Қазақстан Республикасының қаржы нарығы: қазіргі жағдайы мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 20:08, дипломная работа

Описание работы

Экономикасы дамыған елдерде қаржы нарығы субьектілерінің алатын орны ерекше. Себебі, тарихи маманданған несие-қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұрыптардың қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Маманданған қаржы-несие институттары (немесе оларды парабанктік мекеме деп атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет түрін көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің  несие-есеп  операцияларын жүргізіп, Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық және сондай операциялар орындаумен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. 

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
БӨЛІМ 1 Қазақстанның қаржы нарығынің құрамдас бөліктері
1.1 Банк жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері...................................................8
1.2 Валюта нарығы – қаржы нарығының маңызды бөлігі................................18
1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесінің қалыптасуы.........................................22
1.4 Зейнетақы нарығының қызмет етуі...............................................................25
БӨЛІМ 2 Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдау
2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау........................................................34
2.2 Валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау......................41
2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері................................49
2.4 Зейнетақымен қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру...............................65
БӨЛІМ 3 Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы
3.1 Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағы.................................................................71
3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері............................74
3.3 Алматы - халықаралық қаржы орталығы ретінде.......................................81
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................99

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының қаржы нарығы қазіргі жағдайы мен даму болашағы.doc

— 588.50 Кб (Скачать файл)
    1.   Қазақстанның зейнетақы нарығының қызмет етуі

 

Қазақстанда, бұрын еңбек  немесе әлеуметтік сыйақысын төлейтін тек мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету орын алған болса, нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жаңа жинақтаушы нысанды құру қажеттілігі туды. Оған жұмыс істеулерін жалғастырып жатқан қызметкерлердің аударымдарын, еңбегі сіңген демалыста жүрген адамдардың бұдан бұрынырақ еңбекпен тапқандарын, сондай-ақ халықтың әр түрлі жастағы санаттарына әлеуметтік зейнетақы төлемдерін «қоса жазу» өте маңызды болды. Мұндай нысандар институционалдық құрылымдар – дамудың қаржылық және сервистік институттары болып саналады. Оларға Қазақстанның Даму банкі, Инвестициялық, Ұлттық жаңартпалы қорлар т.б. жатады Алайда Қазақстанның қаржы өрісінде зейнетақылы қорлар ерекше орын алады, олар – шын мәнінде ең ірі ішкі инвесторлар.

 


 

 



Шартты белгілер:                                                             - ҚР қаржы жүйесінің субъектісі

                                                                                          - нормативті ақпараттық байланыс


 

 

1-сызба. ҚР қаржылық секторы

 

Зейнетақы қорларының ерекшеліктері  сонда, олар, зейнетақы активтерін шоғырландыру отырып, іс жүзінде республиканың бүкіл экономикасында белсенді халық болып табылатын өзінің салымшылары алдында белгілі бір көп жылдық міндеттемелерге бағдарланған. Бүгінгі күннен бастап олар келешекті екі бағытта қамтамасыз етеді:

  • Коммерциялық сыйақыны қамтамасыз ету есебінен зейнетақы көлемдерін арттыру;
  • Ұлттық экономикадағы жеке жобаларды инвестициялауды..

Зейнетақы жүйесі – белгілі бір қасиеттері бар түпнегізі реттелген құрамдас бөліктердің жиынтығы. 

Күрделі жүйелер негізінен  жай-күйі, тепе-теңдік, тұрақтылық сияқты ұғымдармен сипатталады. Зейнетақы жүйесін зерттеген кезде басқа қасиеттерін де: тұтастығын (зейнетақы қызметтерінің нарығы – құрастыратын элементтердің негізсіз сомасы емес, бірегей біртұтастығын), қозғалыстың үздіксіздігін (санның өзгеруі мен құрастырушылар санын, олардың өзара байланысының  сипатын қамтитын күрделі үдірістігін), лауазымдық сатылығын (басқарудың түрді деңгейлерінің болуын), коммуникативтілігін (өзара және сыртқы ортамен байланыстың жиынтығымен байланысты, басқа нысандардан жүйе оқшау бола алмайтындығымен), геобиценоз (жүйенің дамуын), басқаруы арқылы өзін-өзі ұйымдастыруға қабілеттілігін (заңдық актілер, үкіметтік бағдарламалар, мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету арқылы) ескерген жөн.

Тұтас алғанда зейнетақымен қамтамасыз етудің қазіргі жүйесі кесте түрінде былай көрінеді.

 

2-сызба. Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің құрылымдық сызбасы

 

Модульге сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі Қазақстанда  үш заңды тұлғаға жүктелген. Оның басында – ҚР Мемлекеттік зейнетақы қорының құқық мұрагері болатын Зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталық тұр. Ол шұғыл басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын нысанында қызмет етеді. Мұнда зейнеткерлерге ынтымақты жүйе бойынша зейнетақы, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, заңдық тәртіппен бекітілген әскери қызметкерлер мен ішкі істер органының қызметкерлеріне зейнетақы төлеу, сондай-ақ жұмыс істейтіндерге әлеуметтік жеке кодтар (ӘЖК) жүргізіледі. ӘЖК жарнамалардың есебі мен дербестендірілген зенетақы шоттарын жүргізу үшін қажет. Мұнда деректер банкі құрылған, олардың негізінде салық органдарына жұмыс берушілердің зейнетақы жарнамаларын уақытылы есептеу үшін бақылау жүргізуге мәліметтер беріледі.

Басқа заңды тұлға  мемлекеттік емес зейнетақы қоры,-қолданыстағы жүйенің орталық буыны. ЖЗҚ салымшылармен жұмысты ұйымдастырады, зейнетақы келісімшартын жасайды, ерікті және міндетті зейнетақы қорларының алымын іске асырады, есептелетін инвестициялық пайда мен міндеттемелердің зейнетақы жарналарына жеке есеп жүргізеді. Салымшының алдындағы қордың міндеттемелері оның зейнеақы жасына жеткен кезінде немесе заңдармен қарастырылған басқа жағдайларда зейнетақы қорланымын алу құқығын қамтамасыз етілуі көрсетілген. Қор өз қызметіне коммисиялық сыйақы алады, салымшылар мен мемлекеттік органдар алдында есеп береді, зейнетақы алушыларға төлемдер жасайды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, шағымдар мен өтініштерді қарайды, салымшының қаза табуына, шетелге кетуіне байланысты мәселелерді шешеді. Жинақтаушы зейнеақы қорлары қандай да болмасын бір пайда алуға кепілдік бермейді, олардың міндеттеріне зейнетақылық активтерді дербес (немесе зейнетақылық активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арқылы) басқару енеді.

2015 жылға дейін еліміздің жинақтаушы зейнетақы қоры бұрынғыша және толыққанды болып қала береді. Бұл Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры сияқты мұндай субъектінің уақытша қызметімен түсіндіріледі. Алайда, бұл институт – МЖЗҚ - өзіндік ерекшелігі бар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық құқықты қатысушысы болып есептеледі.

Кастодиан – банкпен салыстырып тексеру апта сайын, Зейнетақыны

төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталықпен тоқсан сайын жүргізіледі.

 

3-сызба. Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының ақша қаражаттары қозғалыстарының сызбасы

 

Шартты белгілері:

  1. транзиттік шотқа зейнетақы жарналарын аудару;
  2. қор шоттарына аудару;
  3. қор активтерінің есебі және сақтау;
  4. шоттардың күй-жайы және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметі жөніндегі ақпарат;
  5. жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері;
  6. қор қаражатын орналастыруға тапсырмалар;
  7. қор активтерінің мақсатқа сай орналасуына бақылау;
  8. инвестициялық табыс;
  9. кіріс салығы ұсталғаннан кейінгі зейнетақылық төлемдер.

 

Активтерді басқаратын ұйымдардың атқарымдары – ішкі, не халықаралық қаржы нарығындағы  пайданың мүмкін болатын ең жоғары деңгейіне қамтамасыз етуде, салымшылардың  қаражаттарын ең тиімді орналастыру  Зейнетақы қорлары пайдаланатын қаржы құралдарының есебін жүргізу, сондай – ақ оның міндеттіне зейнетақы қорының инвестициялық табысы мен акция құнының күнделікті есеп айырысуы кіреді. Ұйымның зейнетақы активтері бойынша табыс деңгейі орташа нарықтық мөлшерді қамтамасыз етуі тиіс, кері жағдайда, ол қор салымшыларының түгел алмаған табысын меншікті қаражатынан орнын толтырады.

Бұл ұйым зейнетақы активтерімен кез келген мәмілелер мен операцияларды  тек меншік иелерінің, яғни салымшылардың  мүдделерін көздеп жасайды.

Өтпелі кезеңде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы бойынша зейнетақымен қамсыздандырудың үш деңгейінің құқықтық қарым-қатынастары реттеледі. Біріншісі - әлеуметтік зейнетақы, мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттен төленеді және үкімет бекіткен ең төменгі күн көріс деңгейіне кепілдік береді. Ол белгілі бір себептермен еңбек өтілі жоқ мүгедектерге, жетімдерге, қартайған азаматтарға беріледі.

Екіншісі – ынтымақты  зейнетақы, еңбек өтілінің ұзақтығы мен жалақы мөлшері ескеріліп  тағайындалады. Ол заңды және жеке тұлғалардың  міндетті зейнетақы жарналары есебінен, сондай-ақ елдің мемлекеттік бюджетінен (трансферттік төлем) тікелей қаржы бөлуімен қаржыланады.

Заңды тұлғалар үшін міндетті зейнетақылық аударымдар еңбекақыны төлеу  қорының 10% мөлшерінде, ал кәсіпкерлік  қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларға айлық табыстың 5% мөлшерінде анықталады. Үкімет бекіткен ұйымдар мен қоғамдардың тізбесінен, мысалы, Ерікті мүгедектер қоғамы немесе Қазақ зағиптар қоғамы, еңбекақы төлеу қорынан 3% аударады.

Ынтымақты зейнетақы  қоры Қазақстанда зейнеткерлер қатарына шыққан ұрпақтар мен 1998 жылдың  1 қаңтарына жұмыс өтілі 6 айдан кем болмағандар кездескенге дейін қызмет етеді.

Үшінші деңгей- азаматтардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасатын  мемлекеттік емес зейнетақы. Ол адамның бүкіл белсенді еңбек қызметі бойынша қорланады және ЖЗҚ-да шоғырланады.

Қазақстанның зейнетақы  жүйесі бірқатар қағидаларға сүйенеді. Оның бірі-қорланымның қайтарымдылығы. Жеке азаматтың қоғамның әл-ауқатын  көтеруге бағытталған. Бұл қағиданың  нәтижесі қазіргі еңбек істеп жүрген ұрпақтың зейнетақы алған кезінде білінеді. Оның үстіне, олардың жарналары қайтарылатын болады, қартайған шақта тіршілікті қамтамасыз ету үшін олар жеке зейнетақы қаражаттарын инвестициялағаны үшін жеткілікті сыйақы алады. Алайда қайтарылымдық қағидасында жыныстық белгілеріне байланысты қарама-қайшылық бар. Әйелдердің көпшілігінде, еңбекақысының деңгейі еркектерге қарағанда қарағанда төмен, демек, зейнетақы жарналары мен қорланым сомасы аздау (зейнетақы қорына аударым бірдей пайыз). Ал сол кезде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы еркектерге қарағанда ұзағырақ. Қазақстанда әйелдердің күтілетін өмірінің ұзақтығы – 70,4 жыл, еркектердікі – 60,45.

Кесте 3. Қазақстан Республикасындағы  халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы* (жас)

Жылдары

Барлық 

халық

Оның ішінде

әйелдердің өмір сүру ұзақтығы артық

еркектер

әйелдер

1996

63,5

58,0

69,4

11,4

1997

63,6

58,0

69,7

11,7

1998

64,0

58,5

69,9

11,4

1999

64,5

59,0

70,4

11,4

2000

65,5

60,3

71,0

10,7

2001

65,5

59,8

71,3

11,5

2002

65,8

60,5

71,32

10,82

2003

66,0

60,7

71,52

10,82

2004

65,83

60,45

71,46

11,01

2005

66,18

60,62

72,0

11,38

2006

65,91

60,30

71,77

11,47


 

*Дерексөз: «Қазақстан в цифрах. Статистический сборник/Под ред. Абдиева К.С.»

Алматы, 2004.с.27. Статистикалық жылнама, Алматы, 2007, 18-бет.

 

Келесі қағида – зейнетақы аударымдарының міндеттлігі. Оны жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің (заңды тұлғаны құрмай-ақ) орындамаулары белгілі бір жазаға ұшыратады. ЖЗҚ ерікті зейнетақы жарналарын да (салымшылар өздерінің ықтиярлығымен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына алушының пайдасына тәртібі мен мөлшерлері заңдар және келісім-шарпен анықталатын ақшалай қаражаттарды [1-бап] қабылдайды.

Жинақтаушы зейнетақы  қорларына міндетті жарналар аударылуының толықтығы мен уақыттылығын салық  органдары бақылайды. Жарнамалар сомасын аударуды кешіктірген жағдайда әрбір кешіктірген күн үшін ҚР Ұлттық банкі белгілеген 1,2 есе қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мөлшерінде өсімақы есептеліп өндіріп алуға жатады.

Зейнетақы жүйесінің  маңызды қағидасы –еңбек еткеннен кейінгі өмірге жеткілікті соманы жинақтай алмаған оның қатысушыларына мемлекеттік кепілдікті сақтау. Бұл санатқа жұмысы төмен төленетін адамдар және де жоғарыда айтылған әйелдер жатады.

Жинақтаушы зейнетақы  жүйесі халықтың басқа да жинақ ақшасын тартуы тиіс. Әйтсе де салымдардың орташа мөлшерлері әлі шамалы, олардың серпіні жинақ ақшаның бұл нысанына халықтың қызығушылығы өсе түскенін көрсетеді. Жинақ ақша артуының жаңа нысандары оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өрісінде пайдаланудан көрінеді. Берілген кезеңнің күрделігі бұл жинақ ақшалар қысқа мерзімді кезеңге салынады, тұрмыс деңгейі жоғары емес халықтың ұзақ мерзімді салымдар үшін қаражаты жетіспейді (жинақ ақша түрлерінің ішінен туысқандарға көмек, пайдалануы ұзақ мерзімді тауарларды сатып алу, «қиын жағдайға» сақтық, борыштарды қайтару басым болады). Жинақтаушы зейнетақы қорларына 10 пайыздық жарналардың міндеттілігі осыған негізделеді, инвестициялар айырмашылығы осы сомаға зейнетақы қорланымдарының өсуіне (ұлғайту) кепілдік беріледі, бұл адамның зейнетақы кезеңіндегі өмірінде айтарлықтай маңызды.

Халықтың еңбек табыстары  барлық ақшалай табыстарының (жалдау мен дербес жұмыспен қамтудан, меншіктен, сатудан табыстар; әлеуметтік трансферттер мен басқа түсімдер) төрттен үшке жуық шамамен құрайды. Осы тұрғыдан ақша шығыстарының негізгі үлесі – 86%-ды құрайтын тұтынушылар шығысы (яғни тамақ азық-түліктерін, азық-түлікке жатпайтындарды сатып алу). Сонымен бірге, олардың 50%-дан астамы азық-түлік тауарларын сатып алуға кетеді.

Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің эволюция үдерісінде

дамуының әрбір кезеңінде  өзіне тән проблемалар туындайды. Бастапқысында олар ұйымдық сипатта  болды. Жұмыс істейтін адамдардың барлығы  да олардың жалақысының бір бөлігі қайда, қандай қорға (таңдап алу параметрлерінің басқа ерекшеліктері сияқты әлі де олардың қызметінің нәтижелері болмады) жіберілетінін, қандай қорды таңдап алу керектігін білмеді. Мұндай жағдайда халықтың көпшілігі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының, яғни «үнемдеу жөніндегі» қордың, мемлекетке көбірек сенетіндігі себебінен салымшылары болды. Дегенмен зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі мемлекеттік емес зейнетақы қорларының үлесі бірте-бірте арта түсті.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы нарығы: қазіргі жағдайы мен даму болашағы