Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің инновациялық қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Нарық-әлдебір өнім не қызметті тұтынушы шынайы не потенциалды тұтынушылардың қосындысы. Тауар-ақшалы айналым элементі ретінде ол өндіруші мен сатушы арасын байланыстырады. Басқаша айтқанда банк өз тауарларын айналымға түсіру үшін ғана жасайды. Егер ол өнім сата алмаса, өндіруге кеткен шығынды өтеп, пайда ала алмайды да банкроттыққа ұшырайды. Күнделікті әрекет процесіде банк, делдалдар мен тұтынушылар қызығушылықтары бір-бірімен астасып жатады. Басқаша айтқанда, өнімдер мен қызметтер нарығы – тауарлы-ақшалы айналымның әлеуметтік-экономикалық көрінісі. Ол айналымға енгізіліп, көрсетуге арналған банк өнімдері жиынтығы ретінде берілген.

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің және банктік жүйенің даму тарихы.............................................................................................................6
1.2 Қазақстан Республикасының банктің қызметтер нарығына талдау........................................................................................................................9
1.3 Банктік қызмет нарығындағы мәселелер және оны шешу жолдары..................................................................................................................12

2.БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
2.1 Жаңа банктік өнімдер...........................................................................16
2.2 Қазақстандағы электрондық банктік қызметті дамыту.....................20

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................

Файлы: 1 файл

макенов.docx

— 68.36 Кб (Скачать файл)

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды салық органдары да қолдайды. Электрондық ақша – технология мен экономиканың түйісуінен пайда болған соңғы жаңартулардың бірі. Бірақ олар – төлем карточкалары емес және оның бір түрі емес. Электрондық ақша Интернеттің сансыз көп пайдаланушылары арасында ол бойынша тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде жылдам әрі қауіпсіз есеп айырысулары үшін қызмет етеді. Олар мұнда да электрондық коммерция нарығының жаңа бөліктерін дамытуға зор мүмкіндік ашады. Оларды енгізу елдегі Интернет-коммерцияны әрмен қарай танымал етуге және дамытуға жағдай жасайды: отандық қаржы институттары теңгелік электрондық ақшаны шығаруға мүмкіндік алады, ал Интернет-пайдаланушылар оларды заңдық негіздерде пайдаланды. Соның арқасында Интернет арқылы төлем жеңіл әрі қолайлы бола түседі. Үйде Интернетке қосылған компьютер алдында отырып-ақ клавиатураны бір-екі басып сатып алынған тауарға ақы төлей бересіз. Мысалы, ақылы ақпаратты немесе қызметтердің басқа түрін санаулы секөнттер ішінде алуға қол жеткізесіз. Электрон­дық ақша көмегімен Интернет-дүкеннің сайтында on-line сервистер қызметтері үшін есеп айырысып қана қоймай, үшінші жеке тұлғалардың пайдасына нақты уақыт режімінде тез аударымдар және басқа көптеген операцияларды жасау мүмкіндігі пайда болады. Қазақстандық нарық осындай жаңалықтарды әлдеқашан қажетсініп отыр. 181

2010 ж. 1 шілдедегі жағдай  бойынша төлем карточкалары туралы  жағдай

Айналыстағы төлам карточкаларының саны 276 млн.

Төлем карточкаларын ұстаушылардың саны 2,63 млн.

қазақстандық эмитенттердiң төлем карточкаларын пайдалану

арқылы жүргізiлген транзакцияларының көлемi

380,6 млрд.теңге

Банкоматтар саны 1432

Сауда терминалдарының саны 5152

Импринтирлер саны 1414

Бүгінгі таңда Республикада орта есеппен 5 адамға бiр төлем карточкасынан келедi. 2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша айналыста 276 млн. төлем карточкасы бар, ал төлем карточкаларын ұстаушылар саны 2,63 млн. адамды құрады. 2010 жылдың бiрiншi жарты жылдығында қазақстандық эмитенттердiң төлем карточкаларын пайдалану арқылы

жүргізiлген транзакцияларының көлемi 380,6 млрд. теңгенi құрады.[4] Сондай-ақ, қызмет көрсетiлетін төлем карточкалары желiсiнiң одан әрi кеңеюi байқалып отыр. 2010 жылғы Қазақстанда ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын 2387 сауда кәсіпорны жұмыс iстейді. Бұл ретте, 2010 жылғы банкоматтар саны 1432 бiрлiктi, сауда терминалдарының саны 5152 бiрлiкті ал импринтерлер саны 1414 бiрлiктi құрады. «Төлемдер және ақша аударымы туралы» заңға сәйкес төлем карточкасы оны ұстаушы арқылы төлемді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қолма-қол ақшаны алу үшін оның эмитенті белгілеген жағдайларда өзге де операцияларды жасау үшін қолданылады. [5]

Екінші деңгейлі банктердің инновациялық қызметтерінің дамыту жолдары: Біздің жоғарыда екінші деңгейлі банктер қызметіне жасалған талдауымның соңында, енді алдағы уақытта дәл осы банктердің алған бағытынан таймауы үшін жүргізілетін шараларға тоқтала кетсек.

Бірінші кезекті банктердің стратегиясын қарастырсақ.

1. Кең таралған филиалдар  желісін, танымал атауы мен имиджін  пайдалана отырып, банктер өзінің еншілес компанияларымен бірге қаржылық топқа айналуға және жеке тұлғалармен жұмыс істейтін жетекші ірі банк ретінде айқындалуға тиіс.

2. Корпоративтік клиенттерге  қызмет көрсету тұрғысынан алғанда  корпоративтік және инвестициялық банкингтегі айқындамаларды нығайту қажет.

3. Қаржы секторындағы  өтімділіктің артуы және жоғары  класс пен орта класс өкілдері әл-ауқатының өсуі бізде активтерді басқару қызметіне сұраныс туғызады (asset management және private banking). Бұл ретте серпіліс жасап, неғұрлым алға дамуға, еншілес зейнетақы қорының жетекшілік рөлін барынша пайдалануға ұмтылған жөн болады. Активтерді басқару арқылы қаржылық топ ұсынып отырған қолда бар қызметтер спектрін толықтыруға болады, бұл сондай-ақ жеке адам өмірін сақтандыру компаниясын құруға мүмкіндік береді. Аталған компанияның табысты қызмет істеуін қамтамасыз ету үшін активтерді басқаруға дағдылану, машықтану қажет.

 

 

2.2 Қазақстандағы электрондық банктік қызметті дамыту

 

Ақпараттық технологияның дамуымен байланысты банк бизнесі қарыштап дамуда. Қазіргі ақпараттық технология жаңа қаржы өнімдерін жасап шығару мен жаһандық қаржы рыногының алғышырттары болатын шешуші фактор болып отыр. Көрсеткіштерді цифрлық форма технологиясын көшіру қаржы дүниесінде қаржы дүниесінде революциямен бірдей болып отыр.

Ақшаны дүниежүзінің кез-келген нүктесіне аудару қабілеті рыноктың көлемін анықтайды. Жаһандану жағына келгенде қазіргі  күні қаржы саласы ғана экономиканың басқа салаларынан әлдеқайда қозып тұр.

Қаржылық жаһанданудың ең маңызды факторлары рынокқа қатысушыларға әсер етеді. Атап айтсақ, олар: банктер, қаржы компаниялары, биржалар, мемлекеттер, орталық банктер, қарыз алушылар, инвесторлар. Сонымен бірге осы топқа ақпараттық технология жасаушылар мен оған қызмет көрсетушілер кіреді.

Қаржылық ортаға ақпараттық техниканың әсері ерекше. Жаһанданудың секъюритизация, стандарттау, ақша тасқыны сияқты қосымша факторлары да бар екенін естен шығармау керек.

Скоринг-жүйе банкке нендей қызмет көрсетеді дегенде, ол:

- кредит алу үшін жазылған  арыздарды жылдамдап реттейді;

- банк персоналының қысқаруына  әсер етеді;

 төменгі квалификациялы  персоналды пайдалану арқылы  үнемдей алады;

- ақпараттық жүйеге сүйене  отырып, арыздарды қарастырудың  әрбір мерзімін бақылай алады.

Аталған жүйенің артықшылықтары осымен бітпейді. Жүйеге жиналған көрсеткіштер мына мақсатта қолданылуы мүмкін:

- клиенттердің түрлерін  зерттеу мен клссификациялауда;

- әртүрлі өнімдерді пайдаланғанда  клиенттердің қайсысын көбірек  пайдаланатынын анықтау;

- кредитік портфельді  және бизнестің сапасын бақылау (әр түрлі бағыттар мен региондар  бойынша);

- клиенттердің әртүрлі  өнімге пікірлерін анықтай білу.

Белгілі бір деңгейге статистика тұрғысынан жеткеннен соң скоринг жүйе мұнан да күрделі мәселелерді  шешетін қабілеті бар. Мысалы: пайдасы жағынан оптималды арыздарды таңдай білуде.

Скорингтің тағы бір түрі  - кредит қайтармаған клиенттердің іс-қимылдарының стратегиясын зерттеу. Бұл жұмыс та автоматты түрде жүргізілетін болады. Мұнда клиенттің кім, не екеніне байланысты оның операцияларын анықтап, банкпен қарым-қатынасын айқындайды. Қазір көптеген қазақстандық банктер кредитті карточкалар нарығына шығуға тырысуда (скоринг жүйесін қажет етпейтін овердрафт мүмкіндіктері бар вип-карточкалармен шатастырмаңыз). Біздің елімізде банктердің төлем карталарына қатысты іс-әрекеттері толық еркіндікте. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, клиенттердің банк өнімдеріне сұраныстарын қамтамасыз ету, олардың қаржы нарығындағы бәсеке қабілеттілігін жоғарылату, жеке

Тұлғаларға қызмет көрсету жүйесін жаңарту қажеттігі жөнінде мәселелер ғылыми ортаның көптен бері көңіл бөліп келе жатқан тақырыптарының бірі. Соның ішінде, жеке тұлғаларға төлем карталарымен банктік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру күн тәртібінде тұрған маңызды зерттеу бағыты. Осы карточкалар нарығында қалыптасқан жағдай жөнінде мәліметтер төменде берілген.

Пластикалық карталар нарығының құрылымы

ТМД  елдері пластикалық карталарды пайдаланып қолма-қолсыз төлемдер жүйесін дамытуда түрлі ерекшеліктерді басшылыққа алады. Осы мемлекеттерде меншікті карталық бағдарламаларды дамытуға себепші болған фактор – 1992 жылы қолма-қол ақша тапшылығы еді. Соның салдарынан аймақтық және локальдық карточкалар бағдарламалары әзірленді.

Мұндағы мақсат  – біріншіден, қолма-қол ақшаны қолма-қолсыз ақшамен алмастыру,

екіншіден, тауарды қолма-қол ақшаға айырбастап, басқа елдерге шығаруға шектеу жасау. Бұл үрдістерде банктер карталық бағдарламаларды оның имиджі ретінде қызмет ету аясын кеңейтуге және болашақта пайда әкелетін жаңа бағыт деп қарастырды. Электронды есептеулер жүйесін қызметтендіру механизмі пластикалық карточкалардың қолданылуына негізделген және өзіне банкоматтар арқылы жүзеге асырылатын операцияларды, тұрғындардың сауда орталықтарындағы есептеулерінің электронды жүйесін т.б. кіргізеді.

Несиелік және төлем пластикалық карточкаларының негізгі салыстырмалы қасиеттері

Көрсеткіштер Несиелік карточкалар Төлем карточкалары

Клиент шоты  Ссудалық шот Ағымдағы шот

Несиелендіру лимиті

Клиенттің несиеге қабілет-тілігіне байланысты пайдаланылады.

Клиенттің несиеге қабілеттілігіне байланыс-ты пайдаланылады.

Төлем Артқа қалдырылуы мүмкін  Әп сәтте жүзеге асырылады.

Жылдық төлем Жылдық төлем немесе комиссиялық төлем несие карточкасын пайдаланғаны-на байланысты алынып отырады. Жылдық төлем алынады

Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка  – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Төлем карточкасы оның эмитентімен анықталған төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюта айырбастау т.б. операциялар үшін оның ұстаушысымен қолданылады.

Несиелік карточка  – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісім-шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка. 

Пластикалық карточка  – карточкалардың мағынасы бойынша, көрсететін қызметіне байланысты түрін білдіретін жалпы термин. Барлық пластикалық карталардың олардың қызмет көрсету деңгейіне байланыссыз негізгі ерекшеліктері оларда түрлі қолданбалы бағдарламаларда қолданылатын белгілі бір ақпараттар жиынтығының сақталатындығында. Ақша айналымы саласында пластикалық карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың прогрессивті құралы болып табылады.

Электронды ақшалай есеп айырысулар жүйесін түрлендіру процесінде Батыста ISO (International Standarts of Organization) ұйымы құрылды, ол пластикалық карточкалардың сыртқы пішіндеріне стандарттарды, шоттардың нөмірлеу ретін, магнитті сызықтың форматын енгізді. ISO мүшелері VISA, Master Card, American Express ірі карточка эмитенттері болып табылады.

Карточкаларды пайдалану ерекшеліктері мынадай:

- бір жағынан тәуекелдің төмендеуі (өзіңмен бірге көп ақша ұстаудың керегі жоқ), ал

бір жағынан саудаға сол сәтте төлеу мүмкіндігі;

- валютаны айырбастау  туралы қам жемеуге болады. Бұны  банк істейді;

- карточканы жоғалтқан  жағдайда банкке тек қана хабарлау  жеткілікті, барлық есеп айырысуларды  жауып тастайды;

- бүкіл әлем бойынша  банкоматтар жүйесінің Сіз үшін  тәулігіне 24 сағат, еш демалыссыз  қызмет көрсетуі;

- жалақыңызды төлем карточкасы  арқылы сізге ыңғайлы уақытта  алу;

- Internet жүйесі арқылы сауда  жасау т.б.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «VISA», «Altyn», «Maestro» және т.б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады. Республикамыздағы төлем жүйесінің қызметі уақыт талабына сай банктер мен қаржы нарығына қатысушылардың сұранысын қамтамасыз етуге, ақша-несие саясатын тиімді іске асыруға, мемлекеттік бюджеттің атқарылуына септігін тигізеді. Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйелері қаржы ұйымдары дамыған елдер қоятын барлық талаптарға сай келеді. Осы ретте төлем жүйелерінде пайдаланылатын нормативтік база мен технологиялар үнемі

жетілдіріліп отыратынын айта кету керек.

2-кесте

Төлем құралдары мен транзакция саны

 

Төлем құралдары жылдар: өзгерісі

2010 2011 2012 2012 жыл 2010 

жылға %-бен

Төлем тапсырмалары 30,5 30,9 35,2 115

Төлем талап-тапсырмалары 0,1 0,1 0,2 2,0

Инкассалық өкімдер 0,3 0,3 0,5 166

Төлем карточкалары 49,8 66,8 86,7 174

Басқа да құралдар 4,3 7,9 9,5 221

Барлығы 85,0 106,0 132,1 155Төлем жүйесіндегі операциялар оның құралдарын қолдану көмегімен жүзеге асырылатыны белгілі, соның ішінде, төлем, талап тапсырмалары, инкассалық өкімдер, карточкалар. Оны 1-ші кестедегі, ресми мәліметтермен келтірілген, соңғы үш жылдағы төлем құралдарын пайдалану динамикасынан көруге болады. (Төлем карточкалары рөлінің маңызды екендігін дәлелдейтін деректер көп, айталық, 2011 жылы екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» АҚ төлем құралдарын пайдалана отырып, 88050,0 млрд. теңге (718,5 млрд долл.) 132,1 млн. транзакция жүргізген).

Кесте мәліметтеріне сәйкес төлем құралдарының ішінде төлем карточкаларымен жасалатын операциялардың қолданылуы және олардың саны жылдан жылға жоғарылап келе жатқанын байқауға болады. Төлем карточкаларымен жасалатын транзакциялардың санының өсу қарқыны 2010 жылы 29,7%-ды, ал жалпы төлем құралдарының өсу қарқыны 24,6% құрады. Банктік пластикалық карточкаларға қойылатын талаптарға келетін болсақ, олар Стандартизация бойынша халықаралық ұйыммен (ISO-International Standarts of Organization) бекітіледі. Бүгінгі таңда бұл стандарттар төмендегідей:

Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің инновациялық қызметтері