Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 06:50, курсовая работа

Описание работы

Еліміздің қай уақытта да болсын қалыпты әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ететін мемлекеттік әртүрлі мекемелер мен мемлекет аппаратты ұстауға халықтың білімін, мәдениетін дамытуға денсаулықтарына кепілдеме беруге тұрғындардың тыныштығын қамтымасыз ету мақсатында қорғаныс күштерді ұстауға қажетті қаражаттың ең басты көзі болып салық табылады. Салық – бұл мемлекеттің дамуының қай сатысында болса да маңызды мәнге ие.
Қазіргі біздің мемлекетіміздің жағдайындағы әрекет етіп отырған салық жүйесінің ішінде тікелей салытармен қатар жанама салықтардың рөлі бар. Жанама салық мемлекеттік бюджетті толтырудың қайнар көзі болып табылады.

Содержание работы

I тарау. Салықтардың экономикалық мазмұны, кажеттілігі, қызметтері
және ұйымдастыру принциптері
. Салықтардың экономикалық мазмұны, қажеттілігі, қызметтері және
ұйымдастыру принциптері
. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және қалыптасу мен даму
сатылары

II тарау. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің ұйымдық – экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысы
2.1. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің даму тарихы және ұйымдық сипаттамасы
2.2. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бюджеттік түсімдеріне қаржылық талдау

III тарау. Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары
3.1. Қосылған құнға салық салуды ұйымдастыру және есептеп, төлеу механизмі
Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары
Қорытынды және ұсыныстар ............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………

Файлы: 1 файл

Диплом Асхата Кадим.doc

— 371.50 Кб (Скачать файл)

2. Кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу режимiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңделген өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау осы баптың 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар:

1) қайта өңдеу режимi  экспорт режимiне өзгертiлетiн  жүктің кедендiк декларациясы;

2) тауарларды кеден  аумағынан тыс жерде қайта  өңдеу режимінде ресiмделген жүктің  кедендiк декларациясы;

3) тауарларды шет мемлекет  аумағына әкелу кезiнде кеден аумағында қайта өңдеу (тауарларды кеден бақылауымен қайта өңдеу) режимiнде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған жүктің кедендiк декларациясының көшiрмесi;

4) жүктің кедендік  декларациясының көшірмесіне сәйкес  шет мемлекеттің аумағында тауарларды кедендік бақылаудағы қайта өңдеу режимін шет мемлекеттің аумағында еркін айналыс үшін тауарларды шығару режиміне немесе экспорт режиміне өзгерту енгізілетін сол декларацияның көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулерді іске асыру жөніндегі айналымға:

1) Қазақстан Республикасының  аумағынан экспортталатын және  Қазақстан Республикасының аумағына  импортталатын тауарларды, оның  ішінде почтаны тасымалдауға;

2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;

3) халықаралық қатынаста  жолаушылар мен багаж тасымалдауға  нөлдік ставкамен салық салынады.

2. Егер тасымалдауды  ресімдеу бірыңғай халықаралық  тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын  тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік режимінде ресімделген жүктің кедендік декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.

Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан  Республикасының шегінен тыс  жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауы басталатын жер халықаралық тасымалдау басталған жер деп танылады.

Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының  аумағына жолаушыларды, импортталатын  тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) көлік ұйымының көлігімен тасымалдау жүзеге асырылатын тасымал халықаралық тасымалдауға жатады.

3. Осы баптың мақсаттары  үшін:

1) жүктерді тасымалдау  кезінде:

халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;

халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты;

әуе көлігінде – жүкқұжаты;

магистралдық құбыр  жүйесі бойынша:

есеп-қисап кезеңі ішінде әрбір магистралдық құбыр бойынша  тауарлардың транзиттік көлеміне арналған жүктің кедендік декларациясы;

орындалған жұмыстардың  актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру  актілері;

шот-фактуралар;

2) жолаушылар мен багажды  тасымалдау кезінде:

автомобиль көлігімен:

тұрақты тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;

тұрақты емес тасымалдау кезінде – жолаушылардың тізімі;

теміржол көлігімен:

Қазақстан Республикасында  сатылған жол жүру, тасымалдау және почта құжаттарын сату туралы есеп;

халықаралық қатынаста  Қазақстан Республикасында сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу  ведомосы;

теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдау үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость және жол жүру мен тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;

әуе көлігімен:

бас декларация;

жолаушы манифесі;

карго-манифест;

лоджит (орталық-тиеу кестесі);

жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті мен багаж квитанциясы) бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттары болып табылады.

 Нөлдік ставка бойынша  қосылған құн салығы Қазақстан  Республикасының аумағында жер  қойнауын пайдалануға арналған  келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісімшарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға салынады.

Егер, жер қойнауын пайдалануға  арналған келісімшартта қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, нөлдік ставка бойынша осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға салық салынады.

Осы баптың мақсатында қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген және өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес келетін шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.

Осы бапта аталған  салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан  Республикасының Үкіметі бекітеді.

Салық төлеушілерге:

1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісімшартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарлар беру шарты;

2) салық төлеушілерге  тауарлардың тиеп жөнелтілгенін  растайтын тауардың ілеспе құжаттарының  көшірмелері;

3) салық төлеушілердің  тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады.

 

 

    1. Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары                                                                                                

Салық – бұл мемлекет экономикасын реттейтін күрделі  механизм, қуаттық ресурстық фактор. Бюджетті толтыру, қоғамда табысты  неғұрлым тепе-тең бөлу қызметін салық  механизмі атқарады. Қазақстанның салық  жүйесі тек қана бюджетті толтыруды  қамтамасыз етіп қана қоймай салық елдің экономикалық потенциялының өсуіне және әлеуметтік қатынастарды тұрақтандыруға ықпал ету керек.

Кез-келген салық жүйесіндегі  жанама салықтың түрінің мөлшерден  тыс ауыртпалығы елдің экономикасының төмендеуінің себебі. Қазақстандағы жанама салықтың ерекшелігі – ол құнсыздың және регрессивті сипатта болады. Олар тауар немесе қызмет бағасына қосылған бола отырып, бағаны жоғарлатады, соған байланысты сұраныс төмендейді. Өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтерді сатып алу мұқтаждығына байланысты бағаның құрамына кіретін жасырын салықты төлейді. Ол төлеушілердің мүліктік жағдайын есепке алмайды. Қосылған құн салығы, табыс салығымен қатар мемлекеттің бюджетке түсімнің маңызды көзі болып табылады. Дегенмен, жанама салықтың рөлін арттыру өндірістің дамуын, экономикасын құлдыратуға әкеледі. Салық ауыртпалығын төмендету деңгейі мен формасы кәсіпорындардың бюджетке төлемдері мен іс-әрекеттеріне оң ықпалын тигізеді.

Жоғарғы салық салық  төлеушілердің мойындарындағы қанағаттандыра алмайтын ауыртпалығы екендігі түсінікті. Әңгіме жанама салықтың процентінде емес, шын мәнінде шаруашылық субъектілерге салық салу техникасы қысым келтіреді. Яғни нарықтық экономикаға өту кезіндегі мәселелер, айқын емес, шырмаланған заңдылық бухгалтерлік есеп пен салық салу ұстамдарының келіспеушілігі, салық төлеушілерден гөрі оны жинаушылардың құқықтарының, мүмкіндіктерінің басымдылығы.

Қазақстан бір адамның  орташа табысы деңгейінен соңғы санатта  болғанымен, салық салу үлесі бойынша  жоғары дамыған елдерге жақындайды – ішкі ұлттық өнімнің 30%-нен жоғары.

Қоғамның жақсы жағдайын және қалыпты өмірін қамтамасыздығына ықпалын тигізетін мемлекеттік  реттеу жүйесіндегі берден бір маңызды  инструмент – бұл елдің экономикасына  мемлекеттің жанама әдісі ретінде  салық ауыртпалығын жеңілдету.

Салықты төмендету идеясы өте жағымды жайт, яғни салық төмендесе, азаматтар мен шаруашылық субъектілерінің  меншігіне негұрлым көп бос ақша қаражаттары қалады, ол өндірісті  дамытуға жұмсалады. Бұл кезде бюджеттің  табысының азаятындығын естен шығырмау керек. Әрекет етіп отырған салық ставкасы мен тәртібі арқылы экономикалық күйзелісті жою мүмкін емес. Өлі нүктеден істі қозғау үшін, максималды түрде салық ауыртпалығын төмендету керек, әсіресе өндіріс сферасында, әлде салық ставкасын төмендету керек.

Қосылған құн салығына келетін болсақ, ол регрессиондық салық болып табылады және салық төлеушілердің мойнындағы ауыртпалық, әсіресе табысы төмен тұлғаларға. Басқаша айтқанда қосылған құн салық тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Қосылған құн салығының жоғарғы ставкасын қолдану жағдайында тұтынушылардың сатып алу мүмкіншілігі төмендеп, өндірушілердің сату нарығы тарылады. Тәжірибе, әрекет етіп отырған қосылған құн салығы механизмі таза фискалдық бағытта болуын және өндіріс сферасында кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуына кері әсерін көрсетеді.

Сонымен, ҚҚС өндірістік – бөлу циклының шегінде жасалынатын  әрбәр тауар айырбастау актісі кезінде  тұтынуға алынатын көп сатылы салық  болып саналады.

Осы орайда  айта кететін  маңызды жәйт, заң жүзінде ҚҚС-н  төлеушілер ретінде осы салық бойынша есепке тұрған тұлғалар көрініс тапқанымен, оның нақты төлеушілері тауарларды ең соңғы болып сатып алатын, жұмыстар мен қызметтерді қабылдайтын заңды немесе жеке тұлғалар – тұтынушылар (сатып алушылар) болып табылады. ҚҚС бойынша салық ауыртпашылығының салмағы тұтынушыларға (ең соңында сатып алушыларға ) түседі және солардың мойнына жүктеледі. Осыған байлагысты экономист ғалымдар бұл салықты тұтынушыларға салынатын салық деп атайды. ҚҚС-ның экономикалық-құқықтық табиғаты мынадай өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады:

    1. Бұл салық өтпелі экономика аясында дамып жатқан м<span class="dash041e_0431_044

Информация о работе Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары