Қазақстанда аудиторлық қызметтің нормативтік-құқықтықтың реттеу- қағида негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 20:01, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есепті реформалау жіне аудитті ұйымдасытрудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық Одақтың (ЕО) және британдық кеңестің белсенді қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісы негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституцция, Азаматтық Кодекс, Бюджет Кодексі, Салық Кодексі, «Банкрот туралы», «Ақша аударымы мен төлемде туралы» заңдардың және қосымша компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республкиасының басқа да нормативтік-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді.

Содержание работы

Кіріспе...............................................................................................................3

Қазақстанда аудиторлық қызметтің нормативтік-құқықтықтың реттеу- қағида негіздері
Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..............................................................................................................4-6
Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары………..........6-10
Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...........................................................................................10-19

Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)....................20-23
Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы....................................................................................................23-24

III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................25-30

Қорытынды....................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................32

Файлы: 1 файл

Альбатырова.doc

— 240.00 Кб (Скачать файл)

Аудиторлардың міндеттері мен құққытары.  Аудитор өз қызметінің негізгі мақсатына қол жеткізу  үшін, қаржылық қорытынды есептің  дұрыс және әділ тапсырылғандығы  жөнінде қорытынды жасау үшін әртүрлі  міндеттері орындайды. Ал ол міндеттерді орындау үшін аудиторға  белгілі бір құқықтар беріледі.

Аудитордың міндеттері. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық  қызмет туралы» заңына сәйкес  аудиторлар клиент құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, оған қаржылық  қорытынды есепте анықталған сәйкессіздіктер  жөнінде хабарлауға, аудит нәтижелерінің құпиялығын сақтауға міндетті.

Аудиторға берілген құқықтар оның өз міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл құқықтар аудитордың тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Аудитор бухгалтерлік және басқа қаржы-шаруашылық құжаттарын алуға құқылы. Халықаралық тәжірибеде аудитор, егер өзіне  қажетті  түсіндірулерді немесе ақпараттарды алмаған болса, онда ол жөнінде  акционерлерді, Директорлар кеңесін хабардар етуге тиісті. Аудитор төменде аталғандарға құқылы:

• ұжымның кез-келген жалпы жиналысын өткізуге қатысты барлық хабарлама қағаздарын алуға;

• барлық жалпы жиналыстарға  қатысуға  және кез-келген жалпы жиналыстарда  өзін аудитор ретінде  толғандыратын кәсіпорын қызметіне қатысты кез-келген мәселе  бойынша сөз сөйлеуге.

өз міндеттерін орындау  үшін аудиторға жиналыста не болып  жатқандығы жөнінде  бірінші қолдан ақпарат алу маңызды. Жиналыста  сөз сөйлеу құқығы (егер ондай құққыа ие болса) оны кәспорын басшылығы үшін тегіс қамтылған аудиторлық қорытынды дайындау міндетінен  босатпайды.

Сондай-ақ, аудитор:

• Клиентінен өзін қызметінен босату немесе орнын ауыстыру жайындағы хабарландыру қағазының көшірмесін алуға, сонымен бірге жазбаша немесе ауызша мәлімдеме жасауға құқылы. (Бұл «жағдайды баяндау» міндетіне қосымша);

• Директорлардан өз жұмысынан бас тартуы  жайында жалпы жиналыс шақыруын және ол жиналысқа өзінің қатыстырылуын талап  етуге, сонымен бірге өзіне  қатысы бар кез-келген жиналыста сөз сөйлеуге құқылы.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, аудиттің маңызы – мүдделі жақтардың  сенімді (дұрыс) ақпараттар алу мүдделерінің сақталуында. Сонымен бірге, дамыған аудиторлық қызмет көрсету рыногы бар елдердің тәжірибесіне қарасақ, екі жақтың арасындағы қарым-қатынас есеп жүргізу, бақылау және қорытынды есеп берудің әртүрлі  мәселелері  бойынша  өзара түсіністікке  әрдайым қол жеткізе бермейді және де тіпті мүдде қақтығысы орын алуға мүмкін.

Әр түрлі мүдделі  жақтардың арасындағы өзара  қарым-қатынастар агенттік теориясының пәні болып табылуы мүмкін. Агенттік  өзара қарым-қатынастар бірінші жақ – тапсырыс беруші-екінші жақты – агентті – өзінің атынан тапсырма орындау үшін жалдайтын жерде орын алады. Мысалы, кәсіпорын қызметкерлері – директорлардың агенттері, ал аудиторлар – акционерлердің агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.

Әрбір тапсырыс беруші агент  жалдағанымен, ол агенттің бірінші  кезекте қорғайтын өз мүддесінің болуы мүмкін. Мысалы, басшының міндеті – компания активтерін  басқаруды жүзеге асыру. Бірақ олар басқаруды өз еңбек ақыларының мөлшерінде  жүзеге асыруға мүдделі. Егер еңбек ақының мөлшері көбейетін болса, онда кәсіпорын активтері  азаяды диреткорлардың еңбек ақысын көбейтуге қатысты шешім қабылдау директорлардың өздеріне байланысты. Сонымен бірге, аудиторлар оларды лауазымдық қызметке қайта сайлау жөніндегі шешім қабылдау директорлардың өздеріне байланысты екендігін біледі. Өзінің міндетті қызметін орындау кезінде аудитор директорлармен жақсы қарым-қатынаста болуды қалайтындықтан, мүдделік келіспеушіліктердің туындау ықтималдығы жоғары болады. Агенттердің жұмысты орындау процесінде тапсырыс берушінің  мүддесін қорғауын қамтамасыз ету бойынша  шараларды қолдану үшін ондай ықтималдық жөнінде тапсырыс берушілердің өздері білуі керек.

Мүдделік келіспеушіліктердің туындау мүмкіндігіне қарамастан, агенттік теориясы, егер кәсіпкер орынды қадам жасайтын болса, онда аудитор тапсырыс берушінің мүддесіне қайшы келетін іс-әрекет жасамайды деп болжайды. Мысалы, акционерлер акцияларды  тек өздерінің мүддесін қорғаушы сақтандыру шаралары қамтамасыз етілген жағдайда ғана сатып алады деп болжанады. Тексерілген қорытынды есепке қойылатын заңды талаптар қажетті алғы шарттардың бір мысалы болып табылады. Одан басқа, басшы аудит өткізу қажеттілігін мойындауға болса, өздерінің қаржыларын салуға асықпайды. Сондықтан басшыға тиісті аудитті өздерінің жеке мүдделеріне жауап беретіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Мысалы, ірі компаниялардың басшылары өздерінің адалдығына бәрінен бұрын акционерлерді  сендіру мақсатымен күрделі және кең көлемді аудитті өткізу үшін едәуір ақша жұмсайды.

Басшы да акционер де бір  тұлғаның өзі болып табылатын  кішігірім кәсіпорындарда аулитті  өткізуге жұмсалатын сома көп болмайды. Әрине, оны заңдылық деп пайымдауға болады, себебі акционерлерде аудит өткізуге деген қажеттілік туындамайды. Бірақ, акционерлерде аудит өткізуге деген қажеттілік туындамайды. Бірақ, бұл қаржылық ақпараттарды басқа да пайдаланушыларды (мысалы қорытынды есептің негізінде несие беруі мүмкін кредиторларды) барлық уақытта қанағаттардыра алмайды. Сондықтан мүдделік келіспеушіліктің екі түрі болуы мүмкін деп пайымдаймыз:

1. Аудитор клиентке кеңес бергені үшін сыйақы алған кезде ;

2. Клиенттердің арасында дау-жанжал бар болған кезде .

Ондай келіспеушлік егер екі клиент тендерге бір ғана контракт бойынша қатынасатын болса немесе бір-бірімен бәсекелестік жағдайында болса туындауы мүмкін. Ондай клиенттермен жұмысты бір клиенттің мүддесі екінші клиенттің  мүддесіне кері әсер етпейтіндей етіп жүргізу  керек (мысалы, құпия ақпараттардың  өтіп кетуі ).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті  нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі

    1. Аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)

 

Заңдар мен нормативтік  актілер қаржылық қорытынды есепке қатысы бойынша едәуір ажыратылады. Кейбір заңдар немесе нормативтік актілер субъектінің қаржылық қорытынды есебінің нысанын немесе мазмұнын, есепке алынуға тиісті ақпараттарды айқындайды. Басқа заңдар немесе нормативтік актілер субъект басшылығы тарапынан сақталуға тиісті, яғни, олар субъектіге өзінің қызметін жүзеге асыруға құқық беретін шарттарды  белгілейді. Субъект қызметінің заңдар мен  нормативтік  актілерге сәйкес келмеуі айыппұл төлеу, сот  процесстері  және тағы сол сияқты қаржылық  зардап шегуге алып келуі мүмкін. /2/.Қазіргі кезде басшылыққа  алынып жүрген заңнамалардың, атап айтқанда Қазақстан Республикасының  «Азаматтық кодексінің», «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің /3/, «Аудиторлық қызмет туралы» заңның, «Лицензиялау туралы» заңның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  /4/ негізінде аудиторлар мен аудиторлық  ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады.

                                    Аудиторлардың жауапкершілігі


 

         

 

Азаматтық-құқықтық                    Әкімшілік                    Қылмыстық

 

Азаматтық-құқықтық  жауапкершілік. Егер клиенттің зиян шегуіне әкеліп соқтырған, квалификациясыз (біліксіз) аудиторлық тексеру  жүргізу орын алса, онда сот шешімінің негізінде  аудиторлық фирмадан төмендегілерден өндіріліп  алынуы мүмкін:

• клиенттің шеккен зияны толық мөлшерде;

• қайта тексеру жүргізуге шығарылған шығыстар.

Алайда, аудиторлық қызметтің  Қазақстандық  тәжірибесінде шетелдерде болып тұратын, клиенттің шеккен зияны мен аудиторлардың іс-әрекеті арасындағы байланысты соттың дәлелдеуі мүмкін болған шулы сот тексерулері орын алған емес.

Аудиторлық ұйым клиенттің  бухгалтерлік қорытынды есебінің барлық маңызды  аспектілері  бойынша  олардың дұрыстығы (сенімділігі) жөнінде  кәсіби  пікірін құрастырғаны және оны білдіргені үшін жауап береді.

Кәсіби пікірін  құрастыру  және оны білдіру кезінде ол қазақстан  Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік құжаттардың  талаптарын және аудиттің  этикалық нормаларын басшылыққа алуға тиісті.

Азаматтық кодексте (9 бап, 4 пункт) «құқығы бұзылған тұлға, егер заң актілерінде немесе келісім-шарттарда  басқа жағдай қарастырылмаған болса, өзінің шеккен зиянының толық қайтарылуын  талап ете алатындығы айтылған» /5,8-б/. Бірақ зиянның өндіріліп алынуы бірінші талаппен орындала салмайды.  Клиент  сотта аудитордың  кінәсін  дәлелдеп беруге тиісті. Ондай жағдай көбінесе аудитордың өз жұмысын лайықты ұқыптылықпен орындау  мүмкіндігінің жоқтығынан немесе келісім-шарттың бұзылуынан орын алады.

Бұл жердегі маңызды  мәселе – талап етілетін кәсіби біліктілік деңгейі және аудитордың тарапынан ұқыптылық болып табылады. Ешкімнің абсолюттік жетілгендікке қол жеткізуі мүмкін емес екендігін, бірақ кез-келген қателік немесе қате түсінік жұмыстың ұқыпсыз орындалуына елеулі әсер етуі мүмкін екендігін, ал аудитор оны жоққа шығаруға тиісті екендігін атап айту керек.  Жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес  тексеру жүргізу аудитордың кінәсіз екендігінің айғағы болуы мүмкін.

Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық кодекстің 229-бабында /6/, сондай-ақ, аудиторды өз қызметінің міндеттеріне қарамастан жеке басы немесе басқа тұлға, не болмаса ұйым үшін пайда табу және артықшылықта болу мақсатымен өзінің өкілеттілігін асыра  пайдаланғаны үшін, сөйтіп басқа тұлағаларға  немесе ұйымдарға зиян келтіргені үшін, егер олардың бұл іс-әрекеті азаматтардың  немесе ұйымдардың заңды мүдделеріне және құқықтарына не болмаса заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне  елеулі зиян келтірген болса, жазалау  шаралары  қарастырылған.

Әкімшілік жауапкершілік. Аудит – қызметтің лицензияланатын  түрі, сондықтан оның «Лицензиялау туралы» заңға сәйкес жауапкершілігі   бар. Аталмыш заңда аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және  әкімшілік жауапкершілік , сонымен бірге лицензиясыз қызметті жүзеге асырудан алынған табысты бюджетке алу түріндегі материалдық жауапкершілік қарастырылған.

Лицензия беруші орган  төмендегі жағдайларда  лицензияның  қызметін тоқтата алады:

• егер мемлекеттік қадағалаушы немесе бақылаушы органдар лицензия алушының лицензиялық талаптар мен шарттарды бұзғандығын анықтаған болса;

• егер лицензия алушы жіберілген қателіктерді  (бұзушылықтарды)жою жөніндегі лицензия берушінің талаптарын орындамаса.

Лицензия алушы лицензиялық алымды белгіленген мерзімнің ішінде төлемеген жағдайда, сондай-ақ, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жадайда  лицензия өзінің заңдық күшін жоғалтады және  жойылған болып есептелінеді.

Қазақстан Республикасының  «аудиторлық қызмет туралы» заңының 13-бабында «лицензия беруші лицензияның қызметін заңға сәйкес тоқтау себебін көрсете отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатуға құқықыты екендігі, сонымен бірге  аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың лицензия  беруден бас тарту, лицензияны қайтарып алу, қызметін тоқтату жөніндегі шешімдерді  бұздыру үшін сотқа шағымдану құқығының бар екендігі» айтылған /7/.

«Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы» кодекстің 137-бабында да /3/ лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз,біліктілік куәлігінсіз кәсіпкерлік қызметпен  айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Егер бұл қызметте қылмыстық-жазалаушы  іс-әрекеттің белгілері болмаса, онда тиісті мөлшерде айыппұл төленеді. Кодекстің 185-186 баптарында ксіпорындардың міндетті аудитті өткізуден жалтарғаны үшін және аудиторға дұрыс емес ақпараттарды бергені үшін төлейтін айыппұлдарының мөлшері көрсетілген.

250 «Қаржылық қорытынды  есеп беру аудиті кезінде заңдарды  және нормативтік  актілерді  қарастыру» деп аталатын  Халықаралық  аудит стандартында қазіргі кезде   басшылыққа  алынып жүрген нормативтік актілерге сәйкессіздікті болдырмау жіне оны  айқындау бойынша өздерінің міндеттерін орындау кезінде субъект басшыларына көмегін тигізуі мүмкін саясат пен процедуралар көрсетілген:

• Құқықтық талаптардың және операциялық процедуралардың осы талаптары қанағаттандыратындай етіп жасалынуын қамтамасыз ету мониторингі;

• Ішкі бақылаудың тиісті жүйесінің құрылуы жне жұмыс істеуі;

• Субъект өзінің нақты саласының шеңберінде сақтауға тиісті маңызды заңдардың регистрін енгізу.

 «Аудиторлық қызмет  туралы» заңның 183-184 баптарында төмендегі себептер үшін аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиядан айырумен бірге аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар төлейтін айыппұлдардың мөлшері анықталған:

• Аудитордың немесе бухгалтерлік есеп ақпараттарымен жұмыс істеуге рұқсаты бар басқа да тұлғалардың тексеру жүргізу кезінде анықталған бухгалтерлік есеп жүргізу немесе қаржылық қорытынды есеп құру бойынша заңдардың және белгіленген талаптардың бұзылу (орындалмау) фактілерін аудит өткізуге  тапсырыс берушілерден жасырғандығы үшін;

• Аудитордың (аудиторлық ұйымның) әдейі күмәнді аудиторлық қорытынды жасағаны үшін (тіркеме 2.1.).

Аудиторлардың азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру.

Аудиторлық тексерудің жоғары деңгейдегі тәуекелдікке ие болуына  байланысты «Аудиторлық қызмет туралы» заңның 18-1 бабында (аудиторлық қызметті сақтандыру) аудитті өткізу кезінде зиян келтірудің салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша міндетті түрде сақтандыру келісім-шарттарының жасалынуы қарастырылған.

Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру ерекшеліктері сақтандыру объектісі, яғни – сақтандырылған аудитордың ерекшеліктері сақтандыру көрсету кезінде жіберген қателіктерінің немесе жаңсақтықтарының нәтижесінде клиентті зардап шектірген зиянның орнын толтыру  бойынша заңмен белгіленген оның міндеттемелерімен байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.

Информация о работе Қазақстанда аудиторлық қызметтің нормативтік-құқықтықтың реттеу- қағида негіздері