстар немесе шығындар күрсетілген жағдайда ғана инвестициялық қызмет ақша қаражаттары қозғалысы туралы есебінде үз орнын табады.
Қаржылық қызмет — нәтижесінде үзіндік капитал мен заемдық қаражаттардың құрамы мен мүлшері үзгерген қызмет.
Оған жататындар:
- акция және басқа да құнды қағаздарды шығарудан түскен ақша қаражаттары, банктік және банктік емес кредиттерді алу, басқа да түсімдер;
- банктік және банктік емес ақша қаражаттардың шығысталуы, үз акционерлерден акцияларды сатып алу, дивидендтерді түлеу, басқа да төлемдер.
Кәсіпорын ақшалай емес инвестициялық және қаржылық операцияларды жүзеге асыру мүмкін. Оларға:
- материалды емес активтерді, негізгі қүралдарды ұзақ мерзімді несие есебінен сатып алу;
- кредиторларға акция мен басқа да құнды қағаздарды беру арқылы кредиторлық қарызды үтеу;
- басқа кәсіпорындардың акциясын оларға эквивалентті дайын өнім мен сатып алынған тауарларға айырбастау арқылы иемдену т.б.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебін жасағанда арнайы үңделген таблицалар қолданылады, оларда келесі ақпарат келтірілген (ақша қаражаттар қозғалысын есептеудің жанама әдісі)
- алдыңғы жыл және есеп беру жылы бойынша баланстар, олар әр бір бап бойынша мәліметтерге салыстыру жүргізіп, әр қайсысы бойынша ауытқуды (+;-) табуға мүмкіндік береді;
- қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша алдыңғы жыл мен есепті жылдың есеп берулері, бүлар табыс пен шығыстың, сонымен қатар есепті жыл соңындағы бүлінбеген пайданың (зиян) барлық баптары бойынша мәліметтерді салыстыруға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді салыстыру арқылы ақша қаражаттардың келіп түсуі немесе шығысын арттыратын не кемітетін сомалар қызметтің қай түріне жататынын (операционды, инвестициялық, қаржылық) анықтауға болады. Бұл мэліметтер үңделген кестеге жалпыланып, есеп беруге сэйкес түзетулер енгізуге мүмкіндік туғызады.
Операционды қызметтің нэтижесіндегі ақша қаражаттардың қозғалысын тікелей әдіспен анықтаған кезде, олардың қозғалысына әсер еткен, тікелей келіп түсуі мен шығысымен байланысты операцияларды айқындайды, яғни ақша қаражаттар есебі бойынша шоттар корреспонденциясындағы операциялар және ақшалай емес операциялар болған жағдайда, олар біріктіріліп есеп беруде бір жолда күрсетіледі. Бұл кезде қызмет түрі бойынша операцияларды алдын — ала бөліп алу қажет (операционды, инвестициялық, қаржылық).