Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет және оның теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Бюджет- ақшалай қатынастар жүйесі болып табылады. Мемлекет әлеуметтік- экономикалық үрдістерді реттеуді жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттіудің жинақталған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады. Экономиканың ішкі тепе- теңдігіне қол жеткізуге көбіне- көп бюджеттік реттеу құралдары сәкес келеді. Бюджет экономикалық ықпал ету әдісі ретінде экономикалық өсуді ынталандырады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет және оның теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттік бюджеттің түсінігі және оның құрылымы ..............................5
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және оның құрылу принциптері..............................................................................................................7
1.3Шетелдердегі бюджет жүйесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері...............9

ІІ. Қазақстан Республикасының ұлттық экономикадағы мемлекеттік бюджет ерекшеліктері
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын қаржыландырудағы рөлі.......................................................................................10
2.2 2010-2011 жыдардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау..........13
2.3 Қазақтандағы мемлекеттік бюджеттің орны мен рөлі................................14

ІІІ. Ұлттық және жүйедегі мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және жетілдіру шаралары
3.1 Мемлекеттік бюджет жүйесінде кездесетін мәселелер...............................16
3.2 Бюджеттік жүйесін шешу жолдары...............................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................22

ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ мемлекетт бюджет.doc

— 154.00 Кб (Скачать файл)

Бюджет саясаты  бюджеттің белгілі бір механизмін әзірлеу, қарастыру, бекіту, орнату, бақылау, бюджеттің орындалуы туралы есептің қызмет етуінің әр түрлі бюджет деңгейінің өзара байланысына негізделген.

Республикада  бюджет жүйесінің дамуы аймақтық деңгейдің тұтас шаруашылық кешенінің  тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету  мақсатында қаржы жүйесінің ортақ шеңберіндегі қаржы буындарының жергілікті және орталық өзара әсерәнің тиімді нұсқасын іздеу жолында.

Бюджет экономикаға  бюджет механизмі арқылы әсер етеді. Экономикаға тұтастай әсер ету құралы ретінде бюджеттің бөлу және бақылау  қызметі осыдан көрінеді. Осыған байланысты бюджет саясаты қолда бар қаржы ресурстары мен сұраныстарын қанағаттандыру және міндетті түрде орындау арасындағы негізіндегі кірістер мен шығыстар бойынша бюджет шешімдерін таңдау және қаржы жүйесін бағалауды қарастырады. Басқаша айтқанда, бюджет саясатын бюджет үдерісін ұйымдастыру жағынан алғанда, бюджет заңдылығын бұзғаны үшін жауапкршілік есебінен бюджеттің барлық деңгейінің орындалуына бақылау, бекіту, қарастыру және құрастыру тәртібі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Осыған байланысты бюджет жүйесінің қызмет етуі келесідей қағидалар негізінде қамтамасыз етіледі:

  1. барлық бюджеттің біртұтастығы, толықтылығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігі;
  2. мемлекеттік қаржы статистикасының біртұтас нысаны, ортақ бюджеттік сыныпталу, біртұтас қаржылық базаның бар болуы;
  3. бюджетте барлық түсімдердің толық көрінуі және түсімдердің қайта бөлінуі арқылы бюджеттің икемді өзара іс- қимылы;
  4. мемлекеттің ақша- несие саясатының өзара іс- қимылы және ақша жүйесінің біртұтастығы.

Қазақстан Республика аймағының жеке бюджеті бұл елдің бюджет жүйесінің дербес буыны, яғни жергілікті бюджет.

Бюджет жүйесін  орталықсыздандыруға республикалық  бюджеттің рөлі елеулі болып қалады. Ол бюджет жүйесінде де және сәйкес тұтастай жалпы мемлекеттік шаруашылықты ұйымдастыруда да үйлестіруші буын болады.

Бюджеттік құрылғы  мен бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру  проблемаларын шешу Қазақстандық мемлекеттілікті  тұрақтандырып, нығайтады, болашақта  нарықтық экономика жүйесін басқаруды  және объективтілікті жоғарылатады  [13-98б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Ұлттық және жүйедегі мемлекеттік бюджеттің  тапшылығы және жетілдіру шаралары

 

3.1 Мемлекеттік  бюджет жүйесінде кездесетін  мәселелер

 

Экономикалық, экономикалық және де басқа мәселелерді  шешу үшін қажетті қаржы көлемімен  мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің бар халықтың басты мәселесі болып келді. Бүгін Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсіп жатқан түсімнің жеткіліксіз екенін айтуға болады.

Мемлекеттік қазынаны молайту мәселесін салықтар мен  төлемдердің жаңа түрлерін енгізу немесе қазіргі барларының мөлшері мен тарифтерін көтеру арқылы шешу мүмкін. Алайда, бұл ретте бір сәттік қана табысқа жетуге фискльдық саясат мәселелерінде мұндай шешім қауіпті. Салықты ауырлату төлеушілерді «көлеңкелі» бизнеске кетуге мәжбүр етуі және халықтың да, турасын айтсақ, мемлекетке деген сенім жоғалады.

Салықтық түсімдерді көбейту мәселесін шешу жолы басқада, атап айтқанда, салықтық әкімшілік  жүргізу ісін жетілдіру керек. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай барлық фискальдық органдар бірлесіп қызмет етпей мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.

Нарықтық экономика  жағдайында дамып келе жатқан Қазақстанның бүгінгі болмысы мемлекеттік  кіріс жүйесін реформалау мен  қайта құру процесін жеделдету мәселесін алға қойып отыр. Мемлекеттің даму стратегиясын жүзеге асырудың маңызды шарты ретінде бұл мәселелерге ерекше мән берілуде. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қызметін айта кеткен орынды. Министрліктің міндеті- салықтардың, алымдардың, кедендік ттөлемдердің бюджетке толық және уақытында түсіп тұруын қамтамасыз ету, мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттерді орындау, сонымен бірге еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайту, экономикалық қылмыспен күресудің тиімділігін арттыру.

Сарапшылардың бағалауынша, бюджетке түсіп жатқан төлемдер мен салықтардың шын  мәніндегі көлемі мен потенциалды  мүмкіндігінің сәйкессіздігі байқалады. Бүгінде Қазақстанда салық заңдылықтарының  сақталуы төмен деңгейде, яғни салықтар белгіленген мөлшерден кем түсуде.2005 жылғы мәлімет бойынша, мемлекет бюджетіне салық саласының борышы 4650,83 млн. Теңгені құрады. Оның ішінде қосымша құн салығы 2835,3 млн. Теңге, акциздер-277,6 млн. теңге, заңды тұлғалардан ұсталатын мүлік салығы-54,9 млн. теңге, жеке тұлғалардан-0,5 млн. теңге, жер салығы-31,8 млн. теңгені құрап отыр.

Өткен жылы жергілікті бюджетке 5293,6 млн. теңгенің орнына 3674,9 млн. теңге мөлшерінде кіріс кірген, яғни жоспарланған болжам 69,4 процентке  ғана орындалған немесе 1618,7 млн. теңге бюджетке түспеген.

Бюджеттің шығыс  бөлігі жағынан жоспардағы 716 126 млн. теңгенің орнына 529 183  млн. теңге  игеріліп 73,9 процентке орындалды. Бюджеттен  мәдени- әлеуметтік шараларға 18 076 млн. теңге, білім беру саласына 105 024 млн. теңге, денсаулық сақтау қызметіне 62 238 млн. теңге бөлінді. Халықты әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыруға 186 641 млн. теңге шығысталып төленді.

Қазір салық  заңдылықтарын бұзушылар туралы жан-жақты мәліметтер жинау ісі  басталды. Салық төлеушілерге мемлекет тарапынан қолданылатын шара ешкім де салықтық және кедендік міндеттерден жалтаруға мүмкіндік болмайтындай қатал болуы керек. Жалпы, заң бұзушылыққа қатысты екі жағдай ( мониторинг пен қатаң жаза ) Қазақстанда заңдылықты сақтау деңгейін көтеруге оң ықпалын тигізуі тиіс.

Сонымен бірге, ең маңызды мәселе мониторингті сөз  жүзінде емес, іс жүзінде ұйымдастыру. Салық комитеті қызмткерлерінің  салықтық әкімшілік жүргізу ісі  төңірегіндегі кез-келген қадамы мұқият ойластырылған, жан-жақты таразыланған болуы керек. Түскен мәліметтер талдануы міндетті және өте маңызды. Мемлекеттік кірісті жинау ісінде мониторингтің жоқтығы кейбір салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға тиімді. Бүгінде шетелдік инвестициялардың жұмсалуы мен кәсіпорындарды сыртқы басқаруға берудің тиімділігіне мониторинг әлсіз жүргізілуде. Сонымен қатар, төлеушілердің жекелеген категорияларына салықтық жеңілдіктер берудің соңы қалай болғанын ешкім бақыламайтын секілді. Салықтық жеңілдік алған өндірістер дамып жатыр ма, әлде жоқ па, ешкім айта алмайды. Бюджетке қарыз жеке меншіктегі кәсіпорындардың акцияларын мемлекеттің кірісіне күштеп тартып алу механизмін оңайлатуды тездету керек. Сондай-ақ шығындарды ауыстыру жөніндегі жеңілдіктерді де қайта қарау керек. Өйткені, кәсіпорын іс жүзінде, қызмет көрсетушілер мен бюджеттің алдындағы қарызын өтемей-ақ қуатты, жылуды, байланысты және басқа да қызмет түрлерін тегін пайдаланады.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

3.2 Бюджеттік жүйесін шешу жолдары

 

Қазақстан Республикасындағы  нарықтық қатынастардың тұрақты дамуы әлеуметтік- экономикалық саланың дамуы кезеңімен сәйкес келеді. Бюджет құрылғысы, бюджет үдерісі, бюджетаралық қатынастар және  бюджет ж8йес3н реформалауға негізделген теориялық және тәжірибелік зерттеуді қажет етеді.

Бюджет жүйесін одан әрі жетілдеру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау көзделіп отыр.

Бюджет заңнамасын және тұтастай алғанда бюджет жүйесін  жетілдіру саласында осы заң  жобасының негізгі міндеттері болып  табылады :

  1. мұнай емес түсімдер есебінен теңгерімді бюджетке қол жеткізуге біртіндеп көшу.Ұлттық қордың тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жаңа ұғымдар-

« шоғырландырылған бюджет »және « мұнай емес топшылық енгізіледі.

Шоғырландырылған  бюджет республикалық бюджеттен, облыс  бюджетінен, республикалық маңызы бар  қаланың, астананың бюджеттерінен, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден және оларды  Ұлттық қорға аударудан тұрады.Бюджеттің мұнай емес тапшылығы Ұлттық қордан түсетін түсімдерден басқа, бюджет шығыстарын шегергендігі бюджетке түсетін түсімдердің сомасына тең;

2. инвестициялық жобаларды ( бағдарламаларды ) әзірлеуге қойылатын талаптарды қатаңдату.

Инвестициялық жобалар (бағдарламалар) егер олар қабылданған  мемлкеттік, салалық және оңірлік  бағдарламалардың және Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары ережелерінің іс-шараларына сәйкес келген жағдайда басым бюджеттік бағдарламалардың тізбесіне енгізілетін болады. Салалық сараптаманың оң қорытындысының болуы, олардың бекітілген Бағдарламалардың іс-шаралар жоспарына сәйкес келуі, экономикалық негіздемесінің болуы міндетті шартты болады.

  1. бюджет процесіне барлық қатысушылардың бюджет заңдамасының

    талаптарының     сақтауы. 

Орта мерзімді кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясчатының негізгі мақсаты  мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріне бекітіліп берілген мемлекеттік қызметтерді толық көрсетуі және өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшін оларды жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.

Бюджетаралық  қатынастар Бюджет кодексінде белгіленген  қағидеттердан және түсімдер мен  шығыстардың бюджет деңгейлері арасында бөлінуінен бастау алады. Әрі өзара қатынастардың, ең алдымен, облыс-аудан деңгейіндегі анықтығы мен тұрақтылығын қастамасыз етуге, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуге бағытталған. Бюджет кодексіне сәйкес бюджет аралық қатынастар ресми трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы реттеледі, ал облясытық және аудандық бюджеттер арасында одан басқа кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.

Ел басымыз  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасынң Перламентібірлескен палаталардың отырысында 4 қаңтардағы2007 жылы сөйлеген сөзінде бюджет жүйесін жетілдірудегі мәселеге тоқталды. Ол бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру қажет деді. Қазіргі кезде бюджеттік шығындарды жоспарлауда жеткілікті мөлдірліктің жоқтығы өз алдына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттары да формальді сипатқа ие. Ондағы көрсеткіштерге жету үшін бөлінетін мемлекеттік қаржы мемлекеттік органдар жұмысының нәтижесі емес, тек қаржыландыру көлемі ғана болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың ағымдағы және күрделі шығындарын қалыптастырудың объективтілігі жоғарлатылуы тиіс. Мемлекеттік ресурсстарды бөлуге қатысты мәселеге келгенде ешқандай құпияға жол берілмеуі керек. Өйткені, салық төлеушілердің ақшалары қандай мақсаттарға, қандай көлемде бөлінетіні анық болғаны абзал. Сонда жемқорлық та азаяды, қаржыны мақсатсыз жұмсау да шектеледі.

Нәтижеге бағдарланған басқарудың жүйесін енгізу стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге, өкіметтің  мақсатты көрсеткіштерге жету жолындағы қоғам алдындағы жауапкершілігін де арттырады. Осы мәселелердің барлығын жаңа өкімет бюджетаралық қатынастың жаңа жүйесін жасаумен бір мезгілден шешуі тиіс деген.

Орта мерзімді фискалды саясат 2007-2010 жылдар арнайы республикалық бюджетті қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын іске асырған кезде үйлестіруші құжат болып табылады. Онда экономикалық саясаттың негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2007-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің болжамдары айқындалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Менің қарастырып отырған курстық жұмысымның тақырыбы Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет – мемлекет экономикасының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл тақырыпты мемлекеттік бюджеттің еліміздің экономикасының дамуына қосатын үлесі өте зор, яғни мемлекеттік қаржының негізгі буыны ретінде мемлекеттік орталықтанған ақшалай қаражат корларының құрылу көздерімен пайдалану бағыттарын көрсетеді.

Курстық жұмыс 3 үлкен бөлімнен тұрады. Бірінші  бөлімде мемлекеттік бюджеттің  ұғымы, даму және нарықтық экономикадағы  маңызын толық ашуға тырыстым. Бюджет экономикаға бюджеттік механизм арқылы әсер етеді. Бюджеттік механизм – мемлекеттің орталықтанған ақшалай қаржат қорларының құрылуы және пайдалануының нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтанған ақшалай қаражат құралдарының сандық көлемін белгілеу арқылы бюджеттің қүрылуы мен пайдалану процесіндегі қаржылық ресурсстарды құру, үлестіру, пайдалану нысандары мен әдістерін регламенттеу арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік бюджет – негізігі қаржылық жоспар ретінде  мемлекеттің қажылық қызметінің негізі болып кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады. 

Қазақстан республикасынң бюджет жүйесі бірнеше жыл бұрын алғышартын тағайындап,  бүгіңгі таңда дмау үстінде. Өз тәуелсіздігін алғанына табылады; онда бүкіл қоғам мүшелерінің мүделерін көрсететін мемлекеттің еркі белгіленген. Бұл негізіг қаржылық жоспардың көрсеткіштері республика Парламентімен жыл сайын қабылданатын «Республикалық бюджет туралы заңына» сәйкес орындалуы керек.

Мемлекеттік бюджетті- экономиканы басқару құралы ретінде  сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарда жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оның қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының аздаған уақыт өтсе де, біздің елеміз өз экономикасының берік негізін қалауға тырысуға және белгілі бір нәтижеге қол жеткізуде. Елдің экономикасын дұрыс қалыптастыру көзі – ол әрине елдегі бюджет жүйесінің дұрыс қалыптасуы.

Информация о работе Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет және оның теориялық негіздері