Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:44, курсовая работа

Описание работы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі , оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.

Содержание работы

Ақшаның шығу тегі, мәні және айналымы
Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
Ақшаның металдық және номиналдық теориясы
Ақша айналысының сипаттамасы, айналым заңы
Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесіне талдау
Ақша массасы және ақша агрегаттарын талдау
Несие жүйесінің операцияларына талдау
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері
Ақша-несие саясатының даму жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Ақша-несие саясатының ерекшіліктері (2).doc

— 209.50 Кб (Скачать файл)

Көптеген нарықтық институттар  ішінде республиканың банктік жүйесі өзінің дамуында айтарлықтай қысқа  кезеңде қалыптасуының теріс  салдарын көп жағынан жеңе білді, экономика секторының қайта құрылуы бойынша жетекші болды, олардың өлшемі қолайлы инвестициялық ахуалдың және инвестицияның елге құйылысының кепілдемесі болып отыр. Ақшалай-несиелік реттеудің құралдары нарықтық экономиканы дамытудың макроэкономикалық тұрақтануында, оның салалары мен нарықтық инфрақұрылымның жұмыс істеуі арқылы дәстүрлі және баламалы қаржылық құралдары пайдалана келіп, ішкі жинақтау тетіктерін жандандыру мүмкін болды.

Банктік қызмет сферасы  өте жаңа компьютерлік технологиялардың, ғылыми талдамалардың көмегімен несиелік және есептеу операцияларының көлемін ұлғайтты. Олар мыналар: лизинг, факторинг, пластикалық карта жүйесімен қолма-қолсыз есептеулер, экспорт-импорт бойынша құжатсыз операциялар,әр түрлі салым операциялары, әлемдік қаржылық рыноктарға өзінің құнды қағаз эмисиялары, кастодиальды қызмет көрсету. Өтпелі экономиканың жағдайында банк бәсекелестігін дамыту банктердің қосымша ресурстарын тартудағымен өзара байланысты және олардың көлемін сол банктардың қаржылық орнықтылығы дәрежесімен экономиканың нақтылы секторында қайта инвестициялауды күшейтеді.Әрбір банктің бір-бірлерінің қызмет нәтижелерін жоққа шығарарлықтай қарама-қайшылықтарының үйлесуі өткір проблемаға айналды: операцияларадың табыстылығы көтерілді және ол бойынша тәуекел төмендеді. Табыс табуға құнығып, жоғары тәуелдікке мән беруді ескермеген банктер сөз жоқ банкроттарға ұшырайды, лицензияларынан айрылып немесе басқа банктермен қосылу арқылы сауығу кезеңінен өтеді, оңдайлар өздерінің қаржылық менеджментін нығайту жөнінде твиннинг жүйесі арқылы шетелдік банктердің тәжірибелеріне үңілді. 2003 ж. 1 наурызына 56 банк таратылу процесіне ілікті. [12;9]

Қазақстан Ұлттық банкі  мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган  болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қаблеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясаты  – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

             Ұлттық банк Ақша-несие саясаты саласында ақша-несие саясатының дүниежүзілік стандарттарға, атап Ақша-несие саясаты алдағы 3 жыл ішінде 2004 жылы инфляцияны төмендету,ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі инфляциялық шектеуге жоспарланған көшуге Қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықта бағалық бәсекесін қолдау үшін вексельдік айналымды дамыту үшін бірінші сыныпты вексельдер эмитенттерінің Ұлттық банктің алтын-валюталық резервтері тауарлармен қызметтердің импортының ақша агрегаттарының жылдық өсуі экономикалық өсудің жоғары қарқынының ұлттық банктің статистикалық бюллетеннің мәліметтері бойынша  2004 жылы Үкімет тарапынан мемлекеттік жұмыскерлермен бюджеттік мекемелерде ақша-несие статистикасының және бухгалтерлік есептің жұмыстары жетілдендіріледі. Валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласында валюта режимін валюталық заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында, 2004 жылы ол болжаммен 2005 жылы басталып және 2007 жылы 
Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласында, оларды 
микропроцессорлық технологиялар негізінде Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйелерін ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді.Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес қаржы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы және оны қадағалау рәсімдерінің тетіктерін жетілдіру 2004 жылдан бастап халықтан депозит қабылдау құқықтар жеке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен Банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар 
Ипотекалық несиелеу жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын Халықаралық депозиттерді сақтандыру қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып жеке атап айтқанда, сақтандыру депозиттерінің сараланған мөлшерлемелерін айқындау мақсатында жақын жылдарда сақтандыру қызметті мемлекеттік реттеу мен қадағалау экологиялық сақтандыру мен төтенше сипаттағы басқа да тәуекелдерді ұжымдық инвестициялау нысандары арқылы халықтың жинақтарын тарту тетіктерін 
қаржы құралдар аясын кеңейту үшін қазақстандық акциялар мен 
бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ұлттық бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымын дамыту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдағы жылдарда Еуропа Азия бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының белгіленген экономикалық және әлеуметтік саясатты іске асыру 2007 экономиканың өсуінің оңды серпіні еңбекақыны өсіру мен халықтың 2007-2009 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізі. [13;11]

      Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының  жағдайына байланысты ақша-несие  саясатының екі типі болады:

  1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
  2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие  саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесенің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие  саясаты – несие беру көлемін  кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Ақша нарықтағы операциялар  – бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты оаерациялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтіммділігін және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

Ұлттық банк нарық  бағалы қағаздарды сату арқылы оны  сатып алушылардың резервтік  шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталдыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Несиелік операциялар. Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджеттіі несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін несиелерді беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын қарастыру болған жоқ. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізде жүзеге асырылады.

Валюталық интервенциясы. Ұлттық банктің валюталық интервенцияс деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Ұлттық банктің валюталық  нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылажы.

Біздің тәжірибемізде  валюталық интервенция алтын  валюта резевтері есебінен жүзеге асырылуда.

2005 жылы Қазақстан Республикасында валюталық режиміді либерализациялау, бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішкі келуіне жасалатын валюталық бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни кейбір капитпл қозғалысымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық режимді либерализациялау үш кезеңде өтеді.       2 кезең бағдарламасын 2005 жылы бастау көзделуде. Либерализациялау бағдарламасы толығымен 01.01.2007 жылы аяқталады деп күтілуді.

Осы жылы Ұлттық банк Процессингтік  орталық базасында «Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйесін» енгізу жұмыстарын қолға алуды.

Банк секторы саласында  Ұлттық банк тәуекелдері басқару  жүйесін ендіру және ағымдағы қадағалау  қызметін, оның ішінде жиынтық қадағалауды  жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың  салымдарын міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру жүйеге жетілдіруде. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тек осы жүйеге мүше банктер ғана халықтың салымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін тартатындығы туралы айтады.

Ұлттық банк қаржы нарығын реттейтін дербес органды құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ипотекалық несиелер тәукелін сақтандыру компаниясын құру да жоспарда бар.

 

 

                                              Қорытынды

 

          Осы курстық жұмысты қорыта келгенде, мынадай қорытындыларға тоқталсақ.

      Тауардың пайда болысымен, айырбас пайда болып, ақша да пайда болады. Аристотель ақшаға – адамдар арасындағы келісім нәтижесі деген көзқарасын білдірген. Ал  басқа екінші мектеп өкілдері ақша - мемлекет бекіткен төлем құралы деп қарастырса, үшіншілері – ақша өз табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

      Ең бірінші пайда болған айырбас кездейсоқ формада болды. Кездейсоқта тек екі тауар қатысса, кейін көп тауар  түрлерінің айырбасталуымен, айырбастың басқа, кеңейтілген формасы қалыптасты. Содан кейін барып, жалпылама форма, яғни ақшаның пайда болуымен дүниеге келеді.

      Ерте заманда ақша ролін басқа да көптеген заттар атқарды. Қай елде қандай тауар бағалы немесе оны өндіруге кеткен еңбек көп болса, сол ақша ролін атқарған, яғни Ежелгі Қазақстанда мал немесе малдың жүні, солтүстік өңірде – жүн, кей елдерде – құл, кейбір жерлерде - ұлу қабыршағы пайдаланылса, уақыт өте келе металдар ақша ролінде қолданыла бастаған. Ең алғаш металдар оның салмағымен өлшенсе, кейін мемлекет бекіткен өлшеммен өлшенді. Сонымен қорыта келгенде, ақша – жалпылама эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар

     Негізінен,  тауар айналысы процесіндегі  қолма-қол ақшаның қозғалысы және  төлемақыны жүзеге асыру кезінде  қызмет көрсету, сонымен бірге  кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы ақша айналысы деп танылады. Ақша айналысының негізі болып тауар айналысы мен тауар өндірісі болып табылады. Ақша айналыста жүріп, тек қана айналыс құралының қызметін ғана емес, сонымен қатар төлем құралын атқарады. Ақша айналысында да проблемалар туындап тұрады. Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі болып  қолма-қол ақшаның қолданылу аясын азайту болып  табылады. Бұл мынадай жолдармен шешіледі – кәсіпорындар арасындағы      есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеп, есеп айырысу чектерін дамыту.

     Қазақстан  Республикасының несие жүйесі  кең мағынада – бұл несиелік  қатынастар, несие формалары мен  несиелік мекемелер жиынтығы. Несиелік  жүйенің маңызды элементтері:  Орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несиелік мекемелер болып табылады. Несие жүйесінің құрудың негізгі принциптері: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, Қазақстан Республикасының автономиясы болып табылады.

      Қазақстандағы ақша-несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валбтаны одан ары тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағаманынң күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтрылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.

     Ақша –несие саясаты «желге қарсы жүзу» ретінде көрінеді, ол күйзеліс жағдайында іскерлік белсенділікті ынталандыруға және коньюктура қызған жағдайда экономикалық өсуді қысып, қуғындауға бағытталған.

      Жалпы  тұрғыдан алғанда монетарлық саясаттың міндетті экономикалық агенттер ( жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, қоғамдық және мемлекеттік органдар) таңдау еркіндігін жүзеге асыра отырып, экономикалық саясат мақсаттарымен сәйкес келетін әрекеттерді жүргізетін жағдайлар құрудан тұрады.

 

 

                                

 

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Қолданылған әдебиетер тізімі

  1. Закон РК «О национальном банке РК »
  2. «Инструктивно-нормативные акты Национального банка Казахстана.» Алматы 1999-2002
  3. «Банк құқығы! С.М. Найманбаев Алматы 2004
  4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы-Ақтөбе-2002. 365 бет, 48-56 б. 432-36 б.
  5. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары». Алматы – «Экономика», 2000, 67-75беттер.
  6. Г.Марченко. «Национальный банк прогнозирует в ближайшие дни значительные колебания курса тенге» // «Қаржы-қаражат - Финансы Казахстана» журналы, Алматы, 5/2001, 48-51 б.
  7. Я. Әубәкіров. «Экономика білімдер негіздері». Оқулық, Алматы, «Санат», 1998. 479 бет, 405-410 б.
  8. Д.Х. Сембаев. «Казахстанцы могут гордиться своей национальной валютой» // «Қаржы-қаражат - Финансы Казахстана» журналы, Алматы, 1/2002, 18-24 б.
  9. Д. Сансызбаев. «Национальной валюте Казахстана девять лет» // «Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана» журналы, Алматы, 6/2002, 45-49 б.
  10. «Экономикалық сөздік-анықтамалық». Қарағанды: «Болашақ-Баспа», 1999, 240б., 121 б.
  11. К. Маркс , Ф. Энгельс. Таңдамалы шығармалары: Үш томдық – Алматы: «Қазақстан», 1976 – Т2: 544 б., 40-44б.
  12. Банковское дело / Под редакцией Г.С.Сейткасымова. Алматы: 1998г.
  13. Общая теория денег и кредита / Под редакцией Е.Ф.Жукова. Москва: «Банки и биржи» - 2001г.
  14. «Екінші деңгейлі банктермен несиелеу бойынша құжаттарды жүргізу ережесі» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасы бекіткен №276 қаулысы
  15. Искакова З.Д. Абдильманова Ш.Р. -  Банковская система и ее правовые основы.Караганда 1997

 

 

 

 

 

 

                                             Қосымша 1

Кесте 1.Несие беру принциптері

 

 

  Кесте 2.Несие

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                Қосымша 2

 

      Кесте 3.Несиенің қызметтері

 

 

 

 

 

1)Ынталандыру – экономикадағы ақша айналымын жылдамдату арқылы экономикалық процестерді жылдамдатады.

2) Орын ауыстыру – қолма-қол ақшаны несиелік ақшамен ауыстырады.

3)Бөлу – оның көмегімен әр түрлі салалар арасында қаржыны қайта бөлу жүзеге асырылады.



 


Информация о работе Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері