Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 23:48, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты. Нысанаға алынып отырған тақырыпты жан - жақты зерделеу. Қазіргі кездегі сақтандыруға қатысты заңнаманы қарастыра отырып, болып жатқан олқылықтарды ашып - көрсету. Қандай жақтан тежеу көруде, неліктен олардың дамуы әлі күнге дейін толық пісіліп жетілмеген? Осы және тағы басқа да сұрақтарға жауап табу. Шетел тәжірибесін қарастыра отырып, біздің елмізде оларға деген жетпей жатқан көмекті қарастыру. Курстық жұмыстың мақсаты сол тәжірибелерді танып біліп, жіберіліп отырған қателіктерді көрсету.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

I. Сақтандырудың экономикалық мәні
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі…..5
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері...........................................................................................................8
1.3. Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі.........................10

II. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау

2.1. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері.............................14
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................19

III. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары

3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер..........22
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары..................................................................................................................23

Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
Қосымша…………………………………………………………………………30

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамуы.doc

— 343.50 Кб (Скачать файл)

Ең бастысы  сақтандыру кімдерге арналған және бұл қызметтің түрімен кім қолдана алады? Бұл сұраққа келесі баптан жауап алуға болады.

 Сақтандыру  объектісі:

  1. Заңды тұлғаның немесе азаматтың кез - келген мүддесі сақтандыру объектісі бола алады. Сақтандырудың     міндетті     түрлері     бойынша     сақтандыру     объектісі сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерімен айқындалады.

2.  Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды.

3.  Осы   баптың   2   -   тармағына   көзделген   мүдделер   объектісі   болатын сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады.

Әрине кез - келген іскерлік қатесіз болмайды. Бірде бір жылда сақтандыру компаниясының шығындары көп болып, сол компания жабылып қалуы мүмкін немесе еліміздің кейбір азаматтары, сол сияқты сақтандыру компаниялары міндетті сақтандыру шарттарын орындамауы да мүмкін. Бұл жағдай да Кодексте қарастырылып, шешімі табылған. Егер азаматтар міндетті сақтандырудан бас тартса, онда бұл міндет сот арқылы шешіледі. Ал егер сақтандыру компаниясы өз уәдесінде тұрмаса, онда олар сақтандырылғандардың алдында жауапты болады.

ҚР Азаматтық кодексінде сонымен қатар сақтандырушы мен сақтанушыларға да анықтама беріледі.

Еліміздің сақтанушы - деп сақтандырушымен шарт жасасқан адамды айтамыз. Мұнда сақтанушы болып заңды және жеке тұлғалар бола алатындығы жайлы сөз қозғалған.

Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға деп айтылған.

Мұнда біз жаңа бір пайда алушы деген сөзбен кездестік. ҚР Азаматтық кодексінің 816 - бабы бойынша: Пайда - алушы деп сақтандыру шартына сәйкес төлемдерді алушы тұлға деп анықталған. Мұнда заңды және азамат пайда алушы бола алады.

Ал жалпы  сақтандыру жағдайын заңның 817 - бабы анықтап, оны былай деген: Сақтандыру жағдайы - басталған байда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға - делінген.

Жалпы сақтандыру кезінде сақтандырушы компания барлық жағдайды өздері жасайды. Өздері заңға сәйкес жарғыларын құрады, ставкаларын қояды сол сияқты міндеттерді атқара отырып, залалдың соңында оның мөлшерін де анықтайды. Бірақ мұның барлығы әрине ҚР Азаматтық кодексімен бекітілген.

Сақтандыру комланиясының  қаржылық-шаруашылық қызметінің маңызды  бағыты сақтандыру резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып табылады. Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сақтандыру сыйақысының бір бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті элементі. Сақтандырудың тәуекелді түрлері ең алдымен мүліктік тәуекелден сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша және елеулі көзі болып табылады.

Сақтандыру компаниясының  сақтандыру операцияларынан кейін, табыс көзі ретінде екінші болып  келетін олардың инвестициялық қызыметі дұрыс дамымай отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен бәсекенің салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті сақтанушының тәуекелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы сақтандырушылардың инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең көкейкесті проблемалардың қатарына қояды.[2;32-34]

Сақтандыру компаниясының  активтері қарқынды түрде өсуде, 2011 жылдың 1 сәуірінде ҚР сақтандыру нарығының тұтас активі 366,7 млрд теңгеге жетті. Институтционалды инвесторлардың  активтерінің тұрақты өсуі ең сапалы және өтімділігі жоғары қаржылық инструменттерге активтерге орналастыру үшін сәйкес шарттарды жасауға алғы шарттар қояды. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) бұл бағытта белгілі бір шаралар жүргізуде. Бірақ, оның мүмкіншіліктері отандық қаржы нарығының белгілі даму ерекшелігіне байланысты шектеулі. Сондықтан, сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорлары экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді ресурстармен қамтамасыз етуде елеулі роль атқармайды. 

Акция нарығының дамымауына байланысты өтімді қаржы инструменттерінің  тапшылығы тек сақтандыру компаниялары үшін ғана емес, елдің қаржы нарығының  да маңызды проблемасы болып отыр. Сондықтан, сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымындағы өзгерістер тек портфельді диверсификациялау, жоғары табыстылығымен немесе аз тәуекелі бар инструментті таңдау қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар салым кездерінің шектеулігімен байланысты. Оған дәлел, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарға салынған салымның көлемінің шұғыл өсуі. Бұл өмірді сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің ерекшелігіне тән емес.

 Сақтандыру резервтерін жұмсаудың екінші маңызды көзі - мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылады. Олардың үлесіне инвестициялық портфельдің төрттен біріне тең. Алайда сақтандыру компаниялары оларды сатып алу арқылы экономиканың нақты секторын инвестициялау деген сөз емес. Өйткені, корпоративті қағаздардың көп бөлігі екіншіші деңгейдегі банктердің борыштық, міндеттемесіне және аз бөлігі нақты сектордағы кәсіпорындардың облигацияларына тиесілі. Қорлар портфеліндегі корпоративті қағаздардың 31,44% тек қана 4% акцияларға тиесілі.

Осылайша, қазіргі таңда нақты секторды инвестициялауға мемлекеттік емес бағалы қағаздармен екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге салынып, инвестицияланатын сақтандыру резервтерінің үштен бірі бағытталған. Аталған қаражаттардың үлкен бөлігі екінші деңгейдегі банктер арқылы инвестицияланса, қаржылық емес сектордың кәсіпорындардың облигация және акцияға орналастырылған активтері тікелей нақты секторды инвестициялауға жұмсалынады. Сақтандыру компанияларының инвестиция портфеліндегі үлес салмағы активтердің жалпы келемінің 10-15% аспайды. Бұл екінші деңгейдегі банктердің берген кредиттерінің көлемі он есе аз. Өткен жылдардағы жағымды ортада дамыған сақтандыру нарығы қиыншылықтарға тап болды. Бұрын болған проблемаларға инвестицияланған сақтандыру резервтері бойынша табыстылығының төмендеуі мен байланысты проблема қосылды. Портфельдің диверсификациялау бойынша шектеулі мүмкіншіліктер, долларға шаққандағы теңгенің нығаюы және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталарының төмен табыстылығы өзгерген жағдайда адекватты түрде жауап қайтаруға мүмкіндік бермеді. Осылайша, сақтандыру резервтерін инвестициялау үшін өтімді қаржы инструменттерінің тапшылығы нарықтағы мөлшерлемелердің төмендеуіне әсер етті және зейнетақы қорларының инвестициялық табыс көлеміне жағымсыз ықпал етті.

Қалыптасқан жағдайдың  негізгі себебі корпоративтік қағаздардың  нарығы және акция нарығының дамымай  отырғандығы. Қаржы нарығынан экономиканың нақты секторына ақшаны аударудың  нарықтық механизмінің болмауы, тек  осы нарықтың емес, жалпы ел зкономикасының дамуының тежеушісі болады.

Корпорацияларды қаржыландырудың  шетелдік және отандық тәжірибесін  талдауы көрсеткендей, экономиканың трансформация жағдайында өндірістің құрылымдық өзгерістері мен жеделдетілген  дамуы кезінде тартылған көздердін, рөлін күшейту маңызды. Бұл кезде ұдайы өндіріс процесін үздіксіздігімен және кеңеюін қамтамасыз ету үшін инвестициялық өсу меншікті көздерінің жеткіліксіздігі қаржы нарығына шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығуы және өндірушілердің, саудагерлердің, жеке жинақтаушылардың және институционалды инвесторлардың, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бос ақша қаражаттарын жинақтау арқылы толтырылады.

Осы аталған мәселелерге  қатысты бірқатар бағытта өзгерістер жүргізілуде. Осыған байланысты Қазақстан  Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың « 2010 жылғы сақтандыру нарығы : дағдарыстан кейінгі өсу» бағдарламаны атап кету керек. Оның мақсаты қаржылық, әлеуметтік және басқа да тәуекелден мемлекетті, азаматтарды және шаруашылық жүргізу субъектілерді қорғаудың тиімді механизмі ретінде сақтандырудың ролін нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын қайта құру болып табылады.

Сақтандыру ұйымдарының  қызмет ету стандарттарын бекіту, корпоративтік басқаруды жетілдірудің ынталандырмасын қалыптастыру, тәуекел  қаупі үлкен қаржы нарығының аймағында қадағалау ресурстарын шоғырландыру, өмірді жинақтаушы сақтандыру және аннуитет жүйесін дамытудың ынталандырушы жағдай тудыру мақсатында 2011 жылдан «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңымен (2010 жылғы 26 қарашадағы № 356-IV) Салық кодексiне және Салық кодексiн енгізу туралы Заңға өзгерiстер енгiзілді. Бұл заңды аннуитетті сақтандыру бойынша корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі алынатын сақтандыру сыйақысының сомасынан 2% және 1% дейін төмендетілді.

Қазіргі таңда, Республикада жеке сақтандыру секторы дамымай  отыр. Жеке сақтандыруды жүргізудің ерекшелігі қазіргі таңдағы проблемалармен байланысты. Халықтың табыс деңгейінің төмендігі; Посткеңестік кезеңдегі 
жеке сақтандырудың жағымсыз тарихы; Сенімді қаржы инвестициялық

инструменттердің шектеулігі; Болашақта әлуетті сақтанушылардың сенімсіздігі; Халықтың жекелеген сақтандыру делдалдарымен сақтандырушылардың сақтандыру мәдениетінің темендігі; Ұзақ мерзімді жеке сақтандыруда халықтың қатысуы үшін экономикалық ынталандырмаңың болмауы. Бұл тізімге, халық тарапынан сақтандыруға деген сенімнің болмауын кіргізе аламыз. Бұл өткен кезеңдердегі ірі дауларға және КСРО мемлекеттік сақтандыру жасаған шарт бойынша сақтандыру сомаларының құнсыздануымен байланысты.

Сонымен қатар, 2010 жылы Үкімет мына Бағдарламаларды қарастырып, бекітті: кор нарығын дамыту, әлеуметтік реформаларды тереңдету және институтционалды инвесторларды ары қарай дамыту, зейнетақы қоры және сақтандыру компаниялары. Бұл бағдарламалар институтционалды инвестор бөлігінде сақтандыру резервтерін инвестициялау мүмкіншіліктерін кеңейту, олардың қаржы тұрақтылығын күшейту, салымшылардың мүдделерін қорғау деңгейін арттыру бойынша кешенді шараларды қарастырады. Инвестициялау бөлімінде тәуекелді хеджерлеу мақсатымен туынды қаржы инструменттерін сатып алу, басымды сектордағы нақты инвестициялық жобалардың жобалық бонды және басқалары сияқты институтционалды инвесторлардың активтерін инвестициялаудың жаңа инструменттері мен механизмдері ұсынылады. Бұл сақтандыру резервтерін табыстылығы мен тәуекелдің оңтайлы үйлесуімен қаржы инструменттеріне салымшы мүддесіне сәйкес орналастыру міндеттіне сай келеді. Бастапқыда анықталғандай, салымшылардың жинақтары ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың көзі болды. Бұл тек салымшыларға табыс әкелмей, сондай-ақ, ел экономикасының көтерілуіне себеп болып, Қазақстанның дамуың ынталандырды.

        2.2. Қазақстан Республикасының  сақтандыру нарығының жағдайын  талдау.

Қазіргі таңда Қазақстан республикасында 38 сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымы бар.   (2011 жылғы 01.04. жағдай бойынша)

2011 жылдың 1 сәуірі  мен 2010 жылдың 1 сәуіріндегі статистикалық  мәліметтерді салыстырғанда  сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 39,1 млрд теңгеге, жиынтық есептік меншік капиталы 29,3 млрд теңгеге, сақтандыру резервтері 10,2 млрд теңгеге, жарғылық капитал 11,6 млрд теңгеге өсті.

Сақтандыру  сыйақылары бір жылдың ішінде 5,7 млрд теңгеге өсіп, 52, 5 млрд теңгені құрады, соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 2,3 млрд теңгеге, ерікті жеке сақтандыру 4,4 млрд теңгеге, ерікті мүліктік сақтандыру 0,9 млрд теңгеге ұлғайды. Сақтандыру төлемдерінің көлемі 2,4 млрд теңгеге өсіп, 8,6 млрд теңгені құрады, соның ішінде міндетті сақтандыру 0,5 млрд теңгеге, ерікті жеке сақтандыру 1,5 млрд теңгеге, ерікті мүліктік сақтандыру 0,4 млрд теңгеге өсті. (Қосымша Б)

2011 жылдың  1  сәуірінің деректері бойынша Қазақстанның    сақтандыру нарығында 7 өмірлік сақтандыру бойынша компаниялар, 28 жалпы сақтандыру бойынша қызмет   атқарады,    78    ҚР   Ұлттық Банкі    лицензияланған    актуарилер,    мемлекеттік лицензиялары бар 14 сақтандыру брокерлері, 3 шетелдік компанияны айтуға болады.

Қазақстан Республикасының  қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау Басқарма Агенттігінің 2010 және 2011 жылғы қаулысымен сәйкес сақтандыру іскерлігінің ерікті түрін жүзеге асырушы келесідей класстарға лицензиялар берілді: «Өмірді сақтандыру», «Аннуитеттік сақтандыру» бойынша “БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы” АҚ, «Мемлекеттік аннуитеттік компания” Өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ, «Қазақстан Халык Банкі Еншілес ұйымы «Халық-Life» АҚ – бұрынғы атауы «Өмірді сақтандыру бойынша Қазақшетсақтандыру Еншілес ұйымы «Халық- Life» АҚ, «Казкоммерц-Life» ӨСК»(«Казкоммерцбанк»АҚ-ның еңшілес ұйымы), «Өмірді Сақтандыру – Компаниясы  «GENERALI   LIFE» «Assicurazioni Generali S.p.A.» еншілес компаниясы акционерлік қоғамы, "Alliance -Өмірді Сақтандыру Сақтандыру компаниясы» АҚ, «Астана-финанс» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ берілді және де «жалпы сақтандыру» саласы бойынша «экспорттық несиелер және инвестициялар бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясына» лицензиялар берілді.

2010 жылдың сақтандыру ісін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияларды 38 сақтандыру ұйымы сонымен қоса, 7 өмірлік сақтандыру бойынша, 26 міндетті көлік сақтандыру, 14 сақтандыру брокерлеріне, 78 актуарилерге, 34 сақтандыру бойынша аудиторлық қызмет атқаратын мекемелері алды. 2011 жылдың сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 39,1 млрд теңгеге өсті, жиынтық есптік меншік капиталы 29,3 млрд теңгеге ұлғайды, сақтандыру резервтері - 10,2 млрд теңгені өсті.

Нарықтық  экономика шарттарында сақтандыру қаржылық тұрақтандырушы рөлін атқарады. Ол қоғамға кездейсоқ жағдайларда туындаған шығындардың барлығын өтеуге көмектеседі. Сақтандырудың басты атқаратын қызметі - халықтың қауіпсіздікке деген сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Ең алғаш сақтандыру келісім - шарттарын Ежелгі Сирияда, Индияда, Вавилонда, Палестинада табылған.

Қазақстанда сақтандыру компаниялары 1990 - жылдары  пайда бола бастады. Олар жоғарыда аталып, мысалға келтірілген АҚШ акционерлік қоғам түрінде қалыптаса бастады. Сол кезді алып қарайтын болсақ, ел ішінде коммерциялық шағын сақтандыру компаниялары болғанымен, халықтың көңілі бәрі - бір де мемлекеттік сақтандыру компаниясында болды.

Сол кездердегі сақтандыруда заңнамалық үрдістің нашар  болуы сақтандыру нарығының дамуын тежеп отырды. Тәуелсіздік алғаннан кейін тек 1992 жылдың шілдесінде ғана «Сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының алғашқы заңы жарық көрді. Осы заңға сәйкес сақтандырушының жарғылық қоры кемінде 100 000 рубльге тең болу керек болды. Егер де еліміздің сақтандыру нарығын сол кездегі Ресей Федерациясының сақтандыру нарығымен салыстыратын болсақ олардың жарғылық қоры 2 миллион рубльге теңестірілді. Сол заңнамаға сәйкес сақтандырушыларға үлкен көлемде салықтық жеңілдіктер болды. Сол кездің өзінде ғана олардың саны бүкіл республикада 600 жетті.

Қазіргі таңда  еліміздің аумағында көптеген шетел сақтандыру компаниялары да тіркелген, олар: ағылшын компаниялары - «Александр Хауден», «Седжвик», неміс - «Альянс», «Мюнхен - Ре», кәрістік - «Самсунг», ресейлік АСКО және т.б.

Тек 2000 жылдардың  басында ғана елімізде резиденттік  емес компаниялар саны 2000 жж - 4, 2001 - 5, 2002 - 3 және 2003 - 6 болған.

Қазақстанның  сақтандыру нарығында үлкен орын алатын компанияның бірі - "СК "Еуразия" АҚ оның үлесі - 18, 9 % құрайды ( жиынтық активтері – 69,3 млрд теңгені құрайды). Келесісі "СК "Виктория" АҚ - 13, 7 % құрап, екінші орынды иеленіп отыр ( жиынтық активтері – 50,2 млрд теңге). Үшініші орында «Халық- Казахинстрах» Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы» АҚ - 8,5 % ( 31,2 млрд теңге).

Қазіргі күнде Қазақстанның сақтандыру нарығында өмірді сақтандыру бойынша өз көшбасшысы бар. Оның бірі - “БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы” АҚ. Компания 1999 жылы ұйымдастырылған. Бұл компания өмірді сақтандыру бойынша қазіргі кездегі ең қолайлы сақтандыру өнімдерін ұсынады. “БТА Өмір” сақтандыру жөніндегі міндеттерін бірнеше рет атқарды. Соның бір мысалы, «31 канал» ТРК сақтандырылған журналисті жол апаты кезінде қайтыс болғаны үшін компенсация төледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамуы