Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:44, курсовая работа

Описание работы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі , оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.

Содержание работы

Ақшаның шығу тегі, мәні және айналымы
Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
Ақшаның металдық және номиналдық теориясы
Ақша айналысының сипаттамасы, айналым заңы
Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесіне талдау
Ақша массасы және ақша агрегаттарын талдау
Несие жүйесінің операцияларына талдау
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері
Ақша-несие саясатының даму жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Ақша-несие саясатының ерекшіліктері (2).doc

— 209.50 Кб (Скачать файл)

     Металл  ақшаның алғашқы түрі – құйма  металл, оның формасы да әр  түрлі болған ( шыбық, сым, табақша  және т.б.). Салмақты металл құймалары  айырбаста алып жүруі және  сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан, сауданы баяу жүреуіне әкеп соқтырған.

     Біртіндеп  металл ақшаның түрі де, салмағы  да өзгереді. Мысалы, ертедегі Римде  ақша орнына белгілі бір салмағы  бар формасыз мыс құймасы, одан  кейін жолақша сызығы мен нүктелері  бар табақша, ең соңғыда екі  жағында сурып салынған массасы 1 немесе 2 фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сөйтіп, металл ақшалардың формасының неше түрлі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі тауар ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.

Металл ақшалар толық  құнды және толық құны жоқ (немесе кембағалы) ақша болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монета көрсетілген құн (номиналы) монета соғуға жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болды және ақшаның барлық қызметін атқарды. Толық құны жоқ ақша – монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдерді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады. Оны билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты құнын жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталар қоспасынан (мыс – никель, мыс – мырыш ) және алюминийден соғылады.

      Неміс экономистері (К.Кейнс) ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж.Рюэфф және М.Дебре, ағылшын экономисі Р.Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Р.Рейган сайлау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралауы мүмкін деп ойлады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезінде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бірақ ол комиссия алтын стандартын енгізу онша қажет емес деген шешімге келеді

      Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.

       Мемлекет сынаманы (пробаны) (монетадағы таза металдың құрамы), массасын, типін, ремедиумды (заңмен рұқсат етілген номиналды массаның нақтыдан ауытқуы), эмиссиялау ережесін және т.б. белгілейді.

Монетада бет жағы – аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі  – гурт болып ажыратылады.  Егер монетаның номиналды құны құрамындағы  металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл - толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері – биллонды ақшалар.

Монеталық ақшалар айналысы тарихында  мынадай түсініктемелер бар:

 Биметаллизм –  жалпыға бірдей эквивалент ролін  екі немесе одан да көп металл  атқарады, яғни айналыста алтын  және күміс монеталар пайдаланылады. 

 Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі (алтын, күміс) қолданылатын ақша жүйесі.

Осылай, б.э.д. III-II ғасырларда Римде  мыс монометаллизмі, Ресейде 1843-1852 жж. аралығында – күміс монометаллизмі болды. Ресейде, олай болса Қазақстанда да алтын монометаллизмі 1897 жылы II Николай патша тұсында енгізілді.

Түрікше «акче» сөзі – қазақша  «ақша», яғни «ақ» сөзінен күміс  монетаның түсіне қарап шыққан.

Капиталистік тауарлы  өндірістің дамуы барысында қағаз  ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан: мыс-никельден, мыс-мырыштан және алюминийдің құймаларынан жасайды. [6;5]

 Ақшаның номиналдық теориясы.

Ақшаның номиналдық теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын белгіледі.

    Номинализмнің негізгі ережесі төмендегідей:

  • ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен тауарлардың айырбас құны анықталады;
  • бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.

 Сонымен номиналистер  ақшаның құндық жаратылысын толық  жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырады.                     Адам Смиттің (1723-1790жж.) айтуынша, ақша – бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның       құны екі жақты мәнге ие деп санайды:

  • қандай да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;
  • басқа тауарды сатып алу мүмкіндігі.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың  басында саяси экономияда номинализм  үстемдік ете бастады. Бірақ  бұрынғы номинализмнен айырмашылығы  оның объектісіне қағаз ақшалар  (қазыналық билеттер) жатады.

Номинализмнің мәні неміс экономисі  Кнапптың («Государственная теория денег», 1905 ж.) еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері төмендегідей құрылды:

  • ақша – құқықтық тәртіптің өнімі, мемлекеттік биліктің туындысы;
  • ақша – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады;

-         ақшаның негізгі қызметі – төлем құралы.

Ақшаның номиналдық теориясы жағында  белгісіз американ экономисі П.Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланысты болса, ал алдағы уақытта ақшалар шарты белгілерге айналуда деп сендірді. «Тауар ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын ашады. Ақша дегеніміз ол жасанды әлеуметтік шарттылық». [7;10]

Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы  өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттіліктерімен байланысты.

Бірақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғасырға тән, яғни ол кездегі теріден жасалынған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған.

XIII ғасырда Марко Поло Қытайда  ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез болды, ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын. Бұл ақшалардың төрт бұрышты пластин формасы және олардың ерекше белгілері мен мөрі болған. Олардың сатып алу қабілеті де әр түрлі.

Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуын Шыңғыс ханның немересі Хубила ханмен байланыстырады.

     Металл  ақшадан қағаз ақшаға ауысу  себептері:

1.Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген шаруашылықтың қажеттілігінен әлдеқайда төмен.

1.Монеталардың тозуы және бүлінуі.

2.Мемлекеттік билік (ремедиум) пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды бұзуы.

         Осыған байланысты, К.Маркс атап  көрсеткендей: «өзінің айналыстағы  делдалы ретінде алтын әр түрлі  өзгерістерге ұшырады, тіпті жай ғана бір жапырақ қағазға дейін жұқарды».

        Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан біртіндеп бөлінуі нәтижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.

        Қағаз ақша – мемлекеттің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын мен күмістің белгілері ретінде пайда болды.

     Қазақстанда  1993 жылы ең ірі купюрада 100 теңге,  1994 жылы 200 және 500 теңгелік купюралар шығарылған болатын.

       

 

            1.3. Ақша айналысының сипаттамасы, айналым заңы

 

         Ақша айналысы — шаруашылықтағы  тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы  емес төлемдерді және есеп  айырысуларды жүзеге асыруға  қызмет ететін қолма-қол және  қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.

         Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол  және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. 

Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің мемлекет иелігінен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.

      Ақша  айналысы мен ақша айналымы  арасындағы шек жойылды. Тауар  айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

      Ақша  айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.

      Бірақ  ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

      Айналыста  жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.

     Жалпы ақша  айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

     Ақша айналысын  реттеудің маңызды элементі –  қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айыр Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:

мұнда,

Ак — айналысқа  қажетті ақша саны;

Стб — сатылатын тауарлар бағасының сомасы;

Нтб — несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;

Мтс — міндеттемелер  бойынша төлемдер сомасы;

Өтс — өзара өтелетін төлемдер сомасы;

Аос — айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.

Осындай жағдайларды, айналысқа  қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін, әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының  өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.

Айналысқа қажеггі ақша санына мыналар кері ықпал етеді: несиенің даму дәрежесі, себебі, қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі; қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы; ақша айналысынын жылдамдығы.

Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның  қазына жинау құралы қызметінің көмегімен  реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал, егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.

Егер де айналысқа  алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.

Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен зандары келесідей  екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа кажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері